Жеміс - жидектерді консервілеу. Жоспар: 1. Консервілеу тәсілдері. 2. жеміс - жидектер консервілерінің классификациясы. 3. Жеңіл көкөніс консервілері. 1. Азықтық тағамдардың бұзылуы, ол жемістер мен көкөністерде көбінесе микроорганиздердің негізгі әсерінен туындайды. Олар жемістер мен көкөністерге тез сиңіп, көбейіп сондан соң тағам ретінде тұтынады. Кейде жемістер мен көкөністер немесе олардан жасалған тағамдар кейде микробтардың болмауынан бұзылуы мүмкін, яғни тағамның өзіне сай түрлі биохимиялық процестердің болмауынан. Бұл процестер ферменттер болуымен жүзеге асады. .....
Амитоз (amitosis; гр. а — жоқ; гр. mitos — жіп) - бөліну кезінде жасуша ядросында күрделі өзгерістер жүрмейтін жасуша бөлінуінің сирек кездесетін түрі. Амитоздық бөліну кезінде жасуша хромосомалары көрінбейді және беліну ұршығы түзілмейді. Алдымен ядро, соңынан цитоплазма бөлініп, бір аналық клеткадан бірнеше жас клеткалар пайда болады. Адам мен жануарлар организмдерінде амитоздың үш: генеративті, дегенеративті және реактивті түрлері кездеседі. Генеративті амитоз нәтижесінде пайда болған жас жасушалар, қалыпты жағдайда, бөлінуден кейін одан әрі қарай митоз арқылы белініп көбейе береді. Реактивті амитоз — адам мен жануарлар организмдеріне кездейсоқ факторлардың эсер етуі нәтижесінде, мысалы, жарақаттану ошақтарында байқалады. Жарақаттанған ұлпа жасушалары жедел реактивті амитоз арқылы бөлініп, жазылғаннан кейін, ұлпа жасушалары одан әрі митоз арқылы бөліне береді. Дегенеративті амитоз ұлпа жасушаларында тіршілік тоқтап, оларда ыдырау процесі басталған кезінде байқалады .....
ХХ ғ. ресми есеп бойынша Үндістанда 220 тіл бар екен. Үндістанның негізгі халқы аласа бойлы, қара түсті (дравидтар» деген тайпалар. Олар Үндістанның орта және оңтүстік жағынан орналасқан. Тарихшылар дравидтерден де бұрын тұрған тайпалар «мунда» деп санайды. Бұл тайпалар орталық провинцияларда, Гималай және – Нагпур деген жерде тұрған. Олар Үндістанның орта және оңтүстік жағына орналасқан. Б.д.д. екінші мың жылдықта дравидтерді Гиндукуш және Тамир тауларынан түскен ақ тайпалар басып алып, олар Пенджаб және Ганг өзендерінің жоғарғы бассейніне орналасты. Осы тайпаларды арийлер деп атайды, арийлер дегеніміз – ақсүйек, жақсы тұқым деп аударылады. Дравидтерді олар «дасью» деп атаған. Осы аймақтағы тайпалар ғасырлар бойы өмір сүріп, көбінесе сал бағумен айналысты. Арийлер егін шаруашылығын, олардың күріш, күнжұт және арпа отырғызғаны белігіл, мақтадан мата тоқу, ыдыс – аяқ жасау, қола мен темірден қару соғу кәсіптерінің дамығаны анық. Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқық тарихын кезеңдерге бөлуі. 1) Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, құл иленушілік құрылыстың, құл иленушілік мемлекеттің пайда болу кезеңі; 2) Ганга және Үнді жазықтығындағы құл иеленушілік мемлекеттер; 3) Маурьялардың орталықтанған мемлекеті; 4) Үнді мемлекетіндегі дағдарыс және феодалдық. Бірінші кезең шамамен екінші мыңжылдықтың екінші жартысына жатады. Үндістанға басып кірген арийлерде бұл уақытқа әлі патриархат сатысындағы рулық құрылыс қалыптасты. Бұл құрылыстың негізгі ұйымдары «рулық одақ» қана болды. Латын тілде «ру» бұл сөзден славяндардың «әйел» деген сөзінен шыққан ....
Орман Түктібаев (Үрмәш) (17.11.1917, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Түктібаев ауылы - 20.7. 1944, Латвия, Лудза ауданы Нерзкое дер.) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, пулемет ұбөлімшесінің командирі, кіші сержант. Қазақ. Ұжымшарда егін бригадирі болып жұмыс істеген. Кеңес әскері .....
Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігін, оның мемлекеттік құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырып, оны нығайтуға ат салысқан, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заңдардың қабылдануы да осы заң шығарушы орган – Парламенттің үлесіне тиесілі. Осы жолда депутаттар құрамы, яғни жалпы Парламент – парламентаризмнің қалыптасу, даму кезеңдерін басынан өткерді. Парламентаризм, президенттік, сот билігі, одан да басқа қоғамдық қатынастарды реттей¬тін көптеген институттардың пайда болуын Кеңестер Одағы кезеңінен бастау алады деп келте жауап қайтаратындардың кездесіп қала¬тыны жасырын емес. Ал шындығына келетін болсақ, қазақ қоғамында да дала демокра¬тия¬сының ертеден бастау ала¬ты¬нын, ондағы мем¬ле¬кетті құру, қалыптас¬ты¬ру, даму институт¬тары¬ның сол қоғамға, сол ке¬зең¬дерге сәйкес болғандығы туралы көп ай¬ты¬ла бермейді. Қа¬зір¬гі уақыттағы шынайы демо¬кра¬тия элемент¬терінің бірі болып саналатын президенттік институттың көрінісін қазақ қоғамындағы хандық биліктен көруімізге болады. Республика күні, 25 қа¬занда Қазақстанның мұқым хал¬қының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүд¬десі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын фак¬торлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын. Тәуелсіздік декла¬ра¬циясын жарияладық, Конститу¬ция¬мызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анық¬тадық. Сондықтан бұл құжат¬тың маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айт¬қанда, 25 қазан Тәуелсіз Респуб¬ли¬ка декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек. Ал 16 желтоқсанда ыңғайсыз жағ¬дайға тап боламыз. Бір жағы¬нан, мейрам, бір жағынан, траге¬дия. Бұл күні қуанайын десең, қанды оқиға есіңізге түсіп, көңілі¬ңіз жа¬бырқайды. Сондықтан ме¬ніңше, 16 желтоқсан – Желтоқ-сан кө¬терілісі күні ретінде аталып өтілетін болса. Ал Республика күнін тойлау мәселесіне келер болсақ, бұл саяси мейрам ғой. Сондықтан осы күні Қазақстан елі, жері, рәміздері, Президент жайлы, президенттік басқару туралы қысқаша деректер БАҚ арқылы беріліп жатуы керек. Ірі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қалың бұқараға тәуелсіздіктің мәнісін, осы ұғымды тереңнен та¬рихи тұрғыда талдап беруі қажет. Патриоттық шаралар – әскеріміз, Қарулы күштер жайлы мәлімет-тер¬мен халық кеңінен таныс бола алуы керек. Ал кешке эстрада ада쬬-дарының концерті берілуі тиіс. Онда да Қазақстан аспанын¬да біздің менталитетімізге жақын, жүрегімізді тербетіп, жылу беретін ән-әуездер қалықтаса деп тілеймін.....
Білікті маман. Зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шауашылығының тұтқасын ұстап, ол тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойынына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәні оқып – үйрену қажет. Онсыз мынау күрделі сан – саналы, қатар – қабаттар, дүниенің , бүкіл әлемінің ішкі сырын табиғатын дамуының мән мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқу - іске шығармашылықпен қараудың, ойланып- толғана білеудің түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің , ой – өрісті кеңейтудің , жан – жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі бұған бүкіл адамзаттың жүріп өткен тарихы жолы куә. Философия бүкіл ғылыми жүйелерінің көнесі. Ол қауымдық , құрылыс ыдырап, қоғам қоғам бұл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде , мифиологиялық – діни түсініктермен күрс білімінің басын құрады. Тек тілінен аударғанда «философия» «данышпандыққа құштарлық» деген мағына береді.Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегенеміз айнала қоршаған орта. Бүкіл әлем, тұтас дүние туралы , ондағы адамның орны, терминшіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастың пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас адам қоғамының пайда болуымен қатар болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі- өмірдің өзі – адамның тіршілік болмысы. Расында дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән – жайы, адамзат өніп – өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпей ізденіске салды.....
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. .....
Жер сілкінісі (грек сөзінен шыққан «сейсмос»: жер сілкінісі) жер қабатындағы толқулар мен ауытқулар, жер асты дүмпулері мен соққылары, жер қабаты жылжуынан туындаған немесе адамдардың әрекеті салдарынан пайда болған үлкен қашықтықта болатын құбылыс. Күшті және қиратушы жер сілкіністері ең ауыр болып табылады, онда аймақта тұтастай ел және өңір қалуы мүмкін. Адамзат тарихында осы дүлей зілзалалардан миллиондаған құрбандар, қалалар мен кенттерде жүздеген қаза табулар, құрылыстардың зақымдануы мен жойылулары орын алуда.
Жер сілкінісінің себебі соңына дейін анықталмаған. 18 ғасырда ғалымдар мынадай қорытынды жасады, жер қабатында жас учаскелер сілкінеді, осының салдарынан тау жыныстарының бөліну бойынша ығысулар болады. Бөліну үлкен болса, соғұрлым жерасты дүмпуінің күші қаттырақ болады. Кейбір аудандарда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Бұл аудандар сейсмикалық белсенді деп аталады. .....
ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады. Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС .....
Сыртқы саясат – мелекеттің халықаралық қарым – қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидалары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым – қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды. Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі - бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады.....