Адренэргиялық жүйке жүйесі — вегетативтік жүйке жүйесінін жүйке түйіндерінен (ганглийлерінен) кейін орналасқан (постганглионды) симпатикалық жүйке талшықтарынан кұралады. Олардың жүйке ұштары адреналин және норадреналин олигопептидті нейрогормондарын бөледі. Адренэргиялық жүйке жүйесіне тер бездерін жүйкелендіретін жүйке талшықтарынан басқа, адам мен жануарлар организмдеріндегі барлық симпатикалық жүйке талшықтары жатады.....
Автотрофтар (гр. autos — өзім, өздігінен; trophe — қорек, қоректену, тамақтану) — бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, судан, азоттың бейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет күрделі органикалық заттарды (акуыздарды, майларды, көмірсуларды) түзетін организмдер. Автотрофты организмдерге жасушаларында жүретін фотосинтез процесі үшін күн сәулесі қуатын пайдаланатын .....
Бұл тарауды жазудағы мақсат функционалды стиль мәтіндерінің интонациялық құрылымын, әр стиль мәтінін түзудегі кідіріс, қарқын, әуен, үдемелілік тәрізді просодикалық тәсілдердің рөлін анықтау болып табылады. Негізгі мәселе төңірегінде сөз қозғамас бұрын мәтін туралы түсінікті айқындап алуды жөн көрдік. «Қазақ тілінің энциклопедиясында» мәтін туралы және мәтін лингвистикасы туралы жазылған негізгі тұжырымдарды келтіре отырып, сонда айтылған басты қағидалар негізінде ой дамытсақ: мәтін (текст) латынша - байланыстыру, бірігу, тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстылығы негізінде түзілген ізбе-ізділігі. Мәтіннің құрылымы мына талаптарға жауап бергенде ғана жүзеге асады: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мазмұнға және дер кезінде қабылдана алу мүмкіншіліктеріне ие болуы, қарым-қатынас жасаудың іске асуы т.б. Мәтін - жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым. Мәтіннің маңызды белгілерінің бірі - оның аяқталғандығы. Мәтіннің негізгі категорияларына хабарлау, қосымша хабар біртұтастығы, уақыт бірлігі, модальдық т.б. жатады ....
Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу перне тақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады. ....
Монополия (грек – moons –жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін ,ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғ дейін монополиялар шектелген сфераларда болған. Кейін монополиялану процестері заңдылықа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырулық бастаманың күшейуімен байланысты болды. ....
Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады. Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: - қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту; - жаңа кәсіпорындарды сатып алу; - бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру. Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1.1- суретте көрстетілген. Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Инвестициялардың жіктелу белгілері 1.2- суретте берілген. Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді. Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.....
Стресс - кез келген сыртқы талаптарға организмнің жауап реакциясы, бұл - ауру тудырушы факторлар әсер еткенде, организмнің тұрақтылыққа жету қабілеті. Қалыпты дені сау организмде оны өлімге әкелетін қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Бұл механизм стресс деп аталады. Адам организміне әсер ету күшімен байланысты стресс күшті және орташа болып бөлінеді. Біздің байқағанымыз күшті стресс организмге зиян, ал, орташа көп жағдайларда пайдалы болады.
Стресс түрлері
Түрі бойынша стресс жедел жөне созылмалы болып бөлінеді. Жедел стресте қорғаныс механизмдері қысқа уақытқа - тек тітіркендіргіш әсер еткенде қосылады. Созылмалы стресте организмге ұзақ уақыт әсер етеді. Сонымен қатар физикалық стресс (физикалық, химиялық, биологиялық факторлар әсері) және эмоционалды стресс (теріс эмоция шақыратын психологиялық факторлар).
Психикалық және эмоционалды стрестер оның өте күшті түрі жаттығулық әсер етпейді. Олар адам организміне әрқашан да зиянды.
Стрестің даму сатылары Стресс бірнеше сатыда өтеді. Бұл сатылар организмнің сыртқы ортаның ұзақ әсеріне жауабын сипаттайды.....
Ұрықтың даму ақаулары және аурулары ұрықтың түрлі даму кезеңіне әсер етуші себептерге байланысты. Оларға бластопатия, эмбропатия фетопатии. Бластопатия – ұрықты ұрықтанудан 15 күннен Бластопатия дамуына егіздердің бітісіп кетуі және бос қапшық. Бластопатиядағы көп жүктілі 3-4 апта үзіледі немесе ұрық өлімі байланысты. Эмбриопатия – ұрықтың 15-ші күнінен ІІІ айды қоса бұзылықстары. Бұл уақытта жерден даму ақаулары, дамуы тоқтауы немесе ұрық өлімі болады. Фетопатия – онтогенездің ІV айынан жүктілік аяқталғанша, яғни барлық органдар қалыптап болғаннан кейін Патогенезіне және себебіне байланысты инфекциялы және бейинфекциясы болады. – Инфекциялы – ол кез-келген инфекция агенттен және процестік жайылуына ұрық организміне спецификация өзгерістерге әкеледі. – Бейинсфекциялы – плоцена жетіспеушілгін және зат алмасу бұзылысынан экстрагентальды аурудан. Фетопатиялардың барлығы себебіне қарамай клиника-морфолгиясы бір: – Ұзындығы және дене салмағы өзгерісі. – Мүшелерінің дамуының функциялық және морфологиялық қалуы. – Дәнекер ткані артық өндірілуі мезенхимиялық элементінің гипертрофиясы және гипекртазиясы болады. – Инфекция және токсикасы фетопатия геноррагиялық диатез және гепатоспленомегалиямен жүреді. Третоксикалы фетолпатия – диффузды-токсин. Зобтың ауыр дәрежесінен пайда болады. Диабетті фетопатия – ұрық артық салмағы, арқаулар жиілігі, мүшелер мен жүйелердің қызметі жетіспеуі. Алдын-алуы – анасының ауруларын табу, жүктілікті қадағалау. Емі – ұрықтың ауытқуы табылса энбрио-фетопатияны себебін жабу. Тума ақау – Себебіне тұқым қуалаушылық, мультифактор, экзогенді. Тума ақау – мутациядан пайда болады. Моногенді синдром және хромосомды ауру.....
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді. .....
Өкпе ұяшықтары мен каппиляр мембраналардың газдары екі бағытта өзкізуін өкпенің диффузиялық қабілеті (ӨДҚ) деп атайды. Оның бұзылыстары мына жағдайларда болуы мүмкін:
1. әлвеолалар мен қылтамырлардың мембраналырының өкпе қабынуы, пневмосклероз ж.б. дерттер кездерінде, қалыңдауынан;
2. қызмет атқаратын әлвеолалар мен капиллярлардың, өкпе бөлшегін алып тастағанда, үлкен деңгейде бүліністері кездескенде, азаюынан;
3. қанның өкпе әлвеолаларындағы ауамен жанасу уақыты қысқаруынан газдар керекті мөлшерде әлвеола мен капилляр мембраналары арқылы өтіп үлгермейді. Бұндай жағдай ауыр қол жұмысын атқарғанда, анемиялар кездерінде байқалады.
Газдардың диффузиясы бұзылыстарының нәтижесінде қанның газдық құрамы өзгереді, гипоксемия, гиперкапния дамиды.