Туберкулез Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер, .....
Желілік операциялық жүйе-бағыттауға қажетті топтық ағыммен станциялық жүйелерде маңызы орасан зор.Ол осы жүйелерде барлық жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді,мысалға алғанда станцияларда,бөлшектік желілік дискіде немесе принтерлерде,көбінесе желілік жүйе станциялық жүйеде қосылмаған. Көбінесе компьютрлік желілерде белгіленген автономдық комьютерлер бар, ол тек ғана файлдық серверлерде қолданылады.Осындай жүйені ЛВС файлдық серверлер деп аталады.Кейбір ЛВС жүйелерінде,жұмыс уақытындағы станцияларда барлық уақытта функциялдық файлдық серверлермен жұмыс істеуге болады.Бұл бірлікрангілік ЛВС. Компоненттік желілік операциялық жүйеде жүмыстағы станцияларда жэне файлдық серверлерде өзара бірлесіп бір-бірінің көмегімен орындалатын тіл,хаттама деп аталады.....
Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. 1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс князьдіктері талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдіктері бағынышты тәуелділікте болды. Орыс князьдері Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпактары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату (Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды.....
Сепсис (латынша sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты; сол жердегі бактериялардың саны және адамның иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде адам Сепсиске ұшырайды. Сепсисте фатоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан клетка ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады. Сепсистің орналасқан орнына қарай: терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы); бадамша бездік (іріңді баспа); хирургиялық (шиқан шыққанда); гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін); урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар); отогендік (іріңді отиттің асқынуы); кіндіктік (нәрестенің кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар. Егер инфекцияның қай жерден түскенін анықтай алмаса, оны криптогендік (жасырын) Сепсис деп атайды. .....
Қыпшақ хандығының саяси тарихы 1. Қыпшақ хандығының саяси тарихы. 2. Кәсібі мен шаруашылығы XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты есті......
Бұл ауру асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында баяу дамитын ақаулардың пайда болуымен сипатталады.
Пептикалық ойық жара көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Солардың ішінде: ойық жараның жиі қанауы, көрші ағзаларға жарып өтуі (пенетрациясы), тесіліп кетуі (перфорациясы), обыр (рак) ісікке айналуы организм үшін өте қауіпті. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы жиі анемия дамуына әкеледі.
Ұлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан үш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда болады. Ол «О» қан тобы бар адамдарда, асқазанның ойық жарасы «А» қан тобы бар адамдарда жиірек кездеседі. .....
Өзен және олардың маңызы. Өзендер – табиғи су ағыны салынған арнамен үнемі ағып отырады және жер беті, жер асты суларымен қоректенеді. Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері,яғни өзендер,көлдер,жер асты суы мен мұздықтар жатады.Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі.Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы,ал жауын-шашын мол жауатын орманды дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай.Өзен суы егістікті суаруға,шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар,арзан энергия көзі де болып табылады. Су – құрлықтағы сұйық,қатты және газ күйінде болатын,бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын минерал.Республика аумағында ішкі суды төрт түрге бөлеміз: 1) өзен; 2) көлдер; 3) жер асты суы; 4) мұздық суы.
Қазақстан өзендері: Қазақстан Республикасындағы ең ірі өзендердің жалпы саны 85022, оның ішінде 84694 шағын өзендер (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін), 23 ірі өзендер (500 мың км-ден жоғары).Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында (өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Сырдария өзені, Шу өзені, Іле өзені, Ертіс өзені, Жайық өзені, Есіл өзені, Тобыл өзені.
Қазақстандағы ең ірі өзендер.
Өзен аты Ұзындығы, км Алабының ауданы, км² Ертіс (Қара Ертіспен бірге) 4331 (1698)* 1592000 Сырдария (Нарынмен бірге) 3078 (1682)* 462000 Жайық 2534 (1082)* 220000 Есіл 1900 (1400)* 144000 Тобыл 1678 (668)* 394600 Іле (Тегеспен бірге) 1384 (802)* 1538200 Нұра 911 53147 Елек 605 42000
* Қазақтан жеріндегі ұзындығы
Өзен жүйелері мен алаптары.Өзен алабы дегеніміз – жер бетімен әрі жер асты өзенге су жиналатын аймақ. Жер беті өзен алабы – жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі. Жер асты жинау алабы – осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты. Қазақстан барлық өзендері негізінен екі алапқа бөлінеді: 1) Солтүстік Мұзды мұхит алабы 2) Ішкі тұйық көлдер алабы....
Медициналық генетика адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын ауруларды, оларға диагноз қоюдың және емдеудің жолдарын зерттейді. Бүкіл дүниежүзілік статистика бойынша дүниеге келіп жатқан сәбилердің шамамен 7—8%-ы түрлі тұқым қуалайтын аурулармен ауырады. Сондықтан сол ауруларды жан-жақты зерттеу, олардан алдын ала сақтандыру және емдеу жалпы адам генетикасының, соның ішінде, медициналық генетиканың негізгі проблемасы болып табылады. Генетиканың бұл саласы бойынша зерттелетін келесі маңызды бір мәселе — адамда тұқым қуалайтын өзгерісті қандай факторлардың тудыратынын және адамзатты көптеген ауыр зардаптардан құтқару үшін оларға шара қолданудың жолдарын зерттеу. Медициналық генетиканың негізінде хромосомалардың өзгеруіне байланысты болатын бірнеше тұқым қуалайтын аурулар анықталды. Олар хромосомалық арулар деп аталады. Ондай ауруларға Клайнфельтер, Шершевский-Тернер, Даун аурулары және т.б. жатады.....
Сонымен, денсаулық көп факторларға: мәсіл-тұқым, әлеуметтік-экономикалық, табиғи орта жағдайлары, денсаулық жүйесінің даму деңгейі, әсіресе адамның өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты болады. Адамзат баласы ұзақ жылдар бойы өзiнiң денесiн сауықтыру үшiн және ғұмырын ұзарту үшiн, өте күштi бальзамды пайдаланды, жастық шақты қайтаратын эликсирдi де iштi, скипидар қосылған және сүттен жасалған ванналарға да түстi. Новокаинды да денесiне ине (шприц) арқылы жiбердi, жануарлардың жыныс мүшелерiн қоздыратын бездерi де денелерiне таратты, дененiң сыртында (терiде) пайда болатын электр зарядтарын кетiру үшiн суға түсiп шомылған, магниттiк өрiстi да пайдаланған. Мұның бәрiн қазiргi заманның адамдары да паидаланып келедi. Бiрақ адамдардың денсаулықтары жақсарып, ғұмыры ұзарып кеткенi байқалмады. Аадамдардың денсаулығын жақсартып, ғұмырын ұзартатын бiр ғана фактор бар. Ол белсендi түрде жүргiзiлген физикалық жаттығулар. Физикалық жаттығулар мен ешқандай дәрiдәрмектердi салыстыруға болмайды. Дәрi-дәрмектердi iшудiң қажетi болмай қалады. Белсендi түрде қимыл жасаған адамдардың денсаулығы артып, ғумырыұзара түсетiнi ғылыми тұрғыдан да және практика жүзiнде де дәлелдендi. ....
ҚожекеНазарұлы (1828, қазіргі Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарқара аулында дүниеге келіп, 1881, ҚХР, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы, Қызылкүрке қаласы) — күйші -сазгер. Арқа, Атырау, Жетісу күй өнері мектептерінің үлгісін жарасымды үйлестіріп, өрнегі өзгеше шығармалар.......