Қазақша реферат: Арыстан Баб
Арыстан баб — әулие. Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз (пір) болған. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның ұрпақтары да кейін Иасауи құрған сопылық ұйымдар жетекшілері болды. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Ғылыми әдебиетте Арыстан баб жайлы мағлұматтар көп кездеспейді. Дегенмен Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Өлең жолдарынан Арыстан бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. «Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласы маңында. Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғасыр шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Кесене мемлекет қорғауына алынған.
Аңыз бойынша, Арыстан Баб Мұхаммед пайғамбардың шәкірті болған. Бірде, Мұхамед пайғамбар шәкірттерімен бірге құрма жеп отырады. Құрманың біреуі қайта-қайта табақтан түсіп қала береді. Сол кезде пайғамбарға Алладан «Бұл құрма сізден кейін 400 жылдан соң дүниеге келетін Ахмет деген мұсылман баласына арналған» деген аян келеді. Сонда Пайғамбар шәкірттерінен бұл құрманы болашақ иесіне кім жеткізетінін сұрайды. Ешкім жауап бермейді. Пайғамбар қайтадан сұрайды. Сол кезде Арыстан Баб былай беп жауап берген екен: «Егер Алладан 400 жыл өмір сұрап әперсеңіз, мен жеткізер едім» дейді. Деректі қолжазбалар мен аңыз әңгімелерге қарағанда Арыстан Баб 400 жылдан соң Қожа Ахмет Иассаудың ұстазы болады. Қазіргі уақытта Арыстан Баб мазаратының орнында үлкен кесене орналасқан. Тарихи деректер бойынша бұл кесене XII — XVIII ғасырларда салынып бірнеше рет жөнделіп, қайта салынған.
Арыстан баб кесенесі
Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: