Реферат: Тәрбие сағаты | Есірткіге салынуға не себеп

Реферат: Тәрбие сағаты | Есірткіге салынуға не себеп

Есірткі қолданудың себептері көп. Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Ал басқа себептерге тоқталатын болсақ, олар төмендегідей.
Жас өспірімдер қоршаған ортасының кері әсерінен иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортадағы, әр түрлі жағымсыз әрекеттердің жетегінде кетеді. Өз іс- әрекетінің салдарын дұрыс болжамау жеңілтектік, жан дүние мінез-құлық пен дене танымы толық қалыптаспағандығы иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жас өспірімдер өздерінің «Ер жүректігін», «Дербестігін» танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай топтар үй аймақтарында, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы «Тексерістер»болып өтеді. Топтық психология еліктеушілік топ ішінде біреуі есірткі немесе шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен алкагольге әуестенуге соқтырады.
Есірткіні түнгі клубтарда да би алаңдарында да, арнайы сатылатын орыннан да, тіпті мектепте де сатып алуға боады. Уақыт өткен сайын есірткінің де дамуы жүріп жатыр. Бұрын жас өспірімдер анаша, марихуана шегіп улы химиялық заттар иіскейтін болса, қазір героин, кокаин, синтетикалық есірткілерді қолданады. Ал синтетикалық есірткінің (героин) ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып қалады. Міне, ересектердің нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан отбасындағы ұрыс- керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да «қашып кетуді» ойлап, есіркінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.
Жас өспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
• Ата- ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жас өспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
Отбасы мүшелерінің бірі арақ- шарап ішуі немесе есірткі қолдануы;
• Әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
• Ата- ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем болуы;
Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігінің болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;
• Мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жас өспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі.
Жастарды есірткіден қалай қорғауға болады?
Егер мүмкіндігінше мысалға келтіретін көрші нашақор болса, оның нашақор емес кезі мен қазіргі кезін салыстыруды ұсынуға болады. Аталмыш жастағы балалардың психикасын сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды.
13-15 жастағы жас өспірімдер есіркі туралы ересек замандастарынан естіп біледі. Олар марихуана, гашиш, анаша секілді есірткілердің дәмін татып көрген болуы да мүмкін. Тіпті нашақорлармен таныс болса героин сияқты күшті есірке қолдануы таң қалдырмайды. Олар нашақорлықтың ауыр емділуі қиын індет екенін түсінбейді. Анаша шегуді нашақорлыққа жатқызбайды, оған тәуелді емеспін, кез- келген уақыта шегуді тоқтата аламын деп ойлайды. Оларға барлық нашақор «жеңіл» есіркеден бастағанын, содан бірте –бірте нашақорға айналғанын түсіндіру қажет. Анаша, марихуана, гашиш сияқты есіркі алдымен тәнді, сонан кейін жанды тәуелді ететінін оларға дәлелдеу қажет.16-18 жасар жастардың арасында нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер көп.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Есірткіге салынуға не себеп туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы тәрбие сагаты жоспарымен, казакша реферат жоспар, Есірткіге салынуға не себеп

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]