Реферат: Экологиялық мониторинге түсінік және оның міндеттері

Реферат: Экологиялық мониторинге түсінік және оның міндеттері

Экологиялық мониторинге түсінік және оның
міндеттері.

Экологиялық мониторинг – табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау,тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин «Монитор»- сақтандырушы,қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин Б.Ұ.Ұ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл,маусымда), «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.
Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктеме саналады. Экологиялық шектеулі рауалы жүктеме былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қауыпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, қоршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауырып соғады. Қазіргі уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.
Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың температурасының, қысымның, ылғалдықтың өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Себебі, қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін яғни тұрақтылық шегінен шыққанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырады. Табиғи факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратын (гидромстеорологиялық сейсмикалық, ионсфераның және басқалар) жүйелер жүргізеді.
Биосфераның абиотикалық құрамының антропогендік өзгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің арқасында кезекті экожүйелерде болатын өзгеістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экожүйе мониторингтің информациялық жүйесі жасалады.
Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингінің негізіг міндеттері:
1.антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау.
2.антропогендік әсер факторларын бақылау.
3.антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау.
4.табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау.
5.антропогендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдаған табиғи ортаның жағдайын бағалау.


Мониторинг жүйесін топтастыру.

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады.
1.жағдайды бақылау
2.бағалау және болатын өзгерістерді болжау. Мониторинг схемасы 11.1 –ші суретте келтірілге
11.1-ші сурет. Мониторинг схемасы

Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ жердің беткі сулары мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттың жүйені құрушылар) жатады.
Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді.Атмосфералық, ауалық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық) топырақтық, климаттық мониторинг, сейсмикалық, ионосфералық, күн, магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т.б.
Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.
Әсер факторларының мониторингі- әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингрединктік мониторинг) түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерінің (электр магнитті сәулелену күн радиациясы, шу діріл) мониторингі.
Ластағыш көздердің мониторингі- нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік),кеңістік (қалалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.
Әсер аумағына байланысты сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін құрайды.
1.ғаламдық (биосфера) – халықаралық ынтымақтастық негізінде жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремальды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру.
2.базалық (фондық)- жалпы биосфералық, абиғи құбылыстарды бақылау
3.ұлттық – бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдық арқылы жүргізетін мониторинг.
4.аймақтық – халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау.
5.жерггілікті (локальды) – елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу.
6.импактылық – ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.
Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі 1970 жылы құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:
— қоршаған ортаның жай күшінің халықаралық мониторигі мен бағалауын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу.
— мониторингтің жаңа станцияларын құруда көмек көрсету
— атмосфера мен климаттың жай-күйі, қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтерді жинау және тарату.
Химиялық мониторинг – атмосфераның, жауын-шашынның жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түрдің тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе.
Физикалық мониторинг – қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т.с ) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.
Биологиялық мониторинг – биоиндикаторлар көмегімен жүргізетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін ағзалардың күйі мен жүріс–тұрысына қарап пішіп кеседі.)
Экобиохимиялық мониторинг – қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға арналған мониторинг.
Дистанциялық (аралық) мониторинг – зерттейтін объектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық, космостық мониторинг.
Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі мынадай түрде атқарылады.
— бақылау объектісін белгілеу
— бақылауға белгіленген объектіні тексеру
— бақылауобъектісіне информациялық модель құрастыру
— өлшеуді жоспарлау
— бақылау объектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық моделін ұқсастыру.
— бақылаудағы объектінің жағдайының өзгеруіне болжам жасау
— мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап қолданушыларға тапсыру.
Құрама экологиялық мониторингтің мақсаты жинақталып алынған мәліметтерді негізге алады.
1.Адам тіршілік ететін ортаның және экологиялық жүйелердің жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер мен функционалдық экологиялық нормативтердің сақталуын бағалау.
2.Осы көрсеткіштердің өзгеруі себептері анықтау және осы өзгерістердің тигізетін зардабын бағалау, сонымен қатар тіршілік ортаға және экожүйе жағдайына диагностика жасап, көрсеткіштерді түзетуге қажетті шараларды белгілеу.
3.зиян тигізілмелі тұрып, қолайсыз жағдайлардың болмауын алдын-ала ескертетін шараларды анықтап, солармен қамтамасыз ету.


Экожүйелердің тұрақтылығы мен дамуы

Табиғи экожүйелерде организм популиациясының жағдайлары тұрақты түрде өзгеріп отырады. Оған әр түрлі себеп бар. Қысқа мерзімді себепке ауа райының жағдайы мен биоталық қарым-қатынастар, маусымды температураның жыл бойында қатты өзгеруі жылдан-жылға абиотикалық және биоталық факторлардың әр түрлі кездейсоқ қосылуы жатады. Бірақ та осы барлық тұрақсыздану, дағдыдағыдай, азды –көпті жүйелік және экожүйенің тұрақтылық шегінен яғни жердің географиялық және ауа райының жағдайына сәйкес болатын оның әдеттегі көлемін, түр құрамын, биомассасынан, өнімділігінен ауытқымайды. Экожүйенің осындай жағдайын климакс деп атайды. Климакс (ғылымға бұл терминді Ф. Клементс 1916 жылы енгізді) экожүйе дамуының тұрақты, соңғы сатысы. Оның сипаты, әдетте, климаттық, гемофологиялық, топырақтық, биоталық және антропогендік факторлармен анықталады.
Экожүйенің негізгі экологиялық көрсеткіштері тұрақты болады. Себебі оның өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеті бар. Осы білеттілікті экожүйе гомеостазы деп атайды
Гомеостоз кері байланыс принципіне негзізделген. Мысалы, популяция тығыздығының оптимумын ауытқу нәтижесінде не туылым, не өлім-жетім артады.
Экожүйедегі заттентердің айналымдары мен энергия ағындарының әрекеттесуі өздігінен түзілетін гомеостоз құрады, яғни оны сақтап тұру үшін сыртқы басқарудың қажеттігі жоқ.
Экожүйенің сыртқы әсерден туған өзгерістерге төтеп беріп қайтадан бұрынғы қалпына келе алатын сипаттайтын қабілеттілігін оның орнықтылығы деп атайды. Экожүйенің орнықтылық сипаты принципі термодинамиканың екінші заңымен байланысады. Осы концепцияға сәйкес бойымен энергияға ағыны өтіп жатқан кез келген табиғи жүйе орнықтылық күйіне қарай дамуға бейім болады және өздігінен реттелуі механизмдері қалыптасады. Жүйеге сырттан қысқа мерзімдік ықпал жасалған жағдайда бұл механизмдер жүйенің орнықты күйіне қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Экожүйенің орнықтылығы оның көлемі неғұрлым үлкен және түрлік пен популяциялық құрамы бай және әралуан түрлі болса соғұрлым жоғары болады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Экологиялық мониторинге түсінік және оның міндеттері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Экологиялық мониторинге түсінік және оның міндеттері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Экологиялық мониторинге түсінік және оның міндеттері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]