Кеңес халқының фашистік Германияға қарсы соғысы көптеген материалдық күшті керек етті. Еңбекке жарайтын миллиондаған адамдарды бейбіт еңбектен бөлді. Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне кеңес мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ.
Сан мыңдаған жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Кеңес Армиясы қатарына, халық жасақшыларына, партизандық күреске аттанды. Мұғалімдер мен оқушылар, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, әскер жанұяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене араласты. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды.
Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. Немістер уақытша басып алған жерлерде ондаған мың мектептер қиратылды және тоналды. Тек ғана РСФСР территориясында неміс басқыншылары 17 мыңдай, Украинада 20 мыңға жуық
мектеп үйлерін қиратты. Онымен қатар мектептерде мұғалімдер жетіспеді.
Соғыстың алғашқы айларында
мектеп мұғалімдері мен оқушылар қолына қару алып, өз Отанын қорғауға аттанды, олар өздері тәрбиеленген идеалына беріктігін, соғыста да, тылда да ержүректік пен ұйымшылдықтың және тәртіптің үлгісін көрсете білді.
Көптеген жасырын жастар ұйымдарды, олардың ішінде ерекше белгілі болған краснодондық “Жас гвардияны” ерекше атауға болады, олар фашист басқыншыларына жанқиярлықпен қарсы күресе отырып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ондаған мың мұғалімдер мен оқушылар партизан отрядтарында күресті. Мысалы, бір ғана Беларуссияның партизан отрядтарында басқыншыларға қарсы 7 мыңнан астам мұғалімдер мен 30 мыңдай оқушылар қарсы күресті. Уақытша неміс фашистерінің басып алған жерлерінде Украинаның, Белоруссияның, Брянск, Псков және басқа облыстардың партизандық аудандарында мектептер кеңестік оқу бағдарламалары бойынша жұмыс істеуді жалғастырды.
Соғыстың алғашқы жылдарында шалғай тылдағы республика ретінде Қазақстанға күнбе-күн дерлік балаларды тиеген эшелондар келіп жатты. Бұлар майдан шебіндегі аудандардың балалары еді.
Соғыстың және экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, партия мен үкімет-мектептер мен тәрбие мекемелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін ерекше қамқорлық жасалды.
Мектеп үйлерінің, оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеуіне, мұғалімдердің жүктемелерінің ауырлығына байланысты туындаған көптеген мәселелер шешіліп отырылды. Соғыстың алғашқы жылдары ер мұғалімдердің негізгі бөлігі әскерге алынды. 1941 жылдың өзінде Белоруссиядан 10 мың мүғалімдер, Грузиядан 7 мыңнан астам мқғалімдер армия қатарына алынды. Соғыс астындағы аудандар мен тылдағы көптеген мектептер госпитальдерге, казармаларға, әскери-шақыру бөлімдеріне айналды.....