Реферат: Әдебиет | Наурыз
Наурыз – шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғн Ұлыстың ұлы күні. Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінле аталып өтететін болған. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Шығыстық данышпандар Махмұд Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Ә.Фердоуси, Ә.Науаи, О.Хаямнан бастап қазақтың Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сәкен сынды ғұламалары да наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, жақсы сөздер жазып қалдырған. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбеген адам болмаған.
Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы қасиеттен өнеге алған.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі - өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі өнегелікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізеттілік пен білімділікке баулиды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек.
Осы ұлы күнге байланысты халықтың әдет-ғұрыптары мен жол-жоралары, салт-дәстүрлері бар.
Наурыз тойы
Наурыз – шат-шадыманды ойын-сауық, той басы. «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той-тамаша қылады екен» (Абай). Кей жерлерде «наурыз тойы» деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тиым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама бұрын 8-9 күнге созылатын, халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен қолданылатын ерекше үлкен жиын, той «Қазақтың қазақ болғалы өзіне арналған сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – Наурызнама. Ол күні қожаларға оқытатұғын наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратын ол кітаптың атын «Салдама» дейді (Мәшһүр Жүсіп). Наурызнамада қыз-жігіттер жиналып бас қосып «ұйқыашар» әзірлейді. Ол тәтті ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селт еткізер» деп атайды. Бұл күн қарттар да естен шықпайды. Оларға арналып жылы-жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып тартылады. Бұлардың соңы келер күні «наурыз көжеге» жалғасады.
Наурыз бата
Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – осы наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге, ақсақалдар мен әжелерге, ел ағалары бата береді. Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке, бүкіл қауымға, ауылға да беріледі. Мысалы:
Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың –оңға, қызың – қырға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан.
Жұлдызың тусын солыңнан.
Бақ берсін, Қыдыр дарысын!
Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Жіне наурызда алған батаның орны бөлек. Мұндай батаны «уыз бата» деп дәріптейді.
Наурыз жұмбақ
Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, жерге, күн мен түнге байланысты айтылатын жұмбақтар осындай атпен аталған. Онда ақындар, қыз-жігіттер осы тақырыптарға ғана құбылыстарды жұмбаққа өлеңдетіп айтысатын болған.
Мысалы:
Ұшарқар Айдай туып, Күндей батар
Туғанда Шабансары таң сонда атар.
Аспаннан жұлдыз тарап, Шолпан туып,
Таң райы Күнменен манаураттар.
Шығыстан үркер туса егінді ор,
Батса көктен егісті егетін бол.
Қырық күн, қырық түн сол Үркер көктен безіп,
Жоғалып қараңғыда шөгеді жол.
Наурыз тілек
Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс-туғандары мен жарандарына Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.
Мысалы:
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға, үйің жанға толсын.
Тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған.
Көк тәңірі нұрыңды аяма,
Жер тәңірі ырысыңды аяма!
Әділ жанды тағынан тайдырма,
Әз халықты бағынан айырма!
Басыма бас қос,
Жасыма жас қос,
Асыма ас қос!
Мұндай жақсылықты әр отбасы өз шаңырағында қол жайып, шын ниетпен, көңілмен тілейді.
Наурыз төл
Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбінесе өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.
Наурызкөк
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс күтіп жүреді. Оны алғаш көргенде «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырады, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді, оны бақыт құсы қатарына қосады.
Наурыз есім
Наурыз күні туғандарға халық бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған. Сондайй себептен оларға Наурыз есімін беретін болған. Мысалы қазақ халқында Наурызбай Құтпанбайұлы (1700-1781), Наурызбай Қасымұлы (1822-1847) атты әйгілі батырлар болған. Алтын ордада Наурыз есімді хан (1859-60) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездеседі.
Наурыз шешек
Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік (шөп). Әсемдік үшін үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. Наурыз шешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.
Наурыз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар...
Бай шығады балбырап,
Қасындағы жас жеткіншек,
Тұлымшағы салбырап.
Бәйбіше шығар балпиып,
Күндігі баста қайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Сәукелесі салбырап.
Қыз шығады қылмиып,
Екі көзі жаудырап,
Ақ бөкендей сырқырап.
Құл құтырар құрықтан,
Күн құтылар сырықтан,
Кетік-ыдыс шөміштің буы кетер бұрқырап.
...Амансыз ба?
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс бақытты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
«Сақтай гөр», - деп терістен,
«Кел таза, бақ, кел!» - десіп,
«Ием, тілек бер!» - десіп,
«Көш, қайраған, көш!» - десіп,
«Көз көрместей, өш!» десіп,
Шалдарға бата берілсін.
Есік алды қара су бойлағаным,
Жалғанның қызығына тоймағаным,
Көмілсем де кетер ме көкейімнен,
Қалқаммен ұлыс күні ойнағаным! ...
..Айналайын әкекем!
Неге бердің кедейге?
Қанша ақылды десең де,
Кедейді кедей демей ме?
Байға берсең әкекім!
Қазысы қарыс айғырды,
Сүбесі сүйем қошқарды,
Ұлыс күні соймас па ем?
Тамам сорлы тоймас па ең?
Жұп шырақ жағып қоймас па ем?
Наурыз тілегі
Біреуім екеу болып мал қосылды,
Қораға бұзау, лақ, қозы толды.
Ызғарлы суық қыстың кәрі кеміп,
Аспаннан күн күлімдеп шырайы оңды.
Ұзамай қар да кетер, жаз да болар,
Сай-сала күрілдесіп суға толар.
Бөленіп жер жібекке, мың құлпырып,
Шалғынға көк орайлы ауыл қонар.
Жаз иісі бүгін келді, жан жайланды,
Кешегі көрген бейнет артта қалды.
Өмірге жаңа жолдар ашатұғын
Жаңа жыл – бүгінгі күн жаздың алды.
Наурыз күні
Күн шуақта маужырап,
Бүргіштеп ескі құрымын.
Аймалап Ұлжан баласын:
«Қарағым, сәулем, құлыным!
Қысқы ызғарда бүрісіп,
Мүгелек болып өліп ең,
Жаңарсын деп жаз туа, -
Кенептен көйлек тігіп ем,
Қалың қар еріп су болып,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Ертең дүние күлімдер.
Күлімдер дүние, ойнарсың,
Күрең тайың ат болып,
Бәйгеге қоссаң, келерсің,
Жұрттан жеке тақ болып..»
Қолда ұршығы бүкшеңдеп,
Кемпір келді шуаққа:
Шалым қайтпай күттірді,
Кетіп ед мына суатқа
Күн шырайы, келін-ау
Жаз болып қалған секілді.
- Айтпақшы, ене наурызға
Астың ба көже етіңді
- Асқан болдым бірдеме
Көк аттың салып шекесін
Әлде өзің құрмысың?
Қылмың-қылмың етесің?
- Наурызды тойлар не күн бар?
- Ұлы күнде үйдеме!
Тап дей ме саған жоғыңды!?
Гу, гу, гу әңгіме беркімбайдың үйінде.
Бидай көже буланып,
Быржия піскен күйінде.
«Құтты болсын наурызың!
Жаңа тілек, жаңа жыл.
Самарқан тасы еріген –
Наурыздың тойы, - деді, бұл»
Шалдар кірді кеңеске,
Баяғыдан басталды,
Қынынан пышақ суырып,
Шал қолына басты алды. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: