Оғыздар мемлекеті, құрамындағы тайпалар.Мемлекеттің саяси ролі. Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. .....
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттерінің бірі –ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Бұл жөнінде Республикамызда көптеген мемлекеттік құжаттар жарналанды. Білім министірлігінде былай деп жазылған: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогрессденгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетелдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады». Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан жақты білімді, мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және жоғары оқу орындары дайындайды. Жалпы білім беретін мектептерде оқу тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған тұжырымдамаларының маңызы өте зор. Олрдың бірі –Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы(13 мамыр,1992ж. ),екіншісі Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы (17 ақпан 1994ж.).Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жәніндегі ұлттық кеңес бекіткен «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы»(7 шілде 1994ж. ). Оқу тәрбие жұмысына тікелей байланысты осындай мемлекеттік құжаттар оқу құралын құрастыруда толық пайдалынады.....
Қоғам ұғымы, әлеуметтанудың басты санаттарының бірі болып табылады. Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын “табиғат” пен “қоғам” сияқты кең ұғымдарды шектеу, олардың ара жігін айқындап алу қажет. Бұл әлеуметтік-философиялық проблеманың дұрыс шешілуінің әлеуметтану үшін басты, әдістемелік маңызы бар. Біз, әдетте, адам, қоғам - табиғаттың бір бөлігі деп жиі айтамыз және оның негізі бар. Бұл жерде “табиғат” ұғымы бүкіл дүниенің, барлық шынайылықтың (органикалық және бейорга¬никалық дүниенің, адамның, қоғамның) табиғи бірлігін білдіретін аса кең мағынасында қолданылады. “Қоғам - табиғаттың бір бөлігі” деген тезис мына бір фактіні растайды: адам, демек қоғам да табиғаттан пайда болады; адам - басқа жанды тіршілік иелерімен ортақ қасиеттері көп және табиғат заңдарына бағынатын биологиялық тіршілік иесі; адам баласы тірі табиғат дамуының жоғары сатысы болып табылады; қоғам табиғи ортамен органикалық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болады және табиғаттан тыс және одан қол үзіп өмір сүре де алмайды, дами да алмайды; табиғат та, қоғам да өз дамуында ортақ іргелі заңдарға бағынады және т.с.с. Қоғамды табиғатқа қарсы қоятын басқа бір жағдайда “табиғат” ұғымы деп адамға, қоғамға қатысты сыртқы (табиғи-географиялық) орта ретіндегі тұтас шынайы дүние емес, оның тек бір бөлігі ғана түсініледі. Адам - мейлі ол өзінің көрінісінің жоғары нысанында болсын, биологиялық (тірі, табиғи) тіршілік иесі ғана емес, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан өрбитін тек өзіне ғана тән әлеуметтік сапалар мен қасиеттері бар, сапалық тұрғыдан жаңа, принципті ерекше құбылыс; ал қоғам өмірі - әлеуметтік санадан жұрдай және өзін жануарлар әлемінен бөліп көрсетпейтін жеке биологиялық түрлер әрекет ететін биологиялық өмірге (ұйымшыл-дығы жоғары жануарлар - адамға ұқсас маймылдардың өміріне) қосылмайтын сапалық өзіндік ерекше, әлеуметтік өмір екендігін көрсету және атап өту қажет болған кезде мұның ерекше маңызы бар. К.Маркс адам болмысын қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде анықтаған кезде, ол осы арқылы адамның ең алдымен қоғамның өнімі екендігін атап өтуге тырысқан.....
Арқалық батыр (18 ғ- дың ақыры - 19 ғасырдың басы, ҚХР, Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағы) - батыр. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста даңқы шыққан. Абақ Керей төресі. .....
Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен –басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды ‘’бүлдіруге’’ кіріседі және компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа ’’ауру жұққан’’ немесе ‘’бүлінген’’ деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус іске кірісіп, оның негізгі фукциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да ‘’жұғады’’ және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды ( мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т.с.с). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекетін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс жасай береді. Сөйтіп программа бұрынғысынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге ’’вирус жұққандығы’’ бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде ‘’ вирус жұққан’’ програмалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екенісырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін: - кейбір програмалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді - экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады. - компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды . - көптеген файлдардың бүлінгені байқалады. Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады. Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті оданда терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң біртіндеп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. ....
Гельминттер дегеніміз - адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі. .....
М.Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған әлеуметтік-экономикалық қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу кезеңінен билікке шығар кезде өздерін демократиялық басшылар әрекеттерінікіндей тенденцияға ие болды. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар жүйесі тарихқа “қайта құру” деген атпен енді. Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға бөлінеді. Бірінші: 1985ж. көктем – 1987ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс болды. Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір “қайта құру архитекторлары” есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина жасау импортын алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген. Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді. 1985ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болып қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. ....
Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады. Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз. “Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн. Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады. Объект дегеніміз белгілі бір немесе ерекше қасиеті бар объективті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы. Және де объективті шынайылықтың бір саласының өзі көптеген ғылымның зерттеу объектісі бола алады. Мысалы, физикалық шынайылық - көптеген жаратылыстану және техникалық ғылымдардың, ал әлеуметтік шынайылық - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің өнімі ретінде саналы, күрделі құбылыс және барлық қоғамдық ғылымдар үшін ортақ зерттеу объектісі болып табылады. Алайда осы ғылымдардың әрқайсысының өзіндік ерекшеленген зерделеу объектісі бар. Сондықтан көптеген қоғамдық ғылымдардың объектісі тұтас қоғам емес, оның қандай да бір жағы немесе көрінісі. Экономика ғылымдарының ерекшеленген объектісі – қоғамдық өмірдің материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, алмасу және тұтыну сияқты өзіне тән жақтары. Қоғам өмірінің экономикалық саласынан едәуір өзгеше жағы – саяси биліктің ұйымдастырылуына, қызмет етуіне және дамуына байланысты саясат саласы болып табылады. Және де ол саяси ғылымдардың ерекшеленген объектісі болып табылады. Бірқатар ғылымдар - мәдениеттану, әлеуметтік психология, педагогика және басқалар - қоғамның рухани өмірін, рухани құндылықтарды өндіру және бөлу, адамдардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру жолдарын, нысандары мен әдістерін зерделеуге арналған ....
Польша Республикасының жер аумағы – 312,7 мың км. Астанасы – Варшава қаласы. Әкімшілік жағынан провинцияға бөлінеді. Ұлттық мейрамы - қараша – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – злота. Мемілекет басқарушысы – президент. Польша Германияменр және төрт батысевропа елдері – Ресей, Литва, беларусия және украйна елдерімен шектесіп жатыр. Польша барлық елдермен қалыпты және болжамдауға болатын қатынастарды орнатуға бағытталған дәйекті сыртқы саясатты жүргізіп келсді. Сыртқы саясатта Польша әлемнің көп түрпатты құрылымының принциптерін басшылыққа алады. Варшава халықаралық бейбітшілікті, тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайту сияқты ұқсас көзқарастары бар елдермен бслсенді түрде ынтымақтасып келеді. Қазақстан Республикасының егемендігін алғашқылардың бірі болып таныған Польша біздің елімізбен жан-жақын қарым-қатынас орната бастады. Әңгіме шын мэнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Оның үстіне екі елдің өзара іс-қимылының терең қатпарлы факторлары Варшава мен Астананың көптеген көкейтесті халықаралық проблемаларға көзқарастарының жақындығын айіқындайды, мұның өзі ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталган сыртқы саяси өзара іс-қимылға, бастамаларды ,екі жақты қолдауға жәрдемдеседі. Халықаралық сахнадағы ынтымақтастық өзара қарым-қатынастың сапалы жаңа деңгейіне — стратегиялық эріптестік деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз екі мемлекет басшыларының тұрақты байланыстарын қоса алғанда, барлық деңгейлердегі жан-жақты байланыстарды білдіреді. Польша Республикасының біздің елімізге байланысты өзіндік бірқатар қызығушылығы бар. Біріншіден. Қазақстан жерінің табиғи минералдық шикізат көздеріне бай болуы, қай елдің инвестициясы үшін болсын ең тиімді аймақ. Сонымен бірге бүгінде Қазақстандағы поляк диаспорасы екі ел арасында жақсы байланыс дэнекері рөлін атқаруда. ....
Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады.Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны — өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі.Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік — бірімен-бірі қатар жүретін, бір жағынан бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды. Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде — Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. Гиппократ жұмыртқа клеткасы мен сперма организмнің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі-қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді. Ал Аристотельдің көзқарасы бойынша белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді. Яғни тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен келіп түспейді, керісінше, оның әр түрлі бөлшектерін құрастыруға арналған қоректік заттардан жасалады.....