Реферат: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Экономикалық ой-пікірлердің дамуы.
1.1 Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдері
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы түңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарасты-рылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI— XVII ғасырларды қамтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жаңданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудаңдарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтағы белгілі "Жібек жолы" осының айғағы.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты — меркантелистер мектебі. Ол (мерканте — итальян сезі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылықка алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-аукатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылыгын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан есімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Ф. Кенэнің "Экономикалық кестесі" қогамдық өндірістін ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өңдіріске кеңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады. Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті екілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын керсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларывда да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін калады.
Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше релін атап керсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси эко-номия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысыңда қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннін еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қогамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сын көзбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтьш буржуазия болса, екіншісі, пролетариат — қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX ғасырдың екінші жартысынан бастап капи-талистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бүл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған үрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүние-дегі езгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын. Қазіргі ілгері дамыган елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғанда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10—12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрьш отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан теңкерісі экономикалық жағьшан мешеу қалған елде жүзеге асырылды.
Қазақ халқының кешпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Қазан төңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының көмегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне неғүрлым ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы ке-летіні табиғи талап деп қарасақ, соңғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның өз алдына мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқига. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек белінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта "сауда сақал сипағанша" деген мақал бар, сондықтан халықаралық сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мүқият зерттеудің, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек. Ежелден саудаға шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міңцеті түр. Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалық теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-валюта, басқа да қалыптасқан қазіргі заманғы рыноктық инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бүл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.
Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарыска ұшырап отыр. Бүл дағдарыстың себептері кеп, оның негізін экономика, саясат, идеология т. б. қоғамдық емір сала-сында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуға, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті зандары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.
Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық емірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қогамдық қатынастардың негізі — өндірістік қатьшастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, белу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өңдіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау, сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.
II ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Ғылым мен оқу пәні арасыңда айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегөніміз — ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындагы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді қолданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудың себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі — ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегөніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, бага қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шымшытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінің дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпьодан жекеге, абстракциядан нақтылыққа қарай жүреді.
Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы емірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ. Бәрі де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердін, процестердің кейбір жеке алынган ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғылымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатьшаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болган зат, ертеңінде қызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сақтау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенін және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауға қажет.
2.1 Экономикалық-математикалық модель жасау кезеңдері
Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиын міңдет. Экономикалық жүйенін жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық заңдарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ қазіргі таңда бүл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оған "диагноз" койып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін эконо-микада не болатынын, қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономиканы математикалық модельдеу өте қиын іс. Онымен бірге экономика дегөніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен үштасады.
Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлген бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерек-ше атап айтылатын есім — математик, физик және кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі "Жаттығу теориясы" және "Экономикалық мінез-қүлық" деген еңбек жазды. Бұл еңбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары "Жаттығу теориясы" тұрғысынан зерттелген.
Саяси экономия ғылымы. Бүл ұғымды түңғыш рет ғылымға енгізген меркантелист Антуан Монкретьен (1575—1631). Саяси экономияның ерекше назар аударғаны материалдық игіліктерді өндіру. Оның себебі: өнеркәсіп төңкеріс дәуірі басталды, рыноктың кең еркендеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-индустриалды өндіріске сайкес қоғам тұрғысынан карағанда саяси экономия ғылымы классиктерінің көптеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623—1687) Адам Смит (1723—1790), Давид Рикардо (1772—1823), Франсуа Кенэ (1694—1774) және А. Тюрго (1727—1781) есімдері өз заманындағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми кағидалары әлемдік экономикалык теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия ілімі XVIII ғасырдың соңы, XIX ғасырдың басында Адам Смиттің есімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақтын әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845—1904), Шоқан Уәлиханов (1835—1865). Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқандар Адам Смиттің және т. б. экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселелеріне өз көзқарастарын жазды.
Экономикалық ой-пікірдің көне заманнан-ақ бастап тарихы қысқа айтылды, себебі терең үңілуге мүмкіндік болмагандықтан аса көрнекті есімдер ғана аталып, олардың қағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Еуропамен ерте араласқан Ресейдің езінде де саяси экономия ғылымы XVII ғасырдың бірінші ширегінен — I Петр деуірінен басталады. Саяси экономия тарихын зерттеуге адтарлықтай үлес қосқан түңғыш орыс экономисі И. Т. Пфошков болса, біздің топшылауымыз бойынша қазақ елііще ондай адамдар — Шоқан мен Абай.
Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда заманында аты шыққан, кейін ұмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының қазір есімдері жаңғыртылып жазба мүра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет басқаруға қатысқан қайраткерлердің экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: