Реферат: Экономика | Несиенің формасы

Реферат: Экономика | Несиенің формасы

Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
• Қайта бөлу;
• Айналыс шығындарын үнемдеу;
• Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
• Капиталдың шоғырлануын жеделдету;
• Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануын туады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
-қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
-коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
-қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
І Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1.Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
-банктерге;
- қаржы несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнекәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
-саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
-жабдықтау – сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
-жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
-қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
-ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
-негізгі қорларға жұмсалатын;
-айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
-кепілхатпен,
- кепілдемемен;
-кепілдікпен;
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
-сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1- санатты күмәнді, 2- санаты күмәнді, 3- санатты күмәнді, 4- санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларына сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие- бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
3. Овердравт несиесі – клиенттінің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
9. Рамбрустық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшықтықты жабуға арналған несие.
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиенің алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:
1. Қарыз алушының анкетасы.
2. Жеке куәлігі (көшірмесі).
3. СТТН (көшірмесі).
4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
6. Отбасы құрамы туралы анықтама (№3 форма).
7. Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі).
8. Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.
Келесі бір дамып отырған несиеге ипотекалық несиені жатқызуға болады. Казкоммерцбанке ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
- Несие мөлшері: жылжымайтын мүліктің бағалау құнының
85%-на дейін.
- Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау
құнынан 15% - ға дейін.
-Несие үшін төлем: айына: 1,3%(АҚШ долл.), 1,7% (теңгемен)
- Несие валютасы: АҚШ долл. Немесе теңгемен (егер
1 жылдан аспаса).
- Несие мерзімі: 10 жылға дейін.
- Қамтамасыз ету пайдаланатын немесе сатып алатын
түрі: тұрғын үй.
Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуын қолдау мақсатында соңғы жылдары «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ЖАҚ бірқатар жұмыстар жасап жатыр.
Несие жүйесі – жалпы банктердің (Ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы мынадай сызбамен берілген.


Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа) кепілге алып, тұтыну несиесін беру болы табылады.
Несиелік серіктестік - өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме.
Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерін ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер.
Өзара несие қоғамдары – шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін коммерциялық банктерге қызметінің сипаты жағынан ұқсас келетін несиелік мекемелер.
ҚР Ұлттық Банктің 1997 жылғы 29 тамыздағы №314 «Ломбард туралы» ережесіне сәйкес, ломбард – банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Ондай операцияларға мыналар жатады:
- ломбардтық операциялар: тез іске асырылатын бағалы қағаздар мен жылжымалы мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несие беруді сипаттайды.
- Бағалы металдардан (алтыннан, күмістен, платинадан, платина тобындағы металлдардан) жасалған монеталарды, сондай-ақ бағалы металдар және асыл тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
- Сейфтік қызметтер: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттарын, құндылықтарын сақтауға байланысты, сол сияқты сейфтік жәшіктерді, шкафтарды, бөлемелерді жалға беру қызметтерін көрсетеді;
- Келісімшарт мерзімі ішінде жалға берілген мүлікке жалға берушінің меншік құқығын сақтай отырып ол мүлікті жалға беру;
- Заң талаптарына сәйкес кепілге алынған мүлікті сату.
Микрокредиттік ұйымдар – бұл микрокредит берумен айналысатындай ұйымдар болып табылады.

Қорытынды

Несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.
Ипотекалық компаниялар Қазақстанда ипотекалық несиелеудің дамуына үлес қосып отырған мекемелерге жатады. Мұндай компаниялар екінші деңгейдегі банктер тарапынан құрылуда. Мысалы, Тұран - Әлем банктің ипотекалық компаниясы бар және т.с.с.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Несиенің формасы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Несиенің формасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]