Реферат: Функционализм бағытының алғы шарты

Реферат: Функционализм бағытының алғы шарты

Бихевиористер сананы зерттеуден толық бас тарту керек деген ұсыныс жасап, брлық назарды адамның мінез-құлқына аудару керек, себебі оны тікелей бақылауға және объективті тіркеуге болады деп санады.жаңа бағыттың негізін салушы Д. Уотсон (1878-1958) өзінің «Психология бихевиористің» көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі психология тіліндегі сана,ерік,назар,эмоция,қабылдау,бейнелеу т.с.с. терминдерден бас тартуды дұрыс деп есептеді, адамның мінез-құлқы сәтін түсінуге объективті тіркелетін стимул мен реакциялар жеткілікті деп есептеді.Олар үшін бихевиористік бағдарлама жағында
құрылымдық-ассоциациативті психологияға да, функциялық психологияға да бірдей қарсы болды. Бихевиористер үшін бұл мектептердің өзіндік ерекшеліктерінің ешқандай мәні болған жоқ. Себебі екі бағытта бір ғана терминдерді қолданатын еді (ассоционистер де,функционалистер де) ал бихевиористердің басты соққысы осы терминдерге бағытталған болатын.
Функционализмді сынаға бір әділеттілігі, онда шынында да функциялық түсініктердің әлсіз жақтары көрсетілді, мәселен, психологиялық актіледің құрылымының субъектінің сыртқы мінез-құлқынан бөлініп тасталуы. Функционолистер психикалық процестер қызметін адамың материалдық іс-әрекетінен бөліп алып қарады, сонымен сананың таза рухани белсенділігі шеңберінде қалып қойды.
Дәстүрлі ассоцианизмге қарсы бихевиористік бүлік бұрын басталған, функциялық психологияның шеңберінде өткен күрестің жалғасы болып табылады. Бихевиористер ассоцианистердің психикаға қатысты мінез-құлықты талдаудан бас тартуын тілге тиек еттіп қарсы шықты. Бихевиористер мінез-құлыққадеген бағыт-бағдары өздерінің тікелей ұстаздары-американдық функционалистерден қабылдады, бірақ мінез-құлыққа бір жақты ғана сипат берді.
Функционализм идеясының дамуы Европада басқаша сипат алды, 10-20-жылдары неміс психологтарының тобы құрған гештальтпсихология мектебі психикалық құбылыстардың бүтіндігіне басты назар аударды. Психикалық актіледің бүтіндігі жайлы функционалистік түсініктерді Ф.Брентаноның шәкірттері-К.Штумпфт(1848-1936) және Э.Гуссерлядан(1859-1938) алғаш гештальтпсихологтар психикалық зерттеуге аталған көзқарастар мен эксерименттік әдістерді пайдалана білді.
Функциалық мән туралы түсінік арқылы гештальтпсихологтар пайда болған заттың құрылымын анықтайтын аристотельдік «форма»туралы идеяны нақтылап,қайта қалпына келтіргендей болды. Психикалық бөліктің формасы жалпы алғанда оны бүтін құрылымға қосатын, осы бөлікті құылыи үшін қажетті орган ретінде туғызатын нәрсе болып табылады.
Алайда, функциялық қосу принципін гештальтпсихологтар психикаға бүтіндей ауыстырмайды. Гештальтистер адамның мінез-құлқының сыртқы ортаға бейімделу жүйесіндегі психиканың барлық функциясын назардан тыс қалдырды. Сөйтіп, өзіне адам санасының саласын қосып алды және органдардың өзінің мінез-құлықты реттеуші функциясынан тәуелсіз жағдайда дамыды. Психиканың табиғи табиғатын оның биологиялық бағдарлаушы функциясынсыз ұғыну мүмкін емес, ал адамның психикасын әлеуметтік детерминацияланған іс-әрекеттің механизмінен тыс ұғыну да мүмкін емес. Алайда,гештальтистердің психологияға өз кездеріндегі физикалық идеяларды енгізулері ,яғни бүтіндік ұғымын жасаулары, жүйенің құрылымын, өздігінен теңдестірілетін жүйелерді және бөліктерді функциялық тұрғыда егізулері психика туралы ғылыми түсініктердің дамуында үлкен маңыз болды.
ХХ ғасыр психологиясының дамуында швейцарлық психолог Ж.Пиаженің (1896-1980) жұмыстары бүтін бір дәуірді құрайды. Оның дамытқан көзқаастарын және оның кең ауқымды сындарын ескермей дүие жүзінде психика туралы, оның механизмі жайында қазіргі заманның білімін меңгеру мүмкін емес. Пиаже үшін басты объект ойлау болып табылады.Ойлауды ол ішкі әрекеттер жүйесі-ой операциялары ретінде түсіндіеді.Сондай-ақ, функционалистер психиканы сананың ішкі актілер жүйесі ретінде қарастырса, ал бихевиористер ойлауды ішкі мінез-құлық ретінде түсіндірді.Ойлауды ішкі операциялар жүйесі ретінде осы ғасыр басында өмір сүрген неміс психологы О.Зельц анықтаған еді. Алайда, Пиаже бұл түсініктерден бас тартып, психиканы әрекеттер жүйесі ретінде түсінндіріп, оған үлкен мән берді және бұрығы тұжырымдамалардағы кемшіліктерден арылтты.
