Қазақша реферат: Жасыбай батыр (шамамен 1716-1741)
Жасыбай батыр - 18 ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған ірі тұлға. Әкесі-Өмірәділ от ауызды, орақ тілді шешен адам болған адам болған. Анасы-қазақтың атақты батыры Оожабайдың апасы. Шежіре деректерде батырды «Олжабайдың жиені» дейтіні де содан. Жасыбай екі ағайынды болған, інісі Байсары да жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен көзге түскен белгілі батырлардың бірі көрінеді.
Жасыбай жөнінде Н. Я. Коншиннің жазбаларында, халық шежірелерінде, аңыз-әңгімелерінде, батырдың өзіне арналып шығарылған «Ер Жасыбай» жыр- дастанында біраз мағлұмат берілген. Соларға қарағанда, ол Олжабайдың жиені ғана емес, жауға бірге шапқан серігі, жақын досы болған. Жастайынан жауырыншылығымен, құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Баянауыл өңірін қалмақтардан тазартуда үлкен ерлік көрсеткен. «Ол-жауға бірнеше дүркін соққы берген әйгілі батыр. Бірде қазақтардың қолбасшысы Олжабай батыр Жасыбай батырға жауынгерлермен келе жатқан қалмақ олының алдынан шығып, олардың жолын бөгеп, бері жібермеуді тапсырады. Мыңға толмаған жасақты бастаған Жасыбай батыр жаумен асқан ерлікпен соғысады. Бірақ аңдаусызда сауытының желке тұсындағы ашық жерінен қалмақтың оғы тиіп, содан өледі. Қазақ қолы қалмақтарға төтеп бере алмай ығыса бастайды. Сол кезде қырғын болған таудың шатқалына Олжабай бастаған әскер кіреді. Жеңілген қалмақтардың ұлардай шулап, жалбарынған дауыстарынан тау іші күңіренеді. Сонда Олжабай батыр: „Сендердің бәріңді қосқанда, өлген Жасыбай батырдың шынтағына тұрмайсыңдар“ деп, жауынгерлеріне „жауды аяған жаралы“ екенін ескертеді. Қалмақтардың бұл жолы қырылғаны сонша, өліктері жолдың ұзына бойына шашылып қалды» (Н. Я. Коншин). Бұл деректердің дұрыстығына «Олжабай батыр» жырындағы: «Келген жолмен шұбырып, Есепсіз жолда қырылып, Баян тауын жанапты. Қақайып садақ тартқанда, Қалмақтың тиіп сұм оғы, Жасыбай қалды жығылып» деген жолдар да, соғыс болған жердің бұл күнде «Қалмақ қырылған» атауы да дәлелдей түседі.
Туған елін, өскен жерін ата жауын азат ету жорығында сан ерлігімен көзге түсіп, осы игі мақсат жолында қаза тапқан ерінің есімін ардақтаған халқы кейін Баян тауының ол қорғаған асуына «Жасыбай асуы», көліне- «Жасыбай көлі» деген ат берілді. Ол жерлер қазір солай аталады.
18 ғасырдың 40 жылдарында жоңғарлар Баянауыл даласында Ертіс өзені жағынан басып алмақ болған, Жасыбай батыр өзінің серіктерімен бірге жоңғарларға қатты тойтарыс берді. Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыста жау оғынан қапылыста қаза тапқан. Павлодар облысы Баянауыл ауданында Жасыбай көлі, Жасыбай асуы деген жерлер бар. Жасыбай батыр жерленген бейіт сол асудың үстінде.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: