Ботулизм - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Аурудың қоздырғышын 1896 ж. голландия ғалымы Э. ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. .....
Актомиозин (aktinomyosin; гр. aktis — сәуле, гр. mys — бұлшықет) — ет жасушасы немесе бұлшықет талшығы (симпласт) цитоплазмасындағы актин және миозин миофиламенттерінен құралған жиырылғыш миожіпшелердің (миофибриллалардың) протеинді кешені. Бұлшықет талшығының (ет жасушасының) жиырылу процесі актомиозиннің аденозинтрифосфатпен (АТФ) әрекеттесуі нәтижесінде іс жүзіне асады .....
Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркөсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады. Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, • қор биржасы (бағалы қағаздар сатады); • валюта биржасы; • тауар биржасы; • еңбек биржасы. Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен "сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын. Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді (мысалы, Лондон, Нью-Йорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады (мысалы, Францияда, Италияда). Қор биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар.....
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы « Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет тиісті бөлімшелерде жазылған. Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны. Макрожоспарлау кез келген мемлекеттің саясатында үлкен роль атқарады. Екінші бөлім Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне арналады. Өзіне барлық салалар мен олардың салалық құрылымын қосатын елдің өнеркәсіптік кешені мыналарды да қамтиды: көптеген шаруашылық субъектілер, ірі корпорациялар, қаржылық институттар, өзінің жеке қызығушылығы, мотивы, мүмкіндіктері бар акционерлік қоғамдар мен күшті шаруашылық құрылымдар. Мұнда қазіргі Республикадағы өнеркәсіптің жағдайы, даму беталысы нақты статистикалық мәліметтермен көрсетіледі. Үшінші бөлімдеөнеркәсіптің дамуының бірден – бір себепкері,соңғыкезде актуальды проблемалардың негізгісіне айналған кластер ұғымы туралы айтылады. ....
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін қмір көрсетіп отыр. Нарық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар.Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.Кәсіпорында өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес- жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.Отандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігінің жеткіліксіздігі кәсіпорын экономикасының тұрақтануына кедергі келтіреді. Нәтижесінде инвестицияларды лизингі арқылы тарту қажеттілігі туындайды. Лизингілік өызмет белгілі бір қауіптермен байланысты, ол залалға әкеліп соқтыруы мүмкін және меншікті ресурстары есебінен дами алмайтын кәсіпорындарды қолданылады.Кредитке қабілеттілігін арттыру үшін кәсіпорынды дамытудың жаңа стратегиялық тұжырымдамасын ендіру қажет. Осындай және одан басқа ақпараттар осы жұмыс барысында қамтылған. ....
Бастапқыда модель деп анықталған жағдайда объектіні алмастыратын қандай да бір көмекші объект аталған. Сондықтан табиғат заңдарының әмбебаптығы, модельдеудің жалпылығы және біздің білімдерімізді модель түрінде бейнелеудің мүмкіндіктері сәйкессіз болды. Ұзақ уақыттар бойына «модель» түсінігі арнайы типтегі материалдық объектілерге ғана, мысалы манекен (адам денесінің моделі), плотинаның кішірейтілген гидродинамикалық моделі, кемелер мен самолеттердің, жануарлардың модельдері ретінде қалыптасты ....
Михаил Павлович Фролов (27.9.1916, Ресей, Алтай өлкесі, Поспелиха поселкесі - 9.11.1991, Украина, Ялта қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, танк ротасының командирі. Орыс. Алматы қаласында орта мектепті оқып, 1939 жылы Барнаул педагогикалық институтын бітірген. Орта мектептің директоры болған. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1941 жылдың маусымында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы Сталинград танк .....
Өнеркәсіптің дамуы технологиялық процестерге әр түрлі химиялық өнімдерінің барған сайын көбірек қолдануын қажет етіп отыр. Бұл оларды өндіру және үлкен көлемде тасымалдануын қажет етеді. Бейбіт уақытта авариялар болуы мүмкін, ал, соғыс қимылдары кезінде қарсылас жақ өнеркәсіп объектілері мен көлік құралдарын әдейі қиратып, соның салдарынан химиялық өнімдер шығуы ықтимал.олардың көпшілігі улы болғандықтан адамдарға айтарлықтай қатер төндіреді. Қазіргі уақытта белгілі бірнеше ондаған химиялық заттардың арасынан тек жүзден астам ғана қоршаған ортаға шыққан кезде адамдардың жаппай зақымдалуын тудыруға қабілетті, төтенше қауіпті санатына жатқызуға болады. Бейбіт уақытта химиялық қауіпті авариялардың пайда болу қауіпінің арта түсуі және соғыс қимылдары барысындағы бүліншіліктер, олардың ықтимал ауыр салдары халық үшін олардың қауіптілігін бағалаудың маңызын арттырады. Тек химиялық қауіпті объектілердің қирауының салдарынан дер кезінде және дұрыс бағалау негізінде ғана адамдарды қорғаудың қажетті шаралары мен ҚӘУЗ- бен зақымдану аймағында іс- әрекет жасау, ал қажет болса олардың шығу салдарын жоюды жүргізу үшін дәлелді шешім өз уақытында қабылдануы мүмкін.....
Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі тағдыры экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық түрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге,мемлекет құрлысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген өнімді қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберіде, құл иеленушінің немесе феодалдық шаруашылығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық байланыс қатаң түрдегі сипатта болады-өнім қауым мүшелері,құл иеленуші, феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды,ал сыртқы байланыс болған жағдайда ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта болады. Еңбекті ұйымдастыру принципі оның негізінде бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни шаруашылық жүргізудің қайсібір типінің бейімдік түрін айқындайтын қатынастармен сипатталады. Натуралдық шаруашылықты жүргізуді өнім жеке адамның немесе көптің біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Соңғысының негізіне дара бастың, оның еңбек жағдайының қожасы алдындағы міндеткерлігі жатады, осылайша олар өнім арқылы бір-бірімен қарама-қарсы тұрады, бір жағында-дара еңбек, екінші жақта-еңбек жағдайын меншіктеуші. ....
Қарахандар әулетi 10-ғасырдың орта шенiнде қалыптасты. 12-ғасырдың басында ыдырай бастады. Олардың территориясы қазiргi Шинжаң өлкесi мен Жетiсу өңiрiн және Мауараннахрды (қос өзен аралығын) қамтыды. Қарахандар елiнiң екi орталығы болды. Оның бiрi Шу өзенi бойындағы Баласағұн қаласында, ендi бiрi Қашқар қаласында едi. Қарахандар әулетiнiң шығу тегi мен бастапқы кезеңi жөнiнде нақтылы жазба дерек жоқтың қасы. Бұл туралы тарихшылар арасында алуан түрлi пiкiрлер айтылған. Олардың едәуiр бөлегi қарахандар әулетiнiң тегi ұйғырлар арасынан шыққан десе, ендi бiр бөлегi қарлықтар арасынан шықкан дейдi. Кейбiрi қарахандар хандығын ұйғырлар мен қарлықтар бiрлесiп құрған десе, тағы бiрi яғмалар мен шығылдар бiрлесiп құрған дейдi. Қарахандар әулетi бұрынғы түрiктiң ашына тайпасынан шыққан деушiлер де бар. Сөйтiп, қарахандар әулетiнiң шығу тегi туралы жоғарыдағыдай бес түрлi пiкiр айтылып келедi. Бұлардың бәрi қарахан мемлекетiн билеген әулеттiң шығу тегi туралы пiкiрлер. Қарахандар әулетi билеген мемлекеттегi халықтың этникалық құрамы едәуiр күрделi едi. Бұл ұлан-байтақ өңiрдi Гың Шымын «Қараханилар тарихына шолу», Шинжаң коғамдық ғылымы, 2-сан, 1982 ж қамтыған елде жоғарыда айтылған ұйғыр, қарлық, яғма. шығыл тайпаларынан басқа да көптеген тайпалар болды. Қараханилар мемлекетiнiң құрамына кiрген бiзге мәлiм тай¬палар: үйсiндер, қаңлылар, дулұлар (дулаттар), телi, қыр-ғыз, қыпшақ, арғұ (арғын), яғма, оғыздар (ақшар), букриз. салғыр, бектелi, баяндұз, балт және баскалар1. Демек, қараханилар мемлекетiнiң негiзгi халқы: ұйғыр, қазақ, қыр-ғыз, өзбек, оғыз ұлттары едi. Қарахандар мемлекетiнiң құра-мында түркi тiлдес халықтарымен қатар иран тiлдес ха-лықтар^ да болған. Оның қарамағындағы ұлыстар мен ха-лықтардың әрқайсысы өзiне тән өңiрлердеЧэаз баяғы қал-пында тiршiлiк өткiзiп отыра берген, қарахандар әулетi оларды жергiлiктi басшылар арқылы билеген.....