Қазақша реферат: Эстон халқының мәдениеті мен фольклоры

Қазақша реферат: Эстон халқының мәдениеті мен фольклоры

Төрткүл дүниенің төртбұрышындағы өзгеде әлем елдерінің фольклоры секілді Эстония халқының фольклоры да, Эстон мәдениетінің бір бөлшегі болып табылады.
Эстония фольклорының зерттелуі мен жинақталуы жайына келсек, ең алғаш болып 1843 жылдан қағазға түсіре бастаған Фридрих Рейнхольд Крейцвальд болды. Ол фольклорды зерттеуде ең маңызды нысан ретінде Эстониядағы тарихи аймақ Вирумааны алды. Көп жылдар бойғы зерттеу нәтижесінде 1866жылы «Эстония халқының көне ертегілер» атты еңбегін жариялады. Эстония фольклоры жөніндегі тың мәліметтерді «Gesta Danorum» еңбегегінен де ала аламыз. Аталмыш еңбекте эстон халқының ертеректе соғыс кезіндегі жауынгерлердің түнгі уақыттарда шайқасты күтіп отырғанда айтқан әндерінің тарихымен танысамыз. XIII ғасырдағы Генрих Левонский өз еңбегінде эстондықтардың салт-дәстүріне шолу жасап, олардың түсінігіндегі құдайлар мен рухтарға тоқталып өтеді. Сонымен қатар, 1578жылы Бальтазар Руссов олардың кең көлемде аталып өтілетін мерекесі қасиетті Иоанның күні мен жаз мезгілінің орта шенінде тойланатын мерекелерге сипаттама беріп өтсе, 1644жылы Иоганн Густафф Эстондықтарда құдайға табыну рәсмінің ерекше маңызға ие екендігін атап көрсетеді. Ал, 1865жылы Ж.Беклер жергілікті халықтың ырым-тиымдарын зерттеді. 1778 жылы И.Г.Гердер эстон халық әндерінің неміс тіліне аударылған 7 томдығын жариялады.
XIX ғасырдың басында Эстофильдік ағарту кезінде Балтық теңізінің бойындағы немістердің эстония халықтарының фольклорын зерттеуге деген қызығушылығы артты.Сол кезеңде Ж.Розенплантер негізін қалаған эстон тілінде Эстония әдебиеті мен фольклорынан хабар беріп отыратын журнал жарық көреді. 1842жылы Республика астанасы Таллинде эстон әдебиеті қоғамдық қоры құрылды. Аталмыш қордың басшысы, «эстон фольклорын жинақтаудың атасы» саналатын Якоб Хурт 1870жылдан бастап фольклорды зерттеп 12400 жолдық еңбек қалдырды. 1875-1876 жылдары «Ескі арфа»атты екі томдық халық әндері жинағы баспа бетінен көрінді.Одан кейінгі ізденістің жалғасы ретіндегі екі томдық 1938 бен 1941жылдар аралығында жарық көрді. 1904-1907жылдар ішінде 3 томдық «Сет әндері»атты жинақ басылып шықты. Эстон фольклорын жинақтауда1880жылдан аянбай еңбек еткен ғалым Маттиас Айзен болды. Оның зерттеу еңбегінің көлемі 90000жолды қамтыды.
Эстония халықтарының фолклорын ауызша тараған фольклор, музыка өнері мен би өнері деп бөліп қарастыруға болады. Аталғандардың ішінде көп кездесетіні-ауызша тараған фольклор.Бұл фольклордың 4 түрін атап көрсетуге болады. Олар:халық әндері, баяндау сипатында келетін фольклор, мақалдар-мәтелдер мен жұмбақтар. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар бірігіп, фольклордың қысқаша формасына жатады.
Эстондықтардың халық әндерін 2үлкен топқа бөліп қарастырамыз, бірінші топқа ертеден келе жатқан руникалық әндер кірсе, екінші топты жаңа формадағы рифм әндері толықтырады. Жаңа формадағы рифм әндері өз ішінде тағы да екі түрге жіктеледі.Бірінші түрі тақырыптық әндер де, екінші түрі халық әндерінің атқаратын қызметіне байланысты туған әндер. Халық әндері алдыңғы ұрпақтың кейінгі толқынға қалдырған ойлары мен сезімдерін әсерлі де көркем жеткізеді. Сонымен қатар олардың өзіне тән орындау стилі мен поэтикалық ерекшелігі болады.
Мазмұны мен формасына қарай баяндау сипатында келетін фольклор әрқайсысының ішкі ерекшеліктеріне байланысты 3 түрлі жанрға жіктеледі. Олар:ертегілер,дәстүрлер,анекдоттар. Фольклор зерттеушілері соңғы кезде бұл топқа 4-інші жанр ретінде ертеде дәстүрмен тікелей байланысты туған ертегілерді бөліп қарасытырып жүр.
Эстон фольклоры бірнеше қасиеттерді бойына жинаған синкретті өнер түрі. Халық әндерінің орындалуы, мәтіні,сазы билеуге ыңғайлы болып келеді. Ал билеріне келсек, міндетті түрде музыкалық сүйемелдеуді қажет етеді.Эстон халқының әндері пайда болуына байланысты көне әндер мен жаңа әндерге бөлінеді. Көне әндер архаикалығ тіл ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Онда аллитерация мен параллелизм (егіздеу) көп кездеседі. Көбінесе эстон әндері 8буыннан құралып, динамикалық екпін бірінші буынға түседі. Эстон әндерін, эпостарын құрастыруды алғашқылардың бірі болып бастаған Ф.Р.Фельман болса, оның ізін жалғаушы Ф.Р.Крейцвальд эстон мәдениетінде ойып тұрып орын алатын, ән мен би, дәстүр элементтері тоғысқан «Калевипоэг» эпосын 1857-1861жылдары шығарып, халыққа ұсынды.
Халық әндерінің барлық түрі XIX ғасырдан бастап той үстінде шырқала бастады. Эстон дәстүрі бойынша үйлену тойында қалыңдық жақтан, күйеу жақтан бір-бір орындаушыдан шығып, ән айтудан жарысқа түсетін болған,тойдың ең маңызды сәттері ән айтумен тікелей байланысты болған. Мұндай кезде қалыңдыққа біршама салмақ түседі, себебі тойда орындалатын әндердің басым көпшілігін қалыңдықтың өзі орындауға тиіс болған.Сол себептен де эстон халқында қыздардың ән айта білуі зор маңызға ие.Тіпті ән айта білмеген қыздардың тұрмысқа шығуы біршама қиындықтар туғызған. Халық әндерінің көп сақталып, дамып отыруына аталмыш дәстүрдің тигізген ықпалы орасан. Халық әндерін орындау Эстонияның Кихну аралында кең түрде дамыған. Эстонияда ән айту дәстүрін жаңғыртып, таратуда әйелдердің үлес салмағы басым болып келеді. Олардың ішінен шебер орындаушылар мен дарынды композиторлар да шықты. Солардың ішінде атақты әншінің бірі, Пайсту аралында дүниеге келген Эпп Вазар (1828-1895) болды. Оның жеткізуімен 1874-1875жылдары 800 халық әндері жазылып алынды. XX ғасырдың басында қарапайым шаруа әйел- Мико Одэнің айтуымен Я.Хурт 20 мың жолдан асатын жыр жолдарын жазып алды. Бұл тізімде ерекше атап өтуге тиісті өнер иесі Анна Вабар.Ол тек ән орындаушы ғана емес, импровизатор да болды.
Эстон фольклорының келесі бір кең таралған түрі-балладалар. Эстон балладалары көбінесе ертедегі феодалдық қоғамға қатысты шығып отырды. Сол кезеңде шыққан балладаларға: «Жазықсыз қыз», «Алтын әйел» атты балладаларды жатқыза аламыз. Кейбір баллада түрлері финдік және карельдік фольклормен ұқсас болып келеді.Ескі балладаларында қоғамдық мәселелер көп қозғалады. Мысалы: «Сатылған қыз» бен «Қызын өлтірген әке» балладалары. Тұрмыстық мәселелер жайынан сөз қозғайтын «Жоғалған қаздар» мен «Ұрланған жылқы» баладалары. Ескі дәстүр ұшқынын көптеген еңбекке байланысты туған әндер мен салт-дәстүрден туған әндерден көре аламыз. Бақташы өміріне байланысты туған әндер Эстонияның Оңтүстігінде көп сақталған. Бәрімізге белгілі болғандай көп әндер үй тұрмысындыағы шаруаларды атқару барысында туған.
Маусымдық әндеріне қасиетті Иван күнінде, Мартын мен Катеринин мерекелерінде шырқалатын әндер жатады.
Мұңды,зарлы әндері қалыңдықтың үй-ішімен қоштасарында, жерлеу рәсімі кезінде орындалады.
Эстон фольклорында әскери әндер мен батырлық жырлардың үлес-салмағы өте аз.
Эстон фольклорының келесі бір маңызды бөлшегі ауызша тараған фольклор.Бұл құрамға ертегілер, салт-дәстүрлер мен анекдоттар кіреді. Ертегілер мейлінше кең тарап, сақталғын аймақ Эстонияның оңтүстігі.Бұл аймақтағы ертегілердің мазмұны,көбіне орыс ертегілеріне ұқсас болып келеді. Тағы айта кететін жайт мұнда әлі күнге дейін шебер ертегішілерді кездестіруге болады. Қазіргі таңда К.Юргенсон мен П.Кяэрдің халық ауызынан жазып алған ертегілері өте құнды мұралардың бірі. Эстон ертегілерінде халықтың наным-сенімі, ырымдары, күнделікті тұрмыста болып жататын жағдаяттардың сюжеттері молынан кездеседі. Эстон ертегілерінің ішінде сюжетінің әр түрлілігімен, варианттарының едәуір көп болуымен қиял-ғажайыпқа құрылған ертегілер ерекшеленеді. Сонымен қатар жануарлар, ақымақ дәулер жайлы ертегілерді халық арасында көп айтылып жүреді. Эстондықтардың сүйікті ертегілерінің бірі ретінде «Үй иесінің қыз және жетім» ертегісін атап өтуге болады. Мұнда жетім қыз өзінің еңбекқорлығымен, қашанда бәріне көмек көрсетуге әзір тұратын мінезімен бақытқа жеткені айтылса, қатыгез үй есінің қызы бақытқа қол жеткізе алмайтыны жөнінде айтылады. Яғни, эстон ертегілері жақсылықтың қашанда еленетінін, әділдіктің жеңітінін айтып отырады. Осындай танымал ертегілердің қатарына «Алып жігіт» ертегісін жатқыза аламыз. Аталмыш ертегі орыс халқының «Иван-Медвежье ушко» ертегісімен мазмұндас. Ал, қиял-ғажайып ертегілерінің сюжеті неміс ертегілеріне ұқсас болып келеді. Жануарлар жайлы ертегілердің негізгі персонаждары: аю, қасқыр, түлкі болып келеді. Үй жануарларынан ит, мысық, ат пен қораз кедессе, діни сарындағы ертегілердің негізгі кейіпкерлері: ешкі, қой, шошқа мен бұқа болып табылады. Балалар ертегісіндегі кейіпкерлердің белгілі бір дәрежеде сәйкестігімен эстон балалар ертегісі беларусь және украйын ертегілерімен ұқсас.
Эстон ертегілерінің ішінде тағы бір кең тараған түрі-алып, ақымақ, сұмдар жайлы ертегілер. Бұл ертегілер көбінесе сатиралық әжуаға құрылады да, циклды болып келеді. Ақымық, сұмдардың прототипі ретінде байлар алынады, бұл таппен күресуші қарапайым да қу шаруа Анте алынады.
Анекдоттарында сараңдық пен жалқаулықтың, адам бойындағы ұнамсыз қасиеттер екені айтылады.
Ал,аңызға құрылған прозалық туындылары халықтың қоныстанып отырған табиғат жағдайындағы ерекшеліктерге байланысты туындап отырған. Ең танымал туындыларға таулар,жазық далалар,шөлді алқаптармен,өзен-көлдердің қалай пайда болғаны жөніндегі аңыздар тобы. Мистикалық аңыздардың қамтитын тақырыбы қарғыс, өлілер, үй кезіп жүретін әруақтар мен елестер жайлы.
Эстондықтардың тарихи жырлары басқа халықтармен салыстырғанда аз деуге болады. Олардың тарихи жырлары ескі бекіністер мен немістердің жаулап алу кезеңімен тығыз байланысты. Эстон тарихи жырларының негізгі кейіпкерлері швед королі КарлXII мен орыс патшасы ПетрI-дің Эстон территориясына шапқыншылығы кезінде туған жырлар. Мұнда ерекше орынды алыптар мен батырлар алады. Тарихи жырлардың басым көпшілігі Калевипоэгтың маңайына топтастырылады. Себебі ол өз кезеңінде ерлегімен ерекше көзге түседі. Және де Калевипоэг қарапайым халыққа әркез көмек қолын созып, игі істер жасап жүрген. Калевипоэг туралы тарихи жырлар Эстонияның солтүстік-шығысы Причудьяда кең тарап, орыс батыры Добрын Никитич туралы жырмен белгілі дәрежеде араласып, параллель қолданылуда. Сааремаа аралында алып Тюшль жайлы жырлар кездеседі.
Эстон фольклорында халықтық драма мүлде кездеспейді, есесіне ұлттық ойындарға деген қызығушылық пен сүйіспеншілік жоғары болып, кең тарады. Ұлттық ойындардың негізгі мәні жастардың сауық құрып, көңіл көтеруіне мән береді. XIX ғасырда ұлттық ойындар эстон ауылдарында белгілі мерекелер кезіндегі көңілді бимен жалғасып отырды. Ұлттық ойынның қызған шағы қыс мезгілі болды. Сол себептен де ойындардың бір парасы «қысқы мерекедегі ойындар» деп аталып кеткен. Ескеретін жайт, эстон ойындары финн халықтарына да ортақ мұра болып саналады. Ең көне ойындары аллитерациондық музыкамен әуеннің сүйемелдеуімен жүріп отырады және архаикалық тіл мәнерімен ерекшеленеді. Ойын сюжеттері қарапайым тұрмыстан алынады. Мәселен бақташы қойларын қасқырдан қорғауы жайлы («Қасқыр мен қой»), қаршығаның тауықты ұрлауы, жоғалған жылқыны іздеу осындай сюжеттердің желісімен ойындар құрастырылған. Ойындар әннің сүйемелдеуімен жүріп, диалогпен жалғасады да, белгіленген қимыл-қозғалыстармен аяқталған. Аталған ойындар қатысушылардың шеңбер түрінде қатарласа тұрып немесе екі қатарға тізілген сипатта жүреді. Тек ер адамдарға арналған ойындар спорттық мінез-құлықты дәріптеді. Қыс мезгіліндегі ойындар кезінде жерге сабан төселінеді. Ер адамдарға арналған ойындар олардың тепе-теңдікті сақтауына, епті болуына, ер адамдарға тән жұмыстарды аң аулауда, асау үйретуде өз пайдасын тигізеді.
Эстон халқында мақал-мәтелдер, біздің халықтағы секілді тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін жеткізеді. Мақал-мәтелдерден мысал келтірер болсақ:
Тұзсыз ет шіриді,
Жұмыссыз ер жүнжиді.
***
Орманға сен қалай қарасаң,
Орманда саған солай қарайды.
***
Төсенішіңді қалай салсаң,
Түсіңдң де солай көрерсің.
***
Жылы сөз салқын судан да жақсы сергітеді.
***
Уайым ұйқыңнан айырады,
Күйік сұрқыңнан айырады.
***
Абай болу-ақылдылықтың арнасы.
***
Тары жоқта тауық өспейді.
***
Қонақ болып қандырсың құмарыңды,
Есте сақта есіктен шығарыңды.
***
Еңбексіз өтер өмір де бір,
Ерте келген өлім де бір.
***
Аяз: «Қолғабың қайда?»-дер,
Ақпан «Байпағың қайда?»-дер.

Эстон халқының наным-сенімдерінің біршамасына тоқталып өтсек, олардың түсінігінде, егерде әмияндарында балықтың қабыршағын салып жүрсе, ақша көбейе береді-дейді. Және ақшаның ең майдасында,тиынды да,тіпті қажет болмайтын монетаныда тастамау керек екендігін айтады, тастаған жағдайда кедей болып қаласың деп сенеді. Эстондықтар үйден шығардан алдын, бір тілім нан жегенді дұрыс санайды, жеп шықпаған жағдайда бір бақытсыздық орын алады деп түсінеді. Ал, тамақтанып болған соң, үстелдің үстін арнайы майлықпен сүртуді жөн көреді, егерде қолымен сүрткен жағдайда, үй-ішінде ұрыс-керіс болады десе, қағазбен тазалаған жағдайда, аштыққа алып соқтырады деп есептейді. Жаңа жылдық дастарханда кем дегенде 12 түрлі тағам болуы шарт дейді, себебі келген жаңа жыл бойы дастархан жайнап, еккен егінің мол өнім беріп, тоқшылық болады делінеді. Жаңа жылдың алғашқы күнінде үйдің табалдырығын ер адам аттаса жыл қуаныш пен шаттық жылы болады дейді де, әйел адам келсе бақытсыздық әкеледі дейді.
Эстондықтардың маңызды мерекелерінің бір-Рождество. Сол себептендн бұл мейрамды тойлауда эстондықтардың тек өздеріне ғана тән ұстанымдар мен дәстүрлер қалыптасқан. Рождестволық мерекелер мерзімі жағынан көп уақытты қамтитын мереке. Бұл мейрам үш бөлікке бөлінді:
1)Рождество-25-27 желтоқсан аралығында тойланатын бірінші кезеңі.
2)Жаңа жыл-31желтоқсан мен 1қаңтар аралығында тойланатын екінші кезеңі.
3)Үш королдің күні- 6қаңтар күні тойланады.
Әлемнің басқа халықтары секілді эстондықтарда жаңа жыл кешіне дейін үйлерін тазалап қояды. Өздеріде тазаланған соң, церковьке бару міндетті болып саналады. Одан соң олар үйлеріне сабын алып келеді де сол кезден бастап жаңа жылды басталды деп санайды. Бұл ырым ертедегі финн-угор халықтарынан бастап, сақталған. Көп жылдар алдын, мереке күндері арғы дүниеге кеткен туыстарының рухы үйге оралады деп ойлаған, рухтарды дәмді тағамдармен күтіп алып, үй ішінде айқай-шуды болдырмай тыныштық күйде шығарып салу керек делінеді.Ал жатын бөлмелерін жаңа жыл күні бос қалдырған, себебі рухтар түнейді дейді де, өздері күндіз алып келген сабан үстінде түнеген. Алып келген сабандарды қалыптасқан дәстүр бойынша 3-7 күнге дейін, кей жерлерде Үш король күні біткенше сақтаған, яғни алтыншы қаңтарға дейін.
Балтық бойының басқада елдері секілді аспапты музыка мен ұлттық халық аспаптары эстон мәдениетінде ерекше маңызға ие. Қазіргі таңдағы эстрада жанрындағы әндерде де ұлттық аспаптардың сүйемелдеуі кездеседі.Ұлттық аспаптар қатарына волынка мен каннеля жатады. Жалпы эстондықтар балаларына жастайынан музыканың құдіретін ұғындыруға тырысады. Және балаларының ән айта білу қабілетін ашуда флейта аспабының көмегіне сүйенеді. Эстон халықтарының ұлттық аспаптарын Херберт Тампере екі үлкен топқа жіктейді:
Бірінші топқа жоғарыда атап өткен волынка мен варгания жатса, екінші топқа гитара, фортепиано және скрипканы қосады.
Эстон мифологиясы. Эстон мифологиясы фин мифологиясымен жақын туыстығына қарамастан,ескі эстониялық нанымды эпикалық шығармалар арқылы қалыпқа келтіруге болады,оның ішінде басты орын алатын поэма - Kalewi pœg.Ежелгі эстониялықтар үшін Жоғары құдірет иесі Jumala болып саналған. Taara эстондықтарда барлық қарым-қатынастың атасы,және де найзағай құдайы,соғыс құдайының бір бөлігі,күннің басқарушысы болып табылады. Орманға барып,оның құрметіне жасалған волынка аспабының дыбысымен табынған.Жоғарғы құдай әлемді тек қана өзі емес,сонымен қатар өз ұрпағымен бірлесіп басқарып отырады.Kalewi pœg поэмасында аспан шырақтарына құрмет көрсетудің іздері көрініс тапқан.Видеман күн мен ай тірі жаратылыс деген де көзқарастар бар екенін айта келіп,өзінің де осыған сенетінін растайды.Rugutaja – жер құдайы болса, Tulu ema - жел анасы. Күні бүгінге дейін халық арасында Metsa isa, Metsik'a деп аталатын малдарға әмірін жүргізетін долы орман рухына сенушілік сақталған.Оның құрметіне арналып көктем мезгілінде би биленіп,ән айтылады.Эстон халқының су құдайының патшалығы финдерге қарағанда кенжелеп дамыды.Теңіз - бар байлық пен берекенің бастауы; Ahti -теңіз құдайы,- бар жаратылыстың ең биігі;ол адамдардан алым-салық алып тұратын болған,оның есесіне көп балық берген.Профессор В.Ф.Миллер Ahti және Ванемуйне құдайларынан біздің батырлық сюжеттеріміздегі Садко мен теңіз патшасының прототипін көреді.Эстониялық рух әлемі екіншілік жаратылыстың қатарларымен бітеді:1. Иірімдерде шомылатын,әр түрлі жануарлар бейнесіне айналып кету қабілетіне ие, ер және әйел жынысты су перілері (Näkk),2. Жерасты рухтары (maa allused) - металл иелері;3. Үй аруақтары; 4)Не Жәннатқа кірмей, не Тозаққа кірмей адасып қалған жандар, т.б Бұрынғы наным-сенім бойынша,өлілердің жаны көмілген орнында тыныштық табады деп сенген.О дүниелік өмір екі патшалықтан тұрады: аспан патшалығы және жер патшалығы.Жер патшалығының тұрағы «атаның» табанының астында, мәңгілік қуаныш пен бақытта құдайларға тамашалай қараған Kalewi pœg поэмасындағы басты қаһарман барған жерде орналасқан.Өлілер патшалығы, Manala или Tuonela- барлық жағынан қорқынышты өзендер, жабайы әрі жыртқыш аңдар қоршаған орын.
О дүниелік әлемнің иесі - мейірімді де емес,зұлым да емес Tuoni.Эстондық эпоста Kalewi poeg-тың түнек патшалығында бастан кешкендері толық баяндалады. Эстондық мифологияда жақсылық пен жауыздық арасында тартыс болған емес.
Қорыта келгенде, эстон фольклорының жанрлық құрамының әр түрлілігі, келер ұрпаққа беретін сан ғасырлық мазмұны жағынан аса бай екенін байқадық. Эстон фольклорының қай түрін алсақта, біздің халықтың мәдениетімен мазмұндас келеді. Себебі эстон халықтарының мәдениеті де терең тәрбие мен сыйластыққа шақырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Н.И.Балашов История всемирной литературы. – Москва 1985
2. Ф. Р. Крейцвальд Старинные эстонские народные сказки и старые песни.- Таллин 1860
3. О.Асқар Әлем халықтарының ертегілері.- Алматы 2005
4. Маржан сөз. – Алматы 1991
5. https://ru.wikipedia.org/wiki/Эстонский_фольклор ғаламтор желісі.

Дайындаған: Дана Мырзақадырова

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эстон халқы, эстон халқының мақал мәтелдері, эстония халқы, эстония халқының мақал мәтелдері, Эстон халқының мәдениеті мен фольклоры, Эстон халқының мәдениеті, Эстон халқының фольклоры, Эстон, болып, эстон, халық, болады, әндер, байланысты, ішінде, әндері, келеді, халқының, Эстония, туған, фольклоры, ойындар, жайлы, тарихи, әндерінің, топқа, болды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]