Ортаңғы тап. Осы терминмен АҚШ-ты сипаттасақ жөн болар. Шынында да, көптеген ғалымдар таптық стратификацияның принциптері түгелдей дерлік жүзеге асқан мемлекетке мысал келтірсе, бірінші орында АҚШ-тың болуы айдай анық. Егер Еуропада XX ғасырдың басына қарай сословиелік бірлестіктердің қалдығы қалса, АҚШ-та таптық қоғамның пайда болуы жаңа парақтан басталған болатын. Өйткені бұл мемлекетті әр елден келген эмигранттар құраған болатын, олар өздерімен бірге ақшаны, үй заттарын, білім мен ғылымды, тіпті дәстүрін әкелсе де, стратификация жүйесін әкеле алмаған еді. Олар жаңадан пайда болды. Ортаңғы тап деп- жоғарғы және төменгі орын алатын қоғамдағы статустық позицияны айтамыз. Көп жағдайда, осы тап социалдық таптың ең көбін құрайды, қоғамдағы реттеуші және мамандандырылған жұмыс күшін береді. ....
Егемен Қазақстанның дамуының онжылдығы елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің кең көлемді және түпкілікті қайта құрылуымен ерекшеленеді. Осы жылдары радикалды реформалар мемлекеттіліктің орнығуы мен КСРО кезеңінде пайда болған терең экономикалық дағдарысты жеңіп шығуы жағдайында жүзеге асты. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары шаруашылық механизмін жетілдіру, командалық-бөлініс жүйесін әлсірету мен тауар өндірушілердің құқықтарын кеңейту, шаруа ісін жүргізудің рыноктық принциптеріне өтудің алғашқы бағдарламаларын іске қосу бойынша қолданылған шаралардың нәтижесі сәтсіз болғаны белгілі. 90 жылдардың басындағы экономикалық өндірістің құлдырауы, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуі, қаржы-несиелік жүйенің бұзылуы, рубльге деген сенімнің жоғалуы, дүкендердің бос сөрелері мен тауар бөлудің талапдық жүйесі тән болды. Елдегі жүйелік экономикалық қайта құру жолындағы өткен онжылдықты белгілі бір кезеңдерге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезең 1992—1993жж. яғни экономиканы түпкілікті реформалаудан өз төл ақшамызды шығаруға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде макроэкономикалық саясат Ресейде белгіленетін еді. Жалпы республиканың бүкіл экономикасы көрші елді қабылданған шешімдерге тәуелді болатын. Инфляция бұрын болмаған қарқынмен өсті. Өткен жылдың желтоқсанының басындағы процентке шаққандағы тұтынушылық құн индексі 1992ж. соңында — 3060-ты, 1993ж. — 2265-ті құрады. Елдегі нарықтық қайта құрулардың екінші кезеңі 1993ж. қарашадағы ұлттық валютаның енуімен және дербес макроэкономикалық саясаттың қалыптасуымен басталды. Ол салық салу, бюджеттік және банктік салалардағы, сыртқы экономикалық жұмыстардағы, оның ішінде шетел капиталын тарту мен кеден ісі, нарықтарды дамыту мен нарықтың инфра-құрылымдардағы қатынастарды қалпына келтіріп отыратын нормативтік-құқықтық базаның құрылуымен ерекшеленеді. Инфляцияға қарсы қатаң саясат жүргізілуінің нәтижесінде қаржы тұрақтылығы бойынша алғашқы айтулы нәтижелерге қол жетті, тұтынушылық құн индексі 1994ж. 1258-ге, 1995ж. 160,3-ке, 1996ж. 128,7-ге түсіп, теңгенің валюталық бағамы тұрақталды, бюджеттегі жетіспеушілік азайды, бірқатар экспортқа бағытталған өнеркәсіп салаларындағы өндіріс тұрақты күйге түсіп, біраз жандана түсті. Реформаның екінші кезеңінің ең басты нәтижесі жаңа экономикалық ахуал болды. Осы ахуалдың нәтижесінде әкімшілік-командалық экономиканы рыноктық экономикаға көшіру процесі маңызды жүйелік қайта құрулардың негізінде қарқынды сипатқа ие болды. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналарды жатқызуға болады. ....
Қаржылай инвестициялар дегеніміз – пайыздар, дивидендтер, роялти және жалақысы түрінде, инвестицияланған капиталды арттыру немесе коммерциялық қатынастардың нәтижесінде пайда табу мақсатында субъект ие болып отырған актив. Қаржылай инвестицияларға, сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция да жатады. Мемлекеттік құнды қағаздарға және шаруашылық жүргізуші ұйымның жарғылық капиталына қаржылай инвестициялар салынады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс шетелдерде орналасқан басқа да шаруашылыққа қарыздар (зайымдар) беріледі. Аудитор қаржылй инвестициялардың есебін тексеруге кірістердің алдында тексерудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында тексеру барысында анықтауды, назар аударуды, тексеруді талап ететін мәселелер бойынша бағдарлама жасайды: - баланста инвестициялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру; - инвестициялардың аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін тексеру; - шаруашылық қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталуын тексеру; - инвестициялардың құнын анықтауда бағалану тәртіптерінің қолданылғандығын тексеру; - нақты қолда бар құнды қағаздардың сақталу орнын анықтайтын бастапқы құжаттармен танысу; - құнды қағаздарға сатып алу операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру; - қаржылай инвестицияларды қайта бағалаудың нәтижесін қайта бағалаудың қайталану жиілігін тексеру; - қаржылай инвестицияларды шығысқа шығару операцияларының бухгалтерлік есеп жазуларының дұрыс, дер кезінде жүзеге асырылғандығын тексеру; - шаруашылықтың басқа заңды тұлғаларға берген қарыздарының (зайымдарының) құжаттарымен танысу. ....
"Құқық" терминінің көптсгсн мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде жәнс қызмет.бабында қолданылады. Ксң мағы-налы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қаңдай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. Заң шымында "құқық" тсрмнні бірнсшс мағынада қолданылады. Біріншідсн, "құқық" тсрмині бірнсшс мағынада қолданылады. Бірікшідсн, "құқық" - ресми түрдс танылған жскс және заңды тұлгалардын заңға сүйснс отырып, әрскет жасау мүмкіндігі, Мысалы, азаматтардың сңбск сту бостаңдыгы, білім алу, кәсіпксрлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлгалардың да құқықтық мүмкіндіктсрі болады. Осы кслтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъсктивтік (тұлгалар) мағынада колданылады. ....
Мемлекеттік несие яғни қарызға алынган ақша мемлекеттік билік органдарының қарамағына олардың қосымша қаржы ресурстарына айнала отырып түседі. Олар, әдеттегідей, бюджет тапшылыгын жабуға багытталады. Мемлекеттік қарыздарды (заемдарды) өтеудің және олар бойынша пайыздарды төлеудің көзі бюджет қаражаттары болып табылады. Алайда, мемлекеттік берешектің едәуір өсуі және үдей түсіп отырған бюджет қиыншылықтары жағдайында ел мемлекеттік борышты қайта қаржырандыруға да баруы мүмкін. Қаржыландыруды жаңарту деп жаңа займ шығару арқылы ескі мемлекеттік берешекті етеулі айтады. Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны мемлекеттік займдар болып табылады, ол облигациялар және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және өткізу (сату) жолымен жалпықоғашық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін халық пен занды тұлғалардын акдіасы тартылатындагамен сипатталады. Қазақстан Республикасында алғашқы мемлекеттік ішкі займ 1992 жылы шығарылып, кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға ( 2012 жылға дейін) шамаланған мемлекеттік ішкі ұтыс займының бондары шығарылды. Займдар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 100 және 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады. 1996 жылы резидент және резидент емес занды және жеке тұлғалар арасында Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ішкі займының Ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ол номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады. 1999 жылдан бастап атаулы құны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі бес жыл арнайы валюталық мемлекеттік облигацияларды (АБМЕКАМ) жинақтаушы зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан республикасы Үкіметінін атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарады. Бұл облигациллар иелеріне етеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және жылына 6,14 % мөлшерінде сыйақы (мүдде) алуға құқық береді. Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланатын құралдардын түрлерін кеңейту мақсатанда теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайында айналыс мерзімдері үш, алты. Тоғыз, он екі ай болып табылатын мемлекеттік қазынашылык, валюталык, міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады. Ол құжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондык әдіспен анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырады. Қазынашылык міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де, резиденттері емес те болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады. Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы төлеуі мен Қаржы министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты құнын өтеуі толеуі күні мен отеу күнінің қарсаңындагы әр эмиссияның шарттарын жариялау кезінде Қаржы....
Қазақстандағы ақша – несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан ары тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Үкіметтің әрекеті. 2000 жылы шамамен алғанда жылына 5-6% мөлшеріндегі инфляция қарқынына жету үшін ақша – несие және бюджет саясатын қатайтумен қатар ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін қаржылық тетіктер дамыйтын болады. Жинақтауыш зейнеткерлік қордағы жинақталған ақша қаражатының айтарлықтай бөлігін тәуекелсіз инвестициялауды қамтамасыз ету қажет. Үкімет мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың зәрулігін жабу үшін Ұлттық банктің несиесін пайдаланбайтын болады. Мемлекеттік бюджеттің зәрулігін қаржыландырудың құрылымы,көбінесе,инфлияция қаржынының төмендеуімен,мемлекеттік қарызды басқару тиімділігінің артуымен, бюджеттік зәрулікті қаржыландыруға инфлияциялық емес көздерді пайдаланумен,мемлекнттік құнды қағаздар айналымының мерзімін ұзартумен анықталады. Республиканың қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қолдау үшін ақшалай- несиелік реттеу рычагтарын пайдалану жетілдіріле түспек.Банк жүйелерінің дамуына орай ақша-несие саясатының құралдарын мейлінше белсенді қолдану жоспарлануда: ҚҰБ сыйақы(мүдделер) ставкасына бекіту,міндетті резервтердің сараланған мөлшерін реттеу,және,әсіресе, ашық рынокта операциялар жүргізу.Мүдде ставкасына қатысты Ұлттық банктің саясаты тиісінше инфляция деңгейінің динамикасымен және инфляциялық тасуға байланысты өзгеретін нақты көріністегі біркелкі оң ставканы қолдауға,сондай-ақ,қаржылық рыноктар жағдайларына бағыталатын болады ....
Арал теңізі-Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі- 1066 шаршы км, тереңдігі -30-60 метр, тұздылығы-10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңііріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілген жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түркіменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудәрия мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері-антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара). Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары дамыды.Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың метр3, су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың метр3, ал 1990 жылдары екі есе қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: -жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; -ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; -суды өте ккөп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; -жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; ....
Қазіргі кезде Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформа заңнаманы ірі масштабта жаңартумен және жетілдірумен, демократиялық мемлекеттің қағидаларына, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына жауап беретін көптеген жаңа құқықтық институттардың қалыптасуымен қатар жүруде. Қазақстандық құқықтың дамуының жалпы тенденциясынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қалыс қалар емес. К.Мәсімов атап өткендей, әкімшілік реформаның негізгі бағыттарын анықтау, мемлекеттік қызмет механизмін жақсарту кезінде мемлекеттік аппарат санының өсуі байқалады. Егер 2003 жылы елімізде шамамен алғанда 79 мың мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істесе, 2007 жылдың мамырына қарай олардың саны жүз мыңнан асты. Соған қарамастан мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі пропорционалды түрде өскен жоқ. Халық арасында жақында жүргізілген сұрауларға сәйкес халықтың 57 пайызынан астамы мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын қанағаттанарлықсыз деп санайды. Халықтың тек алты пайызының ғана толығымен көңілі толады. Ал қалғандары бұл сапаны «қолайлы» деп сипаттайды. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаға сәйкес мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтының дамуы жаңа бағыттарға ие болуда, өзге мазмұнмен толықтырылуда. Қазіргі кезгі юриспруденцияда басымдылықтар ауысып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары алдыңғы қатарға шығып, мемлекеттің мүдделері артқа шегерілуде, сондықтан Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық даму тәжірибесін қайта бағалауды ескере отырып мемлекеттік қызметтің дамуының жаңа жолдарын іздестіру қажет. Лауазымды тұлғалардың заңды жауапкершілігі институтының маңыздылығына қарамастан билік өкілдерін заңды жауапкершілікке тарту мәселесінің жағдайы жалпы алғанда жеткіліксіз деңгейде орын алған, елеулі кемшіліктерге ие, бұлардың барлығы республикада адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың және кепілдеудің тиімділігін төмендетеді. ....
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрлерімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай – ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі. ....
АҚШ-тың қазіргі өркендеп отырған жағдайы орасан мол табиғи байлықтарды игеруінің нәтижесі. Бүгінде АҚШ Батыс әлемінде тас көмір мен қоңыр көмір, сондай-ақ уран қоры жөнінен бірінші орын, газ, мыс, мырыш қоры жөнінен екінші, мұнай, темір рудасының қоры жөнінен алтыншы орын алады. Соның өзінде пайдаланылып жатқан көптеген кен орындары (әсіресе мұнай, газ, темір рудасы) сарқылған. Никель, марганец, хромит, кобаль және т.б. жетіспейді (не мүлдем жоқ). Америка көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің жетекші державасы. Оның 50 штат пен федералдық Колумбия округінен (астана Вашингтонның аумағы) тұратын демократиялық республика екені белгілі. 48 штат шоғырлана орналасқан, екеуі негізгі аумақтан бөлек: Аляска (патша үкіметінен 1869 жылы сатып алынған) және Гавая аралдары. «Мұхиттың арғы жағына» орналасқандығы және Еуропа мен Азияда тұтанып тұрған соғыс ошақтарынан шалғайлығы бұрынғы уақытта бұл елдің қауіпсіздігіне сенімді кепіл болды, Атлантика, сондай-ақ Тынық мұхит аймағында орналасқан мемлекеттермен еркін сауда қарым-қатынастарын оңайлатты. АҚШ-тың су ресурстары мол әрі сан алуан. Бірақ олардың көбі елдің шығысында. Мұнда АҚШ-тың басты өзен артериясы – тармақ салаларымен бірге шаруашылық маңызы зор (көлік, энергетика, жер суару тұрғысынан) – Миссисипи ағып өтеді. Осы өңірде, Канадамен шекарада әлемдегі ең зор көлдер жүйесі – Ұлы американ көлдері орналасқан. Тұтас алғанда Құрама Штаттардың орасан зор аумағы (Кордильдер мен Аппалачтың биік таулы өңірін, сондай-ақ Аляска мен шөлдерді қоспағанда) адамның тіршілік және экономикалық қарекетіне қолайлы. Ал климат жағдайының әр алуан екені соншалық іс жүзінде қоңыржай белдеудің барлық өсімдіктерін, көптеген субтропиктік және тіпті тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді.....