Реферат: Экологиялық демография

Реферат: Экологиялық демография

Экологиялық демография

Жұмыссыздық, сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес, ауыз су тапшылығы, демография мәселесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру, экология мен қазақстандық білім беру жүйесінің бүгінгі ахуалы Қазақстан-Ресей университеті Атырау бөлімінің ректоры, "АҚ ЖОЛ" КДП Атырау облыстық филиалының басшысы Ғ.Муафих мырзамен өткізілген әңгімеде тілге тиек етілген еді. — Ғалымтай Муафихұлы, ауыл дегенде алдымен оның тұрмыс-тіршілігі тілге оралады. — Табиғи байлықтарды пайдаланудан түскен мемлекет табысының тұрақты бір бөлігін ауылды әлеуметтік-экономикалық, экологиялық дағдарыстан шығару мақсатына бөліп, сол арқылы қордаланып қалған өзекті мәселелерді шешуге жұмсау керек. Ол үшін мемлекеттік құрылымдардың халық мүддесіне сай әрекет етуіне мемлекеттік және қоғамдық бақылау күшейтілуге тиіс. Қылмыс пен бұзақылыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің пәрменді жүргізілуі де аса маңызды. — Ауыл тақырыбына қатысты тағы қандай проблемалар бар? — Ең негізгісі — ауылды газбен қамтамасыз ету. Сонымен қатар ауыз су мәселесін шешу, автокөлік жолдарын жақсарту, дәрігерлік-санитарлық торабын қайта қалпына келтіру, осы орайда салауатты өмір салты мен санитарлық-гигиеналық тәрбиені, ұлттық мәдени және рухани құндылықтарды насихаттау. Кез келген азаматтың дәрігерлік мекеменің тандауы және оларға ең төменгі деңгейде белгіленген ақысыз қызмет көрсету құқығын қамтамасыз ету керек. — Бүгінгі танда елдің әлеуметтік ахуалының тұралауына әкеп соққан басты мәселенің бірі — жұмыссыздық. Сіздіңше, мұны шешудің төте жолдары қандай? — Бұл үшін кәсіп көзі жоқ елді мекендерде мал өнімдерін қабыддайтын және өндейтін шағын кәсіпкерлік нысандарын ұйымдастыру және оларды қолдау мақсатында бюджеттен бөлінетін ұзақ мерзімді, төменгі пайызды несиелер көлемін ұлғайтқан дүрыс. Жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, еңбеккерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту үшін облыс көлемінде шет елдерден жұмысшы күшін әкелуге шектеу қойып, еңбекті қорғау зандарының сақталуына мемлекеттік және қоғамдық бақылау күшейтілуі тиіс. Зейнет жасына толған әр-бір азаматқа еңбек еткен-етпегеніне қарамастан арнайы жәрдемақы тағайындалғаны дүрыс. — Демография мәселесіне байланысты не айтасыз? — Аналар мен балаларды қорғаудың нақты бағдарламасын қабылдап, әрбір жаңа туылған нәрестеге (2005 және одан кейін туылған) жеке есепшот ашып, оған Ұлттық қордың (инвестициялық табыстың) бір бөлігі аударылып, ол қаржыны сәби кәмелеттік жасқа толғанда төлеу — демографиялық өсімнің кепілі. — Қазақстандық білім беру саласына қатысты сыңды жиі естиміз. Оның себебі неде? — Ол үшін білім беру саласына тиісті белгіленген мемлекеттік стандарттарға сай сапалы білім беруді қамтамасыз ету қажет. Ел болашағы — жастарға қоддау көрсетіп, кәсіпке баулу және кәсіби бағдар беруге байланысты мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шараларды күшейту айтылар сын-ескертпелердің аддын алады. Ал мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін өсіріп, оларды бірте-бірте мемлекеттік қызметкер мәртебесіне дейін көтеру білім беру саласының ажырамас бір бөлігі болып табылады. — Өкінішке қарай, ел экологиясы да сын көтермейтін жағдайда... — Дұрыс айтасыз. Меніңше. біздің аймақтағы Азғыр әскери сынақ полигонына және қоршаған ортаны қорғауға қатысты бірқатар мәселелер әлі күнге шешімін таппай келеді. Сол мәселелерді қолға алатын мезгіл жетті ғой деймін.
Демографиялық өсiмнiң салдарынан табиғи ресурстардың жетiспеушiлiгi туындады. Қытайдағы ауыз су қоры 2 миллион 640 миллиард м3 құрайды да, су қоры бойынша әлемде Бразилия, бұрынғы КСРО, Канада мен АҚШ-тан кейiн 5-шi орынды алады. Бiрақ жан басына шаққандағы келетiн су қоры бойынша Қытай 110-шы орыннан бiрақ шығады. Қазiргi таңда Қытайда бiр адам жылына шамамен 18,14 м3, (қалада 36,25 м3, ауылда 14,57 м3) су жаратады. Болашақта құрылыстың көбейiп, қала тұрғындары үлесiнiң өсуiнен ауыз суының пайдаланылуы да артады. Ауыл шаруашылығына кететiн шығындар өте көп.
Халық санының өсiмiмен бiрге энергия көзiне деген сұраныс та артуда. Шамамен есептегенде, 900 миллионға жуық шаруалар энергияның табиғи көздерiн (оның iшiнде шамамен 300 миллионы орман ресурстарын) пайдаланады. Екiншi жағынан алып қарағанда, егiстiктi жерлердi ұлғайтудың бiрден-бiр жолы - орман-тоғайларды кесу. Осылайша, ҚХР орнағаннан кейiн орманды жерлердiң азайтылуы жылына 14674 га ауданды құрайды. Орманды жерлер 55,7% үлесiнен 30% үлесiне дейiн төмендедi. Бұл үрдiстер көптеген экологиялық зардаптарға әкелiп соқты. Соңғы 10 жылда орманды жерлер үлесi 23,1%-ға қысқартылды. Сонымен қатар халық саны көбейiп, өндiрiстiң даму қарқыны артты. Және бiр айтарлығы, Эология мен айналадағы ортаның ластануы күшейдi. Халықтың өсiмi үрдiсiнiң үздiксiз жүруi айналадағы ортаға ауырлық келтiредi. Қазiрдiң өзiнде Қытайдың кейбiр аумақтарындағы тұрғындардың саны өз шегiне жеткендiгi көрiнедi. Ал, кейбiр жерлерде тұрғындар саны «экономикалық жүйе шыдамдылығы» шегiнен асып түстi. Экономикалық апаттардың iшiнде жер эрозиясы ең ауыр апаттар қатарына жатады. Бүгiнгi таңда Қытайдың жер эрозиясына ұшыраған территориясы 1,6 млн. км 2, яғни бүкiл территорияның 6/1 бөлiгiн құрайды. Жылына шөл далаларға айналатын жер көлемi 2100 км2 құрайды.
Орманды, далалы жерлердiң сарқылуы, пайдалы қазбалардың шектен тыс өндiрiлуi экологиялық апаттарды тудырып, мемлекетке 40-60 млрд. юань көлемiнде зардап келтiредi. өндiрiстiк жағына келетiн болсақ, ҚХР орнаған кезде елде iске қосылып тұрған 400 мың өнеркәсiп орындары жұмыс күшi көбейген жағдайда бәрiн бiрдей жұмыспен қамтамасыз ете алмады. Сондықтан қала мен ауылды жерлерде кiшiгiрiм жаңа кәсiпорындар пайда бола бастады. Олардың жалпы саны 1,5 миллионға жеттi. Жаңа кәсiпорындар негiзiнен ескiрген, жарамсыз технологиялар мен бұйымдар пайдаланып, айналадағы ортаны қорғау мақсатындағы ешбiр шараларды жүзеге асыра алмады. Елде өндiрiстiк қалдықтардың 80% тазартылмай айналадағы ортаға шығарылды. Жылына мұндай қалдықтар мөлшерi 430 млн. тонна құрайды. 1949 жылы ҚХР орнағаннан кейiн айналадағы ортаға шығарылған 5 млрд. тонна өндiрiстiк қалдықтар 400 км 2 жердi алады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Экологиялық демография туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Экологиялық демография на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Экологиялық демография

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]