География пәнінен Қазақша рефераттар жинағы: Литосфера


География пәнінен Қазақша рефераттар жинағы: Литосфера* Литосфера — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның калыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

* Литосфера – Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінәра балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфера лық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфера лық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфера ның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.



* Литосфера – жердің қатты қабығы.

Литосфера ның даму заңдылықтары

Жер шарын салыстырмалы түрде жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан литосферагеография лық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Литосфера ның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%-дан астамын 8 химиялық элемент: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний құрайды (2-кестені қараңдар). Тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер қыртысының платформалық-геосинклинальдық дамуы жайлы тұжырымдама басым болып келді. Бұл тұжырымдама бойынша, материктік жер қыртысы салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге — платформаларға және қозғалмалы бөліктерге — геосинклинальдарға жіктеледі. Жер қыртысының үздіксіз дамуы нәтижесінде геосинклинальдар платформаларға айналады, бұл процесс екі кезенде жүзеге асады. Ұзаққа созылған алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15—20 км-ге жететін шөгінді жыныстар жиналады. Салмақ күшінің артуына байланысты Жердің ішкі қойнауындағы күштер арасалмағы өзгереді. Соның нәтижесінде геосинклинальдарда жерсілкінулер, жанартау атқылаулары күшейіп, қатпарлану жүреді. Осылайша биік таулар түзіледі. Ал неғұрлым қысқа уақытты қамтитын екінші кезеңде түзілген тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліп аласарады. бұл процесс көбінесе материктер аумағында жүзеге асатындықтан, «платформалық-геосинклинальдық» дамуы жайлы тұжырымдама Литосфера лық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады. Материктер мен мұхиттар география сынан сендер жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі тақталардың болғанын және олардың бөлшектенгенін білесіңдер (оларды еске түсіріндер). Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфера лық тақталар ажыратылады.



Тектоникалық картадан ірі литосфера лың тақталарды, рифтілердің және шұңғымалардың таралу аудандарын анықтаңдар. Материктпік және мұхиттың жер қыртысы. Литосфера ның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінетінін білесіндер (олардың айырмашылығын естеріңе түсіріңдер).



Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жыныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. Мұхиттың жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді. Материктер мен мұхиттардың шекаралас аймақтарында жер қыртысы өтпелі сипат алады. Жер қыртысының осындай құрылымы Еуразияның Тынық мұхитпен шектескен бөлігінде кездеседі. Оған аралдар доғасы мен оны бойлай орналасқан терең мұхит шұңғымалары дәлел болады (оларды физикалық және тектоникалық карталардан табыңдар).



Материктік жер қыртысы платформалар мен геосинклинальдарға жіктелетінін білесіңдер. Платформалар аумағында жер бедері кебшесе жазық болып келеді. бұл — ұзақ уақыт бойы сырткы күштер әсерінен жер бедерінің тегістелуінің нәтижесі. Жазық-платформалық аймақтар құрлық ауданының шамамен 53%-ын алып жатыр. Дүниежүзіндегі аса ірі Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық пен Орталық жазық, Амазонка, Ла-Плата және т.б. жазықтар платформалық құрылымдарда орналасқан.



Негіздері архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформалар қалқандар мен тақталардан құралады (ежелгі платформаның құрылысын естеріңе түсіріндер).



Қалқандарда платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатады, оларға көбінесе қыратты-үстіртті жер бедері сәйкес келеді. Қалкандарды құрайтын жыныстардың ерекшелігіне байланысты оларда үгілу біршама баяу жүреді. Платформаның қалқаннан тыс, шегінді жыныстармен жабылған бөлігін тақта деп атайды.



Неотектоникалық қозғалыстар әсеріне ұшыраған платформалар қозғалмалы сипат алады. Мәселен, мезозой және альпі қатпарлықтары әсерінен Қытай платформасының тұтастығы бұзылып, бірнеше беліктерге ажырап кеткен; қазіргі кезде оның аумағында жерсілкіну жиі байқалады. Сондықтан оны параплатформа (қозғалмалы) деп атайды. Тттжі күштердің әсерінен кейбір платформалардың іргетасында терең жарықтар пайда болып, интрузивті жыныстардың жоғары көтерілуі жүрген. Соның әсерінен жарылыс күшті жүрген Сібір және Үндістан платформаларында бағалы металдар мен асыл тастардың бай кен орындары түзілген.



Осы аймақтарда таралған бағалы металдар мен асыл тастардың негізгі түрлерін анықтаңдар.

Геосинклинальдар аумағында тектоникалық жарықтар жиілігі жоғары болғандықтан ішкі күштердің ықпалы күшті байқалады. Сондықтан магманың жоғары көтерілуі қарқынды жүреді, бұл өз тарапынан жанартау атқылауы мен жерсілкіну құбылыстарына себепші болады. Геосинклинальдарда ішкі күштер әсерінен қатпарлану қозғалыстары жүреді. Соның нәтижесінде антиклинорийлер (тау жоталары) мен синклинорийлер (тауаралық және тауалды ойыстары) түзіледі. Мәселен, Кавказ таулы аймағында Үлкен Кавказ, Кіші Кавказ жоталары антиклинорийлерге, ал олардың арасындағы Колхида мен Ленкорань ойпаттары синклинорийлерге сәйкес келеді. Мұндай құрылым Гималай тауы мен Үнді-Ганг ойпатына да тән.[6]

Пайдаланған әдебиет

Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. – Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4
↑ Қазак тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасыныњ ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: «Мектеп» баспасы» Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ?SВN 5-7667-8188-1, ?SВN 9965-16-512-2
↑ Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. 2000. — 328 бет.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
↑ Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4
География : Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]