Реферат: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Реферат: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Бірінші проблема — қауіпсіздік мәселесі. Ядролық, биологиялық және химиялық қаруды, сондай-ақ оларды жеткізу кұралдарын (зымырандарды) тарату - ғаламдық және аймактық деңгейде зор қауіп-қатер тудырып отырғаны баршаға мәлім. Халықаралық лаңкестердің жаппай қырып-жою қаруын пайдалану мүмкіндігі де қосымша кауіп төндіретіні сөзсіз.
1972 жылғы 26 мамырдағы АҚШ пен КСРО арасындағы ракетаға қарсы корғаныс жүйесін шектеу туралы (РҚҚ) шарт әлемдегі стратегиялық тұрақтылыктың негізі болып келіп еді. АҚШ-тың 2001 жылғы желтоксандағы РҚҚ туралы шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесі Ресей, Қытай т. б. елдер тарапынан наразылық тудырды. Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойған 187 мемлекет делегаттарына өзінің арнауында К. Аннан АҚШ-тың Ұлттық зымыранға қарсы қалқанды жаңғырту ниетін ядролық карусыздану саясатына қарсы қадам деп бағалады. Бас хатшының айтуынша, АҚШ-тың бұл әрекеті ядролық карусыздану ісіне кері әсерін тигізіп қана коймай, оны таратуға ықпал ететін болады.
БҰҰ-ның көп жылғы жұмысының нәтижесінде 2001 жылы жеңіл қару-жарақпен және атыс қаруымен заңсыз сауда-саттыққа жол бермеу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы кабылданды.
Азия кұрлығының ерекшелігі — мұнда ядролық мемлекеттер және осындай мәртебе алуға жақын, яғни, ядролық қару табалдырығындағы елдер шоғырланған, ядролық қарулану процесі барынша қауырт жүріп жатыр.
Қазіргі заманның қауіпті қатерлері — халықаралық ылаңкестік (терроризм), ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм мен діни экстремизм, этностык қақтығыстар, кару-жарақтың заңсыз айналымы, есірткі саудасы, тағы басқалар екпіндеп ене түсуде.
2001 жылғы кыркүйектің 11-күні АҚШ-қа өзінің катыгездігі жағынан жойқын соққы болып тиген оқиғалар бүкіл әлемге адамзаттың басына төнген кауіптің ауқымын айқын көрсетіп берді.
Бұдан бұрын да ылаңкестік болды, олардың ең ірілері: 1998 жылы 7 тамызда Найроби (Кения) мен Дар-Эс-Саламдағы (Танзания) жарылыстан АҚШ елшілігі қиратылып, 250 адам қаза тапты, 1999 жылғы 9 және 13 қыркүйекте Мәскеуде екі ірі жарылыстан екі тұрғын үй қиратылып, 212 адам қаза тапты, 300-і жараланды.
Осы заманғы халықаралық ылаңкестік өзінің сипаты жағынан ұлтаралық болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі өзінің № 1373 шешімімен (қаңтар, 2002 ж.) Терроризммен күрес жөніндегі комитетін құрды. Бұған осы ұйымға мүше 189 мемлекеттің бәрі катысады, олар ланкестік әрекеттің бәрін де қылмыстық іс санауға тиіс, ылаңкестер мен оларды қолдаушылардың қаржылық кұралдары мен активтерін тоқтатып, оны оларға беруге тыйым салады. Ылаңкестерге баспана беруден бас тартуға міндетті. Барлық елдер бұл талаптарға байланысты есептер беріп отыруға жауапты екендігі көрсетілді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі мәлімдемесінде былай деп атап көрсетілді: «Бір жыл бойы әлем мемлекеттері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1373 қарарының және баска да тиісті қарарларының негізінде лаңкестікке жан-жақты қарсы тұрудың екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын түбегейлі нығайтып, кеңейтті. Осынау ортақ серпінді күш-жігердің арқасында ылаңкестікке қарсы күрес шын мәнінде жаһандық сипат алды. Ылаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясын бекіту рәсімін аяктады, ШЫҰ-ның Аймақтық ыланкестікке қарсы құрылымы туралы келісімге қол қойылды».
2002 жылғы 4 маусымда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммиті болып, онда Алматы актісі, ылаңкестікті аластау және өркениеттер арасындағы үн катысуға жәрдемдесу туралы декларация қабылданды. Онда былай деп көрсетілді: «Біз қайда, қашан және кімнің жасағанына қарамастан, ылаңкестіктің барлық түрлері мен көріністерін жазықсыз жандардың өмірі мен игілігіне алалаусыз кез-келген тағылық қол сұғушылық пен қылмыстық әрекет ретінде бағалап, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне қатер төндіретін әрекет ретінде айыптаймыз.
Ылаңкестіктің қатері оның есірткінің заңсыз айналысымен, женіл атыс қаруын астыртын сатумен және оны кез-келген пошымда ылаңкестік топтарға берумен, нәсілшілдік идеологиямен және сепаратистік үйымдармен ылаңкестік қызметті қаржыландырудың және адам күшімен толықтырудың негізгі қайнары болып табылатын экстремизмнің барлық көріністерімен тығыз байланыста болуы салдарынан ұлғая түседі. Сепаратизм - мемлекеттердің қауіпсіздігіне, түрақтылығына, егемендігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына төнген негізгі қатер мен қауіптің бірі... Біз дінді ылаңкестік және сепаратистік қозғалыстар мен топтардың өз мақсатына жету үшін сылтау ретінде пайдала-нуын жоққа шығарамыз».
Американ ғалымы Самуэль Хантингтон: «XXI ғасыр «өркениеттер тоғысуы» емес, «өркениеттер кақтығысы» ғасыры болады, мұсылман және христиан өркениеттері арасындағы кайшылық тек күшпен шешіледі» деп болжады. Ондаған жылдар бойы АҚШ пен көптеген араб елдері арасындағы шиеленістер қордаланған. 1980 жылдан бері АҚШ ислам елдеріне қарсы 19 рет қару жұмсаған, әскери интервенциялар ұйымдастырған. 11 қыркүйектегі террордың себебін араб елдерінен іздеудің де негізі бар. Дегенмен, Ислам конференциясы ұйымына кіретін 54 мемлекет исламды желеу етуге тырысқан ылаңкестікті өздерінің қатаң айыптайтынын әрі ыланкестіктің кез-келген пошымының исламға қатысы жок екенін батыл мәлімдеді.
1999 жылғы қарашада Ыстамбұлда өткен Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының бас қосуына Ислам конференциясы ұйымы да шақырылып, олардың арасында үндесу форумы өткізілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Таяу Шығыстағы қақтығыс мәселесіне айрықша назар аударып, № 1397 шешімді қабылдап, «күш колдану мен ыланды тоқтатып, екі мемлекетті (Израилъ және Палестина) танылған шекара шегінде қатар өмір сүруге» шақырған болатын. Бұл шешімде Палестинаның мемлекеттігі айтылады.
Қазір ұйымдасқан қылмыс жеке елдердің ауқымынан асып, ұлтаралық сипат алып отыр. 2001 жылғы ақпан айында Италияның Палермо қаласында әлемнің 124 елінен үкімет басшылары қатысқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қол қойылды. Мұнда қылмыстың бір түрі — адам саудасының кең етек ала бастағандығы атап көрсетілді. Қазір жыл сайын миллиондай әйел мен бала бір елден екінші елге сатылатындығы, тіпті 1999 жылы Қырғызстаннан төрт мың адам басқа елге сатылғаны хабарланды. Қазақстанда 1999-2001 жыл-дар арасында 1797 жетім бала шетелге шығарылғаны, олардың болашағы туралы мәселе Парламент мәжілісінде каралуда.
2002 жылғы маусым айында БҰҰ Бас Ассамблеясының арнаулы сессиясы болып, онда «Бала еңбегін пайдаланбайтын болашақ» деген баяндама талқыланды. Дүние жүзінде 246 миллион бала жұмысқа жегіліп, олардың еңбегі қаналып отыр. Жоғарыдағы баяндаманы Халықаралық еңбек ұйымы даярлаған.
Балалардың тағы бір тобы — 8,4 миллион бала құлдық бұғауда. Оларды кепілдікте ұстайды, жыныстық ләззаттың нысандарына айналдырады. Бала еңбегін пайдалану дамушы елдерде, экономикасы күйзелген елдерде кең етек алған. Азия-Тынық мұхит аймағында 127 миллион, Африканың Сахарадан төменгі жағында 48 миллион, Латын Америкасында 17,4 миллион жетім балалар жұмыс істейді.
Қазіргі кезде әлемде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес ерекше маңызға ие болып отыр. Себебі, есірткі саудасының айналымы жылына 300-500 миллиард долларға жеткен. Әлемде нашақорлар саны 180 миллион адамға жетті. Дүние жүзінде өндірілетін аса күшті есірткі түрлерінің 75-80 пайызы Ауғанстанда өндіріледі. Ауғанстандағы ыланкестерге қарсы жүргізілген операциялар кезінде есірткі заттары жойылған жоқ. 2002 жылғы қыркүйек айындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 46.800-ден астам адам есірткі заттарын пайдаланады. 2002 жылы 24 қыркүйекте қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы осы мәселені қарап, арнаулы қарар қабылдады.
Екінші проблема — кедейшілікпен күрес. Дүние жүзіндегі 6 миллиард халықтың 3 миллиардқа жуығы кедейшілік жағдайда өмір сүруде, 100 миллиондай бала баспанасыздар санатында. Қазіргі кезде әлемде 800 миллион адам аштық азабын тартып отыр.
1996 жылы бүкіләлемдік аштықпен күрес туралы халықаралық конференция өтті. 2002 жылғы маусым айында Римде 182 ел өкілдері "Бес жыл өткен соң" деп аталатын азық-түлік бас қосуында декларация қабылдап, 2015 жылға дейін ашаршылыққа ұшырағандар санын екі есе қысқарту жөніндегі өз міндеттемелерін мәлімдеді.
Тұрақты даму мәселелері жөніндегі дүние жүзілік саммит он жылда бір рет өткізілетін беделді басқосу. Кезінде «Бразилия кереметі» бой көрсеткен тұста таңдаудың Рио-де-Жанейроға түсуінің себебі де сол болатын. Сонда 1992 жылы қабылданған тұрақты дамуға қол жеткізу бағдарламасы — XXI ғасыр бағдарламасы деп аталған құжатты ойдағыдай жүзеге асырудың нақты міндеттері көрсетілген болатын.
2002 жылдың 2-4 қыркүйегінде Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка Республикасы) дүние жүзінің 110 елінен келген ресми делегациялар, бейресми ұйымдар, кәсіподақтар, іскер топтар өкілдері «Тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбург міндеттемелері» атты саяси декларация қабылдады. Саммитке қатысушылар үш блокқа бөлінуге бейім болғанын атауға болады, олар Америка Құрама Штаттары, Еуропа Одағының өкілдері және дамушы елдердің делегаттары. Декларацияда әлемдік кездесуде бас косқан мемлекеттер мен үкіметтер басшылары адамгершілікке және қамқорлық ниетке негізделген жаһандық қоғам құру ісіне адал екенімізді айғақтаймыз, ондай коғамның басты мақсаты барша адам баласының адам атына лайықты өмір сүруіне қол жеткізу болып табылатынын мәлімдейміз, — деп жариялады.
Жердің табиғи ресурстарын шектен тыс пайдаланбай-ақ әлемдегі барлық халықтардың әл-ауқатын арттыру көзделді. Бұл үшін ең басты үш салада - экономикалық даму, табиғи ресурстар мен айналадағы ортаны сақтауда және әлеуметтік өркендеуде іс-кимылды өзара ықпалдастық жолымен жүргізу шарт. Сонымен саммит басты екі мәсеелені — кедейшілікпен күрес және экология жағдайын талқылады. Сонымен бірге зиянды заттармен атмосфераны ластау, планетадағы демографиялық жағдай, табиғат ресурстарын тиімді және ысырапсыз пайдалану мәселелері күн тәртібіне енгізілді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саммиттің мінберінен былай деді: «Мен осыдан 10 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында барлық мемлекеттердін әскери шығындарын 1 пайыз қысқарту және үнемделген акшаны аса кедей елдердің дамуына аудару жөнінде жасаған ұсынысымды кайталап айтқым келеді". Сонымен бірге Президент Н. Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымын жаһандық экологиялық проблемалардың тізімін жасай бастауға шақырды. "Біздің ойымызша, айналадағы ортаға келгірілетін зиянды күн тәртібіне барынша өткір қоймай болмайды» деді Елбасы.
Үшінші проблема - қоршаған ортаны қорғау. 2001 жылғ ақпан айында Кения астанасы Найробиде Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) басқарушылар кеңесінің мәжілісі өтті. Онда қазіргі кезде қалыптасып отырған жағдайда атмосфераға түрлі газдардың ұшуынан пайда болатын парник әсерінен келетін зиянның мөлшері орасан екендігі аталды. Әлемнің жүздей елінен келген лауазымды шенеуніктер, ғалымдар, мамандар ғаламдық жылудың салдарын азайтудың жолдарына тоқталды.
Бұрын атмосфераға парник әсері тудыратын көміркышқыл газының жіберілуін азайтуға көбірек назар аударылса, бүгінде сол газдардан пайда болған ғаламдық жылудың салдарына ұшыраған аймаққа көмек көрсету мәселесі де айрықша маңыз алып отыр.
Бүкіл жер шарында температураның бір градусқа артуы орасан өзгерістер әкеледі. Барлық жерде су деңгейі көтеріліп, көп аймақ су астында калады, XXI ғасырдың аяғына дейін қоршаған ортаның температурасы 1,4 градустан 5,8 градусқа дейін артуы мүмкін. Антрактикада да, мәңгі мұз болып қатып жатқан жерде әлемдік көмір қышқыл газының 14 пайызы сақталады деген ғылыми қорытынды жасалып отыр. Климат өзгеріп, ғаламдық жылу басталған кезде сол мәңгі мұздақ жер өзіндегі көмір қышқыл газын босатады. Қоршаған ортадағы температураның артуы Гренландия және Солтүстік мұзды мұхит мұздық-тарының еруіне әкелуі мүмкін. Ол Гольфстрим жылы ағысын бұза алады. Нәтижесінде, әлемдік мұхиттың су деңгейі 1990 жылмен салыстырғанда 9-98 см - ге көтеріледі. Бангладеш және Вьетнамның бір бөлігі су астында қалу қаупі бар. Климаттың өзгеруіне байланысты бір аймақтарда құрғақшылық болса, оның есесіне екінші бір аймақта нөсер жауын болып, егіс алқаптарын су астында қалдыруы мүмкін.
2001 жылғы желтоқсан айында Боннда адамзатты ауыз сумен қам-тамасыз ету мәселесіне арналған халықаралық конференция болып өтті. Онда мынадай мәліметтер аталды: әлемде 1,1 миллиард адам ауыз суға зәру, 2,4 миллиард адам қанып су іше алмайды.
Жер бетіндегі әр адам орташа есеппен күніне 2 литрден 5 литрге дейін су ішеді, тағы да 20-50 литр жеке тұтынуға (жуыну т. б.) кетеді.
Экология тұрғысынан алғанда, мұнайлы аймақтарда жүргізілген жұмыстардың салдары — жер бетінің кұнарлы қыртысының біржола жойылуына, оның қойнауына орасан зор зиянын тигізіп, ауыз су тапшылығына апарып соқтыратыны белгілі.
Тағы бір қатер — мұнай, газ өндірісі орналасқан аудандардағы жер астындағы жасанды бос кеңістіктердің пайда болуы. Ол шектеулі жер сілкіністерінің шақыртқысы. Мысалы, Өзбекстандағы Газли, Түрікмениядағы Кұм-Даги, Татарстан, Башкұртстандағы, әлемдегі басқа да мұнайлы елдерде болған осы тектес күшті жер дүмпулері соған дәлел.
«Қара дақ» Атлант мұхитының үстіне сәйкес келгендіктен Батыс Еуропа мен Америка Кұрама Штаттарындағы ауа райы бұзылып, тосын кұбылыстар көбеюде. Озон қабатында «кара дақтың» пайда болуы өндіріс орындарынан шығатын көмір кышқыл газдың әсерінен деп ғалымдар дәлелдеп отыр.
Казакстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кемелері ұшырылған сайын да озон кабаты тесілуде. Нәтижесінде сол аймақтың ауа райы бұзылып, желдің жылдамдығы артып, кейбір уакытта шілде айында бұршақ жауа бастады.
Демек, барлық мемлекеттер XXI ғасырдын күрделі проблемаларын шешу үшін БҰҰ көрсеткен міндеттерді нақты орындау жолында қызмет етуге тиіс.



. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ ДАҒДАРЫСТА

Соңғы жылдары халықаралық кауіпсіздік жүйесі терең дағдарысқа ұшырап отыр. Ал оның себептері кандай?
XX ғасырдын соңына қарай дүниежүзілік дамуда жаһандану үрдісі басталып, тез қарқын алды. Дамыған елдер үстемдік жүргізу әрекеттеріне қарай (АҚШ және оның ең жақын әріптестері), географиялық орналасуына қарай (Батыс Еуропадағы мемлекеттер, Шығыс Азия ел-дері), көмірсутегі шикізатын шығару мүмкіндігіне қарай (ОПЕК елдері) топтасып алып, ықпал жүргізу аймақтары үшін, тауар шығару елдері үшін нағыз талас басталды.
АҚШ жаһанданудың көш бастаушысына айналды. «Кырғи кабақ соғыс» аяқталғаннан кейін Кеңес Одағы құлап, күштердің ара салмағы өзгергеннен кейін тепе-тендік бұзылды. АҚШ бұрынғы карсыластары - ТМД және Шығыс Еуропа елдерін кредит және инвестиция беру арқылы өзіне тәуелді етті. Сонымен қатар, ол аймақтардағы шиеленістер мен жанжалдарға байланысты әскери қимылдарға еркін кірісе бастады. Бұл мәселеде АҚШ тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мойындамады. Оған дәлел ретінде Ирактағы соғыс қалай басталды, соған қысқаша тоқтала кетейік.
2002 жылдын 30 каңтары күні АҚШ Президенті Джордж Буш конгресс мүшелерімен кездесуінде жаппай қырып-жоятын қарулар иеленуге ұмтылып отырған Солтүстік Корея, Иран және Ирак режимдері уакыт өткен сайын үлкен қатер төндіре бастағанын баяндады. Атап айтқанда, Ирак он жылдан астам уақыттан бері химиялық, биологиялық және ядролық қару-жарақ өндіруге ұмтылып отыр деді.
Сол жылғы 10 қазанда АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Президентке Иракқа қарсы қару қолдануға рұксат беретін арнайы қарарды макұлдады. Мұндай шешімді сенатта қабылдады. 8 қарашада БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иракта инспекция жұмыстарын жүргізу туралы 1441-ші қарар шығарды, инспекторлар 60 күнде БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне тексеру нәтижелері жөнінде есеп беруге тиіс болды. Ирак 1441-ші қарарды ешқандай талапсыз қабылдады.
2003 жылдың 9 қаңтарында инспекторлар басшысы Ханс Бликс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдерін Иракта жаппай қырып-жоятын қару шығаратын өндіріс орындары бар екендігін дәлелдейтін айғақ табылмағанынан хабардар етті. 23 қаңтарда Германия мен Франция басшылары өздерінің Берлиндегі кездесулерінде Ирак төңірегіндегі жанжалды бейбіт шешуге болатынына сенімді екендіктерін қуаттады. 10 акпанда Ресей, Франция және Германия Ирак жөнінде біріккен мәлімдеме қабылдады. Онда 1441-ші қарар талаптарын орындау мүмкіндіктері толық пайдаланылмағаны айтылды.
19 акпанда БҰҰ мүшелерініц 90 пайызы Ирак дағдарысын бейбіт реттеу жөніндегі күш-жігерді жалғастыруға қолдау білдірді. 10 наурызда БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан Гаагадағы баспасөз мәслихатында соғысты проблеманы шешудің соңғы жолы екенін, сондықтан Иракты басқа жолмен қарусыздандыру жөн болып табылатынын мәлімдеді.
12 наурызда Пентагон басшысы Дональд Рамсфелд АҚШ бастаған коалицияның Иракка қарсы соғысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциясынсыз бастауға дайын екенін жариялады. 18 наурызда Президент Буш ұлтқа үндеуінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің өз міндеттерін орындамағанын, бірак АҚШ-тың өз уәдесінде тұрып, Саддам Хүсейн режимін қарусыздандыратынын атап көрсетті.
Одақтастар армиясының қолбасшысы, Америка генералы Томми Фрэнкс Иракта химиялық кару табылды деген ақпарды теріске шығарды. 24 наурызда Араб мемлекеттері лигасына мүше елдер сыртқы істер министрлері Каирде бас қосқан мәжілісінде Иракқа қарсы американ-британ шабуылын айыптаған мәлімдеме таратты, одақтастардан Ирак аумағынан шұғыл түрде өз әскерін алып шығуды талап етті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Біздің мемлекетіміз Ирак төңірегіндегі оқиғаларды бейбіт жолмен, келісімдер арқылы реттеу жөнін-дегі халықаралық қауымдастықтың ұйғарымын қолдады» деп атап көрсетті. Дегенмен ТМД-нын төрт елі: Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Украина Иракқа қарсы каолицияға кіріп, АҚШ-ты қолдады.
Сонымен, халықаралық қауіпсіздік жүйесінін дағдарысқа ұшырауының бірінші себебі - Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның Қауіпсіздік Кеңесінің әлемдік қақтығыстарды реттеудегі рөлінің төмендеуі болып табылады. Бұл туралы Президент Н. Назарбаев: «Соңғы кездері көптеген мемлекеттер қақтығыстарды реттеуде Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін көтеру қажеттігін айтуда. Бәріміз үшін саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылатын БҰҰ үдей түскен қақтығысты оқиғаларды тоқтатуда кейде әлсіздік танытып отырғанын көріп отырмыз... Осының бәрі бізді БҰҰ-ны, сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесін, оның рөлі мен бейбітшілікті, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі дәрежесін нығайта отырып, қайта кұрудың қажеттігі ойландырмай кой-майды. БҰҰ адамзаттың көптеген проблемаларын шешуде, бірінші кезекте бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау саласында бәрімізге ортақ айтулы форум болып қалуы керек. Сондықтан да БҰҰ өзінің дәрежесін сақтай отырып, қақтығыстар болған елдердегі қалпына келтіру процестерінде негізгі рөлді атқаруы керек» деп атап көрсетті. Сонымен қатар ол: «Соңғы он жылға талдау жасайтын болсақ, онда қақтығыстарды шешуде барлық жауапкершілікті аймақтық ұйымдар ала бастады деген қорытынды жасауға болады» — деді.
10 жыл бойы Қазақстан Азияда өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесін шақыру үшін белсенді жұмыс істеді. 2002 жылғы маусымда Азияның 16 елінің мемлекет басшылары қатысуымен қауіпсіздікке арналған Алматы Актісі кабылданды. Онда мүше мемлекеттер өркениеттер арасындағы қатынастарда өзара құрметтеушілікті, өзара түсіністік пен сабырлылықты нығайта беру осы заманның маңызды міндеті деп санайтындығын, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылатындығын, Азияда ядролық қару болмайтын аймақтар құруды қолдайтындығын, мемлекеттердің егемендігіне, аймақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы БҰҰ жарғысы мен халықаралық құкықты бұзу арқылы тікелей немесе жанама күш қолдану қатерін төндіру немесе оны қол-дану, шетел басып алған жерлердегі халықтардың өзін-өзі билеу кұқығын жоққа шығару, мемлекеттердің ішкі ісіне араласу жөне шабуылдаудың стратегиялық доктриналары өңірлік және халықаралық бейбітшілікке қатер төндіретіндігін атап көрсетті.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының да қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі зор. 2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттер үкімет басшыларының бірінші кездесуінде жарияланған мәлімдемесінде: «Терроризмге, экстремизм мен сепаратизмге қарсы іс-әрекет — біздің ұйымның аса маңызды міндеттерінің бірі. Оның аясында терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы қабылданды. Аймақтық антитеррорлык құрылым жасақтауды жеделдету жөнінде қадамдар жасалуда» деп атап көрсетілген.
2003 жылғы 28 сәуірде ұжымдық қауіпсіздік шартына қатысушы мемлекетгер (Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан) Кеңесінің кезекті сессиясы болып, оған мемлекет басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі ең негізгі мәселе — 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысқа кірісетін ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының біріккен штабын құру болып табылды. 2002 жылдың мамыр айында ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты Халықаралык өңірлік ұйымға айналдыру туралы шешім қабылданған болатын. Онын басты мақсаты — әскери-саяси қарым-қатынастың тетіктерін қалыптас-тыру. Күн тәртібіндегі ең негізгі мәселе қатысушы мемлекетке әскери көмекті қосканда, қажетті көмек көрсетуді үйлестіру және тереңдету, Орталық Азиядағы ұжымдық ұтқыр күштерді қалыптастыру, әскери кадрларды бірлесіп окыту т. б.
Орталық Азиядағы ұжымдық ұтқыр күштер Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттері басшыларының Еревандағы шешімі бойынша 2001 жылы 25 мамырда құрылған болатын. 2003 жылғы сәуірде оның құрамында 1500 адам болды. Олар Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан жасақталып, төрт батальонда топтастырылды. 2002 жылғы 7 қазанда қатысушы-мемлекеттер басшылары Ұйымның Жарғысы мен құқықтық мәртебесі туралы келісімге қол қойды.
Жаһандану — замана талабы. Дегенмен казіргі кезенде оның жемістері халықтар арасында тең бөлініп отырған жоқ. Президент Н. Назарбаев бұл туралы өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында былай жазды: «Дамыған елдердегі халықтың 20 пайызы өзінің жоғары тұрмыс деңгейін қалпында ұстау үшін әлемдік ресурстардың 80 пайызына дейін пайдаланатынын қашанғы айта береміз... Өздерін қайыршыланғандар қатарында санап, жағдайды түзетудің ешкандай жолын таппағандар не істеуі керек? Олар ешқашан жөнге келмейді. Өздерінің лаңкестері үшін олар ақшаны қайдан алады? Қару-жарақ, есірткі сатудан, бір сөзбен айтқанда, қылмыстық әрекеттен. Сондықтан да, меніңше, қатер «белдеуі» туралы емес, осы заманғы өркениеттің іргелі келеңсіздіктеріне барып тірелетін қатер «спиралі» туралы айтқан жөн секілді. Мемлекетаралық, ұлтаралык қатынастарда күштілер өз үстемдігін жүргізе берсе, жапа шеккен қауымдастықтың өшігетіні де белгілі» ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары
» Курстық жұмыс: Тарих | КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама қайшылығы
» Сабақ жоспары (ұмж): Ядролық реакторлар. Ауыр ядроның бөлінуі, тізбекті ядролық реакция. 1-сабақ (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)
» Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Солтүстік Корея ядролық дағдарысын шешу мәселесі
» Географиядан сабақ жоспары: Ғаламдық проблемалар (10 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
реферат ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]