Реферат: Экономика | Несиелік процесс оның негізгі кезеңдері мен мазмұны
Екінші деңгейдегі коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агентігінен банкті ашу туралы рұқсат пен банктік операцияларды жүгізуге лицензия алған жағдайда ғана қызмет ете алады. Несиелеу келесідей заңдарға негізделіп жүргізіледі: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасында бантер және банктік қызмет туралы».
Банктер, несиелеу процесі кезінде, нарықтық қатынастардың орнығуына, қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуына, еліміздің экономикасы мен қаржысының тұрақталуына, айналымдағы ақша массасының артылып кетуіне жол бермеуге, инфляциялық процесті тежеуге сонымен қатар, ұлттық валютаның тұрақталуына үлес қосулары керек.
Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін, яғни оның ғылыми-техникалық деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы-материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын, сауда қарым-қатынастарының кеңейуін қолдап отыруы керек. Қарызды жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк қарыз алушымен келісім-шарт жасасады. Бұл келісім-шартта несие процесі жайлы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы, сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі.
Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік және қарыздың мақсатты жұмсалу шарттары негізінде беріледі. Банктер қарызды өздерінде бар ресурстар шегінде ұсынулары қажет.
Қысқа мерзімді несиелеудің қызмет етіп жатқан механизмі келесі элементтерді қарастырады:
- несиелеу объектілері;
- несиенің жоспарланған көлемі және оның мақсатты бағыттылығы;
- қарызды беру және өтеу шарттары, олардың қарыз алушы қызметінің жақсаруына үлесі;
- қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелер, олардың төмендеуі немесе ұлғаюы;
- қарыз алушының несие өтелмей қалған жағдайда ұсынатын кепілдігі (кепіл, кепіл зат, өкілділік және т.б.);
- несиелеуге қажетті есептері мен мәліметтер тізімі, оларды қарыз алушыға ұсыну мерзімі және басқа да шарттары;
- несиелік келісім-шартта берілген шарттардың ең болмаса біреуі бұзылған жағдайда қолданылатын жазалау шаралары.
Жалпы несие ұзақ, орта, қысқа мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді несиелеу қарыз алушының ағымдағы қызметін ұлғайту үшін беріледі.
Несиелеу процесі мынандай кезеңдерді қамтиды:
• несиеге деген өтінішті қарау;
• несиелік қабілетін талдау;
• несиелік келісімшарт жасасу;
• несие беру;
• несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.
Пайызды есептеу барысында әлемдік банктік тәжірибеде уақыт базасының 3 түрлі моделінің бірі қолданылады. ҚР-да Халықаралық Валюталық Қордың ұсынысы бойынша уақыт базасының англо-саксон моделі қолданылады (уақыт базасы 365 күнге тең, ал әрбір айдағы күндердің саны нақты күнтізбе бойынша есептеледі).
Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп ейырысу құжаттарын, бухгалтарлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізі жүйесі болады.
Несиелік келісімшартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарсатырылғандай беруді тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. өйткені банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.
Бухгалтерлік есепте клиенттерге берілген несиелер келесі баланстық шоттарда есептелінеді:
1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар
1417 – клиенттерге берілген ұзақ мерзімді зайымдар
2. Несие беру жөнінде шешім қабылдау және несиені беру тәртібі
Кез келген банктерде сияқты, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі коммерциялық банктерінде клиентке қарызды беру несиенің мақсаты бағытына байланысты дербес шоттар арқылы жүзеге асырылады. Өнімді өткізуден түскен түсім және басқа да ақшалай қаражаттар қарыз алушының есеп – айырысу шотына келіп түседі. Несие несиелік келісім – шартта көрсетілгендей қарыз алушының тауарлы – материалдық құндылықтар мен қызметтер бойынша есепті – қаржылық құжаттардың төлемін жүргізуге, аккредитивтерді ашу және қарыз алушының басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін есеп – айырысу шотында қаражаттар таусылған жағдайда беріледі. Ал кейбір жағдайларда, есеп – айырысу шотында қаражаттар болса да, банк басшысының рұқсатымен несие тауарлы – материалды құндылықтар мен көрсетілген қызметтер үшін шоттар бойынша төлем жүргізілуі мүмкін. Несиені ұсыну процесі несиелік келісім – шартта көрсетілгендей бір жолғы, күн сайын және басқа мерзімде жүргізілуі мүмкін. Бір жолғы несиелер бір жолғы контракт пен келісім – шарт үшін шоттар бойынша төлем жүргізуге беріледі.
Толық қамтамасыздандырылмаған несиелерді толық алмау мақсатында ай сайын несиені қамтамасыздандыруды тексеріп отыру қажет. Егер ссудалық қарыздан қамсыздандыру қалдығы асып түссе, яғни қарыз алушының өтініші (ходатайство) бойынша қамсыздандырудың артықшылығы байқалса, онда банк қарызды ең алдымен кешіктірілген несиені жабу үшін беріледі, ал қалған қаражат есеп – айырусу шотына түседі.
Несиелік келісім – шартта көрсетілген несиені беру және өтеу ережелері мен шарттарына сәйкес, банктің несиелік бөлімшесі несие беру туралы өкім дайындайды. Егер клиент шаруашылық субъект атынан бірінші рет келіп тұрса, ол кәсіпорын атынан жұмыс істеуге рұқсат қағазын тексеру керек. Несие әдетте қолма-қолсыз түрде беріледі. Алайда банк басшылығының шешімі бойынша кейбір жағдайларда, мысалы жеке тұлғаларды несиелендірі кезінде, сонымен қатар тұтыну несиесін ұсынған жағдайда қарыз қолма-қол түрде берілуі мүмкін.
Қазіргі кездегі несиелендіру тәжірибесінде банктік несиені арнайы ссудалық шоттар арқылы беруде. Бұл жағдайда түсім арнайы ссудалық шотқа келіп түседі, өткізілген тауар мен өнім бойынша шарушылық органдардың есеп айырысу шоттарына бөлінеді. Бұл тәртіппен сауда, дайындау, жадбықтау ұйымдары несиелендіреді. өйткені мұндай ұйымдарда тауарлы – материалдық құндылықтар айналымы тез жүріп отырады.
Банк клиенттеріне қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелер қолма-қол ақша түрінде берілген уақытта
Дт – 1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар

Кт – 1001 – банк касасындағы қолма-қол ақшалар
Банк клиенттеріне қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелер басқа банкте қызмет көрсетілетін клиенттерге берілген уақытта
Дт - 1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар

Кт – 1051 – Комбанктің ҰБ-тегі корршоты
1052 – Комбанктің басқа банктердегі корршоты
2013 – басқа банктердің корршоты
Банк клиенттеріне қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелер осы банкте қызмет көрсетілетін клиенттің шотына аударылғанда

Кт – 2203 – клиенттердің ағымдағы есеп шоттары
Несиені қамтамасыздандыруды тексеру баланс мәліметтерінің мерзімдері бойынша міндетті түрде тексеру өткізуі қажет. Осында бір мәселені айта кету керек, банк басшысының рұқсатына негізделе отырып, тексеру қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты болмаған жағдайда да жүргізіле береді.
Несиені қамтамасыз етуге келесілер алынады: өндіріс қорларының қалдығы, аяқталмаған өндіріс, баланстық құн бойынша дайын өнім. Тауарлы – материалдық құндылықтар қамтамасыздандыру ретінде несиелік келісім – шартта көрсетілген мерзім шегінде ғана қабылданады.
Қысқа мерзімді несиелендіру ережелеріне сәйкес қамтамасыздандыру ретінде келесілер қабылданбайды:
• несиелендіруге арналған мерзімнен жоғары болатын тауарлы – материалдық құндылықтар;
• сақтау шарттары толық сақтандыруды қамтамасыздандырмайтын тауарлы – материалдық құндылықтар;
• сақтау мерзіміне байланыссыз өндірісте қолданылмайтын және сұранысқа ие бола алмайтын тауарлы – материалдық құндылықтар;
• көп мерзімге сақтауда тұрған тауарлы – материалдық құндылықтар және шектеулі көлемі ғана өткізілген материалдық құндылықтар және қызметтер.
Қамтамасыздандыру ретінде қабылданатын материалдық қорлар мен өндірістік шығындардың сомасынан несиелік берешек алынып тасталынады. Қаматамасыздандырылмаған берешек қарыз алушының есеп – айырысу шотынан төленеді, ал егер есеп – айырысу шотында ақша – қаражаты болмаса, онда ол мерзімі өткен ссудалар шотына ауыстырылады. Сонымен қатар, банк қарыз алушыны несиелендірудің мақсаттылығын қарастырады.
Егер несие бойынша қамсыздандыру сомасы артық болса, онда бірінші бөлігі несие бойынша пайызды жабуға жұмсалып, қалған бөлігі қарыз алушының есеп – айырысу шотында қалады.
3. Клиенттердің алған несиені қайтару тәртібі
Несиенi қайтару және оған сыйақы төлеуiне бақылау жасау - несиелiк операцияның маңызды кезеңi. Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсiлi банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөлiне байланысты.
Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
1) мерзімді міндеттемелернегізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айрысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
4) түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
5) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
6) мерзімі өткен қарызды «мерзімі өткен несиелер»шотына аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Неселік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару;
Қайтару жиілігіне қарай:
1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп-бөліп қайтару;
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару;
Қайтару мерзімдеріне қарай:
1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің уақытын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені иерзімінен бұрын қайтару;
Қайтару көздеріне қарай:
1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т.б.
Несиені қайтару мерзiмi беру уақытында мерзiмдi мiндеттемелермен құжатталады: егерде несие тұтас қайтарылатын болса, онда бiр ғана мерзiмдi мiндеттеме толтырылады, ал несие бөлiп-бөлiп қайтарылатын болса, онда әр төлемге әр түрлi мерзiмдi мiндеттеме толтырылады. Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшiн банкте несиелер бойынша мерзiмдi мiндеттемелердiң картотекасын жүргiзедi. Коммерциялық банктердің қызметкелерi күнделiктi қайтарылатын мерзiмi жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкiм ордерiн бередi. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзiмдi мiндеттеменiң келесi бетiне тиiстi белгiлерiн жасайды. Егер де қарыз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды және сыйақыны кайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негiзiнде жүргiзiледi. Жекелеген жағдайларда қарыз алушының қаржылық қиындықтарға кезігуiне байланысты банк қайтару мерзiмiн кейiнге қалдыруға рұқсат етуi мүмкiн, бiрақ бұл қарыз жоғары сыйақымен құжатталады. Сыйақы мөлшерi оны төлеу мерзiмi және тәртiбi, сондай ақ оларды iздестiру механизмi несиелiк келiсiм шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын есептеледi және қайтару кестесiне сәйкес iздестiрiлуi мүмкiн.
Қарыздың негізгі көлемін және ол бойынша пайызды өтеу екінші деңгейдегі банктердің Несиелік Комитетімен жасалады.
Банктерде несие бойынша негізгі қарызды өтеудің түрлі схемасын қолдана алады, соның ішінде:
• Несиелеу мерзімі кезінде периодтық тең мөлшермен өтеу
• Аннуитеттік төлемдер формуласымен өтеу
• Несиелеу мерзімінің соңында бір уақытта өтеу
• Өтеудің бастапқы кезеңінде кейінге қалдыру арқылы өтеу
• Өтеудің жүйелі тәсілі
• Талап еткенге дейінгі өтеу.
Кейбір банктерде Несиелік Комитетінің шешімі бойынша қарыз алушыға қарызды өтеу мерзімін кейінге қалдыру рұқсат етілуі де мүмкін.
Егер несиелеу мерзімі үш айдан асса, онда Филиал өз еркімен несиелеу мерзімінің төрттен үш бөлігінен астайтындай қарыз алушыға өтеу мерзімін ұзарта алады. Несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі несиені өтеу кезеңі деп аталады. Өтемнің соңғы үшінші бөлігінде жүргізілетін өтем несие бойынша негізгі қарыздың жартысынан аспауы қажет. Егер несиелеу мерзімі үш айдан асса және несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі несиелеу мерзімінің төрттен үш бөлігінен асса, онда өтем Несиелік Комитетпен шешіледі.
Банк клиенттері алған несиелерін несиелік келісім шартта көрсетілген мерзімде қайтарып беретін болса, келесі проводка жасалынады:
Банк клиенттерінен қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелерін қолма-қол ақша түрінде қайтарып алғанда
Дт –1001 – банк касасындағы қолма-қол ақшалар
Кт – 1411 – клиенттерге берілген қысқа мерзімді зайымдар

Банк клиенттерінен қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелерін басқа банкте қызмет көрсетілетін клиенттерінен қайтарып алғанда
Дт - 1051 – Комбанктің ҰБ-тегі корршоты

Банк клиенттерінен қысқа немесе ұзақ мерзімді несиелерін осы банкте қызмет көрсетілетін клиенттерінен қайтарып алған уақытта
Дт - 2203 – клиенттердің ағымдағы есеп шоттары

1417 – клиенттерге берілген ұзақ мерзімді зайымда
Егер, де келісім шартта көрсетілген мерзімде яғни уақытсына қайтарылмаған болса:
Дт – 1424 – берілген несиелер бойынша мерзімі кешіктірілген қарыздар
Кт – 1411, 1417
Алған несиесі бойынша мерзімі кешіктірілнген қарызын клиент өтеген жағдайда.
Дт – 1001, 2203, 1050
Кт – 1424 – берілген несиелер бойынша мерзімі кешіктірілген қарыздар
Егер де есптелген проценттер клиенттермен өз уақытысында төленбесе:
Дт – 1741 – клиенттерге несилері бойынша мерзімі кешіктірілген сыйақылар
Кт - 1740– банк клиенттеріне берілген зайымдар бойынша есептелген кірістер
Уақтысында төленбеген немесе қайтарылмаған қарыздар сомасына проценттер есптелген уақытта:

Кт – 4424 мерзімі кешіктірілген несиелер бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
Егер де клиенттер мерзімі кешіктірілген проценттерді өтейтін болса:
Дт – 1001, 2203, 1050
Кт – 1741 – клиенттерге несилері бойынша мерзімі кешіктірілген сыйақылар Берілген несиелер бойынша есептеме әдісі бойынша есептелінеді және есептелген проценттер банк кірісіне кірістеледі
Дт – 1740 – банк клиенттеріне берілген зайымдар бойынша есептелген кірістер
Кт - 4411 – банктің қысқа мерзімді несиелері бойынша сыйыақы алумен байланысты кірістері
4417 – банктің ұзақ мерзімді несиелері бойынша сыйақы алумен байланысты кірістері
Есептелген проценттер клиенттермен төленген уақытта:
Дт – 1001,1050, 2203
Кт – 1740 – банк клиенттеріне берілген зайымдар бойынша есептелген кірістер
4. Несиелік құжаттамаларға талдау
Кез келген экономикалық, соның ішінде несиелік келісімшарт белгілі бір құжаттық рәсімделуді қажет етеді. Әрине ең алдымен қарыз алушы несие алмастын бұрын банк қызметкерімен ауызша сұхбат өткізеді, алайда соңына қарай бұл сұхбат қағаз бетіне түсіп, заңды түрде тіркеледі. Банкте клиенттің қаржылық жағдайын анықтайтын барлық қажетті материалдар болу тиіс. Сондықтан клиентте жыл басына арналған баланс болуы қажет. Отандық және шетел тәжірибесінде 2-3 жылға арналған баланс, қажет уақытысында айлық мерзімдік баланс сұралады. Баланспен қоса кәсіпорын – клиент банкке пайда мен шығындар туралы есеп берулер болуы қажет.
Клиент несиені қандай да бір анық мақсатқа, белігілі бір мерзімге және қажетті сомада алады.
Кейбір елдердің банктерінде қарыз алушыға арналған арнайы жалпылама өтініш – міндеттеме болады екен. Яғни мұнда қарыз алушының міндеттері анық жазылып көрсетілген.
Бұл өтініш – міндеттемемен қоса мерзімдік міндеттемелер де қолданылады. Мерзімдік міндеттемеде қарыз алушының белгілі бір мақсатқа, белгілі бір мерзімге және белгілі бір сомаға алған несиені өтеу міндеттемесі қарастырылады.
Мұндай міндеттемелердің бірнеше түрлері болуы мүмкін. Ол қарыздың мерзіміне байланысты болады, яғни шартты мерзім бе, жоқ әлде нақты мерзім бе? Нақты мерзімде клиенттің қарызды қайтару мерзімі көрсетілетін. Ал егер несиені қайтару мерзімі қайта қаралып жатса, онда шартты мерзім қолданылатын (бұл жағдайда мерзімдік міндеттеме ауыстырылатын, оның орнына жаңа міндеттеме құрылатын). Көптеген банктер қазіргі таңда клиенттен мерзімді міндеттемені талап етпейді, өйткені қарызды өтеу мерзімі келісімшартта нақты көрсетілген.
Несиелік жобаны талдау банктік несиелеу процесінің маңызды сатыларының бірі болып табылады. Бұл сатының барысында жобаның экспертизасы, жобаны қаржыландыру қажеттілігі бағаланып, талқыланып, жоба бойынша қорытынды жасалады. Жобаны талдау үшін қарыз алушы банкке бегілі бір құжаттарды тапсырады. Бұл құжаттардың тізімі банкпен бекітіледі:
• Құқық белгілейтін (правоустанавливающие) құжаттар:
1. Мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2. Құрылтайшылық (Жарғы, Құрылтайшылардың шарты) құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3. Статистикалық карточка;
4. Белгілі бір қызметпен айналысуға рұқсат беретін лицензиялардың, патенттердің, рұқсаттардың көшірмесі;
5. Салықтық органдардан тіркелгені туралы құжат (РНН);
6. Банктік несиені алу және белгілі бір игілікті кепілге бергені туралы құрылтайшылар (ЖШС) немесе акционерлер (АҚ) жиналысының протоколының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
7. Мәміленің акционерлік қоғам үшін «ірі» еместігі туралы жазбаша куәлігі;
8. Егер мәміле акционерлік қоғам үшін «ірі» екендігі анықталса, онда қарыз алушы акционерлердің осы мәміленің іске асуына келісім бергені ткралы акционерлер жиналысының протоколын ұсынуы тиіс;
9. Банкпен жасалатын Несиелік келісім – шартқа қолдарын қоятын тұлғалардың лауазымын растайтын құжаттар;
10. Акционерлер реестірінен жасалатын көшірме (АҚ);
11. Қол қоюға құқықтары бар лауазымды тұлғалардың, бас бухгалтердің паспорттарының көшірмесі, РНН, т.б. жеке басты куәландыратын құжаттар,
• Қаржылық құжаттар:
1. Несие алу туралы арыз;
2. Соңғы үш жылға және соңғы тоқсанға арналған баланстар;
3. Қызмет көрсететін банктен қарыздың жоқтығын растайтын және №2 картотеканың анықтамасы;
4. Бюджет алдындағы қарыздың болмауы туралы Салықтық Инспекциясының анықтамасы (Акт сверки из НИ);
5. Соңғы 12 ай ішіндегі барлық қызмет көрсететін банктердегі есеп – айырысу шоттарында қаражаттардың қозғалысын растайтын анықтама (теңге/валюта);
6. Дебиторлық және кредиторлық қарыздың ашылып көрсетілуі (расшифровка); тауарлардың, қызметтердің атауларының және қарыздың пайда болу мерзімі көрсетілуі керек;
7. Негізгі құралдардың тізімі (баланста көрсетілуіне, көрсетілмеуіне байланыссыз);
8. Бизнес – жоспар (несиені пайдаланудың және қайтарудың технико – экономикалық негіздемесі).
9. Орындалуына несие алынатын келісім – шарттың көшірмесі, барлық спецификацияларымен бірге;
10. Лицензиялардың көшірмелері;
11. Тауарды сатып алуға дайын контрагенттердің келісім – шарттарының көшірмесі;
12. Несиенің қамтамасыз етілуін растайтын құжаттар:
• Кепілдік (гарантия) және кепілдеме немесе кепіл болушылық (поручительство) хаттары: кепілді беретін тұлғалардың төлем қабілеттілігі;
• Кепіл заты бойынша: қарыз алушының кепілге беретін игілікке деген меншік құқығын растайтын құқықтық құжаттардың оригиналдары, осы игіліктердің толық төленгендігін растайтын төлем құжаттардың көшірмелері;
• Ғимараттарды және құрылғыларды кепілге бергендегі құжаттар:
a) Жекешелендірілген кезде:
- кепілге берілетін объект бойынша меншік құқығына ие болуы туралы мемлекеттік меншікті басқарудың территориялық комитетінің мемлекеттік актісі (куәлігі) (түпнұсқасы);
- сатып-алу – сату (жекешелендіру) туралы келісім (түпнұсқасы);
- жер учаскісін сатып-алу – сату туралы келісім (түпнұсқасы).
б) Басқа жағдайларда:
- кепіл берушінің кепілзатқа меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттар: сатып-алу – сату туралы келісім, объектіні эксплуатацияға енгізудің мемелекеттік актісі, қозғалмайтын мүлік бойынша Орталықтың тіркеу куәлігі және т.б.;
- жер учаскісіне меншік құқығын растайтын мемлекеттік акт, жерді тұрақты пайдаланудың құқығы (түпнұсқа);
- объектінің басқа жерлерде кепілге берілмегені туралы және арестте еместігін растайтын қозғалмайтын мүлік бойынша Орталықтың анықтамасы;
- ғимаратты немесе жер учаскісін сатып алғанын растайтын төлем құжаттардың көшірмесі
• көлік құралдарын кепілге бергендігі туралы құжаттар:
- техникалық паспорт (түпнұсқа);
- көлік құралын сатып алғанда меншік иесі бойдақ болғанын растайтын және игілікті кепілге беруге әйелінің (күйеуінің) нотариалды куәландырылған келісімі;
- сақтандыру полисі (азаматтық-құқықтық жауапкершілік);
- көлік құралын толықтай төлегендігін растайтын төлем құжаттары;
- көлік құралдарына салынатын салықты төлегендігін растайтын төлем құжаттары
• Айналысты тауарларды және құрылғыларды кепілге бергендігі құжаттар:
- сатып алу – сату, консигнация, бартер туралы келісім (түпнұсқа);
- көлік үстемесі, инвойс, кедендік декларация;
- техникалық құжаттама;
- кепіл беруші қоймасында кепілге арналған тауардың бар болуын растайтын қоймалық анықтама; бұл құжатта бірінші жетекшінің, бас бухгалтердің, қойма меңгерушісінің қолдары тұруы керек;
- тауардың сәйкес болу сертификаты;
- тауардың құнын толықтай төленгендігін растайтын төлем құжаттары
13. Штаттағы жұмысшылар саны туралы анықтама.
Несиелік бөлімнің маманы клиент жинаған құжаттарды жинақтап, оларды жобаны талдау бөліміне (егер ондай бөлім банкте бар болса, кейбір банктерде жобаны талдаумен несиелік бөлімінің маманы айналысады) береді.
Банк маманы үшін несиелік жобаны талдаудағы ақпараттардың көзі болып клиент тапсырған құжаттар, клиенттердің түсініктемелері және клиенттің толтырған анкетасы болып табылады. Анкета әртүрлі мәселелерді қамтиды, әр банк анкетаның құрылымын өзіне сай құрайды. Көп жағдайда қарыз алушының анкетасы келесі бөлімдерден тұрады (экономикалық мәселелер):
• Қарыз алушының жеке мәліметтері (аталуы, меншік формасы, РНН, мекен-жайы, телефон, банктік реквизиттері);
• Жетекші мен Бас бухгалтердің анкеталары (аты-жөні, тұған жылы, күні, мекен-жайы, телефон, РНН, жұмыс тәжірибесі);
• Жобаны қаржыландыру көздері (банк несиесі, басқа тартылған қаражаттар, меншікті қаражаттар, жалпы сома);
• Қамтамасыз етілуі (кеплідің түрі – кепіл заттың аталуы, мөлшері, нарықтық құны, бағалаушы, кепіл берушінің аталуы, кепілдің орналасқан жері, сақтандырылуы, сақталу жағдайлары: кепілдік беруші, сомасы, мерзімі);
• Қарыз алушыға немесе онымен аффилирленген тұлғаларға берілген несиелік өнімдер (Банк-несие беруші, өнім түрі, сомасы, проценттік ставкасы, қамтамасыз етілуі, берілу мерзімі, қайтарылу мерзімі, пролонгациялар саны, себептері, несиелік өнімнің ағыидағы сомасы, мерзімінен өткен сомасы);
• Өндірістік циклдың қысқаша баяндалуы:
• Пайда/Зиян (тоқсан бойынша көрсетіледі);
• Басқару сапасы (акционерлер аталуы, олардың үлестері, пакеттің ұстаушысы, қатысу сипаты, аффилирленген ұйымдар, менеджерлер құрамының тұрақтылығы);
• Нарықтығы орны (нарық, нарықтағы уақыт, нарықтағы үлесі, негізгі бәсекелестері);
• Негізгі сатып алушылары (қарыз алушының айналымындағы үлесі, байланыс тұрақтылығы, төлем құралы);
• Негізіг жабдықтаушылары (қарыз алушының айналымындағы үлесі, байланыс тұрақтылығы, төлем құрамы);
• Дебиторлық қарыз;
• Банктердегі шоттар бойынша айналымдар;
• Кредиторлар;
• Қарыз алушының шаруашылық ісінің негізгі көрсеткіштері (сату көлемі);
• Қарыз алушының меншігіндегі қозғалмайтын мүлік;
• Қарыз алушының инвестициялары және т.б.
Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін, сонымен қатар жобаның талдауымен айналысу барысында жобаны талдау бөлімінің маманы банктің келесі құрылымдық бөлімшелерінің оң қорытындысын алуы қажет:
Құқықтық бөлім (юридический отдел);
Кепіл бөлімі (отдел залогов);
Банктік тәуекелдер бөлімі (отдел рисков);
Экномикалық қаіпсіздік бөлімі (отдел экономической безопасности).
Осы аталған құрылымдық бөлімдердің қорытындылары және өзі жасаған талдау жұмыстарының қорытындылары негізінде жобаны талдау бөлімінің маманы өзінің қорытындысын жасайды. Бұл қорытынды несиелік арызда көрсетіледі.
Әдетте жоба бойынша қорытынды мынандай болуы мүмкін:
Жоба оң бағаланады. Жобаның тиімділігі, оның барлық талаптарға жауап бере алатындығы анықталады. Жоба бойынша материалдар банктің Несиелік Комитетіне жіберіледі;
Жоба теріс бағаланады. Жобаның экспертиза барысында айтарлықтай жетіспеушіліктерді, қойылатын талаптарға сәйкессіздігі және қаржылық тиімсіздігі анықталынып, жоба басқа қарастырылмайды;
Жоба қосымша жұмысты қажет етеді. Қарыз алушы берген ақпараттар жобаны талдау үшін жеткілікті емес, жоба бойынша кейбір жетіспеушіліктер бар.
Оң бағаланған жоба бойынша мәліметтер Несиелік Комитетке жіберіледі. Несиелік Комитетте қарастырылатын жоба осы жобаның талдаумен айналысқан маманмен қорғалады. Жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырмау мәселесі және мәміленің барлық шарттары Несиелік Комитеттің мүшелерімен коллегиалды түрде шешіледі. Егер Несиелік Комитеттің мүшелерімен қабылданған шешім оң болса, онда несиелік бөлімінің мамандары несиені тікелей беруге кіріседі. Несиені тікелей беру екі жақтың да өздеріне міндеттемелер алуымен байланысты болады. Бұл міндеттемелер мен құқықтар несиелік шартта көрсетіледі, яғни екі жақ несиелік шартқа қолдарын қояды. Онда екі жақтың да экономикалық және құқықтық жауапкершіліктері жазылады.
Қорытынды
Осы жұмыста несиелеуді ұйымдастырудың негізі, несиелеу кезеңдері, несиелік талдау сияқты өзекті мәселелер қарастырылды.
Коммерциялық банктердің несиелік бағытты таңдап алуы, қандай несиелік саясат жүргізетіндігі әртүрлі факторларға байланысты болады. Олардың қатарында: банктің ориентациясы, банктің мүмкіншіліктері, банк орналасқан мемлекеттегі экономикалық саяси конъюнктура және т.б.
Банктік несиелеуді ұйымдастыру көріп отырғанымыздай оңай процесс емес. Ол банктің несиелік саясатымен, депозиттік саясатымен ұштаса жасалынуы қажет. Банктің несиелік саясаты, банктердің жасаған методологиясы мұнда шешуші факторлар болып табылады. Сонымен қатар банктің экономиканың қай секторын несиелеуі банктің несиелік саясаты мен несиелік ориентациясымен анықталады екен. Осы сәттерді ескере банктер клиентпен жұмыс істеудің алгоритімін жасап, қайсібір факторлардың шешуші болатынын анықтайды.
Банктік қарыздар өндіріс тиімділігін яғни оның ғылыми-техникалық деңгейін арттыруға, өнімнің жаңа жоғарғы сапалы түрлерін шығаруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халыққа және экспортқа қажетті тауарлы-материалдық құндылықтарды шығаруға байланысты қызметтерді несиелеу үшін берулері қажет. Осыған қоса, банктер нарықтық инфрақұрылымның орнатылуын, сауда қарым-қатынастарының кеңейуін қолдап отыруы керек. Қарызды жоспарлауға, алуға, өтеуге байланысты сұрақтарға жауапты қарыз алушы өзі қызмет етіліп жатқан банктен таба алады. Яғни несиені бермес бұрын банк қарыз алушымен келісім-шарт жасасады. Бұл келісім-шартта несие процесі жайлы ақпарат толық әрі түсінікті берілуі қажет. Несиенің мерзімі, пайызы, сомасы сияқты мәліметтер келтіріледі.
Кез келген экономикалық, соның ішінде несиелік келісімшарт белгілі бір құжаттық рәсімделуді қажет етеді. Әрине ең алдымен қарыз алушы несие алмастын бұрын банк қызметкерімен ауызша сұхбат өткізеді, алайда соңына қарай бұл сұхбат қағаз бетіне түсіп, заңды түрде тіркеледі.
Қорыта келгенде, несиені ұйымдастыру процесі өте қиын процесс. Сондықтан ол банк менеджерлері тарапынан үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Қазақстан Республикасында қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық жағдайға және халықтың әл-ауқатының жақсаруына байланысты банктер тарапынан несиені ұсыну процесі жетілдіріліп отыруы тиіс. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Экономика | Несиелік процесс оның негізгі кезеңдері мен мазмұны
» Реферат: Қаржы | Коммерциялық банк табиғаты және ерекшеліктері
» Реферат: Экономика | НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
» Реферат: Экономика | ҚР банк жүйесі
» Реферат: Экономика | Банк жүйесі туралы ұғым

Іздеп көріңіз: