Қазақша реферат: Биология | Сәбіз
Мазмұны
1 Өсімдік туралы
2 Қолданылуы
3 Сәбіз төресі
4 Бұқтырылған сәбіз
5 Асбұршақ қосылған сәбіз.
6 Сәбіз котлеті
7 Сүзбе қосылған сәбіз запеканкасы.
8 Алма қөсылған сәбіз (шикідей)
9 Сәбіз туралы тақпақ
10 Сілтемелер
11 Пайдаланған әдебиет
Сәбіз (лат. Daucus) - Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сорттары бар. Асханалық сорты онша ірі емес, тамыр жемісі жұмсақ , қантты. Асханалық сорттарының ең таңдаулысы Нантская 4, Витаминная 6, Лосиноостровская ІЗ. Сәбіз республиканың көпшілік облыстарында өсіріледі. Оның егіс көлемі 5 мың гектарға жуық . Гектарынан 120 ңентнерден өнім алынады. Қазақстанда аудандастырылған негізгі сорттары: Бирючекутская 414, Витаминная 6, Консервная, Мирзои сарысы 304, Мирзои қызылы 228, Нантская 4, Шантанэ 2461. Жаңа жиналған сәбіз — құнарлы тағам. Адам организмінде тез арада А витаминіне айналатын каротин қ ұрамы (6—9 мг %), басқа көкөністердегіден көп. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Сәбіз құрамында қант, белок, пектин заттары, минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар. Сәбізді ең дұрысы 0С температурада сақтаған жөн. Сәбізді жаңа жиналған күйінде де, кептірін те, өңдеп те пайдаланады, оны сұйық және қою тағамдарға, соусқа, винегретке т. б. қосады. Сәбіз шырынының пюресінің т. б. диеталық және емдік қасиеті бар. Кептірілген сәбізді супқа, борщқа, щиге т. б. көкөніс тағамдарына қосады (пайдаланар алдында 30 минуттей салқын суға салып жібітеді). Сәбізді тураған, тұтастай және үгітілген күйінде тамақ қ а қосады. Сәл қуырылған не қақталған (қабыршақтанғанша) сәбізді ыстық сорпаға қосса дәмі мен иісі жақсарады. Майға қуырылған сәбізді супқа не соусқа әзір болардан 15—20 минут бұрын салып дәмін кіргізеді, витаминдерін байытады. Сәбізге май қотанда, оның құрамындағы каротині еріп, жақсы сіңеді.
Өсімдік туралы
Сәбіз – негізінен екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы жапырақ түзуші ортасы мен тамыры өссе, екінші жылы ғана тұқымы пайда болады. 60-қа жуық түрі Африка, Австралия, Жаңа Зеландия және Америкада кең тараған. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, еттілігі мен түріне қарай ұзартылған конус, цилиндр пішіндес болады және салмағы 30 граммнан 300 граммға дейін жетеді. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл-сары болып келеді. Ең алғаш сәбіз Ауғанстанда өсірілген. Осы елде сәбіздің ең көп түрі тіркелген. Сәбіздің барлық дерлік мәдени түрі оның табиғи немесе жабайы түрінен селекция нәтижесінде алынған. Дегенмен, сәбіздің алғашқыда тамыры үшін емес, хош иісті жапырақтарына бола өсірілгенін айта кету керек. Сәбіздің мәдени түрі Еуропаға тек X-XIII ғасырларда келген. Көптеген кітаптарда сәбіздің сол кезеңнен бастап қана тағам ретінде қолданылғаны жайлы деректер бар. Сәбіздің құрамында каротиндор-каротин, фитоен, фитофлуен, ликопин; В, В2 дәрумендері, аскорбин қышқылы, 3-15 % мөлшерінде қант, және аз мөлшерде эфир майы бар.
Қолданылуы
Сәбіздің тамыры жеуге жарамды, және ол тағам индустриясында үлкен орын алады. Сонымен қатар сәбіз медицинада да қолданылады. Көбінесе, авитаминозды емдеуде үлкен сұранысқа ие. Көмірсутек айналымын қалпына келтіріп, жасуша аралық қышқыл түзу процесіне қатысады және иммунитетті арттырады. Сәбіз тұқымдарынан алынған эфир майы косметика саласында пайдаланылады.
Сәбіз төресі
Сәбіз төресі. Тазартылып, жуылған сәбізді жұмсарғанша (ең дұрысы бұға) пісіреді, сонан соң ұсақтан үгеді де, оған қою сүт сәу сын, тұз, қажетінше құмшекер қосып, қайнатады, жақсылан араластырады. Пюреге қаймақ не сары май қосып, ыстықтай дастарқанға қояды. Табақшадағы пюренің жиегіне қытырлақ нан (сүт, жұмыртқа, құмшекер қоспасына батырылған нанды майға қуырып алады) қойса тіптен жақсы. 500 г тазартылған сәбізге: 1 стакан сүт соусы, дәмі татығанша құмшекер мен тұз керек.
Бұқтырылған сәбіз
Бұқтырылған сәбіз. Тазартылып, жуылған сәбізді сопақшалап не төртбұрыштап кесіп, кастрюльдегі ыстық суға салады да, оған қажетінше сары май, құмшекер, тұз қосады. Ыдыстың қақпағын жауып, жұмсарғанша бұқтырады. Осыдан кейін ыстық сүт құйын, ұнға шыланған сары май (2 шай қасық) қосады да, үнемі араластыра отырып қайнатады. Мұны әртүрлі қою тағамға гарнир ретінде немесе сары маймен, қуырылған нанмен бірге жеуге де болады. 500 г тазартылған сәбізге: і ' / г стакан сүт, 6 шай қасық ыстық су, қажетінше сары май, тұз, құмшекер қажет
Асбұршақ қосылған сәбіз.
Тазaртылып, жуылған сәбізді төртбұрыштап кесіп, кастрюльге салады да, оған 3 ас қасық консервіленген асбұршақ суын және сары май қосып, ыдыстың қақпаған жауып, жұмсарғанша бұктырады. Сонан соң оған асбұршақ, тұз бен құмшекер (қажетінше), сүт, ұн себілген (3 шай қасық) сары май қосып, үнемі араластыра отырып, 8—10 минут қайнатады. 500 г тазартылған сәбізге: 11 /2 стакан сүт, 6 шай қасық сары май, 250 г консервіленген асбұршақ қосылады
Сәбіз котлеті
Тазартылып, жуылған және үгітілген сәбізді кастрюльге салып, оған ыстық сүт, 1 шай қасық сары май, аздап қүмшекер ('/г шай қасық) қосып, баяу жанған отқа қойып, жұмсарғанша бұқтырады. Сонан соң араластыра отырып, манный себеді де, қоюланғанша (үнемі араластыра отырып) қайнатады. Піскен қойыртпақты сәл суытыл алғаннан кейін, оған шикі жұмыртқа, тұз қосып жақсылан араластырады да, ыстықтай котлет жасап, қытырлақ нан ұнтағына аударыстырып, майға қуырады. Дастарқанға қояр алдында котлетке май не қаймақ, сүт не қаймақ соусын қатады. 500 г тазартылған сәбізге: 3/4 стакан сүт, 21 /2 асқасық манный, 2 жұмыртқа, 3 ас қасық, сары май қажет.
Сүзбе қосылған сәбіз запеканкасы.
Сәбіз котлеті секілді әзірленген қойыртпаққа, сүзілген не ет тартқыштан өткізілген сүзбе, құмшекер, жұмыртқа, тұз қосып, осының барлығын араластырады. Содан кейін оны ішін маймен сылап, қатқан нан ұнтағы себілген табаға салып, бетін тегістеп, нан ұнтағын сеуіп, май бүркіп, баптағаннан кейін, духовкаға қойып, қызылкүрең тартқанша (20—25 минут) пісіреді. Запеканканы дастарқанға әкелгенде, қаймақты не қаймақ соусын бөлек қояды. 1 кг тазартылған сәбізге: 500 г сүзбе, 3 ас қасық манный, 3 жұмыртқа, 3 ас қасық құмшекер, 3 ас қасық сары май, 3 ас қасық кепкен нан ұнтағы керек
Алма қөсылған сәбіз (шикідей)
Сәбізді ірі үккішпен үгіп, оған ұсақтан туралған алма, лимон шырынын, цедра, құмшекер қосып, мұның барлығын жақсылан араластырады. Лимон шырынының орнына апельсин шырынын да пайдалануға болады. Мұны салқын ет тағамдарына тұздық, не гарнир ретінде пайдаланған жөн. 300 г сәбізге: 300 г алма, 2 лимон, бір шымшым тұз, 2 ас қасық құмшекер қажет. Ақжелкен қосылған сәбіз. Сәбізді үккішпен үгіп, оған ақжелкен мен сірке суын қосады. Оны пісірілген етке, қуырдаққа, котлетке т. б. тағамдарға қосып жейді. 200 г сәбізге: 4 ас қасық езілген ақжелкен, сірке суын қосқан 1 /в стакан су, қажетінше тұз бен құмшекер қажет.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: