Реферат: Экологияның басқа ғылымдармен байланысы
Экологияның басқа ғылымдармен байланысы
Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми- техникалық үрдісі әлдекашан қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда. Олар мазмұндық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.
Соңғы кезде, экологияны биология ғылымының саласы бөлімі ретінде емес, жеке ғылыми тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әр түрлі экологиялық мәселелерді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердін барлығы қамтиды да, бірақ олардың әрқайсысы өз білімі саласынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера туралы ілім, экожүйе, биология қоршаған ортаның экологиялық дағдырысы туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабаты тиімді пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылык қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.
Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында:
«Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялык және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экология лық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіруін жүзеге асыру»- деген көрсетеді. Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білімдер беруді жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студентеріне «Экология негіздері» курсы оқытыла бастады. Адам мен табиғаттың өз ара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адам затты байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика ғылымдары мен мектептердің басты және игілікті борышына айналуда.
Ғасырлар бойы ойын табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдалану иемдік қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын алудың бір жолы - көпшілікке экологиялық білім беру.
Өйткені, коғам мен табиғаттың өзара біріне-бірі әсер ететіндігі туралы көпшілікке білім беру, адамның практикалык іс-әрекетінде басшылыққа алатын табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық білім және тәрбие беруде мектепте алатын орны өзгеше. Экологиялық білім жалпы және арнаулы білім берудің бір компоненті ретінде шәкірті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағыт алған.
Жоғары мектеп өзінің кәсіби қызметінің әлеуметтік, экономикалық, саяси, адами және есепке алатын мамандар даярлауы қажет. Сонымен бірге жоғары білімді мамандар алуан түрлі құралдарды пайдаланып, биік адамгершілік, елжандылық, мемлекет аралық экологиялық саясатты жүргізе алатындай болуы керек.
Дүние жүзілік практикада экологиялық білім мен тәрбие берудің бірнеше бағдарламалары бар.
Бұл бағдарламаларда біздің елімізде экологиялық әзірлік беруге жарайтын жалпы принциптері де кездеседі. Қоршаған ортаның проблемаларына байланысты білім беру екі түрлі роль атқарады: біріншіден - іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, басшы кадрлар даярлауға және әр түрлі пәндердің мазмұнын экологияландыруға жәрдемеседі; екіншіден — көпшілік пікірін қалыптастарып, оны жағымсыз экологиялық құбылыстарды болдырмау жағына қарай бағыттауға мүмкіндік жасайды.
Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беруде жасалған бағдарламалардың төрт басты бөліктері болуы мүмкін:
- іргелі пәндер;
- пәнаралық байланысты қамтамасыз ететін тақырыптарды біріктіру;
- проблеманың көкейкестілігі;
- практикалық іс-әрекеттер (экологиялық, сенбіліктер, т.б.);
Республика деңгейіндегі шараларға («Орман күні», «Құстар күні»),
жеке проблемалар бойынша экологиялық семинарларға («Су тазалығы», «Ауа тазалығы», т.б.) қатысу, бұлардың бәрін патриоттық тәрбие беру тұрғысынан жүзеге асыру.
Осы орайда педагогикалық университтерде маман даярлауда мемлекет аса жауапкершілікті қажет ету міндеттері:
- оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және техникалық құралдар жасау, табиғат музейлерін, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Бұлардың бәрін де мұғалім әзірлігінің деңгейі, оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастырудағы білім мен білігі шешуші роль атқарады;
- биология, химия, география және басқа пәндердің, солардың ішінде гуманитарлық пәндердің мұғалімдері оқу жоспарларын іске асырады, әр түрлі оқу жабдықтарын, техникалық кұралдарды пайдаланады, табиғат музейлеріне, зоопарке және табиғат жайларына топ серуендер ұйымдастырады.
Сондықтан мұғалімдер қоршаған орта туралы оқушылардың бірін анықтайды, тіршілікке деген пікірін қалыптастырады. Олар тіршілікті түсінуге, оған оқушы лардың қарым-қатынасын анықтауға жәрдемдеседі. Қоршаған орта жайында білім беру - сол ортаның күйін және онымен байланысты проблемаларға жауапкершілікпен қарау және оларды шешуге қамқорлық жасау процесі. Ол үшін күнделікті туындайтын проблемаларды шешетіндей білім, жеке және ұжымдық жұмыстардың дағдысы болуы керек.
Бұл міндеттерді экология және табиғат қорғаудан жан-жақты әзірленген мұғалімдер ғана атқара алады. Сондықтан айналадағы ортаны қорғау саласында мұғалімдер әзірлеу - ең маңызды міндеттердің бірі. Оларға, біріншіден, экологиялық факторлар және әлеуметтану мен адам экологиясының өзара байланысының негіздері туралы білім беру қажет. Екіншіден, мұғалімдер қоршаған ортаның проблемаларына сын көзімен қарап, оны сақтай білудегі оқушылардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу тиіс. Үшіншіден, табиғат қорғау мәселелері мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындарымен бірге мұғалімдердің білімін жетілдіретін курстардың бағдарламаларына енгізілгені жөн. Төртіншіден, қазіргі техникалық құралдар оқытуды компьютерлендіру және оқытудың жаңартылған әдістерін, солардың пәнаралық тәсілді және ұжымдық оқытуды мұғалімдер даярлаудың бағдарламаларына енгізу қажет. Ақырында тәжірибе, оқу құралдары және оқу материалдарымен құрылуы тиіс.
Қоршаған орта саласындағы мектеп мұғалімдері үшін жасалған халықаралық бағдарламаларда мынадай мәселелер ескерілуде. Болашақ мұғалімдер үшін қоршаған орта туралы білім аса қажет. Олар білім беру әдістерінің, әсіресе оқушыларды қоршаған ортаның негізгі көрсеткіштерін өздігінен анықтай алатындай болуы керек. Мұғалімдер даярлайтын бағдарламаларда қалыптасқан дағдыларды тексеретін және жетілдіретін практикалық сабақтар маңызды орын алуы тиіс. Сонымен бірге халықаралық бағдарламаларда студенттердің алатын білімі жаратылыстану ғылым дарымен шектеліп қалмауына назар аударылады. Барлық пәндердің мұғалімдері қоршаған орта туралы деректер мен заңдары, оның проблемалары мен мүмкіндік тері туралы хабардар болуы тиіс. Бұл білім экологиялық және экономикалық болуы керек. Болашақ мұғалімдер оқыту процесінде мынадай психология-педагогикалық білімді игеру және қолдана білуі тиіс, ақпараттың алынуы мен жинақталу процесін және оның адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасында әсерін түсініп, жергілікті табиғаттың материалын және мүмкіндіктерін пайдаланып қоғам мен мектеп тің өзара байланысын, білім берудің тенденцияларын және қоршаған ортаның мәселелерін шешу проблемаларын түсінуі құндылықтарды қастерлеп, даулы мәселелерді шеше білуі қажет. Қоршаған орта саласындағы білім табиғатта жұмыс істеу және сабақтарды жүргізу арқылы ғана алынады. Мұғалім қоршаған орта туралы берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, оқыту әдістері мен амалдарын, ақпарат көздері, оқу жоспарын жетік білуі керек. Жоғары оқу орындарында студенттерді оқыту ең алдымен болашақ мұғалімдерді даярлау бағдарламалары, олардың экологиялық және табиғат қорғау проблемаларына деген сезімталдығын қалыптастыруы тиіс.
Экологиялық білімнің арнайы жобалары экологияның кәсіби мамандарын, солардың ішінде экологияны аса жетік білетін мамандарды даярлауға және жүзеге асырғанда мемлекеттік қайраткерлерге (солардың ішінде жоғарғы буыны да бар), өкімет саласындағыларға, баспа, радио, теледидар, мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлеріне білім беруге арналған жобалардың кешені жасалған жөн. Сонымен бірге экологиялық білім берудің салалық және аймақтық жоспарлары жасалуы керек, оларда табиғат қорғауға байланысты қалыптасқан ұлттық салт дәстүрлер ескерілуі тиіс.
Негізгі жобалар кешенінде Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделіне сәйкес деңгейлердің бәрі қамтылады: мектеп, арнайы, орта, жоғары мектеп. Мұнда экологияны негізгі мамандығы ретінде қалаған дар үшін арнайы экологиялық білім, қалғандарына қосымша білім беріледі.
Арнайы бағдарламалардың мазмұнын толықтыру үшін экология саласында халыққа тәрбие беру және насихат жасаудың негізгі жобалары болуы керек. Бұл жобалар экологиялық сауатты әлеуметтік орта қалыптастыруға, экология мамандарын шығару арқылы бәсеке тудыруға, экологиялық, шешімдер қабылдау мен жүзеге асыруды халықтық білгір бақылауға алуға жәрдемдесуі тиіс («экологиялық сауаттылық»).
Экологиялық стандарттар, негізгі жобалап жасау және жүзеге асыру арқылы меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда экологиялық қызмет атқаратын адамдарға қойылатын кәсіби талаптар жүйесін қалыптастыру қажет....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: