Рефераттар

Реферат: Педогогика | Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы

Педагогика "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет?
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Органикалық химия және оның даму тарихы

XIX ғасырдың ортасына дейін органикалық химияны өсімдіктер мен жануарлар организмінде түзілетін заттарды зерттейтін ғылым деп келді. "Организм" деген сөзге сәйкес органикалық химия деген атау пайда бодды. Ғылымның дамуына сәйкес, бұл атаудың мағынасы түбірлі өзгеріске ұшырады, солай бола тұрса да, осы тарихи атау сақталып, бүгінге дейін жетіп отыр.
Қазіргі кезде органикалық химия деп, көміртек қосылыстарын және олардың туындыларын зерттейтін ғылымды, ал органикалық заттар деп, құрамында көміртек элементі бар заттарды айтады.
Өте ерте кезден-ақ адам баласы кейбір органикалық заттарды ала білген және оларды өздерінің тұрмыстық қажетіне пайдаланған. Мысалы, қантты заттарды ашыту арқылы шарап ішіщцктерін дайындаған. Индияда қант қамысынан қант ала білген, ертедегі Римде өсімдік текті бояулар-индиго, ализарин және т.б. тұрмыста пайдаланған. Сол кезде-ақ жағымды иісті эфир майлары, сірке суы және т.б. органикалық заттар белгілі болған.
Орта ғасырда жаңадан дамып келе жатқан химия ғылымы алхимиктер еңбектерінің арқасында біршама ілгері жылжыды. Мысалы, айдау әдісін тауып, оны жетіддіру нәтижесінде, араб алхимиктері 900 жылдарда таза шарап спиртін алды.
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында М.В.Ломоносов пен А.Лавуазье материя сақталу заңын ашып, химиядағы зерттеулердің сандық-мөлшерлік әдісіне жол салды. Химияда осы кезден бастап химиялық анализ, яғни заттың сандық және сапалық құрамын анықтау пайда болды. Химиялық анализ саласының дамуы химиялық заттарды тазарту әдістерін жетілдіруге ықпалын тигізді. Соның нәтижесінде, ХҮІІІ ғасырда бірқатар органикалық заттар (мочевина, шарап, лимон, алма, галл қышқылдары және т.б.) бөлініп алынды.
Химия ғылымының алғашқы даму кезеңдерінде ғалымдар органикалық және бейорганикалық заттардың арасындағы айырмашылықтарды байқамады. Тірі және өлі табиғаттан алынатын заттардың түзілу жолдарының әр түрлілігі және қасиеттерінің өзгешелігі химияны органикалық жөне бейорганикалық деп екіге бөлуге негіз болды.
Сонымен, XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмінде түзілетін заттарды зерттейтін "органикалық химия" деген алғашқы ұғым қалыптасты. Бұл кезең виталистік көзқарастың кең тараған кезеңі еді. Көптеген ғалымдар, соның ішіңце, әйгілі швед ғалымы Берцелиус те, "органикалық заттар тек тірі организмде ерекше бір "тіршілік күшінің" әсерінен түзіледі" деген пікірде болды. Органикалық заттардың пайда болуы туралы бұл көзқарасты витализм деп атады (Vita латынша тіршілік). ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Автолиз

Автолиз (гр. 'αὐτός' — өзім, өздігінен; λύσις — ыдырау, еру) — өздерінің жасуша цитоплазмасы құрамындағы гидролиздік ферменттерінің әсерінен жасушалар мен ұлпалардың (тканьдердің) өздігінен ыдырау процесі; ағзаның немесе жасушаның өз құрамының заттар бөліктерін қорытуы. Автолиз бірқатар физиологиялық процестерге тән және қалыпты тіршілік жағдайында өтіп жататын құбылыс.[1]
Автолиз — жәндіктердің түрөзгеруі (метаморфоз) кезеңінде, оқыс тітіркеніс кезінде кесірткенің кұйрығын өздігінен үзіп тастау (автотомия) құбылысы, өлексенің ыдырауы кездерінде және тірі организмнің өліеттену ошақтарында байқалады .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Әз Тәуке хан Жеті жарғы

Тәуке - қазақ ханы. Жәңгір ханның баласы. Тәуке хандық өкіметті жақтады, билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектер - сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Тәуке бас билермен кеңесе отырып, «Жеті жарғы» әдет заңдарын шығарды. «Жеті жарғы» орыс тарихында «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. Онда негізінен қазақтардың әдеттегі заңдарының бірқатар ережелері бекітілгенімен, жинақ феодалдық құрылыстық үшейтуге бағытталды. Тәукенің хандық өкіметті нығайту әрекетінен нәтиже шықпады, қазақ хандықтары бытырыңқы күйінде қалды. Тәуке енді сыртқы саясатында Россиямен дипломатиялық және сауда байланыстарын орната бастады. 1716 жылы Тәуке жоңғарларға қарсы шығу үшін Росиядан әскери көмек сұрады. Өйткені, 1698 жылдан бастап ойрат және қазақ феодалдары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Жоңғар ханы Севан Рабдан билік құрған кезде мұндай соғыстар үздіксіз болып тұрды.
Әкесі Жәңгір ханнан соң қырық жыл уақыт хандық құрған әз-Тәуке Қазақ мемлекетінің күш-қуатын нығайтып, халық тұрмысын көтерді, сыртқы елдермен байланыс күшейді, басқарудың неғұрлым демократиялық жолдары қолданысқа енді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді көсем тілді, көреген ойлы данагөй шешендермен бірге құрастырған «Жеті жарғыда» атақты Қасым хан мен Есім хан тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң қағидаларына жаңа толықтырулар енгізіліп, бір жүйеге түсірілді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Философия | Ежелгі Қытай философиясы

Қазіргі тәуелсіздік алған шағымызда білікті маман, білімді азамат дайындау заман талабы. Қоғам дамуы мен мәдениеттің кең қанат жайып, өркендеуі кез - келген жас жеткіншектердің үлесінде екені даусыз. Сондықтан, философия пәнін оқып - үйрену аса қажет-ақ. Себебі, философия ілімі адам баласының сан ғасырлар бойына жинаған өзіндік санасының ең жоғарғы формасы, ақиқат деп саналған ой-тұжырымдар жүйесі. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен құбылыстардың ішкі мәні мен маңызын түсіндіру және түсіну барысында философиялық ойлау жүйесініңкөмегі зор. Соған орай оқу құралының жоғары оқу орындарындағы студенттер мен философия ғылымын өздігінше оқып - үйренушілер үшін бұл оқу құралының көрсетер қызметі ерекше.
Аристотель өзінің «Поэтикасында» кез - келген пәнді зерттеу барысында тек философтар ғана емес, сонымен қатар өзге де қарапайым адамдар ойлау қабілеті төмендеу болса да рақатқа ие болады деп жазған болатын.
Әрине, философтарды, тіпті философияға құштар жандардың өзін де, сөзін де түсіну қиын. Олардың философия ілімі жағынан қолданатын кейбір сөздері философиядан хабары жоқ адамдар үшін күңгір көрінуі ғажап емес. Өйткені, даналық қуушылардың сан ғасырлар бойына өзіндік арнайы сөздігі қалыптасқан еді. Әрине, бұл сөздікті аталған ілімнің өкілдері ғана қолданары анық, ал егерде қолыңызға философия оқулығы не болмаса философиялық сөздік кез бола қалған жағдайда «бас қатыруыңызға» тура келеді. Оның себебі де бар: Сократ немесе Платон секілді ұлы ғұламалардың дүниетанымы баланың ойыны емес екендігі бесенеден белгілі. Сондықтан да философия ілімі көз жүгіртіп, көңіл тоқтата зерттеуді қажет ететіні анық.
Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырларда - ақ адамдар әлем, қоршаған ортасы, өмірі туралы ойлана бастағаннан бастап әлем, адамзат баласы қалай пайда болды, себебі не, мәні неде деген сауалдар көкейлерін тесе бастағандай болды. Әрине, бұл тәрізді сұрақтар біздің де санамызда орын алғанын терістей алмаспыз. Міне, осы іспеттес сауалдарға әрбір ойшыл өзіндік ой - тұжырымын ортаға салып, ой бөліскендігі баршамызға аян. Әркімнің өз ақиқаты бар демекші, данагөй тұлғалар өздерінің тұжырымдарын, қорытқан ой-пікірлерін қорғап қалу жолында қолдағы барынан аянып қалмады. Философияның тасы өрге домалаған кезден бастап, өзінің даму жолында жинаған тұжырымдары мен күні бүгінге дейін қалыптасқан көзқарастарына көз жүгіртер болсаңыз, уызға тойған төлдей бөгіп қалатыныңызға күмән жоқ. Сондықтан, оқу құралының оқырман қауымға айтары мен берер көмегі зор. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Шығармалары
3 Өлеңдер мен балладалар тізімі
4 Шетелдегі танымалдығы
5 Пайдаланған әдебиет
6 Сыртқы сілтемелер
Өмірбаяны

Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы

Басқару еңбегі өнндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықталады.
Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді.
Еңбек заты – бұл іс-әрекетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару.
Басқару – ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштарымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Алайда, «мәлімет» ұғымын, басқарудың ерекше және оның негізгі заты ретіндегі «адам және оның іс-әрекеті» ұғымымен біріктіруге болиайды. Адамдарға және олардың іс-әрекеттеріне басқару еңбегінің негізгі ықпалдары бағытталған. Ал, мәлімет адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін құралы болып саналады.
Қоғамдық еңбекті бөлісу жүйесінде басқару және өндірістік еңбектің тікелей мақсатының ерекшеліктері болады. Нақты өндірістік еңбектің тікелей мақсаты мен нәтижесі нақты өнімді әзірлеу немесе белгілі бір қызмет көрсету болып саналады. Бас, қару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, оның сипаты мен мәні де өзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты – ұжымның бірлескен күш-жігерін ұйлестіру және оның мүшелерінің ақырғы жоспарланған нәтижеге арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету.
Өндіріс процесінде адамдар, еңбек құралдары мен еңбек заттары тікелей байланыста болады. Басқару процесінде басқару субъектісі ретінде адамның өзі және оның іс-әрекеті, ал оның еңбек құрал ретінде - ұйымдық-техникалық құралдар қатысып, бұлардың әрекеті басқару мүмкіндігін арттыра түседі. Өндірістегі адам дене еңбегін қол мен машина арқылы, ал басқару еңбегіндегі адам мәліметтер және оларды өңдеу құралдары көмегімен атқарады.
Басқару еңбегі – көбінесе ой еңбегі. Бұған әлеументтік, экономикалық, ұйымдық, техникалық-технологиялық сипаттағы шешімдерді бағалау мен жобалау жатады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Генетиканың даму тарихы


Генетиканың даму тарихы
Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады.
Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945)

Адамзат тарихында ірілі- уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды.
Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста өзгеріп келеді. Қазіргі кезеңнің бір қасиеті-баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың жаңа Қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым 1941- 1945 ж.ж. Ұлы-Отан соғысының тарихынада тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын тұрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ.
Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет болмағанын көз алдына елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәләудің жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен кейін ғана мүмкіндік туды.
Соғыстың сан өткелінен өткен жауынгерлер Сталиннің 1945 жылғы мамырдағы қошамет сөзін (тостын) жиі еске алады. Онда 1941-1942 жылдарда қиын-қыстау тұстарда жіберілген бір қатар қателіктерді тікелей мойындау және оларға әдейі баға беру бар, өйткені Сталин (үкімет) деген сөзді келтіргенде алдымен өзін алға тартуға әдет еткен еді.
Әрине мұның бәрі жөн. Бірақ Сталин өзінің бұл сөзімен өзгелерді, олардың ішінде тарихшыларды соғыс барысына дұрыс та сыни тұрғыда баға беруге шақырған жоқ. Қайта ол ең жоғары төбе би тәрізді тарихтың осы бір кезеңіне тек өзі ғана баға беріп, алдағы уақытта бұл оқиғаға басқаша баға беру мүмкін еместігін анық аңғартқанды. Оның айтқаны өткен жайлы ашы шындықты әйгілеуге шақырғандай болғанымен, іс жүзінде бұрынғыны әрі қарай зерттеуге мүмкіндік бермей, бұл тақырыпқа соңғы нүкте қойғандай әсер қалдырғандай болатын. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жануарлар дүниесін қорғау

Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.

Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар. .....
Рефераттар
Толық
0 0