Хмелев Павел Васильевич (1923, Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылы - 13.12.1943, Украина, Житомир облысы Радомышль ауданы Будиловка селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант, 7-гвардиялық кавалер полкінің танкіге қарсы қару командирі. Орыс. Орта мектептен кейін Самарқандтағы автожол техникумында оқыды. 1942 жылдың наурызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, кіші командирлер даярлайтын мектепке жіберілді. 1943 жылы 3 қарашада 1-Украин майданының әскерлері Украинаның астанасын неміс басқыншыларынан азат ету үшін шабуыл .....
1986 ж. ызғарлы және қанды күнінің өткеніне биыл 20 жыл толып отыр. Сол бір күні КСРО шын мәнінде құлдырады және Қазақстан мемлекеті егемендікке бір қадам жақындады. Желтоқсан оқиғалары туралы көп айтылып және жазылып келеді. Дегенмен, әлі де қозғалмай жатқан жайлар бар. Осы күнге дейін оның мәні мен мазмұнын, шын келбетін толығымен ашатын деректер мен құжаттар жарияланып, қалың жұртқа ұсынылмады. Сонымен қатар баспасөз беттерінде, ғылыми зерттеулер мен сұхбаттарда көбінесе Алматыда еткен оқиға талданып жүр. Ал шындап келгенде бұл оқига жалпы қазақстаңдық сипатта болған еді. Жастар наразылығы Алматыда басталып, ол Қазақстаннын көптеген аймақтарына, соның ішінде Қарағандыға да тарап кетті. Қарағандылықтар оңы сырттай бақылаушы болып қана қалмай, оған үн қосып, белсене ат салысты. Студенттер мен жұмысшы жастар алматылық құрбыларына жасалып жатқан қиянатты білсе де, тәуекелге бел буып, топтасып алаңға шықты, әділетсіздікті тыюды талап етгі. Жергілікті халық санын келімсектер әлденеше рет орап алғанына қарамастан, жалындаған жастарымыз қаймықпай, сол кездегі сыңаржақ саясатқа қарсы шықты. Алайда сол кезде облыс орталықтарында не болып жатқаны туралы ешкім жұмған аузын ашқан жоқ. Кейбіреулер сол жағдайды қозғап керегі не, ұмытсақ қайтеді дегенді айтады. Халықтар достығын нығайтып, олардың өзара түсіністігі негізінде бірлікке шақыру бізден осыны талап етеді деген сылтауды алға тастайды. Алайда бұл дәлелді себеп емес. Тарихи беттерге жүгінсек, бүтін бір халыққа жауыздық көрсетіп, онын мүддесіне қысым көрсету ешқашан ұмытылмаған. 20-шы жылдардағы әскери коммунизм, күштеп жер аудару мен ұжымдастыру, 30-шы жылдардағы қолдан жасалған аштық, 30-50-ші жылдардағы ұлттық интеллигенцияның талантты бөлігін қуғын-сүргінге ұшырату тәрізді қайғы-қасіреттердің халқымыздьщ санасынан шьиып, ұмыт болуы мұмкін емес. Қазақстан тарихында осындай кайғылы беттер өте көп. Соның бірі — ызғарлы желтоқсан оқиғасы. Мақаламыздың негізгі максаты — Желтоқсан көтерілісі Қарағандыда қалай өрбіді, оның негізгі алғышарттары мен салдары, облысымыздың қоғамдық өміріне әсері деген сұрақтарға жауап беру.....
Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген. Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді. «Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. ....
Халықаралық теңіз құқығы - бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.
Конференция ғылыми-техникалық революцияның басталған кезінде өтіп жатты, ол мемлекеттердің теңіздегі қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді, бостандық алған елдерге конференция жүмысына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік берген отарсыздандыру процесінің жеделдетілуіне жол ашты. Конференцияда ашық теңіз туралы Конвенция, аумақтық теңіз және іргелес аймақ, континенттік қайраң, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы конвенция қабылданды. Бұдан басқа, осы конвенцияларды қолдану және түсіндіруге байланысты пайда болатын дауларды міндетгі реттеуге қатысты факультативтік хаттама, сондай-ақ 9 қарар қабылданды. Қабылданған конвенциялар теңіз қызметінің негізгі жақтарын қамтып, мемлекеттердің Дүниежүзілік мүхиттағы бейбіт достастығын дамытуға бағытталды, Жоғарыда аталған конвенциялар қолданыстағы халықаралык теңіз құқығының негізгі қайнар көздері болды. БҰҰ-ның I конференциясы халықаралық қүқықтың үдемелі дамуына және жүйеленуіне тарихи үлес қосты. Конференция нәтижелерінің жақсы бағалануы, онын қабылдаған конвенцияларымен халықаралық теніз қүқығының барлық мәселелері шешіледі немесе олардың барлық ережелері мәңгілік және өзгермес дегенді білдірмейді. Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа да көпшілік мойындаған қағидаларымен өзара байланысты. Мұндай байланыс халықаралық құқықтық тәртіптің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік мұхитта құқықтық тәртіптің үлкен маңызға ие болуына байланысты. Ашық теңіз еркіндігі қагидасы Бұл қағидаға сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады, Ол іс жүзіндегі халықаралык. құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің еркін және тең пайдалануына ашық. Ешқандай мемлекеттің ашық теқіздің бір бөлігін өзінің нелігіне алуға, бағындыруға құқығы жоқ. Бұл ереже 1958 ж. ашық теңіз туралы Женева Конвенция-сында бекітілген. ....
ОҚО – ның Бәйдібек, Ордабасы аудандары аумағында байқалатын жел. Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған кезде күшейе түседі. Жылдамдығы 35 м/с –ге жетеді. Жел солтүстіктегі құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. «Қарабас желі» деп аталуы да осы құбылысқа байланысты. Жел Арыстанды өзенінің алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа –райы күрт суиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, жел апталап соғады. Қаратауға барған сайын қара жел ұйтқып соғады да тұрады. Тау аңғарындағы өзен арнасын жиектей қос аттылы келе жатырмыз. Ертемен шықтық дегенмен жол өнбеді. Қарсы алдымыздан соққан жел қарыс адам жүруге мүмкіндік берер емес. Алға қарай созылған сайын үдей түсетіндей екілене соғады. Көзіңді білегіңмен көлегейлей еңкіштене қозғалған сәтте екі иығыңнан әлдебіреу жібермей итеретіндей. Сосын, қолыңды түсіріп көзіңді ашқан боласың, жоқ, уілдей соққан желдің адуынды екпіні шыдытпайды. Бір қызығы, осы жел тұрса болды, үш күнсіз басылмайды, одан асса жеті күн, ал үдеді бар ғой, он төрт күнге ұласады. Көзін көлегейлей айналаға қара шал «е...е» - деп бір қояды, - шіркін, кейде осы жел тұрмаса, осы өңірдің жұрты елегзи іздейді, мені сынағандай сыңай білдірді. Бүгін жел жарықтық екіленіп тұр екен. Қолаттан құм суыра уілдейді. әншейінде тым – тырыс даланы әдемі әуенге бөлеп, демін ішіне тарта соғады. Кейде тыныс ала алмай, жүзімді кеудеме жасырамын. «Білесің бе, қара шал сөйлеп келе жатыр, жел уілдеген сәт енді басталған әңгімені үзіп алып жоғалтады, содан мен ат басын бұрып ықтасын жағына шығып қайта қатарласамын, соны түсіне ме, сәл кідіріп басынан бастайды. – Білесің бе, Қаратаудың алып аждаһа бар деседі...» Мен селт ете түстім, бір қолыммен ердің басынан ұстаған күйі еңкіштей қозғалған кеудемді қайта тіктедім, асьымдағы жарау аттың аяғы сүрінді ме, жоқ қара шалдың тосындау басталған әңгімесі ме бағамдай алмадым, үзеңгідегі аяғымды нығырлай дұрыстап алдым, жүгенді жолға бұра жолсерік болып, даусымен тауды жаңғырықтыра желдің уілін көміп – көміп тастайтын ақсақалға тақым қаға жақымдадым. Қара жел дамылсыз соғады. Менің шалт қимылымды, абдырай қозғалғанымды айтпай – ақ біліп келе жатқан ол, бұл әңгімем сенімсіздеу болды ма дгендей нақтылай түседі: «Бұны балам мен кішкене кезімде үлкендерден еститінмін», - деп бір тоқтады. Артқа кеудесін бұрып қарап қояды. ....
Қазақ говорлары тек көне замандағы ру, тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып калған байырғы, дәстүрлі сөздер мен тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті кеше ғана, Ұлы Октябрь революциясынан кейін, пайда болған сөздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің бірсыпырасы — көрші тілдерден ауысып келген сөздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықпен шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та, кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады. Қазақ халқының көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынас жасап, олармен аралас-құралас отырғандығы белгілі. Бұл жағдай қазақ тілі құрамына әсер етпей қойған жоқ. Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Мысалы, Өзбекстанмен шектес жаткан Шымкент облысы тұрғындарынын тілінде өзбек тілінен енген сөздер көп. Қырғызстанмен- шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер бар. Жетісудын шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сөзі араласса, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сөздері қосылып кеткен. Ал орыс, араб, иран тілдерінің әсері барлық говорларда да байқалады, бірақ әсер ету дәрежесі барлық жерде бірдей емес. Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығыстан гөрі оңтүстік аймақтарда көбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген сөздер әсіресе солтүстік-батыс және шығыс аймақтарды мекендеген тұрғындардың тілінде көбірек кездеседі. Орыс тілінен енген сөздер. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі арқылы говорларға енген сөздердің дыбыстық жағынан қабылдануы олардың әдеби тілдегі сипатымен бірдей емес. Егерде әдеби тілдегі орыс тілінен енген бәтеңке, сот, пұт сиякты бірен-саран сөздерді есепке алмағанда, айтылуы мен жазылуы жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, говорларда олар ауызекі тілдің дыбысталу ыңғайына сәйкес біраз өзгеріске түсіп айтылады. ....
