Реферат: Шеллинг философиясы
Шеллинг философиясы
Фихтенің зердеге айрыөша назар аударған философиясы неміс жерінде үлкен қолдау тапты. Оныі таным туралы, субъектінің қызметі туралы концепциясы көптеген философтарды ойландырды. Солардың ішінде классикалық неміс философиясының ірі өкілі Ф.И. Шеллингтің (1775-1854) еңбегі ерекше бағалы.
Бірақ Шеллинг Фихтенің шәкірті болғанымен, көп кешікпей ұстазының көзқарасынан бас тартты. Өйткені тым субъективтік негізде құрылған Фихтенің философиясы практикалық өмірде, әсіресе, ғылым саласында өзінің дәрменсіздігін байқатып қалды. Екіншіден, XVIII ғасырдың аяғында жаратылыстану ғылымдарның ерекше алға озып кетуі сол кездегі философтарға, әсіресе, жас Шеллингке қатты әсер етті. Ол физика, химия, биология, тағы басқа да жаратылыстану салаларымен айналыса жүріп, табиғаттың ішкі заңдылықтарын ашуға барынша назар аударды. Мұның өзі оның философиясын объективтік бағытқа қарай бұрды. Сөйтіп, классикалық неміс философиясында табиғат туралы философиялық ілім болған натурфилософия ағым ретінде дүниеге келді.
Шеллинг жаратылыстану саласын философиямен тығыз байланыстыра қарай отырып, табиғатты субстанция ретінде айқындауға тырысты. Бірақ, оның табиғатты субстанция деген көзқарасы өзіне дейінгі ұлы ойшыл Спинозаның көзқарасынан өзгешелеу еді.Мұндағы өзгешелік әрбір дәуірдің тарихи экономикалық, саяси жағдайына байланысты. Егер Спиноза табиғатты субстанция деп қарай отырып, өз заманындағы тарихи, тар өрісті пантейстік идеядан шығып кете алмаған болса, Шеллинг табиғатты зерттеуде Кант тудырған класикалық неміс филасофиясының негізгі принціптеріне, яғни субъектінің рөлі деген принципке сүйенеді. Сондықтан Шеллинг қарастырған және жан жақты талдаған табиғат сонау Спиноза зерттеген субстанцияның мәнініен өзгеше еді. Өйткені Спинозаның кезінде өріс алған механикалық, метафизикелық ілім ұлы философқа табиғаттың мәнін жан жақты ашуға мүмкіндік туғызбады. Ал Шеллинг болса, 17-18ғасырларда ғылымда өріс алған механикалық көзқарастан бас тартып, классикалық неміс философиясындағы жаңа қалыптасып келе жатқан диалектиканың негізіне сүйенеді .
Шеллинг өзінің зерделі философиясында табиғаттың ішінде негізгі қозғалыс күші бар екендігін анықтауға тырысты. Бұл күш ондағы қарама қарсылықтардың бірлігі мен үздіксіз күресінен туады. Мұндай көзқарас табиғатты зерттеуде Шеллинг тудырған алғашқы диалектикалық ой болатын. Сөйтіп, немістің бұл философы диалектиканың заңдарын анықтауға жақындай түсті. Сондықтан Батыс Еуропадағы және ресейдегі жаратылыстану саласының өкілдері шеллингттің мұндай көзқарасын аса жоғары бағалап, оның ашқан жаңалықтарына деп қойып, өз еңбектеріне пайдалануға тырысты.
Өзінің натур философиялық теориясын жасаған Шеллинг классикалық неміс философиясын әрі қарай дамыта отырып, табиғат философиясын рухтың таным теориясымен байланыстыруды негізгі мәселе етіп алды. «Трансцендентальды идеализм жүйесінде» деген еңбегінде Шеллинг философия тарихинда көптен бері негізгі мәселе болып жүрген проблеманы шешуге ниет етті. Әрине, философтың осы шығармасы оның философиялық ойының негізгі жуйесін толық айқындап, бермесе де, нақты ізденістерін көрсетті. Ол адамның танымы, оның диалектикасы, субъекті мен объектінің арасындағы өзара байланысты тереңірек ашуға ұмтылды. Философтың бұл шығармасында табиғат жан жақты, философиялық негізінде айқындала түсті. Табиғаттың мәнін ашуду ол «Менің» қызметіндегі екі форманың ерекше мәнді екндігін атап өтті. Немістің ұлы ойшылы осы шығармасында «Философия әр түрлі дәуірді басынан кешірген өзіндік сананың тарихы» деген данышпандық қағиданы ұсына отырып, оны бізден өзінің құпиясын ғажайып жазуларымен жасырып тұрған поэма деп бағалады. Ал егер біз оның жұмбағын ашатын болсақ, онда үнемі одан үнемі одан адасып, өзін өзі іздеп, өз өзінен қашып жүрген рух одиссеясын көрер едік. Ол сезімдік дүние арқылы қалың, қою тұманның ішінен жылт ете түсіп, белгісіздердің бейнесі сияқты көрінер еді.
«Рух одиссеясын» көрсете отырып, Шеллинг ойлауды табиғаттан шығатын, соның әсерінен туған түйсіктерден туындатады. Сондықтан болар рух туралы ілімі қоғамның дамуынан, оның тарихынан келіп шықпайды. Бұл жерде біз оның бастамасын, яғни «рух идеисын» шын мәнісінде қоғам мен оның тарихы арқылы әрі қарай дамытқан Гегель екндігін айта кетуіміз керек.
Шеллинг табиғаттың мәнін аша отырып, оның негізгі, ішкі қозғаушы күшіне ерекше назар аударды. Ал негізгі қозғаушы күш табиғаттағы қарама қарсылықтарды тудырушы зерде болып шықты. Әрине, философтың бұл көзқарасын классикалық неміс философиясының дәстүрін әрі қарай жалғастыру деп бағалауға болар еді. Ал оның ішкі қозғаушы, абсолюттік күші зерде бізге даму процесі арқылы ғана айқын көрінеді.
Табиғаттағы ақылдың дамуы әуелі объективтік, санасыз, кездейсоқ басталып, бірте бірте саналылыққа, субъективтілікке, қажеттілікке қарай қозғалады екен. Шеллинг табиғаттың осы ішкі даму процесін диалектикалық шеберлікпен көрсете білді. Табиғат бірте бірте дами отырып, әртүрлі заттарды, құбылыстарды жарата береді. Бірақ, өзқызметін өзі әлі де түсінбейді. Өйткені табиғат санасыз қызметтің саласында ғана дамиды. Шеллинг физика, химия, физиология, психология, тағы басқа да ғылымдар арқылы осы санасыз қызметтің формалары мен әдістерін ғылыми негізде суреттеп береді. Расында да, санасыз қызмет органикалық табиғаттың, жалпы организімінің тіршілік ету тәсілі, өмірі болып саналады.
Осыған байланысты Шеллинг механикалық, органикалық өмірдің бірлігі, олардың өзара байланысы жалпы принципке негізделгенін айқын көрсетті. Табиғат недігі жерде біртұтас, динамикалық процесс ретінде, ал оның әрбір сатысы жоғарылай және кейінгілерінің жолын кесе отырып, жаңаның пайда болуына мүмкіндік жасайды. Ал осы біртұтастық қарама қарсылықтардан тұрады. Міне, осыдан келіп қарама қарсылықтардың заңы шығады.
Даму процесі өзінің жоғары дәрежесіне жетіп, адамның ақыл зердесін тудырады да, ол объекті мен субъекті ретінде қалыптасады. Сөйтіп, өзінің даму процеесінде табиғат бір жағынан объекті болса, екіншіден жағынан адамның санасының тууына байланысты субъекті ретінде дүниеге келеді. Міне, осының бәрінде де белгілі бір ақыл, зерде, интеллект қозғаушы күш болып есептеледі.Ол үнемі дамудың қайнар көзі сияқты.
Сондықтан табиғатқа деген диалектикалық көзқарас осы Шеллингтен басталады десек,ешбір қателеспейміз.Өйткені табиғат тірі,үнемі қозғалыстағы,дамудағы процесс.Оның даму жолдары не түрлі кезеңдерді ( химиялық,механикалық,органикалық,тағы басқа да) басынан кешіреді де,табиғылықтан тарихилыққа қарай және керісінше өтетін процесс болып көрінеді.Мұндай көзқарас болашақтағы диалектиканың негізгі әдістерінің бірі тарихилық пен логикалық принципінің пайда болуына мүмкіндік жасады.
Екіншіден,Шеллинг осы шығармасында диалектиканың негізгі заңдарының бірі- қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңын ашты.Үшіншіден,философ объекті мен субъектінің өзара диалектикалық байланысын көрсете отырып,олардың бір-бірінен келіп шығуы арқылы табиғат пен тарихтың мәнін ашып,субъекті- субстанция өзіндік сананың жемісі екендігін түсінуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ, табиғат күшінің бірлігі объекті- субъектіде екендігі айқындалып,құдайдың өзі даму процесінде өзін өзі ашуға тиіс, оны да философияның қажетті пәні ретінде зерттеу керек деген идеяны ұсынды. Төртіншіден, шығармашылықты диалектикалық негізде түсіндіре отырып, Шеллинг адамның рухани қызметінің жасырын сырын ашуға бет бұрды. Яғни адамның шығармашылық қызметінің табиғаты оның осы еңбегінен басталып, оның өнер туралы шығармаларында әрі қарай дамып, мәні ашыла түсті.
Шеллинг өз шығармашылығының ілгері дамыта отырып, өзі жасаған жүйесін натурфилософия мен трансцендентальды идеализмнің бірлігі деп санады. Ендігі жерде Шеллинг шығармашылығығының үшінші кезеңі басталып, ол тепе теңдік деп аталатын жаңа дәуірмен ұштасты. Бұл кезең идеалдылық пен материалдылықтың, субъекті мен объектінің бірлігін жан жақты әрі терең зерттеуге бағытталды. Заттардың негізгі мәні « жанда, данеде емес, бұл екеуінің тепе теңдігінді» деген анықтама арқылы ашылады. Мұның өзі Шеллинг философиясының шын мәнісіндегі шығармашылық кезеңі еді. Өйткені, ол өзінің зерделік филисофиясы арқылы, сайып келгенде, ойлау мен болмыстың, табиғат пен қоғамның диалектиқалық байлпнысын ашып, олардың бірлігін негіздеуге үлкен улес қосты. Бірақ, оның өзі ашқан, жалпы философиясының негізгі мәселесі болатын ойлау мен болмыстың қатынасы туралы бұл принцип әрі қарай дамып кете алмады. Оған Шеллинг шығармашылығында келесі кезең үлкен бөгет болды.
Шеллинг шығармашылығындағы төртінші кезең оның еңбектерін зерттеушілердің тарапынан тиісті бағасын ала алмады. Өйткені бұл дәуірде философ ең алдымен мифология, дін, мистика мәселелеріне айрықша көңіл бөліп, солардың мәнін ашуға ұмтылды. Осыған байланысты көптеген зерттеушілер Шеллинг бұл кезеңде өз заманының саяси әлеуметтік жағдайына сәйкес реакцияшыл идеяларды, мистикалық пйымдаушылықты тудырушы болды деп, оны қатты айыптады. Мұндай пікір тегі, ең алдымен, Шеллингтің осы жылдары хазған шығармаларының, әсіресе, «мифология философиясына кіріспе» деген дәрістерінің жарияланбауынан, сондай-ақ, Ф.Энгельстің 1841 жылы оның дәрістері туралы жазған өткір сын мақалаларының әсерінен де болса керек.
Ал шындығында Шеллингтің осы дәуірдегі еңбектері көптеген зерделі ойдың мәнін ашып берді. Айталық оның мифологияның философиялық негізін анықтауға ұмытылған әрекеті таң қаларлық ойлардың кестесін береді. Мифлолгия тарихы адамның ойлау тарихымен сәйкес келетіні оның осы кезеңдегі шығармаларында, әсіресе, дәрістерінде айқын айтылады. Ол мифологияны поэзия деп атап көрсете отырып, олардың арасындағы байланысты айқындады.
Шеллинг мифологияның философиялық негізін аша отырып, оның тприхы болмыстың тарихымен тығыз байланысты екендігін көрсетті. Болмыстың өз тарихы бар, тарих болмысс арқалы даму процесін көрсетеді. Міне, осыған байланысты болмысқа да сана кіреді. Ал сана болса болмыстан туындайды. Енднше осы екі бастаманың негізі айқындалуға тиіс: сана арқылы болмыс өзін өзі аша түседі. Ал сананың өз тарихы бар. Сондай-ақ болмыстың да сана арқылы даму тарихы бар.
Жалпы, Шеллингтің философиясы өзінің зерделі ойымен клкссикалық немісфилософиясындағы жаңа дәуірге жол бастады ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Философия | Классикалық неміс философиясы
» Реферат: Әлеуметтану | Марксизм философиясы тууының әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары
» Реферат: Тарих | ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫН ЛОГИКАЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫ КЕСТЕЛЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
» Реферат: Философия | Көне Греция философиясы
» Реферат: Әлеуметтану | Маркстік философияның пайда болуы мен алғышарттары

Іздеп көріңіз: