Рефераттар

Реферат: Биология | Зәрді Нечипоренко әдісі бойынша зерттеуге жинау

Мақсаты: Зәрдегі түрлік элементтердің құрамын анықтау (бүйректе патологиялық процесстің барлығы немесе жоқтығы анықталады).



Көрсеткіші: бүйрек аурулары.



Кері көрсеткіші: зәр шығару жолдарының жарақаты.



Керекті құралдар:



· Резеңке қолғап,алжапқыш.



· Құрғақ таза банка.



· Жолдама.



Іс-әрекет алгоритмі:



1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.



2. Керекті құралдарды дайындау. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Хиуаз Қайырқызы Доспанова

Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин Атырау облысы— 21 мамыр 2008, Алматы қаласы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық ҚаһарманыХиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Сарғалдаққызы Айғаным (1783 - 1853)

Айғаным Сарғалдаққызы — 1783 жылы Солтүстік Қазақстанда, Сырымбет жерінде дүниеге келген.1853 жылы 19 қараша айында дүниден өтеді.

Бүгінгі таңда әйелдің қоғамдағы орны, ой-таным шеңбері ұлғайып отырған шақта әйел тақырыбы қуатты арна ретінде осы ғасырдың аяғына таман жан-жақты танылып отыр. Қазақ әдебиеті тарихындағы әйелдер бейнесінің эволюциясы ерекше көрініс берген. Қазақ әдебиетінің қайнар көзі ауыз әдебиеті екенін ескерсек.......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Саясаттану ғылым ретінде

Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.

Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865)
2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды.
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзем.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Отбасы туралы түсінік

Болашақ бүгiннен басталатынын тереңiрек зерделесек, жастар тағдыры, жан-жақты жетiлген ұрпақ тәрбиелеу мәселесi қашан да халқымыздың басты арман-мұраты болып келгенi даусыз. «Ел болам десең, бесiгiңдi түзе»деген М.Әуезовтың аталы сөзi отбасы тәрбиесiнiң маңызын көрсетедi. Бала тәрбиесінің негізі – бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ, бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие
жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:
- көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі;
- қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі;
- отбасы анасы-әйел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық;
- көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы;
- бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы;
- күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан отбасы арасындағы бәсеке, дау-дамай;
- отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен-күнге әлсіреуі.
Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-
мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Сәбит Дөнентаев

Қазіргі Павлодар облысында туған. Жас кезінде ескіше хат танып, кейін Павлодарда медреседе оқиды. Өзі мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. Сол кезде А. Құнанбаев пен Ғ. Тоқайдың өлеңдерімен танысады. 1913 жылы тұңғыш өлеңі («Қиялым») «Айқап» журналында басылады. 1915 жылы алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ - түйек» деген атпен шығады. 1916 жылы патша жарлығына байланысты империалистік соғыс майданынан қашып, Екібастұз көмір кеніне барады. «Екібастұз» (1916) өлеңінде жұмысшы тұрмысының ауыр азабы суреттеледі.Майданға алынып, Рига маңында қара жұмыс істейді. 1917 жылғы ақпан буржуазиялық революциясынан .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Ораз Мұхаммед хан Онданұлы (1573-1610)

Ораз Мұхаммед - Жошы әулетінен шыққан қазақ сұлтаны, Қасым хандығының ханы. Ондан сұлтанның баласы, Тәуекел ханның немере інісі, Орыс ханның жетінші ұрпағы. Ораз Мұхаммед орыс жылнамаларында «қазақ ордасының ханзадасы» деп аталған. Ораз Мұхаммед 1586 жылы өз қарашасы Қадырғали Жалаиримен бірге Сібір хандығының астанасына келеді. Сібір ханы Сейдахметпен (Сейдек, Сейдақ) Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде........
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Барақ Жанұзақұлы

Барақ Жанұзақұлы (шамамен 1696, кейбір деректерде 1722, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Алдияр ауылы — өлген жылы белгісіз, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы) — батыр.[1] Әкесі Жанұзақ Қарабалуан есімімен мәшһүр болған түйе балуан. Барақ Жанұзақұлы 1740—1758 жылдары қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат ету жолындағы шайқастарға қатысқан. Батырлығымен қатар емшілік, көрегендік қасиеттерімен де халыққа кең танылған. 1996 жылы Қостанай өңірі Барақ Жанұзақұлының үш жүз жылдық мерейтойын атап өтіп, батырдың ұрпақтары басына ескерткіш күмбез орнатты. [2]
Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы) - батыр (1700-1793). Емельян Пугачев бастаған шаруалар соғысына, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Жауғаш Қырбасұлы (1738-1787)

Қырбасұлы Жауғаш - 1738 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданында дүниеге келіп, Жамбыл облысы, Меркі ауданында қайтыс болған.

Жауғаш Абылай ханның әскери қолбасшысы, елшісі болған, белгілі мәмілегерінің бірі, атақты батыр, қолбасшы, өз дәуірінің көрнекті қайраткері. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының.......
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Бақтыбай Жолбарысұлы (1842 - 1902)

Жетісу өңіріндегі атақты ақындардың бірі-Бақтыбай Жолбарысұлы 1842 жылы маусым айында дүниеге келген. Атасы Аңламастан Аю, Жолбарыс, Үден деген үш бала өрбіген. Жолбарыстан Тәттібай тарайды. Ол кезде Талдықорған жағындағы биік-биік таулар ішінде, жыра-сайларда аю, жолбарыс сияқты ірілі-уақты аң-құстар өте көп болған. Аңламас қарияның балаларын сондай күшті аңдардың атымен атауында гәп бар. Күш пен айланың заманында......
Рефераттар
Толық
0 0