Ойлауды ішкі қозғалыстардың жинағы деп білген бихевиористерден Пиаженің айырмашылығы сол, ол бір-бірімен үйлестірілген ой әрекетінің логикалық күрделі тұтас құылымын ашты және оның қалыптасуының функциялық механизмін ашып көрсетті. Ол өз тұжырымына негізгі етіп мынадай маңызды функциялық психологияның биологиялық адаптация және психологиялық құрылымының ішкі тепе-теңдігі деген ұғымдады алды. Соымен бірге Пиажеде ойлау, функционалистер дәлелдегендей, өзінің ұйымдасуында сыртқы дүиеден ажыраған рухани идеалдық актілердің жүйесі емес, ол заттармен сыртқы материалдық әрекеттесуі арқылы генетикалық түрде жүзеге асады. Пиаже ойлау әректінің табиғатын түсінуге интериоризация туралы түсінікті негізге етіп, алады, ол сыртқы заттық әрекеттер ақылға өтеді, онда олар бастапқы сыртқы әрекеттерге ұқсас схемамен орындалады.
Пиаже іс-әрекетті психиканы қалыптастыру механизмі және ойлауды интериоризацияланған әрекеттер жүйесі ретінде ғана көрсетпейді, сондай-ақ, іс-әрекетті биологиялық процесстің жекелеген жағдайы ретінде көрсетеді және оның өздігінің дамуының функциялық механизмін тапты. Пиаже психиканың оргаизмнің басқа физиологиялық процестерімен іштей жалпы ортақтығын ашып, психиканың биологиялық теориясын жасады.Адамның психикасын талдаудағы Пиаже көзқарастарының кеңес психологиясында дамыған қоғамдық-тарихи бұл өзгешелігі олардың бірін екіншісіне тиімді болу үшін алып тастауды ұсынбайды, керісінше бұл олардың тарихи себептерімен орын алып отырған теориялық қайшылықтардың логикалық негіздеріне әсіресе, күрделі концепция орнындағы Пиаже концепцияларын бағалау жөнінде сөз болғанда, терең үңілуді талап етеді.
Пиажеде өзара әрекеттесуі өзінің ішкі қайшылықтар негізінде өздігінен даиитын органикалық жүйе болса, ал интеллект осы өзара әрекеттің дамушы формасы, субъекті мн объектінің өзара байланысы болып табылады. Қарама-қарсы бағытталған процестердің үйлесуі арқылы анықталады: ассимиляция және аккомадация болатынын айтамыз.
Психологиялық деңгейге дейінгі ассимиляцияны біз тамақтану немесе тыыс алу процесінде көреміз, онда организм сыртқы ортадан өзіне затты алады да одан өз денесін құрайды. Кез келген органикалық зат тікелей меңгерілмейтіні, оның организмнің химиялық құрылымына сәйкес өзгеріп меңгерілетіні белгілі. Осы сияқты психикалық ассимиляция да субъектіде сытқы ақпааттарды ойлау схемалары арқылы меңгеруі жүреді. Білімді меңгеру процесін Пиаже субъектіге мінез-құлқын объектіге бейімдеу үшін қажет ақпараттың интеллектуалдық құрылымың белсенді меңгеруі деп түсіндіреді. Бір нәрсені түсіну қабілеті субъектіде ассимиляцияланған ой схемаларын қалыптастыру арқылы көрінеді және кез келген материал осы схемалардың догикасымен өзгеріп меңгеріледі, мәселен, тамақтың дене құылымына қарай өзгеруі сияқты.
Басқа жағынан алғанда, орта организмге кері әсерін тигізеді, оны биологиялық термин тұрғысында «аккомодация» деген сөзбен көрсетуге болады,-деп жазды Пиаже. Аккомодация-организм процестері мен құрылымының объект ыңғайына қарай өзгеруі. Ассимиляция және аккомодация процестерінің үйлесуі адаптацияны –организмнің ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді.Адаптацияны ассимиляция мен аккомодацияның арасындағы тепе-теңдік деп немесе мәні бойынша субъекті мен объектінің өзара әректіндегі тепе-теңдік деп анықтауға болар еді. Пиажеде тепе-теңдік дамудың басты механизмі болып табылады, ол ой операцияларының бірыңғай жүйесіндегі үйлестіру бағытын анықтайды. Тепе-теңдік психологиялық іс-әрекеттің негізгі қызметін қамтамасыз етеді.«Интелект—тепе-теңдіктің белгілі бір формасы, оған қабылдау, дағды және қарапайым сенсо-моторлық механизмдер негізінде жасалатын барлық құрылымдар тартылады,-деп жазды Пиаже,- ...Мінез-құлықтың икемді, сонымен бірге тұрақты құрылымдық тепе-теңдігі, міне, өзінің мәні жағынан өмірлік және белсенді жүйелер болып табылатын, интеллект дегеніміз осы».
Пиажеде ой құрылымы дербес мәнділік емес, қарама-қарсы жүйесіне қосылған және оның тіршілік ету қабілетінен қамтамасыз ететін функциялық орган болады.Операцияларды міндеттер құрылымы функциялық қосу принципі бұрын Вертгеймер мен Дункердің жұмыстарында көрінген еді. Белгілі бір ой операциялары қалыптасуы үшін алдымен бүтіндей қалыпқа түсірілмеген бүтін құрылымда функциялық кернеу пайда болу керек болатын,тек сонан кейін пайда болған дау-дамайды шешу үшін керекті психикалық операциялар құрылатын-ды. Алайда гештальтпсихологтарда функциялық принцип тек психикалық процестердің жекеленген бөліктеріне ғана қолданылды, бірақ бүтіндей психикалық құрылымдарға қатысты қаралған жоқ. Гештальттықтар бүтіндікті олардың психологиялық қызметтерінен тыс дербес және соңғы саты деп қарастырды.
Пиаже гештальттықтардың осы кемшіліктерін жойып, психикалық құрылымды субъектінің адаптация органы ретінде ашты, оған жеке алынған құрылымның ішкі тепе-теңдігі арқылы ғана емес, қарама-қайшы жүесінің жалпы тепе-теңдігімен де қол жетеді деп түсіндірді. Пиаже гештальттықтарды оларда психикалық жүйелерді түсінуге генетикалық тұрғыдан келудің жоқтығын әділ сынады,олар психикалық жүйелер қалыптаспайды, бірден пайда болады деп психиканы іс-әрекет түсінбеді және бейнелерді құрастырудағы әрекеттің рөлін де жоққа шығарды. Сондай-ақ , Пиаже психиканың әлеуметтік детерминациясы туралы мәселені түсінбеді. Психиканың әлеуметтік детерминациясы жайлы түсінік тек маркстік философия мен психологияда ғана кең өріс алды.
Сонымен, ХІХ және ХХ ғасырларда ғылыми ойлау заттардың механикалық «қарапайымдылығы» мен тікелей «түсініктілігі» туралы көзқарастың сұр телпегін тесіп өтіп, заттардың өздігінен жүйені ұйымдасуының функциялық принципін түсінуге жол ашты.Бұл прициптердің әдеттегі ойлау схемаларымен үйлеспейтіндігі соншалық олар бұл схемаларды сандаған жылдар бойы не идеалистік тұрғыда түсіндіріліп келді немесе бұл принциптерді идеалистік ақыл-ойдың жалған туындысы ретінде қабылданған материалистік ниеттегі ғалымдарды қорқытып-үркітумен болды. Сондықтан да функционалистер ашқан құбылыстардың ұйымдасуы мен қозғалыстарындағы функциялық ашу кейде ойлаудың айрықша батылдығын талап етті. Көптеген зерттеушілер функциялық детерминацияны өздері зерттеген процестердің сөзсіз заңдылығы ретінде анықтағанымен, оны матералистік тұрғыдан тиісінше түсіндіре алмады, нәтижесінде олардың ашылыстары ұзақ жылдар бойы қатаң сынның нысанасына айналды. Алайда дүниенің механикалық қатал көрінісі өздерінің жабайы схемаларын тек тыныш жабық кабинеттерде , стол жанында шектеулі тұрмыстық тәжірибе негізінде құрған теоретиктер үшін ғана қолайлы болады.
Жүйелі өздігінен ұйымдасудың функциялық принциптері Ламарктің органдарының олардың жаттығуы нәтижесінде қалыптасуы туралы, тканьдардың оқшаулабаған тобы функциясының бастапқы орындалуы туралы және тірі дүниені органдарды дифференциялау мен оқшаулау жолымен ұйымдастыру деңгейін арттыру туралы қағидаларында көрінеді. Жүз жыл өткен соң гештальтпсихологтар бүтін ойлау құрылымында операциялардың функциялық әрекет ету принципін көрсетті, онда қалыптасқан операциялардың «функциялық мәні» олардың болашақ мазмұнын алдын ала анықтайды. Мұнда Ламарктегідей функция оны орындайтын органна бұрын пайда болады және оның әрекетін детерминдендіреді.
Пиаже психиканы органикалық жүйелердің өздігінен ұйымдасатын және өздігінен қалыпқа түсетін сондай-ақ өздігінен дамитын бүтін іс-әрекет ретінде түсіндіреді. Алайда, өздігінен қалыпқа түсу қабілетіне ие бола отырып, іс-әрекет Пиаже де әлі де болса функциялық жүйе болып табылмайды. Бір теорияға ішкі жүйелі ұйымдасу және іс-әрекеттің сыртқы функциялық тәуелділігі туралы түсінік терді біріктіру қиындығы ма, әлде әдеттегі адамға деген буржуазиялық көзқарас па,әйтеуір, бір нәрсе, Пиажеге адамның әлеуметтік жүйенің функциялық органы ретінде түсінуге мүмкіндік бермеді.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Функционализм бағытының алғы шарты туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Функционализм бағытының алғы шарты на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Психология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Функционализм бағытының алғы шарты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]