Қазақша реферат: Күлтегін батыр Құтылығұлы (684-731)

Қазақша реферат: Күлтегін батыр Құтылығұлы (684-731)

сурет: Касымов Досбол

Күлтегін және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры. Құтлық қағанның кенже баласы. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс-тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Ағасы Білге қаған және Тоныкөкпен бірге Күлтегін 712–713 ж. ж түріктердің әскерін Соғды мемлекетіне бастап келіп, оның билеушісі Гуректі жақтап араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслиммен соғысқан.

Қазақша реферат: Күлтегін батыр Құтылығұлы (684-731)Бұл ретте түркінің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіш тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «Әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұл Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У-хыудың қапағанның басына ақша тігіп, кімде-кім оны өлтірсе, соған «Жан-чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо-Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түркі еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау-жыу және Дин-жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген.

712 жылы Алтайды мекендеген қарлұқтар мен түркілердің бір бөлігі бұларға қарсы шығады. Шегіну кезінде Күлтегін үлкен жасықпен кейін қалып, негізгі күшті қорғап қалады. 714 жылы Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп қарлұқтармен олардың одақтастарына соққы береді. 715 жылы Күлтегін азаларды Қаракөл өзенінің төңірегінде ойсырата жеңеді. Қытай жазбаларына сүйенсек, 715–716 жылдары Шығыс Түрік қағандығы ішкі дағдарыс жағдайында болған. 716 жылы бүлікшілер хан ордасын басып алмақ болғанда Күлтегін қорғанысты ұйымдастырып, оларға тойтарыс берген. 716 жылы бүлік шығарушылардың бірі иер-байырқу халқы шабуылынан Қапаған қаза табады. Оның таққа иегер баласын Күлтегін өлтіреді де, билікке ағасы Білге қағанды отырғызады. Күлтегін қағандықтың сол қол шады және бас қолбасшысы болып тағайындалады.

Олар дана Тоныкөкті ел басқару ісіне қайта шақырады. Күлтегін түркі мемлекетін нығайту мақсатымен бірнеше рет жорыққа шығып, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытты. 718 жылы қас дауы табғаштар шабуылын тоқтатты. Қағандық шамамен 721–722 жылдары Қытайға, шамамен 722–723 жылдары татабыға жорықтар жасаған. өздерін толығымен іргелес мемлекеттерге мойындатқаннан кейін көрші елдермен саяси қатынастарын жақсартты. Ішкі –сырқы саясатқа Күлтегін тікелей араласып отырған. 723–733 жылдар аралығында мемлекет ешбір елмен соғыспай, халық бейбіт өмір сүрді.

Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып, қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай-ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудыудың авторы Йолығ-тегін Күлтегін ерлігін былайша бачндайды: «Он алты жасына келгенде… алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Он тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандадық. 21 жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мпініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың Боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. Үшіншісінде Сілікбек-иегіннің Торы атын мініп шапты.

Ол ат та сонда өлді. Күлтегіннің сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін 26 жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық, күлтегін Байырқынның Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды. Екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық… Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты… Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) ақты мініп шауып, тоғыз ерін шанышты… Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты»… Осылай жалғаса береді. Қарап отырсаңыз Күлтегін батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанша соғыссыз өткен жылы болмапты. Соның бәрінде ол жау қолына жасындай тиіп, түркі қолын жеңіске жеткізіп отырыпты.

Оны жерлеуге татабы елінен Удар Сеңүн, табғаштан Ісүйі Лікең, тибеттен Бөлен, алыстағы Соғдыдан, бұхарадан Тархан ұлы Нең Сеңүн, түргіс қағаннан Макрач таңбашы оғыздан Білге таңбашы, қырғыз қағанына Тардуш Ынаншы Чур, т. б. көптеген белгілі адамдар келген. Күз айында өткен Күлтегін асына татабы, тибет, түргеш, қырғыз елдерінің қатысуынан да Күлтегіннің түркі елінің даңқты қолбасшысы екендігін аңғаруға болады. Күлтегін мазары мен өрнектелген жазба тасын тұрғызуға табғаш қағандығы «он мың сый, алтын, есепсіз күміс» әкелді. Қағанның зергершісі Чаң-Сеңүн арнайы келген. Оның құрметіне жазылған Күлтегін жазуы тек түркі халықтарының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес мұрасы болып табылады.

Әкесі Құтылығ қаған Екінші Шығыс Түрік қағанатының іргесін қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы: үлкені – Білге қағаны ел бастап, кішісі – Күлтегіні қол бастап, сол қағанаттың айбынын асырып, мерейін тасытыпты. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге қимылдап, елінің бірі – алтын тұтқасына, бірі – айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал жетіп сол асыл тірек құлағанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп Күлтегін рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының төрінде тұр. Батыр бабаның бақытты ұрпағы күн сайын ескерткіш қасына келіп, ұлы Ерлікке тағзым етеді, ата рухына адалдықтарын білдіреді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күлтегін батыр туралы қазақша реферат, култегин батыр туралы казакша реферат, култегин батыр туралы казакша омирбаяны, күлтегін батыр туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке култегин батыр, биография на казахском языке култегин батыр, биография на казахском языке, култегин батыр, реферат на казахском языке, күлтегін батыр туралы, қазақша реферат, күлтегін батыр, kүltegin batyr turaly қazaқsha referat, kultegin batyr turaly kazaksha referat, kultegin batyr turaly kazaksha omirbayany, kүltegin batyr turaly қazaқsha өmirbayany, referat na kazahskom yazyke kultegin batyr, biografiya na kazahskom yazyke kultegin batyr, biografiya na kazahskom yazyke, kultegin batyr, referat na kazahskom yazyke, kүltegin batyr turaly, қazaқsha referat, kүltegin batyr

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]