Реферат: Тыныстың жіті жетіспеушілігі

Реферат: Тыныстың жіті жетіспеушілігі

Тыныстың жіті жетіспеушілігі

Тыныстың жіті жетіспеушілігі деп, сыртқы тыныс аппараты қызметінің ағзадағы газ алмасу қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмауын айтамыз. Осының салдарынан гиперкапния дамиды (артериялық қандағы көмір қышқылының парциалды қысымының жоғарылауы).
Тыныстың жіті жетіспеушілігін (ТЖЖ) механизміне, газ алмасудың бұзылыстарына карай 4 топқа бөледі:
1. ТЖЖ-нің механикалық түрі. Ол тыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінін обструкциясына (тілдің тыныс жолдарын бітеп қалуы, жедел эпиглоттит, ларингоспазм, жедел ларинготрахеит, көмей және кеңірдектегі бөгде заттар), төменгі бөліктерінің обструкциясы (жедел эндобронхит, жедел бронхиолит, жүрек жетіспеушілігі, бронхтағы бөгде заттар), қабырғалардың сынуына байланысты.
2. ТЖЖ-нің бөлу-диффузды түрі. Оның дамуы альвеолярлық қабырғалар арқылы газдардың бөлінуі мен диффузиясының бұзылуына байланысты: өкпенің ісінуі, ателектаз, альвеолит, жанармаймен улану.
3. ТЖЖ-нің желдендірулік түрі. Олардың себептеріне: даму ақаулары (кеуде клеткасының деформациясы, көкеттің жарығы), әр-түрлі этиологиялы комалар (бассүйек-ми жарақаты, менингит, энцефалит, уланулар, тыныстың жүйке-бұлшық еттік регуляциясының бұзылуы (тырысу статустары, тырысқақ, полимиелит, полирадикулоневрит), рестриктивті процесстер (құрғақ плеврит, көк еттің ауру сезіміне байланысты қимылының тежелуі, асқазанның мөлшерден тыс толуы, ішектің парезі).
4. ТЖЖ-нің аралас түрі. Бұл тыныстың тоқтауына, ТЖЖ-нің барлық ауыр түріне, өкпенің қабынуына, экссудативті плевритке, пневмотораксқа, пиоторакска, гидроторакска, бөліктік немесе толық өкпе ателсктазына, ФОҚ-мен улануға байланысты. ТЖЖ барлық түрі өршуіне қарай мынадай 3 патогенетикалық сатылардан өтеді: компснсациялык. субкомпенсациялык және декомпенсациялық.
Компенсациялық. Мұнда желдендірулік тыныс жетіспеушілігінде дамитын тыныстық көлемнің біріншілік азаюы тыныстың жиіленуіне (тахипноэ) байланысты толтырылады.
Субкомпенсациялық. Тыныс алудың жиілеуі, тыныстың төмендеген көлемін қалпына келтіре алмайды.
Декомпенсациялық. Гиповентиляцияның өршуіне байланысты дамиды, Қандағы РС02 12 кПА аспайды. Осындай жағдайда гиперкапнияның тыныс орталығына қозғыштық әсері тежелінеді, ауысады. Мұнда брадипноэ, тыныстың патологиялық түрлері дамиды. ТЖЖ клиникалық көріністеріне қарай былай бөлінеді:
1. Сыртқы тыныс қызметінің бұзылыс белгілері
2. Гиперкапния мен гипоксемия белгілері
3. Тіндік гипоксия белгілері
Көрсетілген кестеге қарап ауруханаға дейінгі кезеңде ТЖЖ-нің ауырлық дәрежесін анықтауға болады. Мұнда ТЖЖ түрлернің патологиялық сатылары ескерілген. Осы жіктеу емдік шараларды таңдау мүмкіндігін туғызады. ТЖЖ анықтаудың мәні мына үш диагностикалық мәселені шешуге байланысты:
• ТЖЖ дәрежесін бағалау, өйткені шүғыл ем шаралары осыған байланысты
• ТЖЖ түрін анықтау-жүргізілетін ем шараларының сипаты осыған байланысты.
• Жүргізілген алғашқы ем шараларының нәтижесін бағалау-қауіп тудыратын жағдайларды болжамдау.

Ауруханаға дейінгі кезеңде емдік шаралар принциптері
ТЖЖ-нің ауырлық дәрежесіне қарап жүргізіледі. ТЖЖ-нің I-ші дәрежесі ауруханаға дейін ешқандай емді қажет етпейді. ТЖЖ-ның П дәрежесі гипоксия және гиперкапнияға қарсы күрес ж.үргізуді қажет етеді. III және ІУ дәрежелі ТЖЖ-нің клиникалық белгілері реанимациялық шаралар жургізу қажет етеді. Өйткені негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің декомпенсациялары бірнеше минут ішінде өлімге апаруы мүмкін.
ТЖЖ ауырлық дәрежесінің жіктелуі

Дарежесі Жүйе Симптомдары
ТЖЖ желделдіру
түрі Тыныс
механикасының
бұзылуы ТЖЖ щунтты-диффузиялық түрі
1 дәр. Компенсация Тыныс Тыныс фазасының өзгеруінсіз ентігуі Демалу не шығарудың
ұзаруымен болатын
енгізу Мұрын кернелуімен болатын ентігу

Тері Түрі қалыпты Қалыпты не бозарған 45% О2 бергенде қайтатын ауыз-мұрын үшбұрышының көгеру

Қанайналу Тахикардия, артериалды гипертензия Қалыпты АҚҚ, тахикардия Қалыпты АҚҚ, тахикардия

ОНЖ Бұзылыстарсыз Бұзылыстарсыз Бұзылыстарсыз
ІІ дәрәжесіне
ауысудың негізгі
белгілері Ауыз-мұрын
ұшбұрышының
көгеруі не терінің
көкшіл тартып,
оттегіге кайтуы Кеуде клеткасының
тартылуымен болатын
ентігу 100% оттегі не
кантамырларын
кеңейтетін препараттар
бергенде азаятын терінің көгеруі

II дарежесі-компенсация

Тыныс
Жиі, беткейлі Қабырғалығының,
бұғанаүстінің тартылуымен болатын
экспираторлы не ннспираторды енгізу
Жиі, бстксйлі

Тері

45% оттегі бергенде қайтатын көгеру Тек 100% оттегіге
қайтатын көгеру не тамырларды кеңейтетін
дәрілерден қайту
Қанайналу Тахикардия. Артериялық гипертензия Тахикардия, АҚҚ төмендеуі
Ш дәрежесіне ауысудың негізгі белгілері Кома, тырыспалар
ІІІ - декомпенсация Тыныс Брадиаритмия, тыныстың потологиялық түрлері, тыныс алғанда көкет пен қабырғааралық бұлшық еттердің қарама-қарсы фазада қозғалуы
(тыныс орталығының бұзылуы), обструкцияда- кеуденің семуі, бастың шұлғуы, ауаны ауызбен "жұту"
Қанайналу Брадикардия не брадиаритмия, сирек тахикардия

Тері Бозғыл-көкшіл. Көгеру тек ӨЖЖ жасағанда ғана азаяды.
ОНЖ Кома, тырыспалар
ІУ дәрежесі Тыныстың тоқтауы
Анафилактикалық шок

Анафилактикалық шок - бұл аллергиялық реакциялардың ішіңде ең ауыр түрі. Ол, жиі, жоғарыда аталған дәрілік заттарды қолданғанда кездеседі, кейде дәрінің аз ғана мөлшерін қолданғанда, мысалы антибиотиктерге сезімталдықты анықтағанда болады. Олар жиі дәрілерді көктамырға енгізгенде, әіне теріастына, бұлшық етке, тік ішекке. ауызбен ішкенде де дамуы мүмкін. Дәрілік анафилактикалық шок (ДАШ) ДДҰ мәліметтері бойынша 1:10 000 жиілікте кездеседі, өлім-жітім 10% құрайды. Басқа мәліметтер бойынша дәрілік анафилактикалық шоктан жылына 1 млн халықтан 2 адам қайтыс болады.
Ол тек дәрілік заттарға ғана емес улы жәндіктердің шағуынан да болады.
Клиникалық көрінісі ағзада ауыр жайылмалы бұзылыстар болуымен сипатталады. Әдебиеттерде анафилактикалық шоктың ағымы бойынша 4 вариантын ажыратады
• Асфиксиялық
• Гемодинамикалық
• Церебральды
• Абдимональды
ДАШ гемодинамикалық көрінісі АҚҚ кенет төмендейді, кейде тіпті анықталмайды, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылысы, ауыр жағдайда брадикардия болады. Пульсі жиі, толымсыз. Жүрек үндерінің бәсеңдеуі, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті бұл кіші қанайналым шеңберінде жүктеме болғанын және оңкарыншалық жетіспеушілік дамитындығын көрсетеді. Гипотония болуы қантамырларының өткізгіштіктерінің және қанның сұйық бөлігінің шығуына байланысты болған вазодилатацияға және гиповолемияға байланысты, ол ісік тудырады.
Тыныстың бұзылысы кеуденің ауруымен, инспираторлық және экспираторлық ентікпемен көрінеді, өкпеде әр-түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі, ол дамып келе жатқан өкпе ісінуі туралы ойландырады. Кеңірдектің ісінуі және бронхоспазм дамуы мүмкін.
Терілік көріністер қышыну, қызару бозарумен алмасуы мүмкін, цианоз, есекжем пайда болады, беті ісінеді, тершеңдік болады.
Жедел жәрдем науқас жағдайының ерекшелігіне байланысты. Ауыр және өршімелі тыныс жетіспеушілігі болған кезде, жедел жәрдем шаралары тыныс жетіспеушілігін жоюға бағытталады. Ереже бойынша емдеу көктамырға адреналин енгізуден басталады. Бұл дәріні 0,1% 1-2 мл-ін 20 мл 0.9% натрий хлориді, 5% глюкоза ерітіндісіне ерітіп баяу көк тамырға енгізеді. Адреналинді әрі-қарай енгізу науқастың жағдайына байланысты. Қызметінің қалыпка келуіне осы дәрінің 5-6 мл кетуі мүмкін. Келесі дәрі преднизолон оны адреналинмен бір шприцте енгізуге болады. Бастапқы мөлшері жағдайының ауырлығына байланысты 60-90-120 мг. Басқа да глюкокортикоидты гормондарды қолдануға болады.
Жағдайы жақсарғаннан кейін 2-4 мл лазикс ерітіндісін енгізеді, ісіктің алдын-алу үшін.
Анафил актикалық шок болған науқасты міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Науқастарды зеңбілге жатқызып тасымалдайды. Жедел жәрдем бригадасы реанимациялық шараларды жасауға дайын болуы қажет.
Науқастың жағдайы ауыр болса реанимациялық немесе үстемелі ем белімшесіне жатқызады, жағдайы жақсарған соң терапия бөліміне ауыстырады.
Егер медициналык кемек уақьтылы және дұрыс жасалған болса өлім болмайды. Ерте өлімнің себебі көбіне адренергиялық дәрілердің, глюкокортикоидты гормондардың, сұйықтықтардың уақыттылы жеткілікті қолданылмағандығынан және реанимациялық шаралардың кеш басталғандығынан болады.
Кардиогенді шок
Кардиогенді шок-бұл артериялық гипотензиямен сиптатталатын қан айналымының кенеттен бұзылысы, сонымен қатар мүшелер мен тіндердің қанмен қамтамасыз етілуінің кенеттен нашарлауы. Аталғандар мынаған байланысты: жүректін систолық лақтырысының бұзылуы, шеткері артериялық қан тамырларының тарылуы, артериовенозды шунттардың ашылуы, тамырішілік коагуляцияның салдарынан қанайналымдық бұзылыстардың дамуы.
Шоктың ең басты белгісіне систолалық қан қысымының төмендеуі және оған қоса мүшелер мен тіндер перфузиясының кенеттен нашарлауы жатады. Шокта систолалық артериялық қан қысымы 90 мм. сн .6. төмен.
Кардиогенді шоктың мынадай түрлері бар:
- рефлекторлы кардиогенді шок - ең жеңіл түрі. Уақыттылы және нақты см қолданылғанда, гемодинамика қалпына келеді.
- шынайы кардиогенді шок-шоктың нағыз және ауыр түрі. Ол айқын гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстармен айқындалады. Көбінесе уақыттылы копмлексті емнің өзі нәтижесіз болады.
- ареактивті кардиогенді шок-өте ауыр дамиды. Шоктың бұл түрінде 100% дейін өлімге ұшырайды.
- аритмиялық кардиогенді шок -гемодинамикалық және метаболикалық өзгерістер жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстарымен катар жүреді. Енгізу жылдамдығын 5 мкг/ (кг мин) - 10-12 тамшыдан АҚҚ қажетті деңгейіне дейін. Егер әсері болмаса- 2-4 мг норадреналин гидроартратты 5% 400 мл глюкоза ерітіндісін к/т тамшылатып енгізу;
Г.Кардиоманитор, пульсоксиметр арқылы өмірге қажетті функцияларын бақылау;
Д. Жағдайын қалыпты күйге келтірген соң, ауруханаға жеткізу;
Негізгі қауіп себептері мен асқынулар:
- анықтау мен ем шараларының уақыттылы басталмауы;
- АҚҚ қалпына келтіре алмау;
- АҚҚ көтерілгенде немесе көк тамырға сұйықтықтарды енгізгенде өкпе ісінуінің дамуы;
- Тахикардия, тахиаритмия, қарыншалық фибрилляция;
- Асистолия;
- Ангинозды ауыру сезімінің қайталануы;
Жедел жәрдем шаралары:
науқастың өкпесінде айқын іркіліс болмаса; аяғын 200 С градусқа көтеріп, жатқызу керек;
- оттегі терапиясы 6-8 л минутына;
- ангинозды ауыру сезімі мазаласа-толық ауырсыздандыру; шарасын жүргізу керек;
- жүректің жиырылу жиілігін реттеу (ЖСЖ минутына 150 реттен асатын пароксизмалды тахикардияда-электримпульсті терапия, ал егер минутына 50 кем жедел брадикадия дамыса- электрокардиостимуляция жүргізіледі);
- 10 000 Б гепаринді көк тамырға енгізу;
Б. Өкпесінде айқын іркіліс пен орталық көктамырлық қысымның жоғарылаған белгілері анықталмаса;
- 200 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісін 10 минут ішінде көк тамырға, АҚҚ,ДЖ, ЖСЖ, өкпе мен жүректің аускультациялық көріністерін бақылау арқылы енгізу;
- 200 мг дофаминді 400 мл реополигюкин немесе 5% глюкоза ерітіндісін көктамырға тамшылатып енгізу. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Тыныстың жіті жетіспеушілігі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Тыныстың жіті жетіспеушілігі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, Тыныстың жіті жетіспеушілігі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]