Барлыбай Бәсентиінұлы - Абылай хан заманында өмір сүрген батыр. Бәсентиіннің қай атасынан тарайтындығы жөнінде дерек жоқтың қасы. "Абылай туралы жырдың" Шоқан Уәлиханов жазып алған нұсқасында мынадай дерек кездеседі. ...Тоқал терек түбінде Айналып кеңес құрды хан. Бәсентиінұлы Барлыбай Омыраулап сөйлледі, Кісі ырқына көнбейді: - Сен көк бөрідей желдің, хан, Тоқал терек түбінде .....
Ішек (кишечник) — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі. ішектер: ащы ішек және жуан ішек бөлімдеріне бөлінеді. Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын ішек, ал жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады. Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды қабырғалық бездер болады.[1] .....
Менингококкты инфекция-клиникалық айқындалуы әртүрлілігімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы-менингикококк, сыртқы артада тұрақсыз. 37 С төмен температурада өмір сүре алмайды, ал 50 С температурада 5 минуттан артық өмір сүре алмайды.
Эпидемиологиясы:
Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш вирус тасымалдаушы.
Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.
Төзімділік (сезімталдық- 14 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.
Иммунитет-тұрақсыз,.
Аурудың даму механизмі-қоздырғыш ауа-сілекей жолымен жұтқыншаққа жетіп оны қабындырады, ал кейде қоздырғыш қанға, лимфаға өтіп аурудың ауыр түріне айналады..
Клиникалық белгілері:
Инкубациялық немесе жасырын кезең- 2-10 күн.
3 клиникалық түрі жиі кездеседі;
1.Менингококкты назофарингит- аурудың жеңіл түрі.баланың жалпы жағдайы бұзылады-шаршағыш болып, тәбеті төмендейді, денесінің қызуы көтеріледі Басы ауырады, көмекейдің шырышты қабатын қан кернеп, мұрны бітеді. Диагнозды дәлелдеу үшін жұтқыншақтың шырышты қабығынан зерттеуге жағынды алынады
Балқаш — Қазақстаннын, солтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырым, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көлін көптеген саяхатшылар мен ғалымдар зерттеген. Олардың ішінде неміс ғалымы Гумбольдт, орыс ғалым-саяхатшылары И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, т.б. зерттеушілерді атауға болады. Балқаш, Алакөл көлдерінің табиғаты мен қазаншұңқырларының пайда болуында ұқсастық бар екенін алғаш рет қазақ халқының дарынды ұлы Шоқан Уәлиханов зерттеп жазды. Ол Балқаш алабына тығыз байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына, Балқашқа құятын Іле өзеніне ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 342 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы тік, сай-жыралармен көп тілімделген, ал оңтүстік жағалауы жайпақ. Балқаш көлінің батыс және шығыс жағалауы палеозой жыныстарынан (порфир, туф, гранит, тақтатас, әктас) түзілген. Іле өзені оңтүстік жағалауында кең атырау жасап қүяды. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі шығанақтары — Алакөл, Қарақамыс, Кеңтүбек, аралдары — Басарал, Тасарал. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты өзендері құяды. Балқаш көлі өңірінің климаты континентті. Жаздағы ауаның орташа температурасы +24°, қыстағы орташа температурасы —8°-қа жуық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 мм. Көлді желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады. Жазда көл суының температурасы +27°-қа жетеді. Балқаш көлінің табиғат байлықтары. Көл әртүрлі моллюска, шаян тәрізді ұсақ жәндіктер мен планктонға бай. Балықтың 20-дан аса түрі бар. Оның 6 түрі — тек Балқашта өсетін балықтар. ....
Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)[1] – батыр. Бүкіл өмірін қазақ жүртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жұмабаевның "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруғе болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі. Қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетай мен Тәттіқара толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетай жыраудың "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты .....
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасырн, зерттеу әдістеріон жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бара. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагоикалыық құбылыстың ерекшелітеріне сәйкес қолданылады. Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланыстыо. Басқа да ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қавлай жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша эксперкментті қайлай жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т. б. жатады. Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі қағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс.....
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды. Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді. Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм" сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өңдірісте, бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек белінісіңдегі орны т. б. жағдайларға байланысты. Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізуде. Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарыңда тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу. Соның өзінде ең негізгі мәселе — макроэкономикалық проблемаларды дұрыс шешу. Бұл арада әңгіме жұмыссыздықты жою, экономикалық мәселелерге ерекше кеңіл бөлуде болып отыр.....
Зиянкестер – адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар Зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы Зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, капустаны – капуста ақ көбелегі мен капуста қара күйесі, асқабақты – ұсақ шыбындар, қызылшаны – қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты – колорадо қоңызы зақымдайды.[1] Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян .....
Гипоксиямен-тканьдердегі оттегі жетіспеушілігі, гиперкапниямен-қандағы СО2-нің көбеюі, ацидозбен-организмде шала тотыққан зат алмасу заттарының көбеюімен сипатталады. Асфиксия кезінде ОЖЖ-нің, жүрек қантамыр жүйесінің, бауырдың жұмысы зақымданады.
Тұншығудың себептері:
1. Кіндіктегі қан айналымының бұзылуы : баланың кіндігінің мойнына, денесіне оралып қалуы, кіндіктің түйілуі, түсіп кетуі т.б.
2. Баланың туылуының ауыр жағдайда өтуі: бала жолдасының ерте ажырауы, ұрыққасындағы судың ерте кетуі, жатырдағы су мөлшерінің шамадан тыс көп болуы, аз болуы,баланың дұрыс келмеуі, егіздік , туылудың ұзаққа созылуы т.б.
3. Анасының жүктілік кезіндегі зиянды әдеттері, инфекциялық аурулары, қан кетулер, әйел мықынының тар болуы, акушерлік қысқыштар қолдану т.б......
Жедел жүрек жетіспеушілігі-полиэтиологиялық симптомокомплекс, миокардтық жиырылу қабілетінің бұзылу салдарынан дамиды. Нәтижесінде мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі төмендейді және венозды жүйеде, өкпелік қанайналымда қан жиналып (застой ) қалады. Өкпе ісігі-интерстициалды тінмен альволада сұйықтың жиналуы. Этиология және патогенез. Миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеу себебі: Миокард массасының төмендеуі оң және сол жүректің гемодинамикалық күші.....