Реферат: Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906)

Реферат: Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906)

Мұрат ақын XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі. Ол 1843 жылы қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жерде туған. Мұрат жас шағында әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақын ауыл молдасынан оқып, зеректігі арқасында тез арада мұсылманша хат танып, арабша жазу үлгісін үйренеді.

Реферат: Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906)1860 жылы жілікші ақынмен кездесіп, осы кезден бастап Мұрат айтыс өнеріне машықтана бастайды.1863 жылы Бала Оразбен және Жаскелін мен айтысқа түсіп жеңіске жетеді. Сонымен бірге басқа да ақындар айтысына қатысады, олар: Қалнияз, Жантөлі, Тыныштық Шолпан. Осындай айтыс өнері Мұратты ақындар мектебінің өнері оны шыңдай түседі. Мұрат өзінің бірнеше толғауларын, тарихқа байланысты жырларын өмірге алып келген ақын. Ол өз Отанын жырға қосқан мына толғаулары: «Жалғаншы фәни жалғанда» («Во времени обманном, бреном»), «Әттең қапы дүние-ай» («Омир, суетный, скоротечный»), «Өлім» («Смерть») ал қалған өлеңдерінде батыл, батыр, ержүрек жігіттерді, қалыңдық- қыз келіншектер, бүркітпен аңға шығу, сонымен бірге өмірдің қысқа екені туралы және де өмірдің құбылмалы сәттері көп деп өз өлеңдеріне қосқан.

Ақын өз өлеңдеріне кітап поэзиясын жырға қосқан ақындардың бірі. Соның бірі «Үш қиян»- бұл өлеңде ақын қарапайым халықтың тұрмыс-салтын, өзінің ішкі ойларын, арман мен үмітінде айтып, жырға қосқан ақынның бірі. Бұл жырда ақынның идеялық ойының өте әсерлі тұстары көп болды. Соның ішінде «Сарыарқа» күйінде халықтың басынан кешкен қиын заманды жырға қосқан.

«Қарасай қазы» мен «Қазтуған»батыр туралы айтылып, қазақтың басынан кешкен қиын-қыстау кезеңді жырға қосқан. Бұл жырда батырлардың өз елін қорғаудағы жанын беруге бар екенін суреттейтін тұстар өте көп. Бұл өлең қазақ халқының психологиялық жағынан тілдің, мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал еткен өлең жырдың бірі болды. Ол кісінің қойын дәптерінен табылған мына үш өлеңінде: («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа». Біздің қазіргі күнімізге дейін Махамбеттің өлеңдерін осы өмірге алып кеген ақынның бірі.

Мөңкеұлы Мұрат өзінің өлеңдерінде сонау ғасырдан келе жатқан қазақ елінің салт-дәстүрін есте ұстап, өзінің жырларына толық пайдалана білді. Сонымен бірге ол кісі қазақ әдебиетіне озық үлгі тастаған ірі тұлғалардың бірі болды.

Мөңкеұлы Мұрат өзінің сол кездегі патша үкіметіне қарсы, қарпайым халықтың тұрмыс-тіршілігін, ауыр тұрмысын жырға қосқан ақын.

Мөңкеұлы Мұрат бұрынғы кезең мен қазіргі кездің қоғамын ашып көрсете білген көзі ашық ақын-жыршының бірі болды.

Мөңкеұлы Мұраттың еңбектері «Мұрат ақынның Ғұар Қазиұлына айтқаны» (Қазан 1908ж), «Ақын» (1912 ж), «Мұрат ақынның сөздері» (Ташкент 1924ж), «Бес ғасыр жырлайды» (1989ж), «Алқаласа әлеумет» (1991ж) т. б. Және де Мөңкеұлы Мұраттың шығармалары орыс тіліне аударылған.

Мұрат жас кезінен жиын-тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде «шешен, тапқыр бала» атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі. Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын. Оның шығармаларындағы қайшылықтары мен қателіктеріне байланысты дарынды ақынның творчествасы соңғы кезге дейін жөнді бағаланбай келеді.

Мұрат Мөңкеұлы 1906 жылы 63 жасында, Жайық бойындағы Өрлік поселкесінде қайтыс болады.

Мөңкеұлы Мұрат шығармаларын зерттегендер: Х. Досмұхамедов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Тоқмағанбетов, Б. Омарова, Қ. Мәдібаев, Қ. Жұмалиев.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұрат мөңкеұлы туралы қазақша реферат, мурат монкеулы туралы казакша реферат, мурат монкеулы туралы казакша омирбаяны, мұрат мөңкеұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке мурат монкеулы, биография на казахском языке мурат монкеулы, биография на казахском языке, мурат монкеулы, реферат на казахском языке, мұрат мөңкеұлы туралы, қазақша реферат, мұрат мөңкеұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]