Реферат: Шымкент мұражайлары

Реферат: Шымкент мұражайлары

Шымкент мұражайлары
Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1920 жылы құрылған. 1977 жылы музей арнайы салынған жаңа ғимаратқа қоныс аударды.
Облыстық мұражайдың 3 бөлiмшесi: Түркiстан қаласында С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражай; Сайрам ауданында Сайрам тарихи-өлкетану мұражайы; Түлкiбас ауданында Тұрар Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайы және 1 секторы: Ескi Иқан ауылындағы Мiртемiр әдеби-мемориалдық мұражайы бар.
Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына сәйкес жасалған 2004-2006 жылдарға арналған ортамерзiмдiк "Мәдени мұра" Бағдарламасының негiзгi бағыты мен мақсаттарын iске асыру барысында Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейi өлкемiздiң мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарын сақтау, музейлiк заттар арқылы мәлiметтердi жинақтап тарату, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнiнде тәлiм-тәрбие беру сондай-ақ халқымыздың материалдық ескерткiштерi мен рухани мәдениетiн зерттеп, көрнектерi мен көрмелерi арқылы жеткiзуде өзiнiң қоғамдағы әлеуметтiк мiндеттерiн яғни, ғылыми зерттеу, жинақтап iрiктеу, экспозициялық, әдiстемелiк, ғылыми-ағартушылық, экскурсиялық қызмет жұмыстарын уақыт талабына сай атқаруда.

Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы
Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы 2001 жылы 2-қарашада Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай облыс әкімшілігінің тікелей бастамасымен ашылды.
2002 жылдың 13-тамызында облыс әкімінің №284 қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы мемлекеттік коммуналдық - қазыналық кәсіпорыны» болып құрылды.
Мұражай ғимараты екі қабаттан тұрады: 1-ші қабатта үлкен экспозиция залы, 1 қор сақтау бөлмесі, 1 әкімшілік бөлмесі, 2-ші қабатта «Тағзым» залы орналасқан.
2005 жылы мұражайда бір қатар іс-шаралар атқарылып, өз қорын онан әрі құнды экспонаттармен байыта түсті.
2004 жылы мұражай қорында 7295 экспонат болса, 2005 жылы мұражай қорына 1230 экспонат жинақталып жалпы саны 9525 болды.
Оның негізгі қорындағы экспонаттар саны 7420 болса, көмекші экспонаттар саны 1105 болды.

Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы
Бұл мұражай Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы музей үйі болып 1976 жылы ақпан айында құрылып, 1981 жылдан бастап аудандық мәдениет бөліміне, 1985 жылдан облыстық тарихи өлкетану мұражайының филиалы болып жұмыс істесе, 2001 жылғы 26 маусымдағы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің №78 қаулысымен Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды .
Халық демеушілігінің арқасында ұлттық нақышта салынған жалпы аумағы 368,5 шаршы метр болатын жаңа ғимаратта орналасқан мұражайдың жәдігерлер қорында 1000 нан астам жәдігер бар. Мұражайдың көрме залы үш экспозициялық бөлімнен тұрады Олар Қажымұқанның өмірі мен спорттағы жетістіктері, облыс спортының мақтаныштары олимпиада, Әлем, Европа, Азия чемпиондары мен спорттың әр саласынан халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздарының фото суреттері, кубок, диплом, қолданған заттары мен спорттық киімдері қойылған көрмелер. Сондай-ақ, әр кезеңдегі жарыстарда берілген ескерткіш белгі медальондар және қазақ боксының атасы Әбдісалам Нұрмахановтың жеке заттары мен кезіндегі спорттық марапаттау белгілерімен толықты.
Көрермендердің қызығушылығын тудыратын, кезінде киелі палуанның тұрмыста қолданған заттары мен спорттық құралдары, киімдері, әлемдік жарыстарда ұтып алған 48 алтын, күміс орден медалдарынан 2 орден 1 медаль, «Польша каролі Сегизмундтың атындағы жүлдені қатарынан 4 рет жеңіп алғандығы туралы белгісі жапсырылған қайыс белдігі, Қажымұқанның жеңісіне риза болған Варшава мұсылмандары сыйға тартқан ескерткіш белгі медальоны, олимпиада чемпиондары Б.Саттарханов, Н.Ким, М.Ділдәбековтердің жеке заттары мен фото суреттері экспозицияда орын алған.
Мұражай қызметінің басты жұмысы, ғылыми қорды, толықтыруға байланысты іздестіру жұмыстары. Бұл бағытта әдістемелік орталық ретінде республикалық мемлекеттік музеймен, өлке тану облыстық музеймен байланыста болуда. Мұражай интернет жүйесіне қосылды.
Қажымұқанның спорттық өмір жолын ғылыми іздестіру жұмысы Республикалық мемлекеттік музейінің интернет жүйесіндегі сайды арқылы жүргізіледі.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық
Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық 2006 жылдың сәуір айында тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтау, есепке алу, қорғау және пайдалану бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарына белсенді ықпал ету мақсатында ашылды.
Орталықта екі бөлім жұмыс жасайды: археология және тарих ескерткіштерін сақтау және пайдалану, қала құрылысы, сәулет және монументтік өнер бөлімдері.
Орталықтың негізгі қызметі облыс көлемінде орналасқан барлық тарихи-мәдени маңыздылығы бар ескерткіштерді анықтап, есепке алып және олар туралы нақты база құрып, олардың қорғалуын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етуге жұмылдырылатын болады.
Суретші мұражайы
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Аққұм ауылында өмірден ерте өткен суретші Құрасбек Тыныбекұлының еңбектері қойылған мұражай ашылды. Мұнда оның 5 ірі жұмысы және 40-тан астам эскиздері қойылыпты. Суретшінің көптеген туындылары Алматы мен Астананың мұражайларында қойылған. Оның суреткерлік әлемі ауқымды да, жан-жақты, сан қырлы, - десті жиналғандар.
Қазақтың ұлттық сән және қолөнері саласында суретші Құрасбек Тыныбекұлының есімі әрқашан да алдыңғылардың қатарында аталады.Өйткені ол ұлттық гобелен тоқу мектебінің іргетасын қалап,дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді.Төлеби ауданының тумасы тірі болғанда биыл асқаралы 60 жасқа толар еді.Өмірден ерте -32 жасында өткен суретшінің есімі -оның еңбектері тұрғанда өшпек емес.Жақында талант иесінің есімі берілген Аққұм ауландағы мектепте марқұмды еске алуға арналған көрме өтті.Осы күні Құрасбек Тыныбекұлының еңбектері қойылған мұражай да ашылды.Мұнда оның 5 ірі жұмысы және 40-тан астам эскиздері қойылыпты.Суретшінің көптеген туындылары Алматы мен Астананың мұражайларында қойылған.Оның суреткерлік әлемі ауқымды да ,жан-жақты,сан қырлы - десті жиналғандар. "Дала әуені, Аспан, Дала балладасы,Отбасы,Байқоңыр,Тың шеруі" атты еңбектері ұлттық қолөнердің алтын қоры саналады....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Шымкент мұражайлары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Шымкент мұражайлары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Олкетану жоспарымен, казакша реферат жоспар, Шымкент мұражайлары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]