Қазақша реферат: Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776)

Қазақша реферат: Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776)

Тауасарұлы Қазыбек (1692–1776) – Наурызбай батыр әскерінің мыңбасы. Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Шапырашты тайпасы Асыл руының Әжіке деген атасынан шыққан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған.

Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуынабереді. Кішкентайлылығына қарамай жақсы оқыған бала Қазыбек медресені төрт жылда тамамдап, елге оралады. Мұнда екі жыл ауыл балаларына дәріс береді.

Екі жыл бала оқытып, іраз адамның сауатын ашқан он бір жасар Қазыбек қасына ауылдасы өзінен бір жас үлкен Өтеғұл байдың баласы Өтегенді (кейін Сүйінбай, Жамбыл жырлаған Өтеген батыр) ертіп, тағы да білім іздеп жолға шығады. Олар Самарқантта бір жарым жыл болып, атақты Қазы-заде Румидің ұрпағы Хафиз-задеге шәкірт болып, одан дәріс тыңдайды. Одан кейін қайта жолға шығып, Шамға, Бағдатқа, одан әрі Ыстамбұлға, Римге барып сегіз жыл сапарда болады. Қазыбекке, әсіресе, Бағдат пен Ыстамбұлда болып, білім алған кездері өте пайдалы болып, жан-жақты өсуіне мүмкіндік алады. Араб, парсы тілдерін айтарлықтай меңгереді. Араб тілін жақсы білудің арқасында Ыстамбұл кітапханасында Әл-Фараби еңібектерімен танысады, Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-Түрк», Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» кітаптарын осы жерде оқиды.

Қазыбек пен Өтеген бүкіл Еуропаны, орыс жерінің біраз жерін аралап, 1709 жылы елге оралады. Елге келгеннен кейін, жиған-терген дүниелерін жинақтап, «Иран шешегі» атты кітабын жазады. Бірақ, жаугершілікті заман оның кітап жазып, ғылыммен айналысуына мүмкіндік бермейді. Ол амалсыз қаламын найзаға айырбастап, ел қорғау ісіне араласады. Оның бұдан кейінгі бар өмірі елдің шетінде, жаудың өтінде өтеді.

Ол алғаш қалмақтармен Аягөзде болған соғысқа қатысады. Осында ол Қабанмен, Қожаберген жыраумен танысады. Осыдан бір жылдан соң, Сеуан Рабданға Тәуке ханның елшісі болып барады.

Елдің «Ақтабан Шұбырындыға» ұшырауы – ерлердің жанына қатты батады. Олар бұл күндері ат үстінен түспей, бірде босқын елдің басын қосып, ұлжымдастырып жатса, бірде өкшелей қуған жауға тойтарыс беріп, шайқасып жатты. Осы бір қазақтың басына төнген қаралы күндердің ауыртпалығын Қазыбек те ел ағаларымен бірге көтеріп, арпалысты күн кешеді. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар бастаған талай соғысқа қатысып, ерлік көрсетеді. Сондай шайқастардың бірінде қырық жерінен найза тиіп, ақыры сол жарадан қайтыс болады.

Бізге Қазыбек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген жалғыз еңбегі жетті. Ол онда замандастары жайында көп деректер береді. Ел-жұртының тәуелсіздігі жолында арыстанша алысып, опат болған көптеген ерлердің аты-жөні айтылып, істеген ерліктері тәптіштеле баяндалады, заты қазаққа әйгілі тұлғалар жайында аса бір сүйіспеншілікпен жазады. Қазыбек Тауасарұлының бұл еңбегінің құндылығы да осында.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазыбек бек тауасарұлы туралы қазақша реферат, казыбек бек тауасарулы туралы казакша реферат, казыбек бек тауасарулы туралы казакша омирбаяны, қазыбек бек тауасарұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке казыбек бек тауасарулы, биография на казахском языке казыбек бек тауасарулы, биография на казахском языке, казыбек бек тауасарулы, реферат на казахском языке, қазыбек бек тауасарұлы туралы, қазақша реферат, қазыбек бек тауасарұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]