Малайсары батыр. Бұл тұлға туралы деректерді алғаш рет Шоқан жазбаларынан кездестіреміз. Ең алдымен оқырманға ескерте кететін нәрсе, Шоқан Уәлиханов зерттеулеріне қазақ тарихының басты оқиғалары мен ең шешуші тұлғалары іліккені. Қазіргі күні ғылыми тілде бұл мәселені түсіндіру қиын, мүмкін бұл қазақтың дана ұлының табиғи зеректігіне, терең түсінігі мен интуициясына байланысты болар, яғни ХVІІІ ғасыр үшін Малайсары батыр Абылай ханмен қатар аталатындай "знаковая фигура”. Ол сол заманның тыныс-тіршілігін, қазақ халқының сыртқы-ішкі жағдайын ашып бере алатын толыққанды тарих қайраткері. Шоқанның аз ғұмырында қазақ тарихының қалың қатпарларынан ең басты мәселелерді, сәулелі тұлғаларды іліп .....
Әлтерация (лат. alterare — бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулерімен сипатталады. Бірінші әлтерация зақымдаушы қоздырғыштың тікелей әсерінен дамиды. Бұл кезде жасушаның сыртқы қабығы бүлінуімен қатар митохондрийлардың мембраналары зақымданады. Мембраналардың иондық насостарының қызметтері нашарлайды; жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарлайды.
Осылармен қабынудың негізгі белгілері қызару, ісіну мен ауыру сезімін түсіндіруге болады.
Алғашқы әлтерацияның нәтижесінде қан жасушалары (тромбоциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер, моноциттер, лимфоциттер) және тін базофилдері (мес жасушалары) іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттарды қабынудың дәнекерлері (медиаторлары) деп атайды. Олар айналасындағы сау жасушалардың бүлінуіне әкеледі. Сонымен, бірінші әлтерация қабыну шақыратын қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болады. Ал, екінші әлтерация тіндерге лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың (қабыну медиаторларының немесе дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды. .....
Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістің интернационализациясы жұмысшы күшінің интернационализациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналды. Миграциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдер мен аймақтарға бет алуда. Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді. ....
Жиі гүлдері жалғыз, бірақ көбіые бір сабақта 10-ға дейін болады. Бұл түрдің тамыры өте ерекше — жуан, ақ, цилиндр тәрізді, ұзындығы 60 см, шеңбері 8-10 см; көптеген жіңішке тамыршалары бар. Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманды аймақтарында (Сахалинге дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған, Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі. Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді. Негізінде мұның ашылмаған гүл себетінде сантонин болады. Ол медицина мен мал дәрігерлік ісінде іштегі құртты айдап шығаратын дәрі ретінде кең қолданған. ХП ғасырда Италия көпестері Орта Азия мен Каспий маңы даласынан жиналған бұл шикізатты сатқан болатын. Елдің бәрі біле бермейді, біздін Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақгың 300-ге жуық мәдени сорты алынды. Аллохрузаны Орта Азияда 1927 жылдан бері даярлайды. "Түркістан сабынды тамыры" деген атпен көп мөлшерде шетелге жіберідді. 1960 жылдардың басында Қазақстанда жылына 700-800 тамыр дайындалатын. Ерте гүлдейтін сәндік түр, шағыл тасты және ұсақ топырақты беткейлерде жазықтықтан субальпі белдеуіне дейін өседі. Екі ұршық тәрізді қосалқы түйнекшелері бар жұмыртқа пішінді түйнегімен ерекшеленеді. Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.....
Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады. Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі. Мемлекеттегі күштеу шарасы –заңда көзделген жағдайда еріксіз түрде қолданылатын адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық қағидасынан ауытқу. Бұлтартпау шарасы–бұл мемлекет тарапынан еріксіз түрде тұлғалардың теріс әрекеті үшін қолданылатын шара .Бұлтартпау шарасы –айыпкерге –(сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта обьективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде бұлтартпау шараларын бірін қолданады.Бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу-қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және басқа бұлтартпау шарасы әлсіз болған кезде қолданылыды. Қылмыстық процесс ғылымы саласында «бұлтартпау шарасы» институты диплом жұмысы ретінде алынуы , тек теориялық жағынан ғана емес,практикалық тұрғыдан өзектілігі басым. Дипломдық жұмыстың мынадай мақсаттары басты назарда болады- бұлтартпау шарасынының ұғымын,мәнін ашу: бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде-қамауға алудың теориялық және практикалық орнын айқындау: қамауға алудың қолданылу тәртібін, адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылықкепілдемесін басшылыққа ала отырып заңсыз қамауға алуды болдыртпау: алдын ала тергеу кезіндегі тергеушінің қамауға алуға байланысты шешімін прокурордың қадағалауын жүзеге асыру. Зерттеу жұмысының теориялық базасына – И.С.Ахпанов, Б.К.Төлеубекова, Т.Е.Сәрсенбаев, В.В.Смирнов, И.И.Петрухин сиқты қылмыстық процесс саласында танымал ғалымдардың көзқарастары негіз болды. Сондай-ақ дипломдық жұмыс жазу барысында Қарағанды облысы Жаңаарқа Ауданық ішкі істер бөлімінің материалдары қолданылып,қамауға алу-бұлтартпау шарасының түрі ретінде тәжірибедегі қолданысына талдау жасауға талпыныс жасалды. Бұл қылмыстық іс жүргізу кодексінде, арнайы заңдарда көрініс тапқан. Қамауға ұсталғандарға кепілдік ретінде мына төмендегілерді көрсетуге болады: 1. Қамауға алуды заң талаптарына сәйкес заңды және негізді болуын қатаң көрсету; 2. Жеке тұлғаланың жеке басына қол сұқпаушылықты шектеген кездегі міндетті түрде заңда көзделген мерзімді белгілеу; (2 ай). 3. Азаматтарды қамауға алған кезде процессуалдық тәртіпте қамтамасыз ету; 4. Айыпталушы (сезіктіге) қатысты кінәсіздік презумпциясын қарастыру және дәлелдеуде шектен шықпау. ....
Никотин - өсімдіктерде кең тараған у. Темекі түтінінің негізгі бөлігі. Таза күйінде сарғыш келген май сияқты сұйықтық, өзіне тән қолайсыз иісі болады. Темекі шегудің денсаулыққа тигізер зияны орасан зор. Темекі тартқанда зат алмасу үрдісінің барлық түрлері зардап шегеді. Оттектің жеткіліксіздігі, қан ұю, холестерин деңгейінің өсуі, барлық ішкі секреция бездері қызметінің үрдісі бұзылады. Ер адамдардан жыныстық әлеуметтік кетеді. Бойжеткендер мен жас әйелдерде етеккір циклі бұзылады. Әсіресе, темекі түтіні ұрық және нәрестеге зиянды, никотин туар баланың жаңа шығып жетіліп келе жатқан орталық жүйке жүйесінің жасушаларына зиянын тигізеді. Жүктілік токсикоздың дамуына әкеп соғатын факторлардың бірі – темекі түтіні. Кейінгі кезде темекі тартатын адамдардың саны өте көбейіп кетті. Осыған байланысты өлім-жітім де көбейіп тұр. Темекі түтінімен созылмалы уланудан өлетін адамдардың саны басқа себептерге қарағанда бірнеше есе көп. Осылайша біздің Жер деп аталатын планетамызда тұратын адамзат баласының миллион өлетіндері әрбір 4 күн сайын маскүнем, әр 3 күн сайын автокөлік апатынан 1 құрбан, әр 3 күн сайын темекі түтінімен созылмалы уланудан 1 адам өмірмен қоштасып отырады.....
Аран немесе ауызжұтқыншақ — ас (азық) қорыту жүйесінің дененің бас аумағында орналасқан бөлімі. Ауызжұтқыншақ екі бөлімнен: ауыз қуысынан және жүтқыншақтан тұрады. Ауыз қуысын (көне грекше: cavum oris, көне грекше: cavum — қуыс, көне грекше: оr — ауыз) — жоғарғы және төменгі ерін, ұрт, тіс, қызыл иек, қатты және жұмсақ тандай, тіл, сілекей бездері құрайды. Ауыз қуысында ас механикалық өндеуден (шайнау, сілекеймен жібіту, араластыру) өтеді және сілекей .....
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Мазмұны 1 Өмірбаяны 1.1 Тауке ханның басқару кезінде 1.2 Абылай ханның басқару кезінде 2 Шешендігі 2.1 Ескерткіштер 3 Пайдаланған әдебиет 4 Тағы қараңыз Өмірбаяны
Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Әлібекұлы Төле бидің атасы Қожамбердіұлы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде, Есім ханды қолдаған. (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан) Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп .....
ДОСЫМОВ Сейітқазы (5.5. 1943, Жамбыл облысы, Талас ауданы. Үшарал а. – 1997, Алматы) – жазушы. Шымкент сауда техникумын (1963), Қазақ ұлттық ун-тінің журналистика ф-тін (1969) бітірді. 1969 – 76 ж. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газетінде .....
Аборальдық (лат. ab -дан, -ден, -нан, -нен; лат. or — ауыз) — адам мен жануарлардың бас аумағында қолданылатын халықаралық морфологиялық термин. Термин "ауыздан артқа немесе кері қарай" деген магына береді.