Қазақша реферат: Медеу Пұсырманұлы (1850 - 1908)

Қазақша реферат: Медеу Пұсырманұлы (1850 - 1908)

Медеу мұзайдынының атауы -тарихи тұлға, 1850 туылып, 1908 жылы қайтыс болған Медеу Пұсырманов ақсақалдың атына байланысты қойылған. Халық арасында Медеу ақсақал туралы көптеген аңыз бар. Медеу мыңғырған малы бар, дәулетті адам болған. Өзінің еңбекқорлығымен мал жиған дәулетті адам. Жас кезінде адал еңбегімен алған малдарының басын құрап, көбейтіп кейіннен дәулетті адамдардың қатарына қосылған. Ақсақал көзі тірі кезінде маңайындағы кедей-кепшіктерге қол ұшын беріп, қазақ балаларын оқытуға қамқорлық жасапты. Қала көшелеріне сәнді үйлер салғызып, қыстауы Медеуден биігірек жерге сел тасқынға қарсы бөгет орнатқан. Зорлық, әділетсіздік көргендерге арашашы болып, өмір бойы қазақ атаулыға қамқор болған жан екен. «Медеу ақсақал қайтыс болғанда қалың қазақ күңіреніп, қабырғасы қайысып, дүйім жұрт болып қастерлеп жерлепті.» деген аңызды кез-келген алматылық біледі.

Қазақша реферат: Медеу Пұсырманұлы (1850 - 1908)ХІХ ғасырда Ақтекше, Көкбастау жерінде болған қақтығыстарда қырғыз ағайындардың ұрда-жық бай манаптары мен олардың қолшокпарлары болған жалдамалылары тыныш жатқан қазақ ауылдарына шабуыл жасап, маза бермейді. Мұндай озбырлыққа шыдай алмаған, намысшыл Пұсырман атамыз жақын ауылдардан қол жинап, дұшпанға қарсы шығады. Жауын жайратып, еліне жеңіспен оралады. Ауылдағылар Пұсырман батырдың ерлігін әспеттеп, жақпар тасқа атын ойып жазады. 1860 жылы қоқандықтармен болған соғыста тағы асқан ерлік көрсетіп, замандастарының арасында зор құрметке бөленіп, көзі тірісінде батыр атағын алады. Ұлы жүз шапырашты Болай елінен шыққан Пұсырманұлы Медеудің 1850 жылы кіндік қаны тамған жері- қазіргі Алматы обылысы Жамбыл ауданы, Сүйінбай атындағы Қарақыстақ ауылы. Медеу атамыздың үш әйелі болған. Атамыздан тараған 20 баласы сайдың тасындай абырой, даңқымен ер жетіп, ел қатарлы өмір сүреді.

Медеу Пұсырманов – Қазақ, орыс тілін жете меңгерген, өткен ғасырдағы көзі ашық, сауатты адамдардың бірі. Верный бекінісінің генералы Г. Колпаковскиймен, белгілі сәулетші А. Зенков, атақты ғалым Э. О. Баум, Н. Мойсеев сияқты озық ойлы адамдармен жете араласып, жақын достық қарым-қатынаста болады. Сол кездегі зиялы қауым өкілдері бір-бірімен тығыз араласып, еліміздің өркендеп дамуына өзіндік үлестерін қосқан. Медеу атамыздың жастық шағында 1887 жылы 28 мамырда өте қатты жер сілкінісі болған, көп адам қаза тауып, екі мыңға жуық үй қирап қалған, жалпы, қаламыз 2 миллион сомдай зиян шеккен. Сәулетшілер үй –жайды жер сілкінісіне шыдайтын ағаштан немесе кірпіштен соққан дұрыс деп шешеді. Осы жер сілкінісінен кейін қала сәулетіне айрықша мән беріліп, сәулетті жаңа үйлер тұрғызыла бастаған. Тарихи деректер бойынша 1898 жылы 28 қаңтар айында Верный уезінің үшінші аулының тұрғыны Медеу Пұсырманұлы сол кездегі Жетісу губернаторы Колпаковскийге өтініш жазады. Сол өтінішінде Кімасар аңғарының бойындағы генерал Колпковскийдің ескі саяжайының орнына ағаш үй тұрғызуға, 20 түп алма ағашын отырғызып, бау жасауға рұқсат сұрайды. Көп ұзамай Түркістан өлкесінің генерал-губернаторынан Кіші Алматы болысының болысы Медеу Пұсырманұлына жазған жауабында жерді еркінше қажетіне жаратып, ағаш үй тұрғызып, бау-бақша жасауына рұқсат алады. Осыдан кейін Көкжазықтың қарсы бетіндегі өзен жағасынан үш ағаш үй сала бастайды. Кейін бұл Медеу ақсақал салған ағаш үйлер «Просвещенец» демалыс орындарына, мектеп оқушылары мен мұғалімдердің сүйікті демалыс орнына айналған. Медеу Пұсырмановтың әсем салынған сәулетті үйлері қала орталығындағы (Калинин) Қабанбай батыр және Масанчи көшерерінің түйіскен жерінде сәулетші А. Зенковтың жобасы бойынш салынған. Төбесі қаңылтырмен салынып, ағаштан әшекей ойып салынған бес бөлмелі Медеу үйінің бөлек моншасы да болған. Бұл үйдің орнына кейіннен «Целинный» кинотеатры мен Никольск базары бой көтерді. Медеу атамыз ірі байлардың қатарына жатпаған. Асылтұқымды жылқылары, мыңдаған малы болған, бірақ өте мейірімді адам болғандықтан мұсылмандық жасап, кедей-кепшік, жоқ-жетіктерге көп көмектескен.

Білікті әрі іскер азамат Медеу Пұсырманұлы сол кездегі Верный уезінің №3 аулына болыс болып сайланып, Санкт- Петербург арқылы мұсылмандық шартын орындау үшін 1906 жылы Меккеге барып, қажы болып оралған. Кейін Мәскеу арқылы барды. Медеу Пұсырманұлының тың жолмен баруының өзі ол кісінің заман талабына сай, жаңаша ойлау қабілетін аңғартса керек.

Медеудің үлкен баласы Жайшыбек Тоқаш Бокинмен Алматы қаласындағы гимназияда бірге оқыған, жақын дос болған. 1929 жылы қазақ елінің белгілі халық ақыны, композитор, домбырашы, әнші Иса Байзақов пен мемлекет қайраткері, сол кездегі Қазақ ССР Халкомсовының төрағасы Ораз Исаев аумалы-төкпелі заманды ескеріп, Медеу балаларына: «Қолдағы бар малдарды мемлекет меншігіне өткізгендерің жөн», -деп кеңес береді. Балалары ертесіне-ақ малдарын Кеңес өкіметіне өткізуді ұйғарады. Малдарын мемлекет меншігіне өткізіп, колхоз мүшесі болып енеді. Кеңес өкіметі құрылғаннан кейін Медеудің балалары, туыстары қаланың өркендеуіне өзіндік үлестерін қосқан. Медеу атамыз Іле ауданның Ащыбұлақ аулында жерленген.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Медеу Пұсырманұлы туралы қазақша реферат, медеу пусурманов туралы казакша реферат, медеу пусурманов туралы казакша омирбаяны, Медеу Пұсырманұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке медеу пусурманов, биография на казахском языке медеу пусурманов, биография на казахском языке, медеу пусурманов, реферат на казахском языке, Медеу Пұсырманұлы туралы, қазақша реферат, Медеу Пұсырманұлы, Медеу Пұсырманов туралы қазақша реферат, Медеу Пұсырманов туралы қазақша өмірбаяны, Медеу Пұсырманов туралы, Медеу Пұсырманов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]