Рефераттар

Реферат: Әдебиет | Жүсіпбек Елебеков

Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары (“Ардақ”, “Айтбай”, “Құлагер” және т. б.) Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін де ол аса шеберлікпен орындаған. Қазақ драма театрының сахнасында ол Жапал бейнесін (М. Әуезов “Еңлік-Кебек” ) , музыкалық театр сахнасында Әлібек (М. Әуезов пен И. В.Коцыканың “Айман-Шолпаны”), Төлеген (Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегі”) бейнелерін сомдады. Елебеков өнері көңіл - күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Қазақ сөзінің шығу тегі тарихы

Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ''қазақ'' атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ''қазақ'' атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.
''Қазақ'' сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ''қазақ'' сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.
Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша ''қазақ'' сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді. “ҚазССР тарихының” бес томдығында: “қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты”, - деп жазылған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Қазақстанда күн энергиясының болашағы

Егер жер бетіндегі барлық құрлықтың тек оннан бір бөлігін ғана алып, оған күннен түсетін-жылу энергиясын тек 10% пайдалы әсер коэффицентпен, яғни оның оннан бір бөлігін ғана пайдаланса, онда 4,18 • 1021 Дж энергия алынған болар еді. Ол қазіргі уақытта жер шарында пайдаланып отырған барлық энергиядан 100 еседей көп.
Осыған байланысты күн энергиясын пайдалану мәселелерімен шұғылданатын ғылымның жаңа саласы — гелиоэнергетика (күн энергетикасы) пайда болды. Күннің жылу энергиясын адам игілігіне жарату бүгінгі күннің кезек күттірмес маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Күн аса таза-әрі тегін энергия көзі болып табылады.
Күнді энергия көзі ретінде пайдалануды адамзат ежелден армандап келеді. Әйгілі грек ғалымы Архимед екінші Пуничек соғысында Сиракузах қаласында үлкен айнаның көмегімен Рим кемелерін жандырып жіберген деген аңыз бар. Ал Циолковскийдің өзі ғарыш сапарында жермен байланыс жасау үшін айнаны пайдалануды ұсынған. 1923 жылы Москвада өткен алғашқы ауыл шаруашылық көрмесінде Циолковскийдің жобасы негізінде жасалған күн қозғалтқышы көрсетілді. Мұндай мысалдарды тарихтан көптеп келтіруге болады.
Дегенмен қол жеткен жетістіктер мен табыстарға қарамастан, күн энергиясын күнделікті тіршілікке, тұрмысқа тікелей пайдалану мәселесі әлі де тиянақты шешімін тапқан жоқ. Оның көптеген объективті және субъективті себептері бар. Мәселен, күн сәулесі жер бетіне шашыраңқы түрде түседі. Әрбір шаршы метр жер бетінен тек жүз елу вольт шамасында энергия жинауға болады.
Қазір күн энергиясын пайдаланудың негізгі 4 бағыты белгіленіп отыр. Олар — жылу-техникалык, фото-электрлік, биологиялық және химиялық бағыттар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Рим мемлекетінің құрылуы

Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптаскан. Римнің негізін қалаған әттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі әлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды әкелік ру табылган. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тән сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған.
Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру әскери және діни бірлік болып табылатын курияны құраган. Курияның басында қурион тұрған. Он қурия трибуды тайпаны кұраған. Рим халқы үш тайпадан құралған.
Халық патрицийлерге, клиенттерге және плебпийлерге бөлінген. Патрицийлар - бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, плебейлердің жеқе бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген.
Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша Рекс тұрған. Ол әскер басы, жоғарғы абыз болған және ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат коғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мәселелерді талқылаған, мұндай мәселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да әсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — әскери қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган - бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер және фициалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың әрекеттері туралы өз қорытындыларын әртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понти¬фиктер әдет-ғұрыптарды сақтаушы және түсіндіруші болған, фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған). ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Статистика ғылымының арнайы ұғымдар

Әрбір ғылым саласының ,пәннің өз реттеулерін жүргізу кезінде қолданатын , өзіне тән болып табылатын арнайы ұғымдары болады. Статистиканың да өз қызметін белгілі бір уақыттар аралығында атқаруыеа және ол үшін арнайы әдістерді , әдістемелерді қолдануға байланысты тек ғылымның осы түрінде ғана тән болып табылатын арнайы ұғымдары категориялары болады. Ол ұғымдар мен категориялар осы ғылымның арнайы құралдары болып табылады, яғни статистика өзінің мақсатына жету үшін белгілі бір ұғымдарды пайдаланады және қолданады.
Статистика пәнін қарастыру барысында қолданылатын ұғымдардың саны көп , бірақ олардың ішіндегі кейбіреулері ерекше маңыздылығына , жиі қолданылатындығына байланысты арнайы түсіндіру , сипаттауды қажет етеді . Олардың қатарына мыналар жатады: белгілер, статистикалық жиынтық, вариация , статистикалық көрсеткіш, көрсеткіштер жүйесі және статистикалық заңдылықтар.
Статистикалық белгілер ретінде , зерттеуге алынатын құбылысты сипаттайтын , оның өзге құбылыстардан негізгі айырмашылығын білдіретін , сондай-ақ кейде зерттеуге жататын құбылысқа тікелей қатыстылығы болмаса да оны қосымша тұрғыда маңызын ашатын құрамдарды алуға болады. Әлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың кез-келген түрі құбылыс ретінде бағалау үшін олар белгілі бір белгілерді иеленуі керек . Яғни құбылыстың түріне түсінік берілгенде , міндетті түрде оның ерекше белгілері ескеріледі.
Сонымен, статистикалық белгілер дегеніміз, құбылыстың өзіне ғана тән ерекшеліктерін сипаттайтын және зерттеу жұмыстарында бақыланатын , өлшенетін құрамы болып табылады.
Құбылысты жалпы сипаттайтын белгілер мен құбылыстың бірліктерін сипаттайтын белгілердің арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар кездеседі. құбылыстың өзін ғана сипаттайтын белгілер, әдетте сол құбылыстың маңызын, мазмұнын , ерекшелігін анықтайды. Мұндай белгілер ол құбылыстың өзге қоғамдық құбылыстардан айырмашылығын білдіріп тұрады.
Статистикалық белгілер сандық және сапалық белгілер деп екіге бөлуге болады. Бұлай бөөлу, өзге ғылым салаларында да кездеседі. Сапалық белгілер сан түрінде бейнеленбейді. Сапалық белгілерді статистикада кейде атрибутивтік белгілер деп те айтады.
Сапалық белгілердің бір көрінісі балама белгілер болып табылады. Балама белгілер тек сөз түрінде ғана беріледі және бұл белгі -нақты бір құбылыс белгісінің екі мағынадан тек бір мағынаға ие болуын беріледі.
Сандық белгілер құбылысты немесе жиынтық бірліктерінің құрамын тек белгілі бір шама түрінде сипаттауды білдіреді. Құбылыстың құрамын сипаттайтын шамалар тек сан, цифр түрлерінде ғана кездеседі.
Статистикалық жиынтықтағы белгілер мағынасы және зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: негізгі және қосымша, вариациялық, нәтижелік факторлық, елеулі және елеусіз белгілер. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ыбырай Жақаев

Ыбырай Жақаев! Қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі.

Мен таңғаламын: Ыбекең күріштен дүниежүзілік рекорд жасады. Ал көршілес Ақтөбе облысынан Шығанақ Берсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді. Қазақтың осы екі қара шалының, еңбектің пайғамбарларының дүниежүзілік рекорд жасауы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Елдің, жердің, судың қасиеті ме, әлде ата-бабаның аруағының құдіреті ме. Бәрінің де қатысы бар сияқты мұнда. Оның үстіне күріш, тары керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше тағамдар дайындауға болады. Шығыс халықтарының дендерінің сау болып, көптеп өсіп-өнуінің салиқалы себебі осы күріште деген де пайым бар. Патшаның баласының: “Халық қарны ашса неге сыр күріш жемейді?” (сыр күріш – сүтке пісірілген күріш ботқа) дегені де тегін емес шығар.

Ал тары дақылының қасиеттері де ерекше. Одан сөк, талқан, жас балаға беретін жарма, көже, майсөк, жент жасайды. Майсөк қазақтың белгілі астарында құрметті қонағына ұсынатын қадірлі тағам.Ақтөбеліктер сөкті шайға салып ішеді. Оның қасиеті сол, ол адамның қарнын аштырмайды да, шөлдетпейді де. Сондықтан да ежелден оны үлкен кісілер ораза тұтқанда, таң сәріде сүтке, айранға салып, майға бұлғап жеп алады, күн батқанша былқ етпейді. Қызығы сол: үлкен кісілердің тісі бола бермейді ғой, оның үстіне ас дұрыс қорытылуы үшін оны 25 рет шайнау керек. Ал адамның туғаннан бастап жаралған кемшілігі – ешкімнің де оған шыдамы жете бермейді, сондықтан олар жеген кезде бір тояды, біраз уақыт өткен соң шала шайналған сөк, бөртіп, көлемін ұлғайтып екінші рет тойдырады, сөйтіп жүргенде кеш те болады.

Бірде Сталин Қазақстан басшылары Скворцов пен Шаяхметовтен: “Сіздерде бір стратегиялық маңызы бар дақыл өседі дейді”, — деп сұрапты. Екеуі: “Біз бірден жауап беруге дайын емеспіз, елге барып мән-жайын біліп баяндайық”, – дейді.

Алматыға келіп ғалымдармен, мамандармен, диқандармен ақылдасып ол дақылдың тары екендігін Сталинге баяндапты. Міне, сол күннен бастап бұл дақылдың бағы жанып, оны өсіруге мән беріліп, нәтижесінде Шығанақ Берсиев дүниежүзілік рекорд жасайды. Осының өзі біздің халқымыздың дәрежесін, мүмкіншілігін, қарым-қабілетінің артық болмаса, ешкімнен де кем еместігін көрсетіп тұрған жоқ па? Сондықтан да жақсылықты да, жаңалықты да өз елімізден, өз жерімізден, өз халқымыздан іздеуіміз керек.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Назарбаевтың еңбектерінің Қазақстан тарихнамасындағы орны

Болашақта Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында адамзат тарихындағы ең алпауыт империялардың бірі – Кеңестік социалистік республикалар одағының күйреуі нәтижесінде әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандыңы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мың жылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихтың басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады.
Қазақстан секілді жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, дәлірек айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді болса да қызықтырары даусыз. Ең алдымен ол ұлт тағдыры шешуші роль атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешек ұрпағы үшін қымбат. Уақыт өткен сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылыұтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихының терең зерттеліп, шынайы түрде объективті жазылу ісіне дайындық осы бастап жүйелі де ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Бұл біз секілді болашақ тарихшылардың үлесіне тиетін міндет.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Әбілхайыр хандығы

Әбілхайыр хандығы Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарының көптеген жерін камтыды. Ха-лқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктен-ген түрік-монғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлүқ, қоңырат, қаңлы, үйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бүл тай-палар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және түрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар "өзбек" деген атпен саяси жағынан бірге аталған. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Акробласт

Акробласт (akroblastus; грек, akros — төбесі, ұшы; blastos — өскін, ұрық) — аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар басындағы сопақша ядронын алдыңғы жағында орналасқан, тығыз дәншелер (гранулалар) жиынтығынан құралған Гольджи кешенінің туынды құрылымы. Акробласт — еннің ирек тұқымдык өзекшелерінде жүретін сперматозоидтардың даму процесі — сперматогенездің қалыптасу кезеңіндегі сперматидаларда түзіледі. Сперматозоид басының қалыптасу кезеңі барысында акробласт мөлшері жағынан ұлғайып, сперматида ядросының алдыңғы жағын оймақ тәрізді қаптайды. Акробласттың орталық аймағында еріту ферменттеріне (гиалуронидаза, протеаза) бай тығыз денешік — акросома орналасады

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Абсорбент

Абсорбент (лат. absorbeo — сіңіру) :
газдар немесе сұйық ортадағы (ерітіндідегі) заттарды өзінің барлық массасымен сіңіруге, соруға қабілетті сұйық немесе қатты зат. [1]
бойына судан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты затАдам мен жануарлардың дене құрылысындағы сіңіргіш құрылымдарға: жасушалардың биологиялық жарғақтары (мембраналары), арнайы (жасушалар микробүрлері) және жалпы органеллалар (лизосомалар т.б.);
Өсімдіктер организмдерінде — тамырдын, сабақтың, жапырақтың беткей жаткан жасушаларының плазмолеммалары жатады.Абсорбент (лат. absorbens— сіңіргіш зат) — абсорбент, көлемді сіңіргіш зат — бойына cудан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты зат .....
Рефераттар
Толық
0 0