Қазақша реферат: Кетбұға жырау (шамамен 1150–1225)
Кетбұға (шамамен 1150–1225) — жырау, күйші, аңыз кейіпкері. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының бағаналы тармағынан шыққан. 14 ғасырда жазылған «Шаджарат әл-атрак» («Түрік шежіресі») атты кітаптағы деректер мен ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Жошы хан аң аулап жүріп қаза тапқанда, Шыңғыс ханға қаралы хабарды жеткізуге ешкімнің батылы жетпейді. Сонда Кетбұға бас кетер ауыр міндетті өз мойнына алады. Әуелі: «Теңіз бастан былғанды, кім тұндырар, а, ханым, Терек түптен жығылды, кім тұрғызар, а, ханым», — деп толғап, Шыңғыс ханды қаралы хабарға әзірлеп алады да, баласы Жошының өлімін күймен естіртеді. «Ақсақ құлан — Жошы хан» күйі осылай туыпты-мыс.
Бүгінгі күнге Кетбұғаның осы күйі және күй шығарар алдында айтқан бірнеше жол өлеңі ғана жеткен. Басқа әдеби не болмаса музыкалық шығармасы сақталмаған. Алайда, халық жадында Ұлығ (ұлы) жыршы атанған Кетбұғаның өз кезінде шығармалары халық арасына кең тараған, көшпелілер арасында сөз өнерінің дамуына ерекше ықпал еткен көрнекті тұлға болғандығы байқалады.
15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген Доспанбет жырау Кетбұға биді құрметпен атап, оның сөздерімен өзінің таныстығын білдіреді. Халық өлеңдері мен аңыз әңгімелерінде де Кетбұға ел қамқоры, дана ақсақал ретінде бейнеленген. Ол туралы аңыздар қырғыз фольклорында да бар.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: