Рефераттар

Реферат: Тарих | Ұлыбритания

Ұлыбритания¬¬-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Бейімбет Майлин

Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.
Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Керей мен Жәнібек

XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті.Қазақстан жерінде шаруашылықтың дамуы көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын аймақтарда айқын байқалды.Шаруашылықтың түрлі саласында өзара байланыстар нығая түсті,қолайлы жағдайлар қалыптасты.Тілі,материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады.Қазақ тайпаларына өз жерінде көз алартып,зорлық-зомбылық жасаушыларға ұзақ,әрі табанды қарсылық көрсетіп,тойтарыс беруге ұмтылыс көрініс таба бастады.Қазақ,қырғыз,ноғай,ішінара өзбек,ұйғыр,қарақалпақ халықтарының қандас-туыстық ынтымағы қалыптасып,нығая түсті.
Дегенмен,қазақ тайпаларының жекелеген бөліктерінің бірнеше саяси бірлестіктерге-мемлекеттерге кіруі туыстас этникалық топтардың бытырап кетуіне алып келді.Саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз жүргізілген соғыстар,рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар мұндағы халықтардың бірігіп нығаюын тежеп отырды.Дәл осы кезде іс жүзінде біртекті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды,сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты.Қазақ халқының бірігуінің,құрылуының іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін яғни хандығын құрудың негізгі себептерімен алғышарттары еді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Генетика негіздері

Генетика бүкіл тірі организмдерге тән қасиеттер-тұқымқуалаушылық пен өзгерткіштікті зеттейтін биология ғылымының бір саласы. Адам баласы әрқашанда тіршіліктің сырын терең ұғынуға, оның құрылымдық-функционалдық ерекшеліктерін, сыртқы ортаға бейімделуін, даму заңдылықтарын т.б. білуге ұмтылып отырған. Тұқым қуалаушылық пен өзгерткіштіктің заңдылықтарын ашып және оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы үлкен роль атқарады. Сондықтан да ол биология ғылымының басқа салаларынның арасында маңызды орын алады.
Жер бетіндегі тірі материяның дамуы, оладың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік-организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда ұрпағы белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады.
Мұны тұқымқуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде беріліп отырады. Басқаша айтқанда ұрпағы белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып келеді. Бірақ, олардың арасында толық ұқсастық ешқашанда болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-біріне қандай болмысын белгі –қасиеттінде айырмашылығы да болады.
Организмнің тұқымдаушылық қасиеті өзгермейтін нәрсе емес. Ол сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны өзгергіштік деп атайды. Организмнің көбею барысында бір белгі қасиеттердің тұрақты түрде сақталуына қатар екінші біреулері өзгеріске ұшырайды. Соған байланысты олар жаңырып, түрленіп отырады.
Тұқымқуалаушылық пен өзгерткіштік бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-бірімен қарама-қайшы, сөйте тұра өзара тығыз байланыст процестер.
Оpганизмдеpдің тұқымқуадаушылығы мен өзгеpгіштігі туpалы ғылымды генетика деп атайды. Грекше genesis –шығу тегіне тән. мұндай атауды 1906 жылы ағылшын оқымыстысы В. Бетсон ұсынға болатын.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Қамар сұлу романын образдар жүйесі бойынша талдау

С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» (1914) романы – революция алдындағы қазақ әдебиетінде көрінген тұнғыш реалистік шығармалардың бірі . Ол эпостық жанырдағы үлкен туындыға жатады. Көбіне прозамен жазылған. Шығармада белгілі бір дәуірдің немесе заманның тұтас өмір суреті қамтылған .
Образдары. Романның образдары сол кездегі әлеуметтік ортаға сай автор көзқарасы бойынша ұнамды , ұстамсыз мінезде тұрмыс , сана , мүдде жағынан бір-біріне мейлінше қарсыластырған . Жазушының кімдердің талабын ұнатып , кімдердің ісін ұнатпайтындығы , шығарманың тұтас идеясы сол қарсыласудан ,образдар тартысынан келіп туады . Мысалы «Қамар сұлу» романындағы ұнамды образдарға халық арасынан шыққан Ахмет , Қамар, соларды толықтыратын Омар , Хасен , Жәуке бейнелері жатады . Ахмет пен Қамар оқыған , ескі салтқа қарсы күресіп , өздерінің бас бостандығын іздеген озат, жаңашыл жандар . солардың әділ талабына жол бермеушілер – бай , болыс , қажы ортасынан шыққан Оспан би , Қалтан қажы , Жорға Нұрым, соларды толықтыратын - Әбділда ишан , Бәйтік молда , Көңілбай бақсы . Бұлар қнамсыз бейнеге жатады . Қамар мен Ахметтің қайғылы халіне сол кездегі жағдай , әдет-ғұрып айыпты десек , Оспан , Нұрым , Қалтандар сол ескі салттың бнлді өкілдері .
Ахмет бейнесі. Романдщағы ісі әділ , талабы прогресті , ұнамды , халықтың басты бейнелердің бірі – Ахмет . Өзінің шыққан ортасы , тегі жағынан ол кедей . Бұл реттен ол С . Көбеевтің «Қалың мал » романындағы кедей жігіт Қожашқа ұқсас . Бірақ Ахмет қарапайым ауыл жігіттерінің бірі ғана емес , оқыған-тоқығаны бар саналы жастар дүниесінің өкілі .
Автор оның жайын былай суреттейді : « Сарыбас деген ауылда Жәуке деген кғісінің оқу соңында жүрген, баласы бар еді . Жәуке өзі нашар кісі болса да , тапқан – таянғанын жалғыз ұлы Ахметтің оқуына салып , жасынан олай сүйреп, былай сүйреп жүріп, әйтеуір « молда» атына іліктіріп еді . Бертін келген кездерде ол бейнеті босқа кетпей , ахметтің арқасында аузы асқа , тақымы атқа тиіп , есіктегі басы төрге жетті . Аса байып кетпесе де , өзіне өзі тоқ , жақсы ғана ауқатта бітті », - дейді .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Антропогендік фактор

Экологиялық фактор – тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтері, ағза бейімделушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы. Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды абиотикалық, биотикалық, антропогендік деп бөледі. Соның ішінде біздің айтайын деп отырғанымыз антропогендік фактор.
Антропогендік фактор – адам қызметінің қоршаған ортаға тигіззетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттарды атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы және т.б.), адамның шаруашылық қызметін қарекетінен тікелей ненсе жанама түрде туындайтын фактор. Жанама әсер – биосфераның басқа компоненттерде экологиялық тепе – теңдіктің бұзылу салдарынан атмосфераның жағдайына әсердің тиюі. Бұған ормандар, жойылған алқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларын ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Ал тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді: күлді, металл оксидтері мен тұздары, күкірттің газды қосылыстарын, аммиакты, көмір сутектерін, радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды, сутекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.
Адамның шаруашылық іс - әрекеті салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгергені соншалық, табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендерімен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.
Дүние жүзіндегі шөлдердің шығу тегі негізінде антропогендік болып саналады. Қазіргі уақытта шөл аумағы 10 млн. Шаршы км – ге жетті, бұл бүкіл құрлық аумағының 7 % - на жуық. Көптеген жер көлемінің өзгеруі шаруашылықтың, мыс, егіс алқаптарының тым үлкен болуы, олардың дұрыс күтілмеуі, қорғаныш орман- тоғай белдеулері мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстінгі қабаттың жалаңаштануы, малдың тым көп жайылуы тағы да басқа жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан орын алды ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Танымдық процестердің психологиялық мәні

Танымдық үдерістің бұл ерекше формалары тіл мен ойлау, сөйлеу секілді адамдық табиғаттың ең жоғарғы көрсеткіштерін құрауымен қоса, күнделікті өмірде туатын қажеттіліктерді де өтеуге бағытталады. Адамның танымдық әрекеті саналы, ғылыми дәйектелген шарттар қатарында өздігінен жүзеге асатын, адам болмысы итермелейтін рефлексті амалдардан да топталады.
В.И.Писаренконың «Когнитивтік лингвистика мен «когнитивтік» терминінің семантикасы туралы» атты мақаласындағы «Когнитивтік лингвистиканың пайда болуына әсер еткен когнитивтік ғылымның өзі де уақыт өте келе, әр түрлі мектептер мен ғылыми бағыттарға жіктелу негізінде дамып отыр, мысалы: когнитивтік психология, нейроғылым, антропология және т.б., сондықтан бір ғылым саласына қатыстылығынан туындаған когнитивтік терминнің ұғымдық ерекшеліктерін әр түрлі дәрежеде түсіндіруге болады» деген пікірге назар аударсақ, таным категориясының негізгі белгілері когнитивтік ғылымның мақсатына сай толықтырылып дамып отырады да, оның жалпы ұғымдық сипаттамасы жекеленген танымдық ғылыми бағыттардан, олардың бірліктері мен заңдылықтарынан сұрыпталады. Жаңа пәлсапалық энциклопедияда когнитивтік ғылымға «теоретика-информациялық модельдерді қолдану негізінде сана мен жоғары ойлау процестерін зерттейтін жүйе» деп анықтама берілген [22; 264-б.]. Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде ол адамның ақыл-ойымен шұғылданатын әрі оның ментальды жағдайымен тығыз байланыста қарастырылатын, негізгі нысана ретінде когниция мен оның құрылым-үрдістерін қамтитын, ең бастысы, хабар мен оны өңдеу амалдарын зерделейтін ғылым саласы ретінде танылып отыр. Осыған орай, танымдық ғылымның негізі «әрі білім, әрі таным, әрі хабар, әрі адамзат ақыл-ойы мен санасы, әрі оларға сәйкес анықталатын және барлығының биологиялық негізін құрайтын адамзат миы» тұрғысынан айқындалып, күрделі танымдық процестердің тоғысын құрайтын ғылыми жүйе ретінде зерттеліп келеді. Қазіргі ғылымның негізгі екі ерекшелігін өзектей отырып, ғалымдар антропологиялық және пәнаралық даму нәтижесінде жалпы танымдық ғылымға тән негізгі белгілер қатарында төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуде: ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Абайдың тәрбие туралы көзқарастары

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс

Дүниежүзiн қайта бөлiске салу жолында “Үштiк одақ” (Австро-Венгрия, Германия, Италия) пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардан түындаған соғыс. ХIХ ғасырдың аяғына таман бұл мемлекеттер арасында өз ықпал аймағын кеңейту үшiн бәсеке күшейе түстi. 1879 жылы Германия Австро-Венгриямен соғыс одағын жасасты, бұған 1882 жылы Италия қосылып, “Үштiк одақ” құрды. Алайда, 1914 жылдан бейтарап саясат ұстанған Италия кейiн өзiнiң бұрынғы одақтастарына қарсы соғысты. “Үштiк одаққа” Осман империясы мен Болгария қосылды. Оған қарсы 1907 жылы Англия, Франция және Ресейдiң соғыс коалициясы – Антанта құрылды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде Сербия, Бельгия, Жапония, Италия, Румыния, Португалия, АҚШ, Грекия, Қытай және Латын Америкасының бiрқатар елдерi Антанта елдерiмен одақтасты. Соғыстың басталуына 1914 жылдың 28 маусымында Сараевода Босния мен Герцеговинадағы австро-венгр әскерлерiнiң жаттығуларына келген австрия тағының мұрагерi эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлтiрiлуi сылтау болды......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар

Жасушаның атомдық және молекулалық құрылымы.
Д, И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі жасушаның құрамында болатындығы дәлелденді. Олар жасушадағы мөлшеріне қарай үш топқа белінеді. Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың молекулаларының негізін құрайтын элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы мөлшері 98%-ға жуық болғандықтан, олар макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) бен нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін күкірт пен фосфор да кіреді. Бұларды биоэлементтер деп атайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0