Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Геотектоникалық қозғалыстар


Геотектоникалық қозғалыстар. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының ең алгашқы орналасу жағдайының кейінірек өзгеріп басқаша жардайда болуы,

жер қыртысының (алғашқы қалыптасуынан бастап осы күнге дейінгі уақыт аралығында) ылғи өзгеріс үстінде болатындырын көрсетеді.

Табиғи жардайда жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан (әр түрлі бағыттағы) қозғалыстарды тектоникалық қозғалыстар деп атайды. Жер бетінің қазіргі кездегі көрінісі оның әр түрлі тереңдігінде жүріп жатқан физикалық-химиялық әрекеттерге және жердің өз осінен айналу жылдамдығының өзгерістеріне де байланысты деп саналады.

Тектоникалық қозғалыстарды және басқа да эндогендік процестерді (жер сілкінуден басқасын) табиғи жардайда тікелей зерттеп білу немесе бақылау жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі өте аз. Оларды жер қыртысының құрылысында немесё»жер бетінде байқалатын бедер өзгерістерін зерттеу арқылы рана анықтаура бола-

ды. Жер қыртысының ұзақ уақыт бойы майысып, иілуге ұшыраған аудандарында шөгінді жыныстардың қалың қабаттары жиналады, ал жорары көтерілу немесе төмен түсу әрекеттері кезек алмасатын жардайда тау жыныстарының қалың қабаттары иіліп кейде жарылып, алрашқы орындарынан ауыса орналасады. Сонымен, жер

қыртысының козралыс механичмі, басқаша айтқанда жер қойнауынын, архитектурасын жан-жақты зерттейтік

геологияның бір саласы геотектоника деп аталады.

Тектоникалық қозралыстар (уақыт өлшемімен) шарт-ты түрде қазіргі кездегі, жаңа және көне замандарда

140

немесе ерте уақыттарда орын алган қозғалыстарға ажыратылады.

Қазіргі кездегі қозғалыстар қатарына тарихи кезеңді камтитын, басқаша айтқанда адамзат тарихында ұмытылмай есте сақталған және осы уақытқа дейін созылып, қазіргі кезде біздің көз алдымызда байқалатын қозғалыстар жатады.

Жаңа замандағы (неотектоникалық) қозғалыстар қатарына соңғы 30—40 млн жылдар ішінде, атап айтқанда неоген және төрттік (антропоген) кезевдерді қамтитын мезгіл аралығында орын алған қозғалыстар жатады. Бұл қозғалыстардың нәтижесінде қазіргі кездегі бедер пішіндері қалыптасып, экзогендік әрекеттердің негізгі бағыты анықталады. Ал бұдан бұрынырақ уақыттарда болған қозғалыстар көне замандарды түгел қамтиды.

Тектоникалық қозғалыстар геологиялық басқа оқиғалардың қатарында ерекше орын алады. Өйткені олар геологиялық басқа процестердің дамуына бірінші болып әсерін тигізеді. Мұндай әрекеттердін, болған уақыты мен орнын, бағыты мен қарқындылығын анықтап түр-сипатын айқындау өте күрделі. Сондықтан да тектоникалық қозғалыстардың классификациясын жасап, жеке топтарға жіктеу жұмыстары қиынға түседі.

Соңғы жылдары біздің ел ғалымдарының жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тектоникалық қозғалыстардың классификациясы жасалынып, оның әр түрлі варианттары қарастырылады. Мысалы, қозғалу бағытына қарай: тік бағытталған (радиалдық) және көлденең бағытталған (тангенциалдық) қозғалыстарға ажыратылады (Хаин, 1973). Олар бір қалыпты ырғақ-пен (толқынды және қатпар түзуші қозғалыстар) байқалатын және жарылмалы-үзілмелі (дөңбек тастар және блоктар түрінде) құрылымдар түзетін қозғалыстар, тербелмелі және бағытталған; баяу және жылдам; әлсіз және қарқынды түрде дамитын қозғалыстарға бөлінеді.

Алып жатқан аумағына қарай: жер қыртысының (шөгінді жыныстардан тұратын) жоғарғы жамылғы қабатында жүріп жатқан процестермен байланысты байқалатын үстіңгі (беткі), литосфераны түгел қамтитын (литосфералық) және жоғарғы мантия деңгейінде байқалатын (терең қабаттық) қозғалыстар болып ажыратылады.

Тектоникалық қозғалыстардың жоғарыда аталған негізгі түрлері одан ары қарай жекеленген ұсақ топтарға бөлінеді.

В. В. Белоусов тектоникалық козғалыстарды жер қыртысының жеке блоктарын қамтитын (қатпарлы жә-не үзілмелі-жарылмалы құрылымдар түзуші) және жер қыртысын түгел қамтитын (тербелмелі және үзілмелі-жарылмалы құрылымдар түзуші) терең қабаттық қозғалыстарға ажыратады.

Бұл жерде тектоникалық қозғалыстарды тік жоғары немесе көлденен, бағытталған деп ажырату тек шартты түрде рана қабылданғандығын ескеру қажет. Өйткені табиғи жағдайда тік жоғары және көлденең бағыттағы қозғалыстар бір-бірімен алмасып немесе жалғасып жатады. Әдетте, тік жоғары-төмен бағытталған қозғалыстар магмалық және гравитациялық процестермен_ қатар байқалады. Ал көлденең барыттағы қозғалыстар нәтижесінде қатпарлы және үзілмелі-жарылмалы құрылымдар түзіледі.

Тектоникалық қозғалыстардың барлық түрлері өзара өте күрделі байланыста болып, бір-бірінен туындап отырады. Әсіресе олар қозғалмалы аймақтарда қарқынды түрде дамиды.

Сонымен, тектоникалық қозғалыстардың барлық түрлерін шартты түрде екі топқа (тербелмелі және дислокациялық) біріктіруге болады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]