Реферат: Чжэн Хэ саяхаты
Чжэн Хэнің өмірге кіруі.
Ұлы қытайлық теңізші жөнінде бізге мәлімі аз. “Мин-ши” кітабындағы 304 бөлімде Чжэн Хэнің ресми өмірбаяны толығымен оның 7 экспедициясы суреттеуге арналған. Чжэн Хэнің экспедицияға дейінгі өміріне бұл еңбекте аз ғана мәлімет берілген: Чжэн Хэ, Юньяннан шыққан, барлығы Сань Бао әтек деп атаған адам Алғашында сарайда Янь ханзадасына қызмет етіп, әскери жетістіктері үшін қызметі көтеріліп, бірінші әтек атағын алды.
Қытайлық тарихшы Чжан Син-лан30 жыл бұрын Чжэн Хэнің мұсылман болғандығы туралы жорамалын айтқан. Ол бұл қорытындыға Чжэн Хэнің алғашқы аты-жөні Ма болғандығына сүйеніп айтқан, себебі дәл осы флотилияны Оңтүстік Қытай провинциясындағы, әсіресе Юньяндағы мұсылман дінін қабылдағандар неленген. Бұл тұжырым қарт қытайлық ғылым, Ханьминь академиясының мүшесі Юань Цзе-кау Юньанда Чжэн Хэ әкесінің моласының басындағы эпитафияда жазылған тасын тапқаннан кейін дәлелдене түседі. Ол жазбада марқұмның фамилиясы Ма болғандығы және хажы атағында болғандығы айтылады. Сонымен қатар жазбада оның генеологиялық қызықты мәліметтері берілген: Чжэн Хэ атасының аты Бай Янь болған екен, апасы Ма әулетінен шыққан.
Сонымен бізге белгілі мәліметтірге сүйеніп Чжэн Хэ өмірінен мынадай мағлұматтар алуға болады.
Чжэн Хэ 1371 жылы Юньань провинциясындағы Куньянь аймағында ұсақ шенеунік отбасында туған. 4 қыз 2 ұл иегіндегі ең кенжесі болған Чжэн Хэ кішкентайынан үлкен зеректігімен ерекшеленеді. 1382 жылы әкесі қайтыс болып, от басы күйзеліске ұшырайды. Дәл осы кезеңде Чжэн Хэ өмірінде үлкен өзгеріс болады, ол құлдыққа сатылып, әтек болады. Кейін Пекиндегі сарайда Чжу – ди қызметіне кіріп, оның басты әтегі атанып, Ма фамилиясын уженге ауыстырады, алайда сарайда Сань Бао әтек есімімен мәлім болады. Императорлық концемерияға есік жабық болғандықтан, ол әскери қызметке барады. Мұның негізгі себебін Юань Цзе-кау ерте юньандық ескертіштерді зерттей келе мынандай қорытындыға келіп анықтайды – Чжэн Хэ жас кезінде оқымаған, жазу-сызуды білмеген адам.
1393 жыл мен 1397 жылдары аралығында солтүстік және батыс аймақтарындағы “варварларға” қарсы Чжу-ди бастаған 4 реттік жорыққа қатысқан Чжэн Хэ үлкен әскери жетістіктерге жетіп, болашақ императорға жақындай түстеді.
1398 жылы император Чжу Юань-чжан қайтыс болып, орнына немересі Хой-ди келеді.Сарайда аласапыран басталып, Чжу-ди тақ үшін күреске шығады. 1403 жылы ол Хой-ди резиденциясы-Нанкинді алады. Қала алынғанда Хой-ди із-түссіз жоалып, чжу-ди император аталады.
1399 жылы пен 1403 жылдар аралығындағы тақ күшін шайқастарда Чжэн Хэ императорға бұрынғысынанда жақындай түседі. 1405 жылы бізге бей мәлім себептермен Чжэн Хэ оңтүстік және батыс теңіздеріндегі елдерге бағытталған үлкенфиотинше басшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар Чжэн Хэ- нің келесі кезектегі қалған кешірік бары дәл осы теңіз саяхатымен ұштасып жатады.
Олай болса, 1405 –1431 жылдар аралығындағы Чжэн Хэ мен оның флотимиясының жүзіп өткен ізі бойынша, сол кезеңнің оқиғаларын, тарихын баяндап өтейік
Ұлы жоспар
Мин династиясы билік етуінің бірінші жартысы жоғарғы қарқындағы сыртқы саясатпен ерекшелінеді. Бұл қытай державасының өзінің әлем цивилизациясының нақ ортасы ретінде тұрақтануға тырысуынан көрінеді. Дәл осы кезде Қытай империясының сыртқы саяси доктринасы дамып қалыптасады, яғни қоршаған әлемнің баршасы Варворлар және олармен тек вассалдық қарым-қатынас болуы мүмкін.
Мин кезеніндегі Қытайдың саясатындағы ең қызығы – қызығушылық тудырмайтын аудандарда Қытайдың өз билігін орнатуға тырысу. Мұндай қажеттілік ХV ғасырдың басында Қытайды Юань династиясы кезінде үзілген оңтүстік теңіздер елдерімен қарым қатынасты қайта орнатып сол елдерді игеруге итермелейді. Бұл елдерге Қытайдың ұлылығын көрсете алатын әскери флотилия жіберу қажеттігі туады. “Мин-ши” тарихи жазбаларындағы мәліметтерге сүйенетін болсақ, 1403 жылы император Чэн-цзу Батыс мұхитына жіберілетін қытайлық елшіліктің дайындық жұмыстарын бастауға бұйрық береді.
Юнлэ билігінің 3-ші жылының 3-ші айында (1405 жылдың сәуірі) Чжэн Хэ батыс теңіздеріне жөнелтілетін флотилияның басшысы болып тағайындалады. 3 айдан кейін Чэн-цзудың жаңа бұйрығы шығады, онда: император Чэн-цзу Хой-дидің (1403 тақтан тайдырылған император) теңіздің арғы шетіндегі елдерде тығылу мүмкіндігіне жасқана бастағанда, оны сонда ұстау керек деген қорытындыға келіп, сонымен қатар сол елдерге Қытайдың күші мен байлығының қаншалықты зор екендігін көрсету мақсатында Чжэн Хэге батыс теңіз елшілік қызметпен жөнелтуге бұйрық бергендігі жайлы айтылады.
Чжэн Хэ экспедицияларының алдында кең көлемдегі мақсаттар болды, олар: географиялық ашуларды жүзеге асыру, шалғайдағы елдерді зерттеп – тану, саяси қарым-қатынас орнатып, ол мемлекеттерді Қытай империясы әсерінің аймағына қосу. Бірінші экспедицияны ұйымдастырудың негізгі себебі – қытайлық билеушілердің Әмір Темірге қарсы соғыста өздеріне жақтас табу болатын. Тарихқа үңілетін болсақ, дәл сол кезең Орталық Азияда Әмір Темір мемлекетінің күшейіп, билеушінің көршілес елдерді бағындыру кезеңі болатын. ХV ғасырдың басында Әмір Темір әскерінің ену қаупінің алдында Қытай империясы да болды. Алайда жаулаушының жорығы 1405 жылы оның өлімімен тоқтатылды. Әмір Темір өлімінен кейін жақтас іздеу қажеттілігі болмай, экспедиция мен империя алдында жаңа ұмтылыс, жаңа мақсат пайда болады. Ол Орталық империяның Оңтүстік - Шығыс Азия аймағында өз гегемониясын орнатып, сауда жолдарын кеңейту болатын.
Батыс мұхитының флотилиясы
7 рет саяхат жасап, көптеген мемлекеттерде болған Чжэн Хэ флотилиясы қалай жабдықталды? Флотилия құрамында кімдер болды? Енді осы саулдарға жауап іздеп көрейік.
Экспедицияға дайындық Оңтүстігінен Янцзыға құлтын Люцзяхэ өзенінде жүргізілді. Флотилия құрылысына жан саны 27800 адам болған 62 кеме кірді. Ең үлкен кемелерінің ұзындығы 44чжан (140 м) ал ені 18 чжан (58 м)болды. Орташа кемеледің көлемдері сәйкесінше 37 және 15 чжан (108м және 48м) болды. Бір естігеннен бұл сандар өте үлкен болып көрінеді, өйткені Колумбтың бірінші экспедициясындағы “ Санта-Мария ” каравелласының ұзындығы 18,5м ал ені 7,8м –ден аспады. Алайда Чжэн Хэ флотилиясының кемелерінің көлемдері мүлдем асыра беріліп жатқан жоқ. Себебі 50 жылдан астам уақыт бұрын араб саяхатшысы Ибн Баттута Цюаньчжауда мың адам сыйдыратын кемелер көргендігі жайлы жазды. Мұндай үлкен кемелер жайында Марко Поло, Одерик Порденонс еңбектерінде де мәліметтер келтіріледі. Мұндай кемелер алыс сапарға шықты, сыйдырымы үлкен желкенді кемелер болды.
Чжэн Хэ флотилиясындағы кемелерде әр түрлі мамандықтағы адамдар болды. Олардың қатарына офицерлер (гуаньсяо), солдаттар “тулы әскердің” (цицзюнь), еріктілер (юнши), көпестер (майбань), тілмаштар (тунши), санушылар (суань шоу), емшілер, жазушылар (шушоу) және әр түрлі кеме иесінің жұмысшыларының – ағаш ұстасы, шегелеушілер (шунянь) және ұста (мяо) болды. Әрбір экспедиция ортағасырлық Мюнхен немесе Лион, Стокгольм тұрғындарының санына тең жүзуші қала болды.
Флотилия Сучжоу жанындағы Люнзиган портынан шамамен 1405 жылдың қыркүйегінде шығып, Чанзянхоу өткелінен кемелер шығы-Қытай теңізіне өтіп, Фунзяндағы Ухумэнь бухтасында Солтүстік-Шығыс муссондардың келуін күтеді. 1405 жылдың желтоқсаныда немесе 1406 жылдың ьқаңтарында флотилия ашық теңізге шығып, оңтүстікке бағыт алады.
Оңтүстікке және Батысқа жол
Алғашында флотилия үндіқытайдың шығысын жағалай, Варена мүйісінен оңтүстікке бет алып, Карима аралдарынан өтіп, Яваның солтүстік жағалауында тоқтайды. Тубан қаласында болғаннан кейін, Суматраның солтүстігін жағалай батысқа жөнеледі. Суматраның солтүстігінде орналасқан Ламбри , Ачин “ хандықтарында ” болып, Чжэн Хэ бұл елдерден саяси саду қарым-қатынасын орнатады. Ачиннен айдаршам теңізіне ағып, Поик бұғазын кесіп өтіп, флотилия Маламбар жағалауындағы ең атақты және бай қала Каликутке келіп тоқтайды.
Каликут Чжэн Хэнің бірінші экспедициясының жолындағы соңғы пункт болады. Чжэн Хэ каликуттік илеушіге императорлық грамотаны және бай сыйлықтарды тапсырыс етіп, дипломатиялық қатынас орнатады да, өзінің келесі Хормузға және Африкаға барар жолындағы негізгі тірек пунктіне айналдырады. Каликуттан флотилия 1407 жылдың көктемінде Оңтүстік-Батыс муссондарымен қайтар жолға шығады. Қайтар жолда Чжэн Хэ Суматраның Солтүстік-Шығысында орналасқан Саньфоши мемлекетінде болып қайтады. Кезінде Шривиджайя деп аталған бұл ел Малакка бұғазына кіре берісмте орналасқандықтан , географияның жағдайын өте қолайлы болып, көпшіліктіәң қызығушылығын тудырған. Чжэн Хэ осы елді басып отырған Қытайдан қашқан, Малака бұғазынан өткен кемелерді тонаған теңіз қарақшысы Чэн-Цзуды ұстап, қытайлық биліктің Санфошида тұрақтануына өз күшін сомады.
Сонымен, бірінші экспедицияның қортындылары осындай болады.
Екінші экспедициясы 1407-1409 жылдар аралығында болып, бірінші экспедицияға тең келеді. Чжэн Хэ қайтадан Ява, Суматрада болып, Сиам, Цейлон, Кочин және Каликутқа дейін жетті. Малаккада болып, басшыларымен достық қарым-қатынас орнатты.
Төртінші экспедиция барысында (1413-1415 жылдары) Чжэн Хэ 1414 жылы Каликуттан шығыстың бай кеме тоқтайтын қалаларының бірі Иранға кіретін қақпа Хормуз қаласына өткел жасайды. Хормуз басшысы Чэн-Цзу грамотасын қабылдап, Чжэн Хэға қымбатты сыйлар береді. Төртінші – экспедиция мен Бенгалияға елшілік жіберіліп, ол елшілік Қытайға сирек жануар-жирафты жеткізеді.Үнді жағалауынан Сошамий түбегіне дейінгі өткен Чжэн Хэ-ның флотишиясы Аравия теңізі мен Парсы шығанағында болғаннан кейін ғана салынады. 1415 жылға қарай Қытай теңізшілеріне Цейлонда, Кочин, Квилон, Каликут, Хормуз қаларарында тірек пункттері болды.
1417-1419 жылдар аралығында болған Чжэн Хэнің V-ші экспедициясы ен шалғайдағы батыс теңіздеріне бағытталады. Чжэн Хэ кемелеріне бұл экспедиция барысында Аден мен Берберге, Баб-эль-Мандеб бұғазы мен Африка жағалауына дейін мүмкіндік тудырады.
V-ші экспедицияға ақтыақ тоқталу қажет.
Флотилияны жіберу туралы бұйрық 1416 жылы 28 желтоқсанда шықты. Бұйрықта императорға «даньмен» келетін көптген елшілерді Қытайға жеткізу мақсатында флотилияны жіберу қажеттілігі туралы ерекше айтылды. 1416 жылы Орталық империяға келуші елшілер саны шыныменде күрт көбейді. Бұл Чжэн Хэнің Хормуздан келген экспедициясынан кейін байқалды.
Бұл экспедициясында Чжэн Хэ Маиакка, Каликут, Хармуз және Аден арқылы Африканың Шығыс жағалауындағы кіші гірім мемлекет милиндаға бет алды.
Егер Чжэн Хэ Каликутқа 1417 жылдың күзінде келіп, онан желтоқсан аяғында батысқа бет алды деп пайымдасақ, онда флодимия Аденге 1418 жылдың қаңтар аяғында немесе ақпан басында жетті деуге болады. Чжэн Хэ қайтар жолға шілде айынан ерте шықпау керек болса, онда оның флотемиясы ақпан мен шілде аралығында Гвартафуй мүйісінен Милиндаға дейінгі Соршами жағалауында болды деуге болады. Осылайша, Қытайлық теңізшілер Африка жағалауын 1418 жылдың көктемінде, яғни Португалдықтардан 80 жыл бұрын ашады.
Бұл экспедиция барысында флотимия Могадишо (Мугудушу), Бербер (Булава) және Джубу қалаларында болып қайтады. Африкаға жол ашылады.
VІ – шы экспедиция 1421-1422 жылдар аралығында болып, оның маршруты V-ші экспедициямен сәйкес келді.
VІІ – ші және соңғы экспедиция 1431-1433 жылдар аралығында болып, бұл экспедицияда Чжэн Хэ мен Хурмузға дейін жетеді.
Бұл Батыс теңіздерге бағытталған ең соңғы үлкен экспедиция болды.
Оңтүстік теңіздер мен Үнді мұхиты бассейнін аралап өткен Чжэн Хэнің 7 экспедициясын қорытындыламас бұрын, бұл ұлы саяхат туралы жазғандар жайлы да айта кеткен жөн.
Колумб қызметінің көпшілігі егер қарапайым шіркеу қызметшісі Бернальдес пен тарихшы – гуманист Лас – Каскас болмағанда, адамзат қай беймәлім болып қалатын еді. Магилан экспедициясы жайлы сақталған мәліметтер үшін біз жартылай матрос, жартылай жолаушы италяндық Пилафеттиге қарыздармыз. Чжэн Хэде де өз Бернальдестері мен Пилафеттері болды. Және оның саяхаттаы жайлы айтқанда, батыс теңіздерге жөнелген экспедицияның жүзулерін суреттеген, баяндаған бұл адамдар туралы айтпай кетуге болмайды. Сонымен қатар бұлардың үшеуі – Ма Хуан, Фэй Синь және Гун Чжэнь – Чжэн Хэ саяхаттарының тікелей қатысушылары болды. Олардың қаламдарынан «Мухит жағалауларына шолу» - 19 ел жайындағы мағлұмат, «Жұлдызды кемелердің жеңіс жолы» - 40 ел жайындағы мағлұмат және «Батыстың шалғайдағы елдеріне шолу» - 20 ел жайындағы мағлұмат беретін еңбектер жарыққа шықты. Алайда олар толығымен сақталған жоқ. Қалай дегенмен, бұл адамадардың ұлы еңбектері Чжэн Хэ саяхатының қорытындысы болып, қытайдың географиялық әдебиетіне жаңа беттер енгізіп, Азиямен Африканың 40 мемлекеті жайлы мәліметтер қалдырды.
1433 жылы Чжэн Хэ болды. Алайда теңіз ар жағына бағытталған 7 экспедициясының тоқтатылуына басшы өлімі себеп болған жоқ.
Дәл сол кезеңде халықаралық қатынастардың ары қарай дамуына қолайсыздық тудырған оқиғалар болып, XV ғасырдың 30-50 жылдарында қытайда феодалдардың күшеюі елдің сауда саясатына кері әсерін тигізді. Мемлекет жабық саясатына көшіп, экспедицияны қаржыландыруға қазынанда мүмкіндік болмайды. Елді билеп отырған феодалдық олигархияны Чжэн Хэ саяхаттарының қорытындылары мүлдем қызықтырмады. Сонымен қатар, Чэн Хэ экспедицияларымен байланысты архив материалдары саналы түрде жойылды.
Әрине, архивті өртеп, құжаттарды жоюға болатын еді, алайда Қытай халқының есінен шалғай теңіздерге жеті рет саяхат жасаған, қатарында мыңдаған қайсар адамдар болған экспедиция жайлы естеліктерді мүлдем өшіруге болмайды. Чжэн Хэ саяхаттары, сол экспедицияға қатысқан теңізшілердің ұрпақтарының естерінде мәңгілікке сақталады. Соған орай Қытай халқы 2005 жылы Чжэн Хэ саяхаттаының 600 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті.
Шынымен де, Чжэн Хэ және оның саяхаттары жайындағы естліктер тек Қытайлықтарда ғана емес, сонымен қатар басқа елдерде де әлі күнге дейін сақталуда. Яваның Семаранг жанында жергілікті тұрғындар әлі күнге дейін иіс таяқшаларын жағатын Чжэн Хэ-нің «моласын» көрсетсе, Цейлон мен Тайваньда Чжэн Хэ есімімен аталған «Сань бао» шөбімен халық көптеген ауруларды емдеуде. Ал Қытайдың Юньань провинцияснда Чжэн Хэ саябағы ашылып, саябақтың дәл ортасында Чжэн Хэ мүсіні өз ұлылығын көрсетуде. 30-дан астам елде болып, Үнді мұхитын кесіп өтіп, Африка жағалауларына дейін жеткен Чжэн Хэнің 7 экспедициясы қытайдың сырт елдерімен қарым-қатынасын тереңдеткені сөзсіз.
Қорытындылай келгенде, Қытайдан Африка жағалауларына дейін жол салған ержүрек Қытайлық теңізшілердің істері әділ түрде бағаланып, Чжэн Хэ есімі географиялық ашулар тарихына Колумб, Васко да Гамма және Магилан есімдерімен бір қатарда тұратын күн алыста емес деп сенемін. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: