Реферат: Халықаралық қылмыстық құқық

Реферат: Халықаралық қылмыстық құқық

Халықаралық қылмыстық құқық ұғымы.

Қылмыстылық жағдайы және онымен күрес проблемалары мамандардың ғана емес, сонымен қатар маман емес көпшіліктің де назарын осы салаға аударып келеді. Бұл мәселе криминология құзыретіне кіреді. Ол қылмыстылықты мемлекетте немесе оның жеке аймағында белгілі бір нақты кезеңде жасалған барлық қылмыстардың жиынтығын сипаттайтын қоғамдағы әлеуметтік құбылыс деп айқындайды.
Қылмыстылық - бұл болып, өзгеріп тұратын құбылыс, яғни ол қоғамның белгілі бір даму сатысында пайда болады, әлеуметтік-экономикалық құрылымдар мен нақты саяси жүйелердің тарихи ерекшеліктеріне сәйкес түрлі елеулі өзгерістерге де ұшырап отырады. Мемлекеттің қылмыспен күрестегі рөлі қандай? Ол көбіне-көп сақтандырушы -превентивті, репрессивті және тәрбилеу сипатындағы ішкі мемлекеттік шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, мұндай шаралар оң нәтижелерге жету үшін аздық етеді. Қылымыспен күресте мемлекеттер ынтымақтастығына үлкен рөл беріліп келеді.
Осындай мәселелерді зерттеумен халықаралық қылмыспен күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы саласындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі ретінде халықаралық қылмыстық құқық айналысады. Халықаралық қылмыстық құқық нормаларын, институттарын, қағидаларын жетілдіру ұлттық және халықаралық деңгейде қылмыстылықтың өсіп кетуімен негізделіп отыр.
XIX ғ. алғашқы халықаралық-қүқықтық актілер құлдық, және құл саудасы мәселелеріне қатысты болды. Мысалы, 1815 ж. Вена конгресі осы мәселе жөнінде арнайы декларация қабылдады. Англия, Франция, Ресей, Австрия және Пруссия қатысушысы болған 1841 ж. Лондон шартында құл саудасы қылмыстық құбылыс деп танылды және барлық мемлекеттерді құл саудасымен айналысады деп күдіктенген теңіз кемелерін тоқтатып, тінтуге, кіріптарларды босатуға, кінәлы адамдарды әділ сот органдарына беруге шақырды. Дәл осы кезенде халықаралық қауымдастық қылмыстылық туралы басқа да халықаралық шарттарды қабылдады. Мысалы, 1885 ж. Берлин конференциясьшда құл саудасының қылмыс екенін және жазаланатындығын; 1889 ж. әйелдерді саудалаумен күрес жөніндегі Лондон халықаралық конгресі бекітілді; 1884 ж. Парижде су асты телеграф кабельдерін күзету туралы халықаралық конференцияға қол қойылды; 1802 ж. Англия, Франция, Испания және Голландия арасында кісі өлтіру, қасақана банкрот болу және қолдан ақша жасау жөнінде айыпталған адамдарды ұстап беру туралы, Амьен шартына қол қойылды. Жоғарыда аталған халықаралық актілер халықаралық қылмыстық құқықтың нормативті-құқықтық негізінің, қалыптасуының бастамасы болды, Кейінірек, XX ғ. 20-жылдарының аяғында қылмыстық құқықты бір ізге салу жөнінде халықаралық конференция шақырылды. Ондағы талқыланған басты мәселелер халықаралық құқықтық тәртіпке қол сұғатын қылмыстарға жатқызылатын қылмыстар туралы болды. Сонымен бірге, осы халықаралық форумдарда барлық халықаралық құқық бұзушылықты халықаралық қылмыстарға және халықаралық сипаттағы қылмыстық істерге бөлу ұсынылды. Халықаралық қылмыстық құқық жүйесінде Халықаралық Әскери трибунал Жарғысымен (ол туралы 7-тарауды, 7.7.-тармағында егжей-тегжейлі баяндалған болатын) баға жетпес үлес қосылды.
Адамзат қоғамының, дамуына орай, қылмыстық құқықты жетілдіру саласында халықаралық ынтымақтастықтың объективті қажеттігі де туындайды. Халықаралық қауымдастықта халықаралық қылмыстың құрылымы мен серпіні өзгеріп келе жатқандығы оғаш та болса, шындық. Халықаралық қылмыстардың экоцид, геноцид, адам құқықтарын жаппай бұзу сияқты жаңа түрлері пайда болуда. Соған орай, мемлекеттерге "халықаралық қатынастарда құкықтық тәртіп пен зандылықты сақтау және нығайту арқылы халықаралық қылмыстылыққа қарсы күресті үдету қажет және халықаралық қылмыстық құқықты одан әрі дамытып, осы саладағы халықаралық шарттардан туатын міндеттемелерді толық көлемде орындап, өздерінің ұлттық заңдарының халықаралық қылмыстық құқық талаптарына сәйкес болуын қаматамасыз ету үшін қайта карап шығуы тиіс.
Халықаралық қылмыстық құқық доктринасы ұзақ уақытқа дейін халықаралық қылмыс ұғымын анықтай алмады. Теоретиктердің бір тобы халықаралық қылмыстық құқықты халықаралық жария құқық саласына жатқызса, екінші бір тобы - халықаралық жеке құқыққа, келесі біреулері - халықаралық қылмыстық құқықты құқықтың жеке дербес саласы деп белгіледі. Сонымен бірге, халықаралық жария құқықтың қылмыстануына жол бермеу туралы пікірлер де айтылып жатты, яғни халықаралық қылмыстық құқық деген ұғым мүлдем жоқ деген кезқарастар да болды. В.П.Панов құқық саласы ұғымын негіздеу үшін осы саланың құқықтық реттеу затын айқындау керек деп әділ айтып еткен. "Халықаралық қылмыстық құқық затына қандай құрамдас бөліктер кіреді? Біріншіден, бұл халықаралық шарттарда көзделген қылмыстарды ерекше тәртіпте алдын алу, тергеу және жазалаудағы ынтымақтастық. Екіншіден, халықаралық құқықтық тәртіпке қауіп төндіретін жеке әрекеттерді мемлекеттердің қылмыс деп жазалауын бекіту, юрисдикция мен сот іс жүргізуін анықтау, қылмыстық ісгер бойынша бір-бірлеріне құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстылықпен күрестегі халықаралық ұйым қызметтері және т.б, сияқты ынтымақтастықтың жеке мәселелері. Сонымен бірге, құқықтық реттеу затына қылмыстық әділ соттылық ережелері мен ең төменгі стандарттарды бекітуді, құқық бұзушылармен сөйлесу және қылмыстық құқықты бір ізділікке салуды жатқызуға болады. Сонымен, саланың зат құрылымын саралауды ескере отырып, халықаралық қылмыстық құқық - бұл халықаралық шарттарда көзделген қылмыстармен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін қағидалар мен нормалар жүйесі екенін атап өту қажет.
Халықаралық қылмыстық құқық халықаралық жария құқықтың жеке бір саласы. Соған орай, халықаралық қылмыстық құқықта дербес зерттеу заты, құқықтық нормаларды қамтамасыз етудің ерекше тәсілі, арнаулы қағидалар жүйесі, халықаралық қылмыс субъектілері бар. Сонымен бірге, халықаралық қылмыстық құқыққа қылмыстық құқықтың көпшілік мойындаған институттары да тән: қылмысқа бірге қатысу, қажетті қорғану, аса қажеттілік және т.б.
Халықаралық қылмыстық құқыктың кайнар көздер жүйесі, тұтастай алғанда халықаралық жария құқық институттарының жүйесін қайталайды, тек реттеу затының ерекшелігіне байланысты болмашы өзгерістері болуы мүмкін. Мысалы, халықаралық жария құқықтың негізгі қайнар көздері - екі жақты және көп жақты шарттар болып табылады. Мұндай шарттық нормалар әмбебапты және аймақтық сипатта. Ерекше орын БҰҰ аясында қабылданған шарттарға беріледі. Осы салада жүйелеу жұмысының толық аяқталмағанын айту керек. Сондықтан халықаралық қылмыстық құқыққа қатысты кұқықтык нормаларды халықаралық құқықтың басқа салаларынан да табуға болады. Мысалы, өлім жазасын алып тастау туралы Конвенциялық нормалар, азаптауды болдырмау және тыйым салу туралы, кәмелетке толмағандарды, әйелдер мен балаларды түрмеде қамауда ұстау ережелерін "Халықаралық жария құқықтағы адам құқықтары" деген саладан кездестіруге болады.
Халықаралық қылмыстық құқық ұлттық құқықта қабылданған құқықтық санкцияларға сүйенеді. Соған орай, халықаралық сипаттағы қылмыстарға қатысты юрисдикцияларды мемлекеттердегі қылмыстық соттар жүзеге асырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қылмыспен күрестегі мемлекеттер мен халықаралық, ұйымдар қызметтерінің үйлестіру орталшы болып табылады. Мұндай қызмет кылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық бұзушыларға ізгілік көзқарасқа кемектесу саласында тәжірибелер алмасу арқылы жүзеге асырылады. БҰҰ қызметінің бұл бағыты 1872 ж. құрылған Халықаралық қылмыстық және пенитенциарлық комиссия (ХҚПК) қысқартылғаннан кейін 1950 ж. орнай бастады. БҰҰ қызметіндегі халықаралық ынтымақтастықтық дамуы, қылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық бұзушылармен қатынас жасауды бірқатар факторлар айқындайды:
- қылмыстың нақты қоғамның объективті негізделген әлеуметтік құбылысы ретінде болуы, мемлекеттердің олармен күресте жинақталған тәжірибелермен алмасу қажеттігі:
- халықаралық қауымдастықта мемлекеттердің ұлтаралық корпорацияларының қылмыстық әрекеттері аландатушылық туғызуда;
- ұйымдасқан қылмыстар үлкен залал әкелуде - олар мемлекет-тердегі қылмыстық істердің ажырамас бөлігіне айналды;
- бірқатар мемлекеттер үшін есірткі заттарын заңсыз сату, ұшақ-
тарды айдап әкету, әйелдер мен балаларды сату және т.б. елеулі проблемалардың бірі болып отыр.
Жарты ғасырдан астам кезең ішінде БҰҰ қарастырып отырған мәселедегі халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру мен тиімді қолдауға жәрдемдесті. Сонымен бірге, БҰҰ-ның қосалқы органдарының да белсенді рөлі бар, оның ішінде, БҰҰ-ның қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушылар мен қатынас жасау Комитетін айтуға болады.
Жағымсыз, теріс құбылыс - қылмыстылықтың алдын алу және бұлтартпау шаралары туралы мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттердің кез келген әрекеттері халықаралық ынтымақтастық заңдарына негізделуі тиіс және ол халықаралық құқықтың мынадай қағидаларының негізінде жүзеге асырылуы керек: мемлекетгердің дербес теңдік қағидасы, мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау қағидасы, бейбітшілікті қолдау және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қылмыстық істердің алдын алу проблемалары. БҰҰ Конгрестерінде, Комитет мәжілістерінде қарастырылатын мәселелердің жартысынан көбі қылмыстың алдын алуға жатқызылады. Осы саладағы БҰҰ органдарының қызметін күшейту кейінгі жылдардағы қылмыстық істердің криминологиялық аспектілерінің үдеп кетуіне байланысты болып отыр. Халықаралық қылмыспен күрес іс-тәжірибесі халықаралық және ұлттық органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметтерінің келешегін көрсетіп отыр.
Халықаралық кылмыстық құқықта мұндай күрестің екі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатыны жалпыға мәлім. Біріншісі -құқық бұзушылықтың, оның ішіндегі ең қауіптісі - қылмыстың алдын алу. Екіншісі - жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстарды көпшілік жағдайларда кінәлыға жаза тағайындау арқылы ашу, тергеу.
XX ғ. 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдарының басында БҰҰ-ның бірқатар құжаттарында қылмыстылықтың алдын алуды жоспарлаудың маңыздылығы мен қажеттігі белгіленді. Жоспарлаудың ұлттық және ішкі мемлекеттік деңгейі ескерілді. Конгресс құжаттарында халықаралық қылмыстардың шеңберін айқындауға талпыныс жасалғанда қылмыспен күресуде экстрадицияны халықаралық ұйымдар арқылы жеңілдетуге, әмбебап юрисдикцияны тарату арқылы күресу туралы ұсыныстар жасалды. Ұзақ уақытқа дейін халықаралық қауымдастық ішкі мемлекеттік шараларды талап ететін жалпы қылмыстық сипаттағы қылмыстарды белгілі бір жағдайларда халықаралық қылмыс болуға есептелетін және онымен күресу кешенді шараларды талап ететін әрекеттермен шатастырып келді. Қазіргі заман жағдайында жалпы қылмыстық істермен күресу үлттық деңгейде жүргізілуі тиіс екендігі дау тудырмас, Мемлекеттердің қылмыскерлерді ұстап беру және ақпараттармен алмасудағы ынтымақтастығы тиімді болатыны өз-өзінен тиімді болар.
Лаңкестік, ұшақтарды айдап кету, арнайы қорғанышы бар адамдарға қарсы қылмыстар сияқты құқыққа қайшы әрекеттермен күрес шаралары мен онымен күресу істері күрделірек сипатта. Жасалған қылмыстармен күрес, Жасалған қылмыстармен күрес деп қылмыстық әділет органдарының жасалған қылмыстарды ашу және тергеуі, кінәлы адамдарды сот органдарына беру және жазалау қызметін айтады. Соған орай, бүл жерде үлттық қылмыстык заңдармен жазаланатын нақты қылмыстар туралы және тәуелсіз мемлекеттердің құқық қорғау органдарының қызметі туралы сөз болып отыр. Сондықтан, халықаралық деңгейде жасалған қылмыстармен күрес мәселелерін талқылау күрделі проблема болып табылады. Осы себепке байланысты бұл мәселелердің кейбірі ғана БҰҰ-да қаралуға жатады.
БҰҰ оргаңдарында қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, жасалған нақты қылмыстардың әдістері мен тәсілдеріне қатысты және оларды жасаған адамдар туралы мәліметтер алмасу; бірнеше мемлекеттер аумағында жасалған қылмыстармен күресті үйлестірудін шарттық-құқықтық негіздері сияқты мәселелер арнайы дайындалды. БҰҰ Конгрестері қылмыстардың жеке түрлерімен күресудің кейбір мәселелерін, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қылмыстарын қарастырады. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыс жасау мен ауыр қылмыстардың үдеп кетуі көптеген елдерде үлкен проблемалар туғызып отыр. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты сот шараларының көмегшен ғана алдын алмай, сонымен қатар заңға қайшы әрекет жасаған барлық кәмелетке толмағандардың жағдайы мен құқығын қорғауды қамтамасыз етудің маңызы өте зор. Мысалы, VI Конгресте "Қылмыс жасалғанға дейін және жасалғаннан кейін кәмелетае толмағандарға қатысты әділдік пен әділ соттылық" тақырыбы талқыланған кезде қылмысты кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда қылмыстық әділет органдарының қызметіне қатысты жалпы сипаттағы кейбір ұсыныстар жасалған болатын. Конгресс баяндамасында кәмелетке толмағандар ауыр әрекеттер жасаған деп айыпталған кездерден басқа жағдайларда қандай да бір түзеу мекемелеріне қамалмауы керектігі айтылған, оның ішінде бірінші кезекте басқа адамдарға қатысты зорлық жасауы немесе басқа ауыр қылмыстарды қайталап жасауы және егер де қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қандай да бір өзге тиісті шаралар болмаған жағдайда қамалуы мүмкін. Сонымен бірге, бүл әділ соттылық мақсатына жету үшін және әлеуметтік тиімді белгілерді өздеріне сіңдіру үшін қажет екендігі көрсетілді. Кәмелетке толмаған құқық бұзушыны сотқа дейін өте қажет болған жағдайда ғана қамауда ұстау керек. Мұндай жағдайда, оған халықаралық қылмыстық құқықтың нормаларына орай, қүқықтық қорғанудың мұқият жасақталған құралы берілуі тиіс. Алькогольді ішімдіктер мен есірткіні асыра пайдалануға қатысты қылмыстармен күресуге байланысты көптеген ұсыныстар жасалды. Заңсыз есірткі саудасына байланысты мынадай ұсыныстар ұсынылды:
- Сот істерін жүргізуге көмек көрсету туралы халықаралық конвенцияларды жасау және екі жақты, көп жақты деңгейлерде қылмыскерлерді ұстап беру рәсімін жетілдіру;
- қылмыскерлерді беру туралы бұрынғы шарттарды жетілдіру немесе жаңаларын жасау, оларда есірткі заттарымен байланысты қылмыстар жасаған адамдар берілетін адамдар қатарына енгізіледі, сондай-ақ осы мәселеге қатысты халықаралық конвенцияны жасау мүмкіндігін талқылау көрсетіледі;
- заңсыз есірткі саудасын ұлтаралық қылмыстар қатарына енгізу, оны БҰҰ жасауы керек;
- есірткі заттарына байланысты қылмыскерлер бір мемлекетте сол үшін сотталса, бірақ әділ соттылықтан қашып кеткендер тығылған мемлекетінде тауып алынып, бірақ ұстап беру мүмкін болмаса, жазасын өтеуін қамтамасыз ететін ұлттық заңдар;
- құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында барлық мүмкіндіктермен және тиісті ақпараттармен өзара алмасуды жүзеге асырады. Бұл әсіресе заңсыз есірткі саудасымен айналысатын адамдардың қолданатын жаңа тәсілдері мен маршруттарына қатысты болады;
- есірткі заттарына байланысты қүқық бұзушылықтарға қатысты айғақтарды жедел алу тетігін жетілдіру;
- шекаралық бақылаудың барлық нысандарын күшейту;
- заңсыз есірткі саудасына байланысты сотталған тұлғалар басқа мемлекеттердің аумағында тығылып қалмауын барлық заңды және қолдан келетін құралдармен қамтамасыз ету.
Қылмыстардың нақты түрлерімен күрес мәселелеріне қатысты жоғарыда аталған тақырыптардан басқа, БҰҰ Конгресі мен Комитеті басқа тақырыптарды да қамтыды: әйелдер арасындағьі қылмыстылық; апатты жағдайлар мен дұшпандық әрекеттердің салдарынан көшіп-қонуға және қашуға байланысты; жеке түлғалар арасындағы зорлық-зомбылықтар; жол қозғалыстарына байланысты және басқалары.
Халықаралық сипаттағы қылмыстық істер және олармен күресудегі мемлекеттердің міндетгемелері.
Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде халықаралық сипаттағы қылмыстардың түрлі атаулары кездесіп қаладьі: халықаралық қылмыстық Істер, конвенциялық қылмыстар, қылмыстық істер, халықаралық қылмыстар, ұлтаралық қылмыстар. Жоғарыда айтып өткеніміздей, барлық халықаралық құқық бұзушылықтар халықаралық қылмыстар мен халықаралық сипаттағы қылмыстық істерге бөлінеді (кейде контексте синонимдер де кездеседі: халықаралық қылмыстық істер). Жеке адамдардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік мәселелеріне арналған 7-тараудың 7-параграфында халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларын адамзатқа аса қауіпті түрде бүзғанда халықаралық қылмыс болып есептеледі делінген. Мұндай қылмыстар бейбітшілікті қамтамасыз ету, жеке адамды қорғау және тұтастай алғандағы халықаралық қауымдастық мүдделерін іргелі негіздерін бұзады. Мұндай сипаттағы қылмыстардың субъектілері мемлекетгер мен олардың басшылары, жоғары лауазымды адамдар мен қылмыстық әрекеттерді орындаушылар болып табылады. Күрестегі қызметінің негізгі бағыттарына ақпараттар алмасу және осы құбылысқа деген ұйымның қатынасын, оның шешу жолдарын айқындайтын саяси-заңдық негізін жасау болып табылады. Интерпол қызметіне ұйымдасқан қылмыс пен есірткі заттарының заңсыз айналымы шеңберінде жасалатын қылмыстарға байланысты терроризм мәселелерін шешу де кіреді.
Халықаралық терроризмді бұлтартпау шаралары туралы мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттердің кез келген әрекеттері халықаралық ынтымақтастық зандарына негізделуі тиіс, ол өз кезегінде халықаралық құқықтың: мемлекеттердің дербес теңдігі, ішкі істерге мемлекеттердің қол сұқпауы, бейбітшілікті қолдау және халықаралық кауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты қағидаларының негізінде жүзеге асырылуы керек.
Халықаралық терроризммен күрес мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдерді саралағанда террористердің жиі кездесетін өрекеттерін айқындауға мүмкіндік туды:
- елшілік, миссиялар, халықаралық ұйымның өкілдігі немесе штаб-пәтерлерінің ғимараттарын жару;
- мүліктерді бұзуға немесе құртуға және адамдарға дене жарақаттарын салу немесе өлтіруге байланысты көшелердегі, әуе-жай, вокзал, мәдени орталықтар, өндірістік ғимараттар, сауда және кәсіби қызметпен айналысатын орындардағы бүлдіру актілері;
- жолданған заттар, бандерольдар, хаттар және басқа да пошталық жолдаулар ішіне салынған жарылғыш құрылғыларды қасақана қолдану;
- қоғамдық ғимараттарға қарсы бағытталған кез келген бүлдіру актілері;
- халықаралық терроризм актілерін жасау мақсатында және оған кез келген нысанда қатысуға астыртын сөз байласу және басқалары.
Халықаралық террористік актілерге (халықаралық терроризм нысандарына) мыналарды жатқызады: адамдарды кепілге алу, азаматтық авиацияға қарсы бағытталған актілер, қарақшылық (теңіздегі терроризм), сондай-ақ заңсыз басқыншылық және ядролық материал қолдану. Алайда, олардың ерекше халықаралық қауіптілігіне, кең таралғандығына және жасалу нысандарының әр түрлілігіне байланысты мемлекеттер олармен күрес жолында арнайы Конвенциялар қабылдап, оларды халықаралық сипаттағы жеке қылмыстар деп бөледі.
Халықаралық заңдылық пен қүқықтық тәртіптің нормативті-қүқықтық негіздерінің ережелерін дұрыс және тиімді имплементациялау - құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, халықаралық қатынастың барлық қатысушыларының қызметіне қойылатын негізгі талаптардың бірі. Егер жалпы қылмыстық істермен күресте ең алдымен ішкі мемлекеттік қүқық нормалары ішінара, халықаралық құқық нормалары негізінде әрекет ететін қүқық қорғау органдары (полиция, сот органдары, прокуратура және басқалары) және кейбір ведомство-аралық ұйымдар (йнтерпол) әрекет етсе, халықаралық кылмыспен күресте аталған органдар мен ұйымдардан басқа, халықаралық құқық және конституциялық сыртқы саяси қағидалар негізінде, қажетті жағдайларда нормалар негізінде әрекет ететін сыртқы қатынас органдары, халықаралық, үкіметаралық ұйымдар қатысады.
Халықаралық терроризммен күресте шарттық-құқықтық ынтымақтастық қаншалықты тиімді болады, халықаралық терроризммен күрестегі халықаралық келісімдер мен әдіс тәсілдердің қүқықтық табиғаты қандай болады?
Халықаралық терроризммен күрес жөніндегі келісімдердің тиімділігінің артуын қандай да бір елдің ішкі мемлекеттік заңнамадағы олардың ережелерінің бекітілуінен, яғни трансформациялануынан байқауға болады.
Қазақстан Республикасы халықаралық терроризммен күресуде басқа мемлекетгермен белсенді ынтымақтасуда. Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясында, оның ішінде 1-баптың 1-тармағында: "1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, күқықтық және әлеуметгік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы -адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" - деп жарияланған. Соған орай, адам мемлекеттің ерекше қорғауында болады. Мемлекеттердің конституциялық сыртқы саяси қағидаларына келсек, олардың халықаралық заңдылық пен құқықтық төртіпке, мемлекетаралық қатынастарға жағымсыз әсер ететін халықаралық терроризмнің алдын алу және бұлтартпау үшін жүзеге асуы Конституцияның мынадан ережесінде көрініс тапқан. 8-бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ьштымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады.
Сонымен, Қазақстан Республикасьшың 1995 ж. Конституциясының ережелеріне орай, Қазақстанның басқа мемлекеттермен қатынасы күш қолдану немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасаудан өзара бас тарту қағидасы мен ынтымақтасу қағидасын сақтау негізіне құрылған.
Осы қағидалар халықаралық терроризмнен күреске бағытталған халықаралық қатынастарды жасауға және қылмыстылық пен терроризммен күресетін халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының кіруіне және қатысуына бағдар болады.
1992 ж. 25 мамырда Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында достық, ынтымақтастық және өзара кемек туралы Шартқа қол қойылды, оны Қазақстан сол жылдың шілде айында бекітті. 34-бапта: "Елдер ұйымдасқан, оның ішінде халықаралық қылмыстылықпен, терроризммен, қарақшылықпен нашақорлықпен, сондай-ақ есірткілер мен қарулардың... заңсыз айналымымен теңіз кеме қатынасы мен азаматтық авиацияға қарсы бағытталған актілермен күресудегі ынтымақтастықты дамытатын және тереңдетін болады " деп жарияланған.
1992 ж. осыған ұқсас шарттар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы, Молдова Республикасы арасында; 1993 ж. Қырғызстан, Түркменстан, Грузия, Армения, және Тәжікстанмен жасалды. 1994 ж. Қазақстан Республикасы мен Украина арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Шартқа қол қойылды.
Қазақстан Республикасы көптеген мемлекеттермен халықаралық терроризммен күресуде біріккен әрекеттер қабылдау туралы шарттар жасасты. Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметі арасында 1999 ж. 6 қазанда Тегеранда қабылданған "Ұйымдасқан қылмыс пен терроризммен күресудегі ынтымақтастық туралы" Келісім. Осы келісімнің кіріспесінде "ұйымдасқан қылмыс пен терроризммен күрес саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы" ерекше атап көрсетілген. Тараптар осы салада мәліметтер алмасуға уағдаласты және өз қызметтерінің негізгі бағыттарын айқындаған:
- ұйымдасқан қылмыспен және терроризммен күрес саласындағы қылмыстардың алдын алу және тергеу;
- құжаттар, ақша, бағалы қағаздарды ... қолдан жасаумен күрес;
- кару, оқтар және жарылғыш заттар ... контрабандасымен күрес. Тараптар сондай-ақ ішкі істер министрліктері мен басқа да органдардың өкілдерінен Бірлескен комиссия құрды, осы шартқа қатысушы мемлекеттер аумағында кезекпен сессия өткізіп тұруға уағдаласты.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Герман Федерациялық Республикасы Үкіметінің (бүгінгі таңда Германия) арасында 1995 ж. 10 сәуірінде қол қойылған "Ұйымдасқан қылмыс, террроризм және басқа да қауіпті қылмыстар түрімен күресуге ынтымақтастық" туралы келісім 10 жылға жасалған. Келісімнің кіріспесінде "1992 ж. 22 қыркүйегінде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Германия Федерациялық Республикасы арасындағы қатынастардьщ негізі туралы" Бірлескен мәлімдеме негізінде тараптар "екі ел арасындағы байланыстарды дамытуға үлес қосуға ниеттенеді", терроризм, есірткі заттары мен психотропты заттарды шектен тыс пайдаланумен, әуе жолымен заңсыз шығып кетудің тиімді алдын алу және күресу мақсатында ынтымақтасуға ниеттенеміз" - деп белгіленген. 1-бапта осындай ынтымақтастықтың шегі әр тараптың ішкі (үлттық) заңымен айқындалған. Терроризммен күресу мақсатында жоспарланып жатқан және жасалған террористік актілер, олардың жүзеге асырылу нысандары, террорлық топтар туралы ақпараттар алмасу кезделген....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Халықаралық қылмыстық құқық туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Халықаралық қылмыстық құқық на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, Халықаралық қылмыстық құқық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]