Рефераттар

Реферат: Биология | МИКHООРГАНИЗМДЕР ГЕНЕТИКАСЫ

Адамның көзі ең алғаш бактерияларды көргеннен бері үш ғасыр уақыт өтті. Ал микробиологияның өз алдына дербсс ғылым болып бөлінуі үшін тағы екі жүз жыл қажет болды.
Аса ұсақ тіршілік иелеріне биохимия, биофизика, микробиологиямен қатар генетика да ерекше көңіл бөліп отыр. Молекулалық биология молекулалардың өзара қарым-қатынасын зерртеу үшін, вирустар мен бактериялардың өте жақсы модель болып табылатынын анықтады. Кейбір вирустардан және бактериофагтардан басқа барлық микробтар клеткалы организмдер болып табылады. Егер жануарлар мен өсімдіктердің басым көпшілігі көп клеткалы организмдер болса микробтар әлемі әдетте бір клеткалы болып келеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Көркемдік дәстүр жалғастығы

«Шу дастаны» – қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылады.
Ежелгі түркі ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, «Шу» дастаны қадым заманда, сақтар дәуірінде-ақ өмірге келген жыр. Белгілі түрік ғалымы Н.С.Банарлы «Түрік әдебиетінің тарихы» атты зерттеуінде «Шу» дастаны бізге Қытай көне жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша, сақтар өз мемлекетінің ұлан-ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деген екен.
Аса даңқты түрік билеушісі, есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені белгілі. Ал сақтар қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Алтай өңірін біздіі жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі. Иран тарихшылары сақтарды үш топқа бөліп қарастырады. Солардың ішінде, Арал теңізі төңірегін, Қаратау мен Жетісу жерін, Яксарт (Сырдария) пен Оксус (Амудария) өзендеріне дейінгі аймақты мекен еткен сақтарды кезінде парсылар өз тілінде «Тьяй-парадарая» (яғни теңіздің арғы жағындағылар) деп атаған.
«Шу» батыр дастанында алдымен оқи болып отырған осы өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері, бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бұралаңдап ағатын өзендер мен айдынында аққу құстар қиқу салған көлдер, өзенен бойында қалың болып өскен құрақ-қамыстар суреттеледі. Байырғы Баласағұн шаһарының маңында жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған Шу қала-қамалының сәулеті жайында айтылады. Содай ақ дастанда биік биік тау штқалдары мен кең жазық дала ойнақ салып жүгірген сансыз көп арқар, бөкен, елік, таутеке, марал, барыс, аю, бөрі, арыстан сияқты аңдар көрініс тапқан. (К.Әкішеш, Г.Қошаев «Іле қзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті»).
Шу батыр – еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы ұзын, білектерінде бұлшық еттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген. Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау бақшасы ішінен айналасы атшаптырым, аса үлкен күміс хауыз салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек легімен қысы жазы жүзіп жүреді екен. Ал. Шу батыр осы киелі құстардың қимыл әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі екен. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір келе жатқанын хауыздағы суға қарап отырып күні бұрын біледі. Алайда жұртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын ешкімге айтпайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы

Дүниежүзілік қауымдастықтың құрамына кіретін мемлекеттердің өздеріне тән ұлттық дамуы және қалыптасқан мемлекеттік формаларымен қатар құқықтық жүйелері де дамып, материализацияланған құбылысқа ұласады. Құқықтық жүйелердің реттеу функциялары әдістемелері әр халықтың тарихи дамуына, этникалық ерекшеліктеріне, шаруашылық ұйымдастыру жағдайына байланысты болады. Негізінде дүние жүзінде қалыптасқан құкықтық жүйелер жалпы ұғым ретінде қабылданған болса, оның ішкі реттеу тетіктері, қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерді, діни, әдет-ғұрып сияқты құндылықтарды ескеруді талап етеді.
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйе дегеніміз әр мемлекеттерде қалыптасқан қуұық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің жиынтығы.
Дүниежүзілік құқықтык жүйе негізінде бес түрге бөлінеді:
1. Мұсылмандық құқықтық жүйе (діни);
2. Роман-германдық құқықтық жүйе;
3. Англо-саксондық құқықтық жүйе;
4. Дәстүрлік құқықтық жүйе;
5. Көшпелі өркениетінің құқықтық жүйесі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Перитониттің жайылып тарауында іш қуысы қабаттары рөлі Іш қуысы топографиясы қабаттары

Перитонит деп - ішастарының жедел қабынуын айтады. Ол жергілікті және жалпы белгілермен, дененің өмірге маңызды ағзалары мен жүйелерінің қызметтерінің айқын бүзылыстарының дамуымен сипатталады.
Перитониттің этиологиясы әрқилы, біріншілік және екіншілік перитонит деп жіктелу жүйесі қалыптасқан. Біріншілік перитонитке ішқуысына микробтардың енуін айқындайтын кіреберістері жоқ, ол жағдайда микрофлора гематогенді, лимфогенді жолмен және жатыр түтіктері арқылы енуі мүмкін. Бұл жағдай өте сирек, шамамен 1% жағдайда кездеседі.
Перитонит ешқашан өздігінше пайда болмайды, әдетте ол құрсақ қуысындағы ағзалардың әртүрлі ауруларының асқынуынан және жарақаттануынан туады.
хирургиялық аурулардың ішінде перитониттің дамуына себепші болатын аурулар:
жедел аппендицит (55,4%),
жедел холецистит (8,9%), і
ішектің түйілуі (7,6%),
қысылған жарықтар (6,8%),
асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасының тесілуі (6%),
жедел панкреатит (4%),
ішектің жарақатық зақымдары (4%)
шарбы майы мен қан тамырларының тромбозынан болған
қуық тесілуінен болған
пельвиоперитонит, әйелдер жыныс мүшелерінің қабыну ауруларынан болған
онкологилық
операциядан кейінгі аурулар жағдайында пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ перитонит жіктелуінде септикалық және асептикалық түрлерін де ажыратады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Сыныптан тыс дене шынықтыру

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тоқ ішек

Тоқ ішектің анық кеңуімен көрінетін, оның эвакуаторлы жүйесінің бұзылуымен жүретін ауру. Іштің қатуымен және іштің ісуімен көрінеді. Гиршпрунг ауруы туа пайда болған патология болып табылады. Көбінесе желі жас балалармен және жас өспірімдерде кездеседі, үлкендерде сирек.
Этиология және патогенез.Ауру тоқ ішектің вегативті нерв жүйесінің бұзылуының дамуымен кілегей астындағы жүйке өрімдерінің және бұлшықет аралық ганглионарлы клеткалардың жетілмеуінен немесе толық болмаунан байланысты.
Патотологоанатомиялық көрінісі. Гистологиялық зертеулер кезінде тоқ ішектің кең бөліктерінде бір уақытта склерозбен бірге бұлшықет талшықтарының гипертрофиясы анықталады және олардың байланысу ткандерінің орын ауысуы. Бұл ішек қабырғасының бірден қалыңдауына алып келеді.
Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Гиршпрунг ауруының негізгі симптомдары болып: іш қату, іштің желденуі және аурусынуы болып табылады. Іш қату табанды сипатта болады және бала туылған уақыттан бастап немесе ерте жас уақытта пайда болады. Іш қату ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін. Іш қатумен бірге көбінесе Гиршпрунг ауруының симптомы іштің желденуі болып табылады, кейде ол науқастың тыныс алуын қиындатады. Іштің желденуі клизма көмегімен ішекті тазаласа да қалып қояды. Іш қату салдарынан және іштің желдеуінен іштің барлық аймағының ауырсынуы пайда болады, ішекті тазалағаннан кейін жоғалуда. Науқаста әлсіздік, жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі болады.Кейде іш қату іш өткумен ауысады, бірнеше күнге дейін созылады және қалжырауға алып келеді.
Қарағанда үздіксіз метеоризм болуынан іштің үлкеюі айқындалады. Ішектің тұзағында желденген газбен пальпаторлы тығыз нәжіс массасын анықтайды. Тік ішке саусақпен тексергенде артқы өтудің тонус сфинктерінің күшеюі, артқы өтуде бос ампула анықталады. Ректороманоскопия кезінде тік ішете спазм көрінеді, ректоскоп өтуі қиын болады, содан ол кеңейген бөлігі бүлінеді. Тік ішектің бұл бөлігінде әрқашан нәжіс массасымен толған . Ирригоскопия диаметрі айрықша 10-15 см құрайтын, тоқ ішектің кеңейген аймағының созылуына және орналасуы, аймақтың тарылуын көрсетуге мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Функционалды стильдердің жіктелуі

Функционалды стиль – бұл адамдар қызметімен қарым-қатынасының белгілі бір аясына қызмет ететін, тарихи қалыптасқан әдеби тілдің бір түрі. Стиль туралы ұғым антикалық поэзия мен риторикада пайда болды.
Стильдің жіктелуінуң негізінде экстралингвистикалық факторлар жатыр: тілді қолдану аясы және оған негізделген тақырып пен қарым-қытынас мақсаты. Тілдің қолданылу аясы қоғамдық сана сезім түріне сәйкес келетін адамдардың қызмет түріне байланысты болып келеді. Дәстүрлі және қоғамдық маңызы бар қызмет салаларына іскери, ғылыми, қоғамдық саяси және көркем өнер жатады. Осыған сәйкес нақты стильдер ажыратылады: ғылыми стиль, ресми-іскери стиль, публисцистикалық стиль, көркем әдебиет стилі. Бұларға күнделікті тұрмыста қолданылытын тұрмыстық ауызекі стилі қарама-қарсы қойылады.
Тілді қолдану аясы айтылымның тақырыбы мен мазмұнына әсер етеді. Олардың әрқайсысының өзекті мәселелері болады. Мысалы ғылым саласында әлемді ғылым тұрғысынан тану мәселелері қарастырылады, ал тұрмыстық салада күнделікті тұрмыс мәселесі қарастырылады. Дегенмен әр түрлі салада бір мәселе қарастырылуы да мүмкін, бірақ талқылау мақсаттары әр түрлі болады, соның нәтижесінде айтылым мазмұндарында өзгешеліктер пайда болады. Мысалы, Үлкен Кеңес энциклопедиясындағы «Сел» ұғымын ашу мен А.С.Пушкиннің шығармасындағы «Селдің» бейнеленуін салыстырсақ ерекшеліктерді бірден байқауға болады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Аман Байбатырұлы

Аман байбатырұлы (т.-ө.ж.б.) — 1812 жылғы орыс-француз соғысының батыры, ақын. Ресей тарихында Отан соғысы аталатын бұл соғысқа қазақтың Нарынбай Жанжігітов (Георгиев кресінің толық иегері), Майлыбаев, Яков (Жақып) Беляков (шоқынған қазақ), Қарынбай Зындәуітов сынды есімдері .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы мұғалімдердің ролі

Мұғалімді дайындау мектептегі оқытуды компьютерлендіру жұмысының табысты кілті болуы сөзсіз. Кептеген елдерде бірінші орында қорларын құрал-жабдықтарға бөледі, содан соң программалық қамтамасыз етулерге және ең соңында мұғалім дайындауға бөледі. Бұл кезек қазіргі кезде өзгеріп жатыр, бірақ процесс өте баяу өзгеруде. Мұғалім ролінің дамуы қалай? Көптеген мүғалімдерде компьютерге оқушымен қарым- қатынасты нашарлататын кедергі ретінде қарайтын теріс көзқарас пайда болған. Олардың ішінде кейбіреулері компьютерлік сабақтарды оқушылардың бір-бірін көрмей тек дисплей мен пернетақтаға қарайды, ал мұғалімнің сыныпты бақылаумен қатар өз компьютеріне қарайлауы қосымша жұмыс деп ойлайды. Күрделі оқып үйретуші программалармен жұмыс істеу өте қызықты, жене сәтті құрылған программалар оқытуды белсендетіп, қарқындатып педагогикалық әсерін тигізеді. Әрине, бұның бәрі сабақ жақсы техникалық программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім компьютермен еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастырған кезде туады.
Мұғалім компьютерлік сабақты жүргізуге дайын ба, ол пән бойынша жасалған оқу бағдарламасымен компьютерді жаңалық енгізе отырып пайдалана ала ма? Бұрындары мамандар мұндай дайындық жоқ деп ескертсе, қазіргі кезде де бұл сұрақтарға ете сақтықпен жауап беріледі. Әрине, информатика пәні мұғалімін оқып үйретуші программа мен оқытуды автоматтандыру жүйесін қолдана білуге үйрету оңай. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Математика | Алгоритмнің жазылу түрлері

XXI- ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда.
Дегенмен алгоритмдік бейімділікті қалыптастырып оқыту жалпы оқу іс-әрекетіне және дамуына әсері қарастырылмаған. Сонымен бастауыш сыныпта оқыту тиімділігін арттыруда, оқу іс-әрекеті мен дамуына алгоритмдік бейімділікті қалыптастырудың айтарлықтай мүмкіндігінің бар болуы мен оның дидактикалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеу салдарынан жеткілікті дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы арасында қарама-қайшылық пайда болды.
Алгоритм ұғымы мынадай қасиеттермен сипатталады :
1) бастапқы бөлімдері болады,
2) атқарушы ұғынықты тілі болуы тиіс,
3) әмірлердің бір-бірінен айқын ажыратылған қадамдары берілуі шарт,
4) соңғы әмір нәтижеге жеткізуі тиіс,
5) алгоритмдік нұсқау-ереже бір ғана есепті емес, соған ортақтас есептер жинамының ( класының) баршасына жарамды болуы керек.
Алгоритмдік бейімділік пен машық деп біз оқушылардың алгоритмді құрастыруға, орындауға және қолдануға қажет негізгі іс-әрекетінің қалыптасқан жүйесін айтамыз. Бұл ретте, алгоритмді «алға қойылған мақсатқа жету жолында немесе берілген есепті шешу бағытында біртіндеп, қандай әрекеттер жасау керектігін орындаушыға түсінікті түрде әрі дәл көрсететін жарлық (нұсқау)» деп түсінеміз.
1. Алгоритм ұғымы мен оның қасиеттерін оқушылардың интуициялық деңгейде игеруі. Алгоритмнің — орындаушыға арналған жарлық ретінде берілген түсініктің — жеке-жеке пункттерден тұратынын, оның көмегімен көптеген есептер шешілетінін, көрсетілген амалдар тізбегінің қайталану мүмкіндігі бар екенін оқушы жете түсінуі керек. Сондықтан алынған алгоритмді орындау барысында оның пункттерінің реті, әрбір нұсқауы жазылуында келтірілгендей қатал сақталып, дәлме-дәл орындалуы қажет.
2. Алгоритмнің кейбір жазылу әдіс-тәсілдерін, яғни оның толық жазылуын және көрнекі блок-схема ретінде берілуін білу.
3. Математиканы оқып-үйрену барысында есептеулер схемасын құру, таблицалар толтыру, алгоритмді жазудың формулалық түрін пайдалану.
4. Алгоритмді жазудың бір түрінен екінші түріне көшу.
5.Бастауыш сыныптардан белгілі алгоритмдерді білу және оларды қолдана алу.
6. Бір есептің әр түрлі шешуі болатын бірнеше алгоритмдердің ішінен ең тиімдісін таңдай білу.
7. Бұрыннан белгілі немесе есепті шығару барысында құрастырылған алгоритмді ұқсас есептер шығару үшін пайдалану. ....
Рефераттар
Толық
0 0