Тазабек Пұсырманұлы (1800, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарқара өңірі – 1871, Верный қаласы) – батыр, би. Албан руының жәнібек атасынан шыққан. Жетісу өлкесін Жоңғар басқыншыларынан азат етуге қатысқан Пұсырман бидің ұлы. 1846 жылы генерал Вишневскийдің басқаруымен Лепсіде өткен Ұлы жүз қазақтарының құрылтайына қатысып, Ресейменарадағы саяси қатынас туралы құжатқа мөрін басқан. Батыс Сібір әскери корпусының Жетісу бөлімшесінде қызмет етіп, 1859 жылы 19 қыркүйекте прапорщик шеніне ұсынылған, кейін подпоручик шеніне ие болған. Оңтүстік-шығыс шекараны қорғау ісіне қызмет етіп, "Ерлігі үшін” күміс медалімен марапатталған. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын түсінген Тазабек Пұсырманұлы қол жинап,. .....
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру. Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-ның қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады. Қорыта келгенде, информатика курсының мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған. ....
Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян-қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті еңбек әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін мұқият ұйымдастыру, аппараттағылардың барлығының, жекелеген қызметшілер мсн жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін кұжаттар (документтер) әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестсрдің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Ұйымдастыруды басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойнша құрылады: мамандандыру, пропорционалдық, параллелдік (қатарластық), дәлдік үздіксіздік және ырғақтылық. Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қимылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық биологиялық, психлогиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда колайлы болуы, әрі белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін ....
Шағын кәсіпкерліктің дамуына көптеген иялық жұмыстар арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгіегі нарықтық экономикакаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай. Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті осы жолдағы жолдауында Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес, олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайызын құрағандығын және көптеген дамыған елдерде олар жалпы өнімінің 50 пайыздан астамын беретіндігін айта келіп, біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен идеологиясын бүзу қажеттігін баса айтты. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. 1990 жылдардың басында жаңа экономикалық жүйеге өтуге байланысты кәсіпкерліктің жаңа түрлеріне жол беріліп, шағын кәсіпорындарға ерекше ынта ....
Франция дүние жүзіндеге ең дамыған мемлекеттердің бірінші бестегіне кіреді. Мемлекет трриториясы (551 мың кв м) және халық саны (58 мың адам) бойынша Франция Европадағы ең ірі мемлекеттердің қатарына кіреді. ЖҰӨ көлемі бойынша АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орынды иеленеді. Банк қызметінің көлемі мен дүние жүзіндегі сауда бөлінісі бойынша үшінші орында. Мемлекет басшысы – Президент. Президентті сайлауы туралы Үкімет жария етеді. Президенттің уәкілдігі өте зор. Ол Конститутцияның орындалуын қадағалай отырып, басқару буындарының өзара қатынастарының арбиторы, ұлттық тәуелсіздіктің, территориялық тұтастық пен халықаралық келісімдердің гаранты болып келеді. Заң шығарушы билік. Франция республикасының Парламенті 2 палатадан тұрады: Ұлттық жиналыс және Сенат. Ұлттық жиналыс 5 жылға жасырын тікелей қатысып дауыс беру арқылы сайланады. Ұлттық жмналыс пен Сенаттың атқаратын қызметі – Заң қабылдау. Парламент және Үкімет Есеп палатасымен қатар қаржы заңдарының орындалуын қадағалайды. 1958 жылғы Конституцияға сәйкес мемлекет саясатын белгілеу және жүргізу, әкімшілікті және әскери күштерді басқарушы – Үкімет (Министрлер Кеңесі) болып табылады. Үкімет қызметін Премьер-министр басқарады. Мемлекеттік бюджеттің табыстардан құралған бөлігі салық түсімдерінен (90%), қару-жарқ сатудан түскен түсім және т.б. құралады. Ақша-несие саясаты. Францияның ақша-несие жүйесінің құрылымы 6 несие ұйымдарының категорияларын бөліп көрсетеді: банктер, өзара және кооперативтік несиелеу банктері, қаржы ұйымдары және мамандандырылған қаржы институттары. Барлық несие ұйымдары бір кәсіби ұйымға біріктірілген - Франциялық несие ұйымдарының ассоцияциясы. Францияның банк жүйесі 400-ден астам банктерден құралады. Сонымен қатар елде шет ел банк ұйымдарының филиалдары қызмет етеді. Орталық банк статусына Франция Банкі ие. Банктің негізгі атқаратын қызметтерінің бірі – мемлекет қазынасын несиелеу және мемлекеттік есеп операцияларын жүргізу. Франция банкікінің міндетіне сонымен қатар эконоиканы ақша-несие реттеуін қайта қаржыландыруы мен ұйымдастыруы кіреді. Құқықтық статусына байланысты Франция банктері екі үлкен топқа бөлінеді. Бірінші – несие-қаржылық ұйымдары (коммерциялық немесе акционерлік қоғамдар, коммандиттік бірлестіктер немесе біріккен ұйымдар). Екінші – корпаративтік банктер, өзара көмек көрсету кассалары, халық банктері және т.б.....
Экономикалық реформаларды жүргізу тікелей тікелей шет елдер инвестициясымен және жаппай жұмылдыруды қолданумен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірибенің дәлелі бойынша негізгі екі түрге бөлінеді: 1. Тікелей шет ел инвестициясы (ТШИ) Халықаралық реформада қолайлы(эффекті) Қаражат болуы мүмкін, бірақ ТШИ көлемі мен инвесторлардың мүддесі экономикалық өзгерістердің тиімділігіне байланысты. Сондықтан, Қазақстан бұл процессте экономикалық өзгерістерге жол беруде, шет Елдердің қатысуымен өзінің стратегиясын анықтауы тиіс. Шет ел капиталын қабылдауы мен қолайлы жүйе болып мемлекеттегі инвестициялық қал ахуалдың игілігінің құрылуын болжайды. Инвестициялық ахуал- саяси жиынтықтардан, әлеуметтік-экономикалық, қаражат- Тық, мәдени әлеуметтік, құқықтық-ұйымдық және географиялық факторлар, осы немесе сол мемлекеттің мәні, қарсы және тартымдылық қызығушылықтарын білдіреді. Инвестициялық ахуалды үш үлкен топқа бөлуге болады: - Саяси; - Экономика- қаражаттық; - Әлеуметтік; Берілген сарапшы сауалдамалары сәуір айының 2000 жылдағы Республика орталығының қызметкерлерімен өткен стратегиялық жоспарлау агенттігі жалпы ойлау білімділігімен бірігіп, басты фактор, шет ел инвестициясының шекті ағыны тұрақсыз заңдардың негізі және 66 проценттік заңды саладағы жиі өзгерістері тұрақсыз болып табылады. Инвестициялық ахуалдың факторларын негізгі ТШИ-ның жағымды және жағымсыз ағыны деп екі үлкен топқа бөлуге болады: Қазақстандағы шет ел инвесторлары жағымды факторлардың келесі түрлерін анықтап көрсетеді. 1. Табиғи ресурстарын пайдалану мүмкіндігі біріншіден, үлкен табиғи ресурстардан басталуымен байланысты болады(мұнай және газ,АҚШ-тың 9трлн. долларымен бағаланатын түсті және сирек металлдар). Мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанның мұнай қоры Иран менИрактың мұнай қорымен тайталаста. Сонымен Қазақстан келесі ғасырдың басында мұнай державасына айналып, жылына жүз млн. теңге көлемінде мұнайды экспортқа шығаруы мүмкін. 2. Республиканың тиімді геостратегиялық орналасуы дамушы елдердің нарықта қатынасуымен байланысты( Ресей, Қытай,Оңтүстік Азия). 3. Қазақстан ТМД елдері арасында экономика мен қоғамды түрлендіруде алдыңғы шекте келеді. Қазақстанның 2030 стратегиялық жоспары бойынша Орта Азиялық барысқа айналады деп тұжырымдайды. 4. Үлкен нарық әлеуеті. 5. Мемлекеттің сыртқы саясаты. 6. Ішкі саяси тұрақтылық. 7. Пайданың әлеуеттік коэффициенті ....
Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы немесе AIDS ( ағылшын сөзінен Acquired Immunodeficiency Syndrome) – көбінесе иммунды жүйенің зақымдануымен сипатталатын АИВ адамның иммунды – тапшылық вирусы немесе HIV ( HIV ағылшын сөзінен human immunodeficiency virus ) – мен тудыратын ауыр сырқат. Ауру клиникалық көрінісінің полиморфтылығымен, ұзақ ағымымен, жоғарғы өлім - жітімділігімен сипатталады. АИВ-ны 1983 жылы бір уақытта және бір біріне тәуелсіз Американ ғалымы Р.Галло мен Франция зерттеушісі Л.Монтанье ашты. Антигендік құрылымы. АИВ–ның серологиялық қасиетін көрсететін бірқатар беткейлік (gp 106, gp 120, gp41) және жүрекшелік (р 24, р 18 және т.б.) антигендері бар. Қазіргі уақытта вирустың 2 антигендік және құрылымдық түрі ажыратылады: АИВ -1, АИВ-2-нің айырмашылығы құрамында gp140, gp105, gp36 болады. Осы ерекшеліктер АИВ-1 және АИВ-2 қоздыратын аурудың ағым айырмашылығына негіз бола алады. Негізгі антигендер науқас адамдарда антидененің түзілуін тудырады. Алғашқыда gp120, gp41-ге, сосын р24-ке антиденелер пайда бола бастайды, олар қанда ұзақ сақталады. АИВ грипп вирусынан өзгергіштігінен жүз және мың есе артық болатын өзіне тән антигендік өзгергіштікке ие, және де осы қасиет басқа вирустарға қарағанда оның транскрипциялануының жылдам жүруімен де байланысты. Ең кең тараған түрі АИВ-1 өзгергіштік қасиетке ие болғандықтан, 10-ның астам генотиптерге ие(субтиптері: А,В,С,Д,Е,F ж.т.б.). Олардың ақуыздық құрамына кіретін амин қышқылдары 25-30% өзаралық айырмашылықтары бар. Субтиптің ішінде құбылмалы деңгейі 5-20% құрайды. Инфекцияның жұғу жолдары. Табиғи жағдайда жұғу жолы жыныстық қатынас арқылы ауру адамнан сау адамға , сонымен қатар медициналық манипуляциялар кезінде қан арқылы тарайды және де эпидемиялық жылдам таралуға қабілетті. Ауру анасынан ұрығына және де емшек сүтімен қоректенгенде баласына жұғады. АИВ – инфекция көбінесе қауіп- қатер тобына кірушілерде (жезөкшелерде, гомосексуалистерде, наркомандарда) дамиды. Осы топқа гемофилияны да жатқызуға болады. Кейбір жағдайларда АИВ инфекциясы осы инфекция жұққан донорлардың қанын құйғанда немесе кәсіпке байланысты(хирургтарда, акушер-гинекологтарда) дамиды. Клиникасы бойынша АИВ-инфекциясы да басқа индекциялар сияқты бірнеше кезеңнен өтеді: 1. Жасырын кезеңі 2. Алғашқы белгілердің пайда болу кезеңі 3. Екіншілік аурулар кезеңі 4. Соңғы кезеңі Аурудың жасырын кезеңі басқа инфекцияларға тән жалпы өзгерістермен сипатталады. Аурудың алғашқы белгілеріне лимфа түйіндерінің, әсіресе бірнеше аймақта жатқан бездердің, бір мезгілде үлкеюі (лимфоаденопатия) тән. Бұл кезде АИВ вирусына қарсы антиденелер анықталады. Аурудың екінші кезеңі 3-5 жылға созылады. Аурудың үшінші кезеңі үшін иммундық жүйенің бұзылып, екіншілік инфекциялардың дамуы тән. Алғашында кандидоз, фурункулез, герпес, белдемелі теміреткі дамиды. Төртінші кезеңді ЖИТС деп атайды. Бұл кезеңде ЖИТС – ке тән Капоши саркомасы, пневмоцисталы пневмония өріс алады және басқа да оппортунистік инфекциялар байқалады. ....
Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, .....
Ағыбай батыр Қоңырбайұлы, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы.
Ағыбай батыр Ұлытау тауының етегіндегі ауылда дүниеге келген. Орта жүз құрамындағы қаракесек-шұбыртпалы – арғын руынан шыққан. Әкесінен ерте айрылған. Шешесі Абылай ханның сенімді батырларының бірі Наймантайұлы Байғозының қызы. Жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында Ағыбай батыр алып денелі деп сипатталады.
Жорықта үнемі жолы болатындықтан ол «Ақжолтай батыр» атанды. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырды. 13 жасынан қолына қару алып, 1824 жылы Қарқаралы аймағында .....
Заңды қорғау дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет органының мәжбүрлеу қызметі. Заңды қорғау үшін мемлекетімізде заңды қорғау органдары құрылған. Оларға Сот, Прокуратура, Ішкі Істер Органдары, Ұлттық Қауыпсіздік Комитеті жатады. Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету. Сот істерді соттасушы жақтардың тікелей қатысуымен жүргізеді. Сотта іс қазақ тілінде немесе қатысушыларға түсінікті басқа тілде жүргізіледі. Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам ана тілінде сөйлеуге хақы бар. Мұндай адамның сөзін сот аудармамен қамтамасыз етеді. Сотта іс ашық жүргізіледі. Тек мемлекеттің құпиясын, отбасының сырын сақтау керек болса, іс соттың жабық мәжілісінде қаралады ....