Бүкіләлемдік көрме немесе Экспо(Expo) –техникалық және технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң және индустриаландыру символы болып келетін халықаралық көрме. Халықаралық көрме 3-жылда бір рет болады. Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы принц Альберттің бастамасымен Лондндегі Гайд-саябағында өткізілді .Көрменің негізгі ғажайыбы Хрусталь сарайы болды ,оның авторы Джозоф Пакстон сарайды әйнек пен темірден жасады.....
Мәліметтер мен ақпараттар бірдей түсініктер емесбмәліметтер пайдаланушы үшін аз мағына беретін сандар мен фактілерден алынады. Мысалы, ұйымның әр қызметкерінің жұмыс істеген сағаттарының саны мәлумет бола алады. Егер осы санды әр сағаттағы үлеске көбейтсе, онда жалпы табыс шығады. Ал егер жалпы табысты барлық қызметкерлерге бөлсе, онда алынған сомма фирманың төлем ведомосы бойынша жалпы қортындыға әсер етеду. Осы қортынды ұйым басшысы үшін ақпарат болады. Ақпарат дегеніміз – қайта өңделген мәліметтер немесу мән – мағынасы бар мәліметтер. Ежелгі дәуір саудагерлерінің айтуынша: « біреуге қалдық болған нәрсе – басқаға байлық ». Осы ойдан біз: « біреуге мәлімет – басқаға ақпарат » деп айта аламыз. Келтірілген мысалдағы қызметлерлердін жалпы табысы осыған мысал бола алады: жеке сандар – әр қызметкерге өзінің қанша ақша тапқанын білгендіктен ақпарат, ал басшы үшін бұл сандар – мәліметтер. Мәліметтерді ақпаратқа айналдыру тұжырымдамалы жүйенің негізгі элементінің бірі – ақпараттық процесс арқылы жүйеге атқарылады. Ол компьютерлік элементтерін немесе олардың комбинациясын іске қоса алады. Ақпараттандыру – өркениеттің дамуындағы объективтілік заңдылық. Қазіргі заман қоғамның дамуына, экономиканы қарқындандыруға, өндірістік және қоғамның өзара байланысының дамуына әсер жасайтын маңызды фактор. Ақпараттандыру қоғамның барлық саласында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану. өндірістің индустриясын құру және ақпаратты өңдеу арқылы сипатталады. Компьютерлендіру – техникалық жабдықтау және онда жұмыс жасай білу, яғни дұрыс қолдана білу. Компьютерлендірудің түрлері: • Жартылай (орташа) – 50% - ке дейін. • Толық – 85% - ке дейін. • Жалпы – 100% - ке дейін. Ақпараттындыру жалпы компьютерлендіру негізінде бірыңғай ақпараттық кеңістік құру. Дамыған елдердің барлығы, олардың өркениеттілігі қоғамның ақпараттандыруына байланысты өлшенеді. Қазіргі уақытта ақпараттандыру қоғамның негізгі өндірістік күші болып табылады. Ақпарттық мәліметтерді ұйымдастыру – арнайы орталықтандырылған ақпараттық басқару астындағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты бір – бірімен байланысқан және белгілі бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы....
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік. Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылымитеориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000 жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда. Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.....
Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралдары болып теріледі.
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары Бұған газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшаулағыш көзқағарлары жатады.
Сүзгілік көзқағарлардың жұмыс істеу принципі Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына түседі ауаны қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде шығады. Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жұту сүзу арқылы жүргізіледі. Адсорбция – адсорбент деп аталатын қатты дененің үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (ағаш) көмір адсорбент болып табылады. Хемосорбция – УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттр мен ықпалдасуы есебінен жұтылуы. Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады. Түтін мен туманды (аэрозольді) сүзгілеу қалыңтырды құрайтын талшықты материалдан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі. Халықты қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) газқағары қолданылады. ГП-5 гзқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған. Ол сүзгілік-жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен (шлем-маска) тұрады. ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-мака кіреді.....