Қазақша реферат: Биология | Асқабақ
Мазмұны
1 Асқабақ құймағы
2 Қуырған асқабақ
3 Алма қосып піcірген асқабақ
4 Сілтемелер
5 Сыртқы сілтемелер
6 Пайдаланылған әдебиет
Асқабақ — асқабақтар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Асқабақтың отаны Солтүстік және Оңтүстік Америка. Ол жерлерде Асқабақ б.з.б. 3 мың жыл бұрын егіле бастаған. Асқабақтың 20 түрі белгілі. Қазақстанда Асқабақтың кәдімгі Асқабақ (С. реро), мускатты (С. moschata) және ірі Асқабақ (С. maxіma) деген түрлері мен «Волгалық сұр-92», «Мозолеевская-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі. Кәдімгі Асқабақтың қатарына кәді мен патиссон жатады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2 – 10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы – ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек пішіндес. Гүлі – қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге оралады. Жемісі – жалған жидек, ірі, пішіні – дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ дәмді. Ірі жемісті Асқабақтың салмағы 40 – 50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15 – 18% құрғақ заттар, 8 – 10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20 – 40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.
Асқабақ құймағы
Асқабақтық қабығын аршып, дәнін алып тастайды. Үккішпен үгіп, оған сүт құяды да, 15—20 минут бұқтырады. Содан соң суытыл, ұн немесе кепкен аяның ұнтағын, жұмыртқаның құмшекер қосып езілген сары уызын қосады, аздап тұз салады. Сосын жақсылап араластырып, көпіршітілген белок қосады. Ұн орнына стакан толар-толмас ұнтақ жарма қосса да жетіп жатыр. Құймақты жақсылап қыздырылған майға қуырады. Дастарқанға дайын құймақпен бірге қаймақ және қүмшекер қоса беріледі. 1.5 кг асқабаққа: 1 стакан сүт, 1 стакан бидай ұны немесе кепкен нан ұнтағы, 1 ас қасық құмшекер, 2 жұмыртқа, 1 ас қасық сары май керек. Тұз татымына қарай салынады.
Қуырған асқабақ
Асқабақтың қабығын аршып, дәнін алады. Турап тұздайды (қажетіне қарай бұрышталады). Ұнға аунатылып, сары майға қабығы қызарып қабыршақтанғанша қуырады. Оны қаймақ қосып жеген жақсы.
Алма қосып піcірген асқабақ
Асқабақ пен алманы ұсақтап турайды да, араластырып, шала піскенше (10—15 минут) бұқтырады. Оттан алып, аздап суытады да, жұмыртқаның қант қосып үгілген сары уызын, содан соң көпіршітілген белок қосады. Сосын мұқият араластырылып сары май жарылып, кепкен нан ұнтағы себілген формалы ыдысқа салып пісіріледі. 500 г асқабаққа: 500 г алма, 2 жұмыртқа керек. Құмшекер татымына қарай салынады. Асқабақ дәмін тағам үшін шикілей де, қуырыл та пайдалануға болады. Асқабақ өсіру жөнінде Бақша мақаласынан қараңыз.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: