Реферат: Шығыс мәселесi
XVIII ғасырдығ аяғына таман Осман Империясының iшкi ыдырауының нәтижесiнде оның Еуропадағы иелiктерiн бөлу үшiн батыстың iрi-iрi державаларының арасындағы бiтiспес күресi басталды . Әр iрi держава өзiнiң талаптарын орындау үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдаланды . Олардың әрқайсысы бiр-бiрiнiң Осман Империясында саяси және экономикалық ықпалын көбiрек болуына жол бермеуге тырысты . Ең өткiр қарама қайшылықтарды Түркия мемлекетiнiң Еуропалық иелiктерi туғызды .
Патшалық Ресей Империясы Константинополь қаласын иемденiп, Қара теңiзде және оған шығу үшiн бұғаздарда еркiн жүзу құқығын қамтамасыз ету үшiн қатыгез күрес жүргiздi . Оған қарсы бiрiншi кезекте Англия мен Франция мемлекеттерi қарсы шықты . Себебi бұл мемлекеттердiң бұғаздарға қатысты өздерiнiң жеке мақсаттары болды . Ресей Империясы мен батыс державаларының арасындағы қарама – қайшылықтарды Балкан халықтары да туғызды . Ресей Империясы Балкан халықтарындағы Түркия мемлекетiндегi үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық күресiн әрқашанда қолдап отырды. Ал Англия мен Франция мемлекеттерi керсiнше сұлтан үкiметiн ұлт-азаттық қозғалыстарға қарсы күресте қолдады. Себебi , Түркия мемлекеттерiнiң Балкан түбегi елдерiндегi үстемдiгi батыс державалар үшiн жергiлiктi халықты шексiз сауда қанауының келiсiм-шартта бекiтiлген капитуляциялық режим мен төменгi төменгi кедендiк төлемдердiң кепiлi болды. Сонымен бiрге Еуропалық капиталдың айналымында ең тиiмдi жағдайларды жасады. Ал егер Балкан халықтары Түркия мемлекттерiнiң үстемдiгiнен босап, дербес мемлекеттердi құратын болса, онда батыстың ұлы державаларының мұндай артықшылықтары жойылатын едi. Сондықтан да Англия мен Франция мемлекеттерi «Осман Империясының мызғымастығы мен бiртұтастығы» лозунгiн ұстануға тырысты. Бiрақ шын мәнiнде батыс державалары Түркияны Еуропалық капиталға экономикалық және саяси тәуелдi ету, мемлекетте феодалдық құрылысты сақтау, балкан халықтарының босатылуына кедергi жасау, сонымен қатар, Ресей Империясының Константинопольге қарай қозғалуын тоқтату үшiн барлық күшiн салды, бүкiл мүмкiндiктерi жасады. Себебi егер жоғарыда айтылып кеткен жағдайлар пайда болатын болса, олардың Осман Империясында саяси, экономикалық, финанстық позициялық зиян келтiредi деп қауiптендi.
Ресей Империясы мен түркия елiнiң арасындағы қорғаныстық одақ туралы келiсiм-шартқа әкелiп соқты. Бұл келiсiм-шартқа Константинопольде орыс императорының өкiлеттi елшiсi граф А.Орлов және Түркиядағы орыс елшiсi А.Бутенев, түрiктер жағынан ұлы уәзiр Хюсрев Мехмед-паша, сұлтан гвардиясының бас қолбасшысы маршал Фезви Ахмед-паша және сыртқы iстер министi Хаджи Мехмед Акиф-эфенди қол қойды. Бұл келiсiм-шарт Ункяр-Искелеси келiсiмшарты деп аталатын болды. 1831-1833 жылдары египет дағдарысында Ресей Империясының патшасы Николай I белсендi түрде сұлтан Махмұд II египет патшасы Мұхаммед-Әлиге қарсы бағыттаған едi. Өйткенi Ресей Империясы патшасы Египет басшысының жеңiске қолын жеткiзсе, Франция мемлекетiнiң Таяу Шығыста өз үстемдiгiн орнатады деп қорықты. Ресей Империясы үкiметi қолдаушылық жасау арқылы, Түркиядағы позициясын нығайтады деп сендi. Өз кезегiнде Түркия мемлекетiнiң билеушi топтары Мұхаммед-Алидi қолдаған Франциядан тек Ресей Империясы ғана қорғай алады деп ойлады. 1833 жылдың сәуiрiнде орыс десанттық әскерлерi Босфордың азиялық жерiндегi Ункияр Искелеси аймағында түстi. Сөйтiп Египет әскерлерiнiң жолын кеседi. Ол әскерлер Констанинопольге қарай бағытталған болатын. Сонымен қатар оларды Мұхаммед-Алидiң ұлы Ибрагим-паша басқарды. Бiр уақытта осы жерге Ресей Империясының өкiлеттi елшiсi А. Орлов та келедi. Ресей армиясының бұл әрекеттерi Англия мен Франция мемлекеттерiнiң үлкен наразылығын туғызды. Ресей Империясының Түркия иелiктерiнде орнығуын тоқтату мақсатымен Англия мен Франция мемлекеттерi Махмұд II-ден Мұхаммед-Әлимен достасуды талап етедi. Ол мемлекеттердiң үлкен ықпалы нәтижесiнде Түркия мемлекетi өз вассалына бiрқатар жеңiлдiктер жасайды.
Кютахия қаласында Ибрагим-паша ордасында жасалған келiсiм бойынша 1833 жылы мамыр айында Мұхаммед-Әли өз басқаруына Египеттi ғана емес Сирия мен Палестинаны, Адан Ауданын алады. Бұл үшiн ол сұлтан сюзеренi болуына келiсiп, өз әскерiн Антолиядан шығаруға мiндеттедi. Сөйтiп орыс әскерлерiнiң Түркия жерлерiнде жүруiнiң ешқандай пайдасы болмай қалды.
Содан кейiн Ибрагим-паша өз әскерлерiн Таврдан әрi қарай апарып, орыс дысанттары Ресейге қайтып келедi. Бiрақ олардың кетуiне дейiн А. Орлов сұлтанмен 1833 жылы 8 шiлдеде Ункияр Искелеси келiсiмiн жасасып кетедi. Ол негiзiнен бiрнеше баптан тұратын болған.
Бiрiншi бапқа сәйкес екi мемлекетарасында мәңгi бейбiт, достық, бiрлiк орнайды және Ресей мен Түркия елдерi өздерiнiң тынышытығы мен бiртұтастығына қатысты барлық мәселелердi бiрге қарастрып, бiр-бiрiне көмек көрсетуге мiндеттенедi.
Екiншi бабында Андрианаполь трактатының бекiтiлгенi жөнiнде айтылады.
Үшiншi бабында барлық орыс түрiк келiсiм-шарты мен келiсiмдерi бекiтiледi болды. Ресей Империясы Портаға жеткiлiктi мөлшерде әскер берiп тұратын болды.
Қаоған баптарында әскерлердi асырау үшiн шығындар, 8 жылдық келiсiм-шарт мерзiмi және ратификация тәртiбi бекiтiледi.
Ункияр Искелеси келiсiм-шартының жеке және құпия баптары өте маңызды болды. Ол Түркия мемлекетiн Ресей Империясына көмек беруден босатты. Бiрақ оның орнына Ресей Империясы талабымен Түркия Дарданелл бұғазын шетел әскери кемелерi үшiн жабатын болды.
Ункияр Искелеси келiсiм-шарты Англия мен Франция мемлекеттерiнiң түрiк жағалауларындағы әскери-теңiз демонстрация түрiндегi наразылығын тудырды.
Бұл келiсiм-шартқа қол қойылғаннан кейiн, Ресей Империясының патшасы Николай I Австриямен Мюхенгрец конвенциясын жасайды. 1839-1841 жылдары Сұлтан мен Египет патшасының арасында тағы да келiспеушiлiк туған кезде Николай I Ункияр Искелеси келiсiм-шартынан мүлдем бас тартады. Николай I бұл жүргiзген саясаты нәтижесiнде Еуропалық державалар сұлтан мен патша арасындағы конфликтке араласа бастады.
Оған сәйкес 1840 жылы Англия астанасы Лондонда арнайы «Лондон конвенциясы» жасалынады. 1841 жылы ол жаңартылып, жаңа «Лондон конвенциясы» дүниеге келедi.
Лондон ковенциясының нәтижесiнде түрiк порттарына барлық мемлекеттiң қол сұғуына тыйым салынды.
Сыртқы саяси мешеулiк Түрiк үкiметi Портаны өзiнiң сыртқы саясатын құруда шетелдiк державалардың көмегiн сұрауға итермеледi. Осының салдарынан XVIII-XIX ғасырлардың тоғысында Шығыс мәселесi пайда бола быстады. Бұл мәселенiң негiзiнде Англия мен Франция арасындағы саяси-экономикалық бәсекелестiк болды. Осман Империясының тиiмдiиелiктерiн басып алып, ағылшындық отарлаушыларға үлкен кедергi келтiру мақсатымен Францияның iрi қолбасшысы Наполеон Бонапарт 1789 жылы Египетке әскери экспедиция ұйымдастырады. Шығыс мәселесiнiң негiзi осыдан әрi қарай шиеленiсiп, асқынып кетуi басталады деп есептеуге болады.
Шығыс мәселесiнiң салдарынан Кучук-Кайнарджи бейбiт келiсiм-шартынан бастап, 1799 жылғы 3 қаңтарда орыс-түрiк одақтық қорғаныстық одақтық келiсiм-шарты, 1805 жылы 23(11) қыркүйекте орыс-түрiк одақтық келiсiм-шарты, 1791 жылы 4 тамызда Систов келiсiм-шарты, 1791 жылы 29 желтоқсанда Ясс бейбiт келiсiм-шарты, 1812 жылы 28 мамырда Бухарест келiсiм шарты, 1827 жылы 6 шiлдеде Лондон конвенциясы, 1829 жылы 14 қыркүйекте Адрианаполь бейбiт келiсiм-шарты, 1826 жылы Аккерман конвенциясы дүниеге келген болатын.
Яғни көрiп отырғанымыздай, Шығыс мәселесi дүниежүзiлiк тарихта алатын орны ерекше. Бұл мәселенiң бейбiт түрде шешiлуi Осман Империясы, оның қарамағындағы жерлерi мен халқының өмiрiнде үлкен де маңызды орын алатыны сөзсiз. Қаншама соғыс, келiспеушiлiк, тиiмдi-тиiмсiз келiсiм-шарттардың нәтижесiнде, бiлiктi дипломаттардың әдiлеттi iс-әрекеттерiнiң нәтижесiнде бұл қиыннан қиыстырылған түбi терең мәселенiң шешiлуi дүниежүзiлiк дипломатияның үлкен орнын тағы бiр рет көрсететiнi айдан анық деуге толық хақымыз бар. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Қазақ әдебиеті | Абылай Уәлибақыұлы
» Сабақ жоспары (ұмж): Рим империясы Шығыста неліктен сақталды (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)
» Реферат: Тарих | БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПІЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ

» Реферат: Тарих | Монополияның мәнi түсiнiгi және оның түрлерi

Іздеп көріңіз: