Қазақша реферат: Биология | Картоп
Картоп, картофель (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.
* 150-ге жуық түрі белгілі.
* Отаны – Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары.
* Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді.
* Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі.
* Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі.
* Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі.
* Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл.
* Биіктігі 40 – 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 – 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ темп-расы 5 – 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы темп-ра 10 – 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал –1 – 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 – 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. К. түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1 – 2% белок, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар. Қазақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 – 200 ц өнім түседі. К. тағам, мал азығы және өнеркәсіпте тех. шикізат ретінде пайдаланылады.
* Зиянкестері: картоп түн көбелегі, колорадо қоңызы, тағы басқа.
Мазмұны
1 Картоптың таратуы
2 Өсімдік туралы
3 Күтімі
4 Дайындалуы
5 Қолданылуы
6 Картоп туралы тақпақ
7 Пайдаланған әдебиет
Картоптың таратуы
Оңтүстік Америкадан Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Ең алғаш Франция ханшайымы Мария-Антуанетта картопты насихаттау үшін оның гүлін шанына қыстырған екен. Бұл сәндік король сарайы қызметкерлерінің барлығына лезде мода болып, кеңінен тараған. Осыдан кейін Францияда картоп өсіру қолға алынады. Тіпті король ХVІ Людовик картопты кеңірек наихаттау мақсатында қала маңындағы өз бақшасына тек қана картоп отырғызып, оны күзетуді бұйырды. Бір қызығы: картоп ұрлаушыларды тек қана айыптап, «ұрыларды ұстамауға» міндеттейді. Бұл әрекет картоптың сол елде кең таралуына қолайлы жағдай туғызған. Картоптың отаны Чили болып саналады. 1560 жылдары Испанияға әкелінген картоп кейін Еуропа мен Азияға таралады. Ал Ресейге ол І Пертдің ұсынуы бойынша 1765 жылы әкелінген. Қазіргі заманда дүние жүзінің бырлық елдерінде егіледі.[2]
Өсімдік туралы
Картоп – алқа (Solanum) туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жуан, тікенексіз. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады (ұзындығы 15-20, кейбір түрлерінде 40-50 см). Жапырағы қою жасыл, сабақта кезектесіп орналасады. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Отаны – Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады.
Күтімі
Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түйіндері арқылы көбейтеді. Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5-10 см тереңдікке егеді. Егілген түйіндер өну үшін, 15-20 °C температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16-22 °C температура жеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2-3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады. Мысалы, 1 гектар жерден өсіп шыққан 200-250 ц картопқа 100-175 кг азот, 40-50 кг фосфор және 140-230 кг калий жұмсалады. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек.
Дайындалуы
Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып, жинап алады. Химиялық құрамы: Картоптың түйнегінде 10-28% крахмал, 15% май, 1,3% белок, A, B1, B2, C, PP, K1, Д витаминдері, натрий, калий, кальций, хлор, күкірт тұздары, микроэлементтерден мыс, қобальт, йод болады.
Қолданылуы
Крахмал өндірісінде қолданылады.Бәрімізге белгілі, картопты көптеген елдерде «екінші нан» деп атайды. Өйткені, өзінің құнарлығымен және дәмімен үлкен орын алатын картоп барлық елдер дастарханындағы тағам құрамында болады. Картоптан көп мөлшерде крахмал алынады.
Пайдаланған әдебиет
Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Көкөністер: Дидактикалық материал.- Алматы, 2011. - 16 б, ISBN 978-601-7237-33-2

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: