Реферат: Эпидемиялық процестің көрінуін сипаттайтын терминдер

Реферат: Эпидемиялық процестің көрінуін сипаттайтын терминдер

Эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш пен ие арасындағы әрекеттестік неше түрлі сыртқы көрінісімен сипатталады. Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әлеуметтік-табиғи факторлардың әсері өте мол болады. Эпидемиялық процестің осы қырына Л.В. Громашевский көп көңіл бөлген.
Эпидемиялық процестің көріністерін сипаттайтын әр түрлі терминдер мен түсініктер бар. Олар осы процестің қалай білінуін, оның сандық жағынан таралу ерекшеліктерін (аумақтық, маусымдық, циклділік, халық топтары, жылдық, көп жылдық, т.б.) сипаттау арқылы оның сыртқы реттелу механизмдерін түсінуге көмектеседі.
Осы келтірілген дәстүрлі терминдердің қысқаша анықтамасын былай айтуға болады: эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады. Экзотикалық сыртқаттанушылық деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде, осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады. Осының салдарынан эндемиялық, ал малдарға тән аурулар әкелінсе, энзоотиялық сырқаттанушылық қалыптасуы ықтимал. Мұндай аурулардың мөлшері және ұзақ түрде болуы қоздырғыштарының жаңа жағдайға (жерге) икемделуімен анықталады. Мысалы, Марбург және Эбола қызбаларының қоздырғыштарын тасушы маса біздің аумақтарда кездеседі, сондықтан осы вирусты аурулардың қыздырғыштары әйтеуір бір жағдайда бізге жеткізілсе, бұл аса қатерлі аурулардың эпидемиясының болуы қауіпі сақталады.
Эпидемия спорадиялық, эпидемиялық, пандемиялық сырқаттанушылық түрлерімен сипатталады. Эпидемиялық сырқаттанушылықты кең және тар мағынада пайдалануға болады: кең мағынада осы науқастың жалпы болуын айтады, тар мағынада оның сырқаттанушылықтың белгілі деңгейден артық болуын немесе оның бұрын осы жерде болмай, жаңадан пайда болуын айтады.
Эпидемиялық процестің көрінуін сандық анықтау тәсілдері арқылы сипаттауға болады. Бұл әдіс нақты сандық анықтау тәсілдері арқылы сипаттауға болады. Бұл әдіс нақты аурудың түрлеріне мінездеме беруде пайдаланылады. Оларға жататын көрсеткіштер: сырқаттанушылық, өлім-жітім, мүгедектік, превалнеттілік, жұмыс қабілеттілігін жоғалту, экономикалық зардап, т.б. Олардың сандық көрсеткіштері пайызбен, белгілі халық санына шаққан санмен, күнмен, ақшаның мөлшерімен және т.б. көрсеткіштерімен сипатталады.

Эпидемиляық процестің көрінуін зерттеу негізінде сырқаттанушылыққа әсер ететін әр түрлі факторлар туралы ұғымдар қолданылады. В.Д. Беляков осы үғымдарға төмендегілерді жатқызады: қауіп қатерлі аумақ, қауіп қатерлі топ пен ұжымдар, қауіп қатерлі уақыт. Қауіп қатерлі аумақ немесе уақыт деген түсінікті «жұғу кауіпі» және «ауру қауіпі» деп ұғынуға болады.
Аталған қауіп қатерлердің жиынтығын «қауіп қатерлі факторлар» деп атайды. Эпидемиялық процестің көрінуін және оның дамуын сипаттайтын мәліметтер жиынтығы халықтың эпидемиялық жағдайын айқындайды. Бұл жағдай сәтті, тұрақсыз, сәтсіз және төтенше болуы мүмкін.

Қауіп қатерлі факторлар туралы ұғымдардың қысқаша анықтамасы

Түсінік Анықтама
Қауіп қатерлі аумақ Қоздырғыштың вирулентті (эпидемиялық) түрінің қалыптасуының және оның таралуын қамтамасыз ететін факторлардың әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші бар аумақ.
Қауіп қатерлі әлеуметтік әр түрлі жастағы топтар Қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштері бойынша сипатталатын тұрмыстық және өндірістік, ересектер, оқушылар, ұйымдасқан және ұйымадаспаған балалар топтары.
Қауіп қатерлі ұжым Қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен сыртқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштері бар нақты ұжымдар (ясли, балалар бақшасы, мектеп, жатақхана және т.б.)
Қауіп қатерлі уақыт Эпидемиялық түрге байланысты қоздырғыштың таралу факторларымен анықталатын сырқаттанушылықтың өсе бастаған уақыты.
Қауіп қатерлі факторлар Сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштерін қалыптастыруға жағдай жасайтын факторлар:
• Қоздырғыштың эпидемиялық түрін қалыптастыратын қауіп қатер;
• Қоздырғыштың эпидемиялық түрін тарататын қауіп қатерлік;
• Жұғу қауіп қатері;
• Ауру қауіп қатері;

Осы кестедегі қауіп қатерлі топтардың кейбіреуіне мысалдар келтірейік. Аэрозоль механизмі бойынша таралатын аурулар үшін (грипп, менингит және т.б.) ұйымдасқан ұжымдардағы (бала бақша, үлкен фабрика, зауыттар т.б.) адамдардың сырқаттанушылық қаупі өте зор. Қауіп қатерлі уақыт болып қысқы және көктемгі уақыт кезеңі саналады. Немесе асханаларда қызмет істейтін адамдардың нәжіс ауыз механизмі арқылы берілетін инфекциялармен (сальмонеллез, дизентерия, т.б.) сырқаттану қауіптілігі басым. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар, әсіресе шопандардың, мал сойылатын комбинаттарда жұмыс істейтін адамдардың бруцеллез қоздырғышын қабылдау қауіп қатері молырақ болады.
Қоздырғыштың берілу механизмдері мен оны іске асыратын факторлар қауіп қатерлі топтарды анықтайды. Мысалы, АИВ инфекцисы Африка, Америка, Еуропа және басқа елдерде көбінесе жыныстық жұғысу жолмен берілетіндіктен, қауіп қатерлі топтарға гомо , гетеросексуалистер, жезөкше әйелдер жатады. Қазақстанда кейінгі жылдары осы инфекцияның көбінесе (70-80%) парентеральдық (ластанған шприц арқылы) жолмен берілуі басым болғандықтан, қауіп қатерлі топты нашақорлар құрауда. Олардың ішіндегі 15-жастағы, тіпті, онда да жас адамдар осы топқа кіреді.
Белгілі бір науқастың аумақта таралуын нозоареал деп атайды. Эпидемиялық процестің аумақтық көрінуі әлемдік және аймақты нозоареал болып бөлінеді.
Әлемдік нозоареал деп науқастың бүкіл дүниежүзінде таралуын айтады. Мысалы, туберкулез, бруцеллез, дизентерия, грипп, вирусты гепатиттер және т.б. Жер шарының барлық жерінде кездеседі.
Аймақты нозоареал дегеніміз аурудың кейбір шектелген аумақтарда таралуы. Мұндай жағдай табиғи-ошақтық зоонозды инфекцияларға тән. Мысалы: тырысқақ ошақтары оңтүстік шығыс Азия аумақтарымен шектеледі, өйткені осы жерлерде тиісті әлеуметтік-табиғи жағдай тырысқақ қоздырғышының өніп-өсіп таралуына ыңғайлы болып келеді.
Эпидемиялық процестің көрінуін зерттеуде халықтың қандай топтарында сырқаттанушылықтың жиі немесе сирек кездесетінін анықтаудың маңызы зор. Бір аумақтың ішінде белгілі бір аурумен сырқаттанушылық әртүрлі топтарда әрқалай болып келеді. Сырқаттанушылықтың әртүрлі халық топтарындағы мөлшерін анықтау кезінде оларды жасына, кәсібіне, ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған топтарға жататынына, халықтың тығыздығына, санитарлық жағдайына, иммундығына, алдын ала жұқпаларға қарсы егілуіне баса көңіл бөлінеді.
Жұқпалы аурулардың көп жылдық және бір жылдық серпінісін зерттеу эпидемиялық процестің көрінуін сипаттауда маңызды орын алады. Ол ең алдымен, осы процестің болашақта даму барысын болжау үшін, әртүрлі болжамдар жасау үшін және стретегиялық алдын алу шараларын қарастыру үшін маңызды болып табылады. Эпидемиялық тенденция көп жылдық дамуындағы қарқынды өзгерісінің негізгі бағытын көрсетеді. Ол сырқаттанушылықтың тұрақтағанын, жоғарлағанын немесе төмендегенін сипаттайды. Эпидемиялық тенденцияның осы үш түрі эпидемиялық процестің реттелу динамикасының жағдайын көрсетеді.
Циклдік көріністер көп жылдық серпінісінде халықтың сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты түрде ауытқуын сипаттайды. Әр түрлі жағдайға байланысты кейбір нозологиялық түрлерде кіші, орташа және үлкен циклдер кездеседі. Олардың ұзақтығы 2-5, 7-15, 20, тіпті, одан көбірек жылдар болуы мүмкін. Ол ең алдымен паразитарлық жүйе қызметінің фазалығымен яғни инфекциялық иммундық қарым қатынасына және әлеуметтік табиғи жағдайларға байланысты анықталады. Мысалы, менигококк инфекциясында сырқаттанушылықтың циклдік ауытқуы 15-20-30 жылға созылуы мүмкін.
Эпидемиялық процестің көрінісінің жылдық серпінісі аз циклділік ауытқуымен анықталады. Ондай аз ырғақты қайталану циклінің бір жылдың ішіндегі көрінісін маусымдық деп атайды. Сырқаттанушылықтың осы жылдың белгілі бір айындағы маусымдық көтерілуі мен оның келесі жылдың осы айындағы маусымдық көтерілуінің аралығын эпидемиялық жыл деп атайды.
Маусымдық көрініс ретінде аэрозольді антропоноздардың қысқы мезгілінде көтерілуімен ішек антропоноз инфекцияларының жазғы мерзімде көтерілуін айтады. Әрине, мұндай маусымдық бөлудің өзінше амплитудасы болуы әбден мүмкін, оған әр түрлі әлеуметтік табиғи жағдайлар әсер етеді.
Эпидемияның процестің көрінісін зерттеуде эпидемияның түрлерін ажыратудың маңызы зор.
Эпидемияның пайда болуын уақыттық белгімен талдаған кезде оны қарқынды (бұрқ ететін) және созылмалы (ұзақ жалғасаушы) деп бөледі. Әдеттегі күшті эпидемия бір мезгілде жұққанда болады. Алғашқы ауру инкубациялық мерзімнің барынша аз кезінде, соңғы ауру барынша көп кезеңінде байқалады.
Эпидемияның аумақтың белгісімен талдағанда: жергілікті (белгілі бір аумақтық және халық тобын қамтыған) және кеңейтілген (қосымша аумақтық және халық топтарын қамтыған) түр деп бөледі. Даму қарқыны бойынша эксклюзивті (тез) және жай өтетін түрлері болады ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Эпидемиялық процестің көрінуін сипаттайтын терминдер туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Эпидемиялық процестің көрінуін сипаттайтын терминдер на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, Эпидемиялық процестің көрінуін сипаттайтын терминдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]