Рефераттар

Реферат: Қазақ әдебиеті | Бейімбет Майлин

Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Ғабит Мүсірепов Махмұтұлы

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (1902–1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.

Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.

Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Бердібек Соқпақбаев

Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы.[1] Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. "Жұлдыз", "Балдырған" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Менің атым Қожа повестсі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Дәнекер ұлпасы

Дәнекер ұлпа (Textus connectives, лат. Textus – ұлпа және connectives – дәнекерлік) – жануарлар организмінің барлық мүшелері құрамына кіретін , демде ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы мезенхимадан дамып, организмның ішкі ортасын құрайды. Олар эпителидің астын төсейді. Сонымен қатар органдардың қабығын түзіп организмдегі ұлпалардың қабатын толтырып отырады. Организмдегі барлық органдар мен ұлпалардың клеткалары дәнекер ұлпасы арқылы қоректенеді. Дәнекер ұлпасы ішкі зат алмасуын жүзеге асыратын ұлпа болып саналады. Сондықтан ол қан мен бірге тропикалық және қорғаныштық маңызы бар бір тұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ұлпа механикалық қызмет атқарады. Дәнекер ұлпасының бірнеше түрлері ажыратылады:
1. Ритикулярлық ұлпа
2. Борпылдақ дәнекер ұлпа
3. Тығыз дәнекер ұлпасы.
Дәнекер ұлпасы күрделі құрылым оның құрамында ұрықтың мезенхимасынан дамитын түрлі клеткалар, клеткалардың өлі өнімдері болып саналатын талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротиннен, хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан тұратын сұйық немесе қоймалжың, аморфтық матрикс болады. Бұл ұлпалардың құрылысының аралық затардың құрылысына және әр түрлі талшықтар мен олардың орналасу тәртібіне байланысты болады.
Аралық заттар - әр түрлі талшықтар мен аморфты заттардан тұрады. Талшықтардың үш түрі болады.
1. Коллагенді
2. Эластикалық
3. Ретикулярлы
болып бөлінеді.
Дәнекер ұлпасын құрайтын клеткалар, әдетте, бір-бірінен қашық орналасады. Дәнекер ұлпасының клеткалары:
1. Фибробласт
2. Гистиоциттер
3. Майлы клеткалар
4. Пигментті клеткалар
5. Қанның клеткалары
Борпылдақ дәнекер ұлпа. Дәнекер ұлпасының бұл түрі адам мен сүтқоректілердің организмінде кең тараған. Борпылдақ дәнекер ұлпа терінің астында жатады. Органдардың, ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан, коллогендік және эластиндік талшықтар болады. Олардың
арасында клеткалар орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары:
фибробластар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май және пигментті клеткалар. Сонымен бірге қанның клеткалары да кездеседі – лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты затан тұрады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Байсақал керуенбасы (би)

Байсақал керуенбасы (би) XVIII ғасырмен XIX ғасырдың басыда есімі біраз жерге жайылған. Шамамен 1770-1780 жылы туылап 1850-1851 жылдаы қайтыс болған Байсақал Тілекеұлының арғы бабасы Өтетілеу би Қасқаұлы 1738 жылдың 3 тамызыда патша өқілі Татищев мырзаға ант берген билердің бірі. Тілеке Өтетілеуұлы әрі би, әрі батыр болған кісі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Ескелді би Жылкелдіұлы (1695–1770)

Ескелді Жылгелдіұлы - би, шешен, қолбасшы. Шамамен 1695 жылы Жетісу өңіріндегі Қаратал өзенінің бойында дүниеге келіп, 1770 жылы дүниеден озған. Төле бидің Ұланбике деген қызынан туған жиен немересі. Ұлы жүз құамындағы жалайыр тайпасының сиыршы руынан шыққан. Ескелді би «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Тұрлымбет Бекенұлы, Жайнақ, Тәттібай мерген, Малтабар, Құлжан.......
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Медеу Пұсырманұлы (1850 - 1908)

Медеу мұзайдынының атауы -тарихи тұлға, 1850 туылып, 1908 жылы қайтыс болған Медеу Пұсырманов ақсақалдың атына байланысты қойылған. Халық арасында Медеу ақсақал туралы көптеген аңыз бар. Медеу мыңғырған малы бар, дәулетті адам болған. Өзінің еңбекқорлығымен мал жиған дәулетті адам. Жас кезінде адал еңбегімен алған малдарының басын құрап, көбейтіп кейіннен дәулетті адамдардың қатарына......
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Ақтайлақ би Байғараұлы (XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басы)

Ақтайлақ би Байғараұлы 1720–1816 жылдар аралығында ғұмыр сүрген, қазақ халқының атақты би шешен биі, әрі төкпе ақыны. Ақтайлақ бидің туған ауылы, шыққан ата-тегі жөнінде оның бүгінгі ұрпақтарының бірі әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабаев өзінің Ақтайлақ биге арнаған кітабында............
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Бөлтірік Әлменұлы (1771–1854)

Бөлтірік Әлменұлы (1771–1854) — Жамбыл облысы Шу районы Шоқпар ауылында дүниеге келіп, Жерленген жері: Жамбыл облысы Талас ауданы Жидек ауылында жерленген. Бөлтірік ұлы жүздің ысты елінен шыққан. Ысты елінің Ойықтыдан, Қызылқұрт, Зорбай, Орбай, Сәтек тараған. Зорбайдан Байгелді .......
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Мырзағұлұлы Бекет ата (1750–1813)

Мырзағұлұлы Бекет (Бекет ата 1750–1813) – Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан, абыз-көреген, қазақтың әйгілі батыры, сәулетші. Туып-өскен жері Атырау облысы, Жем өзені бойындағы Ақмешіт-Құлшан және Маңғыстау өңірі. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Хорезмдегі Пақыржан.......
Рефераттар
Толық
0 0