Рефераттар

Реферат: Ұйғыр қағанаты және Қарлұқ мемлекеті Қараханидтер

Бұлақ деген атпен белгілі қарлұқтар туралы бірінші мәлімет 5 ғасырдың еншісінде. 7 ғасырдың ортасында қарлұқ бірлестігініңқұрамына үш ірі тайпа кірді – бұлақ, чигил және ташлық. Көсемдері елтебер деген дәрежемен аталды. 742 жылы Монғол даласындағы саяси күш қарлұқтар, ұйғырлар және басмылдар құрайтын одақтың қолына өтті.
Басмылдар қысқа мерзімде басым болып олардың көсемі Қаған болды, бірақ 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтар басмылдарды талқандады. Осы жағдайдың нәтижесінде Орта Азияда Ұйғыр қағанаты деген жаңа мемлекет пайда болды (744 – 840).
Ұйғыр халқының көсемі жоғары қаған болып, қарлұқ көсемі батыс ягбу деген дәрежеге ие болды. Қарлұқтардың бостандыққа ұмтылуының нәтижесінде олар ұйғыр қағанатынан бөлінді.
8 ғасырдың ортасында оғыздар мен қарлұқтардың арасында түргештердің жалғасы үшін күрес болды.
766 жылы бүкіл Жетісу түргеш қағанының екі тірегімен – Тараз және Суяб қарлұқ ягбуының қолына көшіп Қарлұқ мемлекеті пайда болды. Қарлұқтардан жеңілген оздар Жетісуды тастап Сырдария жағалауына кетті.
Қарлұқтар тайпасы жаңа жерлерді иелену саясатын бастап, 766 – 775 жылдары Қашқарияны алды, соңынан 8 ғасырдың аяғында өз үкімін Ферғанаға жүргізді.
8 – 10 ғасырларда қарлұқтар тайпасы Қазақстанның кең аймағына жайылды. Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейін, Балқаш және Ыстық көл аралығында, Іле, Шу, Талас өзендерінің бойында, Тянь-Щань тауының тарамдарында, Исфиджаб облысында орта ғасырдың қаласы Отрарға дейін.
Қарлұқтар мемлекетінде 25 қала және елді мекендер болды. Үздіксіз соғысқа байланысты, (араптармен, көшпенді тайпалармен, усобицтермен) Қарлұқ мемлекеті 940 жылы Қашқарда күйреді....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономикалық реттеу әдістері мен құралдары

Экономиқалық саясат тек мемлекеттің экономикаға ықпал ету шаралар жүйесі мен механизмін пайдалану арқылы ғана іске асуы мүмкін. Мемлекеттің ықпалы негізінен үш бағытта шоғырланады: экономикалық, құқықтық және әкімшілік. Оларды нақты түрде белгілеместен бұрын экономикалық жүйе мен оның қызмет атқару механизмінің бірнеше заңдылықтарына тоқтала кеткен жөн.
1. Экономика, шаруашылық кешені ретінде уақыт өткен сайын күрделене түседі. Бұл, ең алдымен, оның құрылымдық өзгерістерінен, жеке алғанда, шаруашылық буындарының өсуінен, ал нақты түрде, нарық субъектілері сандарының артуынан көрінеді. Нарық субъектілері - экономикалық мүдделер иелері. Көптеген нарық субъектілерінің бір-бірімен келісуі, олардың ынталарын сәйкестендіріп-үйлестіру мәселесі шаруашылық жүйесінде күннен-күнге қиындай береді. Демек, мемпекеттің қоғамда қарқынды өсіп отырған келіспеушіліктерді шешу жауапкершілігі күрт өседі. Экономикалық саясатта жалпы экономикалық тұрақтылықты сақтау міндеті алдыңғы қатарға шығарылады.
2. Экономиканың күрделенуі, осыған байланысты, шаруашылық процестерінің даму тұрақтылығына әсер ете алатын көптеген анықталуы қиын факторлар әрекетін алдын ала болжау қажеттігі, экономикалық саясат пен оны іске асыру құралдары арасындағы сәйкестікті табу мәселесін қиындатады. Жеке алғанда, бұл толығымен сыртқы экономикалық факторға қатысты келеді. Соңғы кезде оның ұлттық экономика дамуына жасайтын ықпалы өсіп отыр. Осыған сәйкес, мемлекеттің сыртқы экономикалық сферадағы белсенділігі артуда.
3. Мемлекеттік реттеу жүйесіне жүктелген міндеттер салмағын экономикадағы уақыт факторы ролінің артуы ауырлатып отыр. Осыған байланысты мемлекет экономикалық жағдайлардың өзгеруіне сәйкес тез шешім қабылдап, нақты іс-әрекет жасауы қажет. Уақытында қабылданбаған шешімнің «төлем бағасы» аз емес. Және де осы экономикадағы өзгерістер қазіргі кезде әдеттен тыс тез өрбиді, сондықтан зкономикалық саясатты түзету алдын алу түрінде болмаса да, кем дегенде, олардан қалмауы қажет.
4. Тізімделіп көрсетілген жағдайлар экономикалық саясатта қолданылатын әдістер мен құралдар түрлерін кеңейтпей қоймайды. Ал бұл олардың ең ұтымды құрамасын анақтауды қиындатады. Бұдан басқа, ықпал жасау әдістерін таңдағанда, өзара байланысты экономика саласында жағымсыз ықпал әсерінің пайда болуынан сақтанған жөн.
Экономикаға ықпал ету әдістері жиынтығын рационалды пайдалану үшін, олардың әрбіреуінің мәні мен ерекшелігін және объективті түрде бұрыннан қалыптасқан өзара құрылымдық тәуелділігін білу керек. Экономикалық саясатты жүргізу әдістері мен құралдарын анықтап жіктеудің бірнеше нұсқалары белгілі......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Сібірдегі қыпшақтар

Б.э.д. І мың жылдықта ғұндардың күштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің орман дадалары тайпаларының бір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдың аяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардың бір бөлігі Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Балалардың тыныс мүшелері

Тыныс жүйесі –ұрықта 3-ші апта мен 4 –ші аптаның басында пайда бола бастайды. Тыныс мүшелері алдыңғы ішектің каудальді үзігінің ішкі томпағы ретінде пайда болады. Ол алғашқы өңеш пен кеңірдектен тұрады. Жақын арада кеңірдек өңештен мезенхимальды қабық түрінде бөлектенеді, содан соң терең қырындағы сала пайда болады , тыныс және ас түтіктері бір- бірінен мүлдем бөлектеніп екіге айырылады. Аз уақыттан соң кеңірдектің эндодермасы кеңірдек пен бронхтың эпителиальды қабығына айналады.
Кеңірдек түтігі төменнен тез өсіп, екі эндодермальды бұтақша бере бастайды. Басты бронхтардың мезенхимада орналасқан негізі құралады. Даму барысында одан шеміршек, ткань жалғастырушы элементтер, тыныс жүйесінің тамырлары өсіп шығады.
Алғашқы бронх нүктелері тез бөліне бастайды да , 5-6 жетіде 2-ші қатарлы бронхтардың тарамдары , өкпенің үш бөлігі мен сол жақ өкпенің екі бөлігі пайда болатыны айқындалады. Ұрықтың іште дамуының барлық кезеңінде екі өкпенің бірдей өспейтіндігі, яғни оң өкпе сол өкпеден тезірек жетілетіндігі дәлелденген. Бұл мезгілде өкпенің беті бұдырлы болады, одан әрі бұдырлар бірігіп, өкпенің бөлік аралық салаларын айқындап, бөліктерге бөледі.
Кеңірдек пен бронх қабырғалары алғашқы кезде куб тәріздес клеткалардың бір қабатынан тұрады. Содан базальды мембрана мен эпителий пайда болады. Олар бірігіп цилиндрлі қабатқа айналады. Бронхтың алғашқы бұтақтары тез қуыстанып, қағанақ суына айналады.
3-ші ай бойына бронх «бұтағы» тез өсіп, жетіле бастайды, сегментті және субсегментті бронхтар пайда болады. 16-ші аптадан бастап респираторлы бронхиольдар қалыптаса бастайды.
Өкпеде строманың алғашқы белгілері білінеді: бронх бойы мен түбінде агрофильды талшықтар пайда болып, өкпенің клеткалық –синцитиальды стромасын құрай бастайды. Өкпеде 11-12 аптада паренхимада әртүрлі үшбұрышты кішкене аймақтар анық көрінеді. Оның дәл ортасында сегментті бронх және артерия , ал жанында өкпе веналары орналасады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Аймақтық саясат

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу әр елде қолданылды. Осы тарауда аймақтардың орнықты дамуын басқару жөнінегі мемлекеттік өкімет органдары мақсаттарының міндеттерінің және іс-әрекеттерінің жүйесі ретіндегі аймақтық саясаттың негіздеріне шолу жасалады.
Тарауда аймақтық саясаттың негізгі ұйымдары, оның түрлері келтірілді, аймақтық дамуың жаңа заманғы теориялары мен идеялары қаралынады; әр түрлі мемлекеттік құрлымдағы елдердің жағдайларындағы аймақтық саясаттың нысандары, әдістері мен құралдыры көрсетіледі. Тараудың үлкен бөлігі мен аймақтық даму мәселелеріне қатыст нақты материал аймақтық саясаттың қазіргі заманғы Қазқстанның реформалар стратегиясындағы ролі мен мәніне ерекше көңіл бөледі. Аймақтық экономикалық, әлуметтік және демографиялық саясаттың мәселелеріне жеке назар аударылады, Қазақстандағы аймақтық саясаттың негізгі бағыттары мен басымдылықтары белгіленеді.
Аймақтар дамуының әлуметтік-экономикалық жағдайларын теңестіру үшін орталық үкімет пен жергілікті өкіметтер пайдаланатын қаражыттар әркелкі: тікелей мемлекеттік реттеу, қызметтер секторын ынталандыру, шағын және орта ша кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік пен технопарктердің айрықша аймақтарын құру, инновациялық технологияларды ендіру және т.б. Қаражаттарды таңдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік құрылымның үлесіне, ел ішіндегі проблемаларға, партияның билігіндегі мақсаттарға және т.с.с. байланыты болады. Аймақтық саясат тек экономикалық қана емес, сонымен бірге аймақтың әр түрлі қосалқы жүйелеріне мемлекет араласуының нысанында көрінеді....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Дінтану | Араб халифаты құқығы

Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады: Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт халифтің (Әбу Бәкір (632-634 ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Әли (656-661 ж.ж.)) билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж.ж.); Аббасидтер династиясының билігі (750-1258 ж.ж.).
VI! ғасырда араб тайпаларында рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы-көшпенділер (бәдеуиндер) мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өндеушілердің аз бөлігі құрады. Аталған уақыттан бастап әлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген бөлігін өздеріне иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб мемлекетін құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді. Олардың ішіндегі аса әйгілісі — ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір дінге және пайғамбары — "жер бетіндегі жалғыз құдайдың жердегі елшісі" басында тұрған теократиялық мемлекетке (діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.
VII ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемлекетке — халифатқа бірігуі аяқталды.
Омейядтардың басқару жылдарында халифаттың қуатты әрі гүлдену кезеңі болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне тартылды.
640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 жылы бүкіл Сол.түстік Африканы жаулап алды. 651 жылы Иранды бағындырды. 658 жылы Арменияны, Грузияның бір бөлігін, Азербайжанды, ал Кавказдың арғы жағынан Хазар жерлеріне де қол жеткізді. 715 жылы Хорезмді толығымен және Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығы) басым көпшілік аумағын жаулап алды. 751 жылы бүкіл Орта Азияны өздеріне бағындырды. 712 жылы Үндістанға басып кіріп, Синд қаласын жаулап алды. 711 жылы Испанияны өздеріне бағындырды. Арабтармен жаулап алынған ұланғайыр аумақта халықаралық тіл болып араб тілі танылды. Ислам құқығы — шариғат жергілікті әдет-ғұрып нормалары мен институттарына еніп, оларды да өзінің бойына сіңіре бастады. Ислам халифаттың бүкіл аумағында үстемдік құрушы дінге айналды.
Халифаттың мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік билік орталықтандырылған сипатта болатын. Мемлекет басында жоғарғы діни (имамат) және мемлекеттік (эмират) билікті жүзеге асыратын халиф тұрды. Мемлекеттік басқарудың орталық органдары ретінде диуандар (ведомстволар) қызмет етті:....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Махамбет Өтемісұлы әйгілі ақын

Өтемісұлы Махамбет-қазақтың әйгілі ақыны, күйші-композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша 12 ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректерде Құлиәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылайдан- 3 ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен 17 немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Орындаушылар және олардың репертуары

Халық композиторларының бізге жеткен күйлері арқылы екі ішекті домбыра кеңінен таралып, кеңінен зерттелсе, халкымыздың музыкалық мұрасына үлес болып табылатын үш ішекті домбырада және шертерде ойналатын күйлерді зерттеу, үйрену енді қолға алына бастады. Соның бізге жеткен бір куәсі, Республикалық Музыка Аспаптар Музейінде үш шекті домбыралардың және шертердің бірнеше үлгілері сақталған.
Шертер аспабының көне түрлері Қазақстанның шығыс өңірінде, оңтүстікте (археологиялық қазба жүмыстарының нэтижесінен), Маңғыстауда (Б.Залесскийдің суретінен) болғанын білеміз.
Үш ішекті домбыра Қазақстанның шығыс өңірінде кеңінен тараған. XIX ғасырда А.Алекторов, Исаев, Юдин тэрізді этнографтар үш ішекті домбыра жөнінде деректер жазып келтірген. Әсіресе 1891 жылы жарык көрген «Оренбургские ведомостиіндегі» Юдиннің, Готовицкийдің мақаласы өте қызықты.
XIX ғасырда өмір сүрген халық композиторы Қүлыншақтың үш ішекті домбырасы Ықылас атындағы музейде сақтаулы. Құлыншақтың домбырасы бір тұтас ағаштан ойып жасалынған, беткі кақпағы ағаш шегемен бекітілген. Бүл домбырада ол табиғатты, түрмысты, махабатты, азаттықты паш етіп шығармаларымен елге танылды.
Қазақтың Үлы ақыны Қүнанбайүлы Абай үш ішекті домбырасын 1885 жылы Семей қаласының өлкетану музейіне тапсырған. Бәлкім дәл осы домбырада ол өз музыкаларын, эндері мен күйлерін шығарған болар. ^ Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жидебай жерінде Ибраьимнің (Абайдың) өзі тұрған үйінде, қазір музей, үш ішекті екі домбыра бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Райымбек Түкеұлы

Райымбек Түкеұлы[1] (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Алматы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы "Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде "көріпкел”, "әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Жазушы Ж.Тұрлыбайұлы роман, ақын М.Мақатаев "Райымбек, Райымбек” атты поэма жазған. Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында "Райымбек бастауы” бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қ-ндағы оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында. Бейітінің басына кесене — күмбез тұрғызылған. 1990 ж. "Райымбек” тарихи-этногр. қоғамы құрылдыЖастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген.
"15 жастан асқанша, садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға лайық даярлықтан өтіп біткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің тапқырлығын қаруластары бірден байқаған. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету екен. Бұл мақсаты алғаш Іле бойындағы шайқаста жүзеге асады. Содан соң жас батыр жаудан Түргенді азат етеді. Қалмақ қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы тұтқынға түседі. Осыдан соң Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені және Жалағашты босатады. Алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ жойылды. Райымбек келді де, Алмадай үзді мойынды, – деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды.
Орта жүзге көмегі

Райымбек батырдың тағы бір үлкен жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар" дейді тарихшы Мәмбет Қойгелдиев.
Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17 –інен Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі.
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауы да қалмақ тайшысы Гегенге телінеді. Бір деректер Геген діни лауазым дейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанды.
Батыр туралы мәліметтер
Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр атанған Райымбек Түкеұлының есімі бертінге дейін кең паш етілмеді. Мұның себебі беймәлім. Тіпті, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың аяқталмай қалған "Райымбек, Райымбек” атты дастанын жариялағаны үшін "Лениншіл жас” газетінің жетекшісі Сейдахмет Бердіқұлов партиялық сөгіс алған. Алайда, қыран мінез ұлдарының есімін тұмарындай қастерлейтін халықтың Алматының ортасында жатқан батыр зиратына келіп сыйынуын тоқтату мүмкін емес еді. Еш саясат ер рухы мен ел рухының арасын алшақтата алмады. Қытай саясатының ықпалымен соғыс бастап, Шығыс Түркістандағы ұйғыр, одан бертіндегі қырғызды дем арада жаулап алған жоңғар мен қазақ ғасырға жуық арпалысты. Ұлтымыздың екі жасын екі жанарынан сорғалатып, алқасына сілемдей қатырған дұшпан швед офицері Густав Ренаттың көмегімен зеңбірек, тас ататын түрлі қарулар жасап, күйрете соққы беруді үдеткен. Жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы бір мәліметінде Райымбек батыр ұсталарға сол зеңбіректің бір түрі "Қойшағырды жасатып, жау амалын өзіне қарсы қолданғанын" айтады.
Екі жарым мың жылдық тари­хы бар ежелгі Алматының қақ орта­сында кіндік қаны тамған, "Райым­бек батыр” атанып тер төккен, сексен жыл өмір сүріп, әулиелікпен алдын болжап, келешегін бағамдап, дүние салар алдында:
"Елім Албан,
Жерім Жетісу.
Жайлауым Асы,
Қыстауым Алматының басы”, – деп сүйегін сол тұстағы Алматы қыстағының аумағына қойыңдар деп өзі өсиет еткен орынға жерле­ніп, бұл күнгі тәуелсіз елдің ұрпағы батыр, әулие баба өсиетін қалтқы­сыз орындап, сол сүйегі жатқан орынға зәулім күмбез тұрғызып, ақ атанның ақ мәрмәрдан алып мүсі­нін орнатқаны аса бір сауапты іс болды.
Батырдың 300 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Бірқатар конференциялар өтті. Ең бастысы қазақ елдігін оятып, ертеңінторлаған қара бұлтты емен сапты найзасының ұшымен сейілткен ер есімі ел есінде қайта жаңғырды.
Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы – Құлжа қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райым­бектің ат үстіндегі мүсіні ор­натылыпты. Оны орнатуға мұрын­дық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі Қызайжан есімді азамат екен.
Райымбек батырдың аты қойылған жерлер

Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әңгіме, жырлар өте көп. Торайғыр және Сөгеті жоталары аралығында Ойрантөбе жазығы бар. Мұнда қазақтар мен жөңғарлардың сұрапыл шайқасы болып өткен. Айырлы асуына таяу Торайғыр тауында Райымбек бастауы бар. Райымбекпен бірге жоңғарларға қарсы күрестің бел ортасында Сатай, Бөлек, Қойкелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Байсейіт сынды батырлар жүрді. Райымбек батырдың мазары Алматы қаласында орналасқан және батыр атында көше бар. Алматы облысының бір ауданы Райымбек есімінде және ауылға аты берілген. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | АДАМНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІ

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым – қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөз бен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір – бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде – ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың ``Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде`` деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс - әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.....
Рефераттар
Толық
0 0