Реферат: Экономикалық өсу
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы. Экономикалық өсудің факторлары
Осы замандағы экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өн-діргіш күштердің үзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің үзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда таддаудың предметі өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып та-былады. Ал осы өсу, тепе-тендіктің бір үзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.
Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты назар аударылады. Накты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу предметі тек эко-номикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі институцио-налдык кұрылымдардың пропорциялары, өсу карқынын өсіру немесе тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық көле-мінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалық өсудің мәні – экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру болып табылады: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық ка-жеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар: біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы, екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін жоғарылату және қоғамдық қажеттік-терді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлы-ғы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдык қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игерген-нен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыкқа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің көрініс формалары туралы екі бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген ЖҰӨ (ҰТ) нақты көлемінің өсу шапшаңдығы-мен өлшенетін немесе осы көрсеткіштердің бір адамға шаққандағы өсуінің (көбеюінің) шапшаңдығымен өлшенетін, белгілі мерзімде ұлттық экономиканың дамуының корытынды сипаттамасы деген түсінік кең тараған. Әдетте экономика-лық өсуді өлшеудің қандай әдісін колданатыны зерттеудің мақсатарымен байланыс-ты болады. "Экономикалық өсудің бірінші әдісі көбінесе еддің экономикалық потенциалының молаю шапшаңдығын бағалау үшін қолданылады, екінші – халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда, немесе әр елдер мен региондардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады. Бүгінгі күні өсу теорияларында өлшеудің екінші әдісі көбірек қолданылады. Экономикалық өсу деп халықтың санының өсу шапшаңдығынан нақты ұлттық табыстың өсу шапшаңдығының артық болуына әкелетін, ұлттық экономиканың дамуы деп түсініледі.
Экономикалық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшаңдығы жағынан қарағанда, әдетте экономикада күрделі қүрылымдық немесе институционалдық өз-герістер орын алмайды деп тұжырымдалады. Өндірістің құрылымы мен институ-ционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ, тұрақты деп есептеледі. Даму-дың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және сыртқы ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән болады. Үзақ мерзімді уақыт деп әдетте не-гізгі капиталдың өмірлік циклына тең уақыт түсініледі. Осындай тұжырым экономи-калык өсудің неокейнстік және неоклассикалық теорияларына тән болады.
Басқаша тұжырым экономикалық даму, ұдайы өндірістік, индус-триалдық және постиндустриялык теорияларда қолданылады. Бұл тео-риялар «тым үзақ» мерзімдегі экономикалық динамиканың мәселелерін зерттеп, талдайды. Осы мерзімде үкіметтің негізгі институттары, басқару, инфрақүрылым объектері, экономикадағы құрылымдық өзара байланыстар және оның сыртқы ортамен байланысы – осылардың барлығы өзгеріске ұшырайды.
Тым ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі ерекше-ліктері болады:
1. Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп есеп-теледі. Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді, екінші жағынан, өзі құлдырау мен депрессияның кезінде дайындалған өзгерістердің нәтижесі болып табы-лады. Сондықтан негізгі назар экономикалық өсуге емес, экономикадағы глобалдық өзгерістерге, осылардың жаңа сапаға айналуының тұрақты тенденциялары мен занды-лықтарына аударылады.
2. Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштерімен қатар, экономикалық дамудың микроэкономикалық, салалық және индустриалдық негіздері, кәсіпкерліктің мәселе-лері; өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің және үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа экономикалық құрылымдардың қалыптасуы зерттеледі.
Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті камтамасыз ету – экономикалық өсудің негізгі түпкі мақсаттары болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылады, осының құрамы:
1. Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа же-туді ұлттық табыстың (ҰТ) жан басына шаққанда келетін өсу шапшаңдығы көрсе-теді.
2. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткіште-рінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қыскарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудару керек.
3. ҰТ халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
4. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Көпсалалы «өндірістің тиімділігі» деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы экономикалық өсудің тиімділігі болып табылады. Осыған жататындар:
• тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
• бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
• халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылығымен есептесе отырып, өнді-рістің мамандану мен кооперациялануын жетілдіру;
• басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, "Х-тиімді еместікті" жою;
• өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша алло-кациясын жақсарту;
• жаңа технологиялар игеру.
Экономикалық теорияда «экономикалық өсудің сапасы» деген түсінік оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын қүрушылар:
• халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
• адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
• әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
• адам капиталына инвестицияны өсіру;
• адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
• еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею масштабын белгілейтін құбылыстар мен процестер белгілейтін өсу-дің тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.
Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және жанама деп бөледі. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіңдіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.
Тікелейді бес негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:
• еңбек ресурстары санының кебеюі және сапасының жо-ғарылауы;
• негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық, құра-мының жақсаруы;
• өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдірі-луі;
• шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстары-ның саны мен сапасының өсуі;
• қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.
Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие алу мүмкіндік-терінің көбеюі және т.б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу факторлары да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары: тұтынулық, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде неме-се әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.
Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің ұлғаюынан төмен болса, онда экономи-када өсу шапшаңдығының құлдырауы немесе өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.
Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:
• өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар бойынша нақты аллокациясы;
• қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлу тәртібі.
Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу кабілетіне және оның тиім-ділігіне әсер етеді.
Экономикалық өсу потенциалын жүзеге асыруда табыстарды бөлу тәртібі де маңызды рөл атқарады. Ол осы қызметін тек жұмысшыларды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандырған болса атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық потенциалдың мүмкін карқынмен өсуі үшін өндіріс факторларының меншік иелерінің табысының өсу шапшаңдығы олардың өнімділігінің, өсу шапшаңдығына тең болуы кажет.
Экономикалық өсудің экстенсивтік және интенсивтік типтері.
Ғылыми-техникалық прогресс
Экономикалық өсудің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін. Теория жағынан экономикалық өсудің негізгі екі типі болады: экстенсивтік және интенсивтік.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игілікгер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілігін қолдану арқылы жүреді: жұмыскерлерді, еңбек құрал-дарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады.
Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталады - өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілді-рілуі арқылы жүзеге асырылады: прогресивтік технологияларды қолда-ну, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы жағдайда өнді-рістің нақты көлемінің өсу карқыны нақты жиынтық шығын-дардың өзгеру карқынынан артық болып отырады.
Экономикалық өсудің типтерге бөлінуіне сәйкес, өсудің тікелей факторлары негізгі екі топқа бөлінеді – экстенсивтікке және интен-сивтікке.
Нақты өмірде экономикалық өсудің экстенсивтік немесе интенсивтік типтері таза түрде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру, кашан болмасын өндіріс құрал-жабдықтарына және жүмысшы күшіне инвес-тициялар салымын жасауды талап етеді. Жұмысшы күші мен құрал-жабдықтардың өсуі, олардың сапалық сипаттамаларына өзгеріс енгізеді. Сондықтан нақты экономикалық өсуді талдағанда, оның теориялық үлгісін емес, өсу типтерін басымырақ экстенсивтік және басымырақ интенсивтік деп бөледі.
Осы заманда экономикалық өсуді типке бөлу, өсудің интенсивтік факторларының нақты ЖҰӨ (ТҰӨ) өсіміндегі үлесіне сәйкес жүргізіледі. Егер өсудің интенсивті факторларының нақты ЖҰӨ үлесі 50% артық болса, онда экономикаға өсудің басымырақ интенсивтік типі тән болады. Керісінше, егер нақты ЖҰӨ өсіміндегі интенсивтік факторлардың үлес салмағы ЖҰӨ жалпы өсімінің 50% төмен болса, онда экономикалық динамикаға өсудің басымырақ экстенсивті типі тән болады.
Өндірісте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестігін белгі-лейтін макроэкономикалық көрсеткіштердін өзгерістеріне әсер етуіне байланысты, ҒТП бірнеше типке бөлінеді.
Егер ҒТП дамуында еңбектің капиталмен жабдықталуының әрбір белгіленген шамасына (К/L-const) өндіріс факторларының шекті өнімділігінің ылғи бір ғана көрсеткіші (шамасы) сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын алады.
Егер еңбектің капиталмен жабдықталуы белгіленген жағдайда шекті еңбек өнімділігі капиталдың шекті өнімділігінен тез өсіп отырса, экономикаға еңбекті үнемдейтін техникалық прогресс тән болады. Керісінше жағдайда – шекті еңбек өнімділігінің, өсу қарқыны мен шекті капитал өнімділігінің арақатынасы керісінше болғанда, ҒТП капитал үнемдейтін типі орын алады.
Егер ҒТП дамуында белгіленген еңбек өнімділігінің орта дәрежесіне еңбектің шекті өнімділігінің бірдей шамасы сәйкес келсе (Yt/Lt-const, сондай-ақ DYt/DLt-const), онда осындай тип Солоу бойынша бейтарап деп аталады. Егер капиталдың шекті өнімділігі тұрақты болғанда (DYt/DKt-const) оның орташа өнімділігі де (Yt/Kt түрақты болса), Харродтың пікірі бойынша, техникалық прогресс бейтарап деп аталады.
Тепе-теңдікте экономикалық өсудің негізгі үлгілері. Экономикалық өсу концепциялары
Егер тепе-теңдіктің статикалық үлгісі осы болмысқа жету шарттарын анықтауға бағытталса, немесе, салыстырмалы статиканың графикалық үлгісі тепетең алғашқы болмысы мен жаңасын салыстырумен айналысқан болса, тепе-теңдік өсудін үлгісін жасаудың мақсаты даму процесінде тепе-теңдікті қамтамасыз етудің шартгарын анықтау болып табылады. Бұлар тренд траекториялары деп аталады. Нақты экономика осының бойымен козғалып отырады.
Өсудің тепе-теңдік үлгілерінде дамудьң тепе-тендік траекторияларын тұрақты және тұрақты емес деп бөледі. Егер тепе-теңдік траекториясынан эконо-мика ауытқыса, бірақ біраз даму мерзімінен кейін қайтіп осы тепе-теңдікке оралған болса, онда осындай тепе-тендік траекториясы тұрақты боладьг. Егер бір траектория-мен экономика бір сәтте тепе-теңдікке жетіп шексіз ұзақ мерзім қозғалыста болатын болса, мұндай балансталған өсу траекториялары тұрақты болмайды, егер оның ішкі құрылымы немесе бастапқы даму шарттары өзгермесе қаншама аз түрткі болса да оның тепе-тендік болмысы бұзылады да экономика өз күшімен (өңдірушілер мен тұтынушылардың өзара әсерлерінін негізінде) ешқашан тепе-тендік траекторияға қайтып оралмайды, ол одан алыстай береді.
Тепе-теңдік өсу үлгілері тепе-теңдік траекториялардың, қасиеттерін (олардың тұрақтылығы және тұрақты еместігі) зерттеуге бағытталған және олар ауытқу жағдайында экономикалық жүйені тепе-тендік траекториясына қай-тару шарттарын анықтау үшін қолданылады. Осы үлгілердегі нақты экономи-калық жүйелердің өзгерулерінің ықтималдық тенденцияларын болжауға бағытталған өсу үлгілерінен айыра білу керек.
Өсудің жабайы неоклассикалық үлгісі. Өсудің неоклассикалык үлгілері дамудың стационарлық жағдайында трендтік траекторияларды зерттеу үшін қолда-нылады. Дамудың стационарлық тәртібі жетілген бәсеке жағдайыңда және өсу процесінде макроэкономикалық статикалық тепе-тендік өзін-өзі ұдайы өндіре-ді деп тұжырымдалды. Базалық өзгермелі үлгілер бірдей шапшаңдықпен өзгереді, ал олардың өзара байланыстары байқалып отырған мерзімде, оның қандай уақы-тын алсақ та тұрақты болады. Осы жағдайда әңгіме «динамикалық статика» туралы болып отыр: дамудың болашақтағы сипаты оның бүгінгі сипатыңдай болады. Осылайша, динамикадағы тепе-тендік те статикадағы тепе-теңдік сияқты жүзеге асырылады: өндірушілердің өз өнімінің бағасын толық білуінің негі-зінде, өнімдер мен ресурстардың икемді бағалары икемді проценттік ставка (өсім ақысы) арқылы жинақтар мен инвестицияларды қолма-қол теңестіру негізінде барлық өндірушілердің тәртібін жоғарылататын өндіріс факторларының шекті өнімділігіне пропорционалды түрде табыстарды көбейту негізінде.
ҒТП үлгілеріне жүргізілген талдаудың көрсетуі бойынша, жетілген бә-секенің өзі де экономикалық өсу процесіңде тұрақты тепе-тендікті автоматты түрде ұстап тұруы техникалық прогрестің кез келген типінде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Мұндай мүмкіндік тек ҒТП-тің Харрод көрсеткен бейтарап жағдайында ғана пайда болады. ҒТП-тің басқа типтерінде қосымша шарттар қажет болады.
Динамикалық тепе-теңдіктің неокейнстік улгілері. Дж.Кейнстің концепциясы бойынша, жұмыспен толық қамтылған жағдайда, мак-роэкономикалық тепе-тендікке жету үшін, егер ЖҰӨ-нің барлық көлемін өткізу үшін тиімді сұраныс жетімсіз болса, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын көбейту арқылы және мемлекеттік қарыздың өсуі арқылы қосымша инвестициялар жасау қажет.
Қосымша инвестициялар мультипликатор негізінде қосымша тұтыну заттарына туынды сұраныс жаратады. Бұл ұлттық өңдірістің барлық табиғи көлемін өткізуге және жұмыспен толық қамтуға мүмкін-дік береді. Осыдан кейінгі экономиканың жағдайы Дж.Кейнстің назарынан тыс қалған, өйткені оның зерттеуі қысқа мерзіммен шектел-ген болатын.
Бұл мәселелермен экономикалық өсу теориясы бағытынан Кейнстің ізбасар-лары айналысты. Олар мынаған назар аударды: егер инвестициялар қосымша тұтыну заттарына сұраныс тудырса, онда осы жаңа сұраныс, туынды байланыс ретінде, жаңа өндіріс құрал-жабдықтарына, жаңа инвестицияларға да қосым-ша сұраныс жаратады. Осы процесте сату көлемінің өсу проценті маңызды рөл атқарады. Егер көлемі өскен болса, онда осы процесс тудырған инвестициялар бұдан жоғары шапшаңдықпен өседі. Және керісінше, сатудын көлемі төмендегенде, инвестициялар осыдан шапшаң төмендейді. Осы жағдай мультипликатор принципін акселератор принциптерімен толықтыруға мүмкіндік берді.
Өсудің жабайы посткейнстік үлгілеріне Е.Домар мен Р.Харродтың үлгі-лері жатады.
Е.Домардың улгісі. Өсу теориясына Е.Домардьң қосқан негізгі үлесінің мәні мынада: ол инвестициялардьң екі тиімділігін де есепке алудың қажеттігіне назар аударады – мультипликатормен қатар акселераторға.
Домардың үлгісі бойынша, өндірістік қуаттардың толық пайдаланылуын қамтамасыз ету ушін инвестицияларды тұрақты түрде өсіріп отыру қажет. Бұның өсу қарқыны капиталдың өнімділігінің жинаққа шекті бейімділік-тің көбейтіндісіне тең болуға тиісті. Ал жұмыспен толық қамтылуды қолдау үшін еңбек ұсынысының өсу шапшаңдығы еңбек сұранысының өсімінің шапшаңдығына тең болу керек. Факторлардың біреуінің қызметін басқасы атқара алмайтындығына байланысты, еңбекке сұраныстың өсімі-нің қарқыны капиталдың өсімінің қаркынына тең болу арқылы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп еңбек нарығындағы тепе-тендікті еңбек ұсынысының өсу қарқыны капиталдың өсу қарқынына тең болғаңда қамтамасыз етіледі.
Домардың үлгісі бойынша, толық жұмыспен қамтуды және игіліктер нарығындағы тепе-тендікті қолдап, ұстап тұру үшін инвестициялар көлемін берілген шапшаңдықта тұрақты түрде өсіріп отыру керек. Бірақ кәсіпкерлер-дің инвестициялық жоспарлары сонша оптимистік болмауы мүмкін. Егер инвестициялар өндірістің нақты көлемінің тепе-теңдікте өсуіне және толық жұмыспен қамтылуды қолдауға қажет мөлшерден төмен болса, онда экономикалық жүйе тепе-теңдік траекториядан одан әрі алыстай түседі. Сон-дықтан Домардың үлгісіндегі тепе-теңдік тұрақты емес деуге болады. Өйткені мұнда экономиканы сол тепе-тендік болмыстан ауытқығаннан кейін оны қайтадан тепе-тендікке келтіру механизмі көрсетілмеген.
Р.Харродтыц улгісі. Р.Харрод Е.Домардан гөрі өз міндетін кең мағынада түсінген. Ол үйлесімді өсу механизмін анықтау үшін экономикадағы функционалдық байланыстарды көрсететін теңдеулерге ғана сүйенбей, сонымен қатар талдауға кәсілкерлер әрекеттерінің психологиялық мотивтерін енгізген.
Р.Харродтың үлгісінде кәсіпкерлердің тәртібі былай сипатталады. Егер өткен мерзімде сұраныс артық болса, онда олар (кәсіпкерлер) өндіріс көлемінің өсу қарқынын көтереді. Керісінше болса, олар бұл қарқынды төмендетеді. Ол тепе-тендікке жеткен жағдайда, қалыптасқан өсу қарқы-ны сақталады.
Өсудің неокейнстік үлгілерін талдаудың негізінде жасалатын қорытын-дылар және экономиканың статика жағдайында қызмет етуінің кейнстік үлгісін талдаудың негізінде жасалатын қорытындылар бір-біріне өте үқсас деп тұжырымдауға болады. Бұлардың мәні мынада: тепе-теңдік өсу тұрақ-ты емес, сондықтан экономиканың өсуіне мемлекеттік реттеу мақсатпен бел-сенді кірісу қажет.
Осы концепциялардың негізгі мақсаты, ол қоғамның даму сатыларын-дағы ерекшеліктерін, фундаменталдық айырмашылықтарын көрсету болып табы-лады.
Экономикалық теорияда коғамды өсу сатыларына бөлудің екі негізгі концепциясы орын алған.
Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар
Формациялық теория. Бүл теорияны жете зерттеп дүниеге әкелген К.Маркс және онын ізбасарлары. Осы тсорияның мәні: дамудың белгілі кезеңіндегі өндіргіш күштер және қоғамның өндірістік қатынаста-ры бірлікте болады және бір-біріне әсер етеді. Осы бірлік «өңдіріс тәсілі» деген түсінікпен сипатталады. Өндірістік қатынастар саяси үкімет институттарыньң, қоғамда үстемдік ететін мораль мен теологияның, үлтгық, отбасылық және басқа да коғамдық қатынастарды ұйымдастыру принциптерінің базисі (негізі) болып табылады. Осы қатынастар мен институттар бірігіп «қондырма» деген түсінікті құрады.
Өндіріс тәсілі қондырмамен бірігіп қоғамдық-экономика-лық формацияны кұрады. Осылардың К.Маркс бесеуін бөліп атайды:
• алғашқы қауымдық;
• қүл иеленушілік;
• феодалдық;
• капиталистік;
• коммунистік формация.
Қоғам дамуының тарихи бағыты формациялардың бірте-бірте бірінің орнына келесі бірінің келуі болып табылады. Бір формациядан екіншіге өтудің қозғаушы күшіне өндіргіш күштер мен өндірістік катынастардың бірлігі шеңберінде орын алатын, солардың арасындағы қайшылықтар жатады. Қайшылыктың мәні мы-нада: өндіргіш күштер өңдірістік қатынастарға қарағанда тезірек дамиды. Артта қалу елеулі болғанда, сандық өзгерістер сапалыққа айналады, өңдірістік қатынастарда секірмелік туады: прогресивтік өндіргіш күштердің дамуына жол ашу үшін олар күрт өзгереді. Сонымен қатар, өндірістік катынастардың сапа-лық өзгеруі, қоғамның барлық қондырмасын қайта құруды қажет етеді. Форма-цияның ауысуы революциялық тәсілмен жүреді: ескі жүйе жойылып, жаңа құры-лады. Осылай өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың сәйкестігі кайта орнатылады.
Осылайша, тарихи даму барысында өндіріс тәсілінің прогресивтігі басым және үйлесімді дамығыш жағы (өндіргіш күштер) прогресивтігі төмен жағын - өндірістік қатынастарды теріске шығарады. Осындай бағыттан нарық, экономикасының тарихи тағдыры да шешіледі. Тарихи бірінші формация – алғашқы қауымдық қоғамға еңбек бөлінісінің дамымағандығының салдарынан өндіруші мен тұтынушының бір тұлға болып бірлесуі тән болған. Сондықтан мұнда нарықтық байланыстар артық өнімдердің кездейсоқ айырбасы түрін алады. Енбек бөлінісінін дамуына байла-нысты меншік қатынастарына өзгерістер кіреді: қауымдық меншікгің орнына жеке меншік келіп, айырбас дамиды. Өндірістің негізі қол еңбегі болғандықтан, жұ-мыскерлердің өзі бастапқы жеке меншік объектісіне айналады, бұл құл иелену-шілік қоғамын тудырады.
Ұксас түрде құл иеленушілік қоғамы феодалдыққа, феодалдық – капита-листікке айналады. Енді қорытынды жасалады: капитализмнің белгілі сатысында өндірістің шоғырлануы күшеюінің нәтижесінде үлттық экономика масштабында коғамдастырылған өндіргіш күштер жасалады. Бұған дәлел – салалық өнді-рісті монополиялаған алып корпорациялардың қалыптасуы. Монополия өндіргіш күштердің стагнациясына (тоқырауына) жетелейді (монополистерді өндіріс шығындарын төмендетіп, ҒТП жетістіктерін енгізуге мәжбүр ететін (бәсекелік жоқ) және ол, осымен қатар, бүкіл елдің масштабында саланың шаруашылық әрекеттерін реттеуге мүмкіндік беретін басқару әдістерін жасайды. Сондықтан, біріншіден, өндіргіш күштердің дамуына кедергі болатын монопо-лдяларды жою қажет, екіншіден, оның жасаған аппаратын, басқару принциптері мен әдістерін барлық қоғамдық мүдделергс сәйкес пайдалану қажет. Қоғам дамуының белгілі сатысында қажеттік пен мүмкіндік теріске шығару арқылы, яғни құрал-жабдықтарға жеке меншікті коғамдастыру арқылы ақиқатқа айналады. Жеке меншіктің өзі алғашқы қауымдық қоғамнан қүл иемдену қоғамына ауыс-қанда (көшкенде) қоғамдық меншіктің теріске шығарылуы болған. Осындай теріске шығару нәтижесінде жалпы халықтық меншікке және еңбек өнімдері мен қызметтердің тікелей (нарықтық емес) айырбасына негізделген коммунистік қоғам қалыптасуға тиісті. Осылай, сапалы дәрежеде қоғамдық дамудың серіппе-сі тәмам болады. Логика бойынша, осы серіппеден соң коммунистік қоғамды теріске шығаратын дамудың жаңа серіппесі келуге тиісті, бірақ формациялық қоғамның марксистік концепцияларыңда бұл процесс қаралмаған.
Әлеуметтік бағытта формациялық амал тарихи дамуды қоғамның негізгі субъектілерінің арасындағы күрес деп сипаттайды. Осыңдай субъектілерге таптар жатад – капиталистер, жалдамалы жұмысшылар, шаруалар.
У.Ростоу бойынша, тарихи эволюцияны стадияларға бөлудің негізінде үш негізгі жалпылама сипаттаманың – техника даму дәрежесінің, экономикалық өсу карқы-нының қорлану нормасының, тұтыну дәрежесінің арасыңдағы негізгі айырмашы-лықтары жатады. Осы сипаттамалардың сапалық айырмашылығына сәйкес, У.Ростоу экономикалық даму стадияларының бесеуін атайды.
1. Дәстурлі, немесе таптық қоғам. Ғылым мен техниканың төмен дамыға-ны, экономикадағы ауыл шаруашылығының үстемдігі, қоғамның топтарға (каста-ларға) бөлінуі, экономикада статикалық тепе-тендіктің орын алуы, қорлану-дың төмен нормасы, ҒТП-ке өндірушілердің икемділігінің бол-мауы және халықтың санының жоғары қарқынмен өсуі – осының барлығы дәстүрлі қоғамға тән болады. Экономи-калық өсу қарқынының төмендеуі мен халық санының тез өсуінің ұштасуы жан басына келетін нақты табыстарды төмен-детеді. Осы негативтік тенденция бірте-бірте халықтың саны мен табыстар дәрежесін тұрақтандырады.
2. Дамудың екпінді болуына жағдай жасау стадиясы. Бұл
стадияда өндірістің тиімділігі мен экономиканың өсу қарқы-ны бірте-бірте жоғарылау үшін шарттар жасалады.
3. Екпін алу стадиясы. Ұлттық табыста қорлану нормасы-ның өсуі, ҒТП жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік тудыру және дамуға үкімет институттарының, әдет-ғұрыптардың жасайтын кедергілерін жою.
4. Кемелдену багытына шыгу. Экономикалық өсудің қарқыны
өседі. Өндіріс көлемінің өсуі халық санының өсуінен артады, нәти-жесінде адамдардың тұрмыс дәрежесі өсе түседі.
5. Жаппай жогары пгутыну қогамы. Осы стадияда өндіріс көлеміне шектелген ресурстар кедергі келтіреді деген уайым жоғалады. Керісінше, сүраныс пен экология тарапынан шектелу туа бастағаны өсе түседі, үзақ мерзімде пайдаланы-латын тауарлар мен қызметтердін маңызы күшейеді.
Бір стадиядан келесі стадияға көшу революциялық емес, эволюциялық жолмен жүріп отырады. Әр елдер бұл жолды әр түрлі шапшақдықпен өтеді және олар дамудың әр түрлі стадиясында болады. У.Ростоу АҚШ дамудың ақырғы стадиясында, ал Кеңестер Одағы төртіншіде деген пікір айтқан. Ол коммунизмді индустриализацияны шапшаң жүргізу қажеттігі тудырған «өтпелі дәуірдің дерт-теріне (науқастарына)» жатқызады.
Жоғарыда қаралған концепциялардан басқа, экономикалык теорияда индуст-риялық және постиндустриялық қоғам концепциялары бар. Бұларда осы замандағы өнеркәсіптік құрылымдарға және олардың даму перспективаларына басты назар аудырылады (Гелбрейт Д. Экономикалық теория және қоғамның мақсаттары. М.: Прогресс, 1976). ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экономика | Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
» Реферат: Экономика | МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
» Реферат: Экономика | Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері

» Реферат: Экономика | Микроэкономика теориясының макроэкономикадағы рөлі және макорэкономикалық үлгілер

Іздеп көріңіз: