Қазақша реферат: Қазақ тілі | Неологизм
Неологизмдер стиль түрлерінің жалпы қай-қайсысында, тіпті сөйлеу стилінде де азды-көпті қолданылады. Олар көбінесе ғылыми стиль мен публицистикалық стильде жиі ұшырасады. Өйткені неологизмдер көбіне-көп сонда , (сол стильдерде) қалыптасады. Бірақ, көркем әдебиет стиліндегі неологизмдер мен өзге стильдер-дегі неологизмдер бір емес. Осы екі сала неологизм бір-б.іріне ұқ-самайды. Мысалы, оқырман, балмұздақ, аялдама, жасанды жер серігі, кіші механизация, Қазақстан сағаты, биікшілер, озаттар тұ-ғыры, ұстаз —- бригадир тәрізді жеке сөз не бір тұтас тіркес (орам) түрінде келетін неологизмдер бар. Бұлар әсіресе публицистикалық стильде жиі көрінеді. Сондай-ақ ресми-кеңсе және көркем әдебиет стилінен де кездеседі. Ғылым мен техника саласындағы неологизм-дер өте көп. Олар сол ғылыми стильдің өзінде жиі пайдаланылады. Неологизмнің сондай-ақ тағы бір түрі бар. Ол_— контекстік неоло-гизмдер. Бұлар публицистикалық, өте-мөте көркем әдебиет стиліне тән.
Жоқтықтың барлыққа жіберген келгіні біз дегендей шаттана жайнайды (М. Әуезов). Шабарман емес, сабарман ғой (сонда). Тоғжанды жылауларжүрекпен жоқтайды, (сонда).— Абай аға міне осындай жылаулар жайымен келдім. Жылаулар халықтың қа-сынан табылсам дейтін бопты. Тағы да Мағашқа алғаш өткен күндердей ағылып, төгіліп келіп жатқан жылаулар көп (М. Әуе-зов). Ал мұндай неологизмдер үнемі жалпы халықтық сипат ала бермейді. Жеке жазушының шығармасында ғана кездеседі. Көркем әдебиет стиліндегі неологизм әдетте әлдебір тосыннан жасалған, мүлдем жаңа сөз емес. Неологизм (көркем-әдебиет стилінде, публицистикалық стильде) тілде жалпы бұрыннан бар, белгілі сөздің негізінде жасалады. Жазушы иә ақын тілдегі дайын үлгі (модель) бойынша сөздің тұлғалық жағына түрлі өң беріп, өзінше кұбылтып қолданады. Ал өзге стильдерде (сөйлеу тілі, ғылыми, кеқсе, ресми стильдерде) неологизмнің мұндай контекстік түрі кездеспейді. Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилінде-гі неологизмдер өте әр тарап болып келеді. Ал, малдан, бұ байғус-ты, сөзді созба Балалат, Қолбасалат сал ауызға… Ал, гүрсілдет! Балғалат! Ал, ұрандат! Алғалат (I. Жансүпров). Советстан, біздің стан, Совстан (С. Сейфуллин). Сенің арың — арлайтыным өмірде(Б. Майлин): Жүз әулие, мың пір кеп милағанмен (С. Торайғыров). Мен колхозда төлшімін (Т. Бердияров). Сүйем мен өлмейтұғын жыршылықты (С. Баймолдин). Біріншілік, көрермен, жүлде, жүлдегер, шамшырақ неологизмдері Қазақ тілінде осы он-онбес жылдың ішінде көбірек қолданыла бастады. Бұл сөздер әуелде кальки жолымен пайда болды. Бірақ, уақыт өте келе қолданылуда тосаңдығы сезілмей кетті. Олар қазір публицистикалык стильде жиі кездесіп отырады.
Әлем мен Европа біріншіліктерінің көрермен қауымға қалдыр-ған эсері ерекше екені баршаға мәлім (газеттен) Еліміздіқ күміс жүлдегері С. Муқашев сияқты балуандар да рвспублика намысын қорғайтын болады (сонда). Жүлде жаңа міндеттерді шешуде алдағы уақытта да талап деңгейінде көріне беруді жүктейді (сонда). Қараңғыны жарық қылып, ленинизм сәулесін ашып беріп келе жатқан шамшырақтардың бірі Гани еді (“Ғани Мұратбаев”, 1972).
Соңғы мысалдағы шамшырақтар нсологизмі ғылыми стильде де қолданылады. Одан және еш тосаңдық байқалмайды. Әсіресе халық шаруашылырының барлық саласында, ғылым мен техникада, мәдениетте қалыптасқан неше алуан терминдер мен не бір түрлі жаңа атаулар, балама сөздер кездеседі. Солардың кейбіріне мысал келтіре кетейік.
Совет Одағы дүние жүзіндегі жалғыз социалистік мемлекеттен бүкіл социалистік елдердің үлгі тұтарлық шамшырағына айналды (ғылыми мақаладан).Өнер табушылар мен жаңашылдардың бүкіл одақтық қоғамының мүшелері жыл сайын көбейіп келеді (сонла).
Неологизмдер қоғам дамуына байланысты стиль түрлерінің бәрінде де жасалады. Бірақ бірінде көп болса, екіншісінде одан азырақ мөлшерде кездеседі. Жаңа сөздердің тіліміздегі стильдердің кай-қайсысында да қолданыла беретіні міне осы себепті. Олар сондай-ақ ресми-кеңсе стилінде де жиі жұмсалады.
Өлшемдік қуаты / миллион киловат жэне одан да артык, реак-торлар орната отырып, ірі электр станцияларын салу жолымен атом энергетикасынанағурлым өркендету көзделсін. Жарыстың жария-лылығын арттыру жөтндегі бұқаралық-саяси, ұйымдастырушылық жұмыс күшейтілсін (Қазақ ССР партия-шаруашылық активі жиналысының қаулысы). Тиісті министрліктер мен ведомстволар аспаптың жэне ультрадыбысты қондырғылардың алуан түрлерінің жылжымалы құрамының шу деңгейін азайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға міндетті (КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің қаулысынан). СССР Министрлер Советінің
Өнертапқыштық пен жаңалық істері жөніндегі Мемлекеттік комитетіне өнертабыс экспертизасының сапасын түбегейлі жақсарту тапсырылды(сонда).
Міне, қоғам дамуымен байланысты жеке сөз осылай қолданудан біртіндеп шығып қалады не жаңадан пайда болып жатады. Қоғам дамуы сондай-ақ белгілі дәрежеде адамдардың рухани-эстетикалық жетілуіне де, олардың өздерін қоршаған дүниені экспрессивтік, эмоционалдық тұрғыда түйсінуіне де, жалпы сөз мағынасына да әсерін тигізеді